Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет6/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168

19

ІІ ТАРАУ

БҰЛШЫҚ ЕТ ҚЫЗМЕТІНЕ БЕЙІМДЕЛУ ЖƏНЕ 

ОРГАНИЗМНІҢ ҚЫЗМЕТТІК ҚОРЛАРЫ

Бейімделу жəне оның кезеңдері 

Тірі  организм  сыртқы  ортаның  құбылмалы  өзгерістеріне  үнемі 

бейімделуі арқылы дамиды жəне жоғары сатыға көтеріледі. 

Бейімделу (адаптация) – қоршаған ортаның құбылмалы əртүрлі 

жағдайларында  организмнің  икемделуі.  Ол  жасушалық,  мүшелік, 

жүйелік жəне организмдік деңгейлерде өтеді, сөйтіп туа болған не-

месе  жүре  болатын  икемделу  əрекетінің  барлық  түрін  көрсетеді. 

Ортаның  көптеген  жағдайлары  организмнің  мұндай  қасиеттеріне 

адекватты  (барабар)  немесе  адекватты  емес  (барабар  емес)  келеді. 

Организмнің  барабар  тітіркендіргіштерге  бейімделу  қабілеті  ұзақ 

мерзімді  эволюциялық  даму  сатысында  қалыптасқан.  Ал  барабар 

емес тітіркендіргіштер көбінесе, организм мен ортаның теңестірілу 

қасиетін жояды.

Табиғи  жəне  өндірістік  жаңаша  жағдайларда,  организмге 

жағымсыз  əсер  ететін  қоршаған  ортаның  қолайсыз  факторлары 

жиі  кездеседі.  Бұларға  физикалық-химиялық,  орасан,  ақпараттық, 

семантикалық жəне биологиялық экстремалдық факторлар жатады.

Организм  барлық  жағдайларға  бар  мүмкіндігінше  өзінің 

құрылымдық жəне қызметтік жүйелері арқылы бейімделіп отырады. 

Оның  табиғи  ортадағы  əртүрлі  маусымдық  жағдайларына  икемде-

лу құбылысын акклиматизация деп атайды (акклиматизация туралы 

толығымен  9-тарауда  баяндалады).  Ол  бейімделудің  жекеленген 

түрі болып саналады.

Бейімделудің  түрлері.  Қазір  бейімделудің  əр  алуан  түрлері 

болғанымен,  көпшілік  мақұлдаған  арнайы  классификациялық  топ-

тары жоқ. Бейімделуді мерзіміне қарай ұзақ мерзімдік жəне қысқа 

мерзімдік  деп  жіктейді.  Қысқа  мерзімдік  бейімделуді  икемделудің 

«авариялық сатысы» ретінде қарайды. Мұнда бейімделудің бастапқы 

кезінде, жүйке жүйесінің орталық бөлімдерінің функциялық күйі ба-

рынша өзгеріп, организмнің əсерленгіштігін өсіруге мүмкіндік жа-

салады.  Ұзақ  мерзімдік  бейімделу  организмнің  икемделу  қабілеті, 



20

мінез-құлық пен жалпы əрекетін жоғарғы сапада қамтамасыз етеді. 

Бұл  оның  гипоксияға,  суыққа,  тамақтың  тапшылығына  бұрын 

байқалмайтын төзімділігін тудырады.

Жеке  организм  деңгейінде  бейімделудің:  туа  болған  жəне 

жүре  болған,  жеке  (даралық)  жəне  қауымды  (түрлік),  жалпы  жəне 

маманданған,  арнайы  жəне  бейарнайы,  ішкі  жəне  сыртқы,  шарт-

ты  жəне  шартсыз,  қалыпты  жəне  төтенше,  морфологиялық  жəне 

физиологиялық, соматикалық жəне психикалық, т.с.с. түрлерін ажы-

ратады.


Сыртқы  ортаның  құбылмалы  өзгерістеріне  дені  сау  адамның 

бейімделуі арнайы физиологиялық реакциялар арқылы жүзеге асы-

рылады. 

Физиологиялық  бейімделу  деп  организмнің  жүйе,  мүше,  ұлпа 

қызметтерінің белсенділігі мен олардың өзара байланысын реттеуші 

механизмдердің  орнықты  деңгейін  айтады.  Мұның  мəні  жаңа 

орта  жағдайларында  организмнің  сақталуына,  дамуына,  қалыпты 

тіршілігін  қамтамасыз  ететін  əрекеттердің  қайта  құрылуына  келіп 

тіреледі. Сонымен бірге қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларында 

адамның ұзақ өмір сүруі, жұмысқа қабілеттілігінің сақталуы, ұрпақ 

жаңғыртуы бейімделудің көрнекті белгілері болып саналады.



Морфологиялық  бейімделудің  негізін  жасушалық  бейімделу 

түзеді.  Жасушалық  бейімделу  деп  тіршілігін  сақтап  қалу  үшін 

əртүрлі  қоршаған  орта  жағдайларына  жасушаның  икемделуін  ай-

тады. Ол организмдік бейімделудің бастапқы кезеңі болып санала-

ды.  Жасушалық  бейімделуді  шамамен,  генотипті  жəне  фенотипті 

деп  екіге  жіктейді.  Генотипті  (тектүр)  бейімделу  шыдамды,  берік 

жасушаларды  іріктеу  нəтижесінде  пайда  болады.  Ал  фенотипті 

(белгітүр) бейімделу зиянды факторларға қарсы қорғаныш реакция-

сы ретінде туады. Ол тітіркендіргіштердің қарқыны мен мерзіміне 

байланысты  болады.  Сондықтан  бейімделудің  ұзақтығы  жəне 

жасушаның төзімділігі өзгеріп отырады.

Организмнің  фенотипті  бейімделуін  даралық  бейімделу  деп 

те  атайды.  Ол  ортаның  белгілі  факторларына  бұрын  болмаған 

тұрақтылықты  жəне  алдында  шешімі  қиын  мақсаттарды  жаңаша 

шешу  мүмкіндігін  қалыптастыруды  қамтамасыз  етеді.  Мұнда  ең 

əуелі  осы  нақтылы  факторға  жауапты  физиологиялық  жүйелер 

жұмылдырылады, соңынан жалпы бейарнайы стреске қарсы жүйелер 

іске  қосылады.  Даралық  бейімделу  түрлік  икемделудің  құрамына 




21

кіріп,  оның  дамуына  əсер  етеді.  Бұл  популяциялық  бейімделу. 

Популяциялық-түрлік  бейімделу  тұқымқуалаушылық  арқылы  жеке 

организмдерге беріледі.

Жалпы  бейімделу  организмнің  екі  түрлі  реакциясына  бай-

ланысты  болады.  Біріншісінде,  əсер  етуші  факторларды  түйсіну 

үшін  физиологиялық  реакция  белсендіріледі,  ал  екінші  түрінде, 

оның  факторлар  əсерімен  кездесуден  организм  қашқақтайды. 

Өйткені  организмнің  функциялық  күйіне,  жағдайына  байланысты 

бейімделетін  факторлар  жағымды  немесе  жағымсыз  реакциялар 

тудыруы ықтимал. Сондықтан көбінесе, бейімделудің мəнін толық 

ұғыну оның пайда болатын жағдайларын айқындауды талап етеді.

Адамдарға  төтенше  факторлар  əсер  еткенде  екі  түрлі  реакция 

байқалады.  Біреуі  барабар  жауап  беру  болса,  екіншісі – абыржу      

реакциясы. Барабар реакция организмнің арнайы жауаптары арқылы 

төтенше факторлардың əсерін əлсіретіп немесе жойып, оның қажетті 

іс-əрекетін  сақтауға  бағытталады.  Мұндай  жағдайда  адам  байып-

ты,  мақсатты  мінез  көрсетеді.  Оған  көтеріңкі  сезім  күйі  (эмоция) 

əсер  етеді.  Организм  реакциясының  бұл  түрінде  талдағыштардың 

сезімталдығы  өзгереді,  зейін  шоғырланады,  қысқа  мерзімдік  жəне 

оперативті  зерде  жақсарады,  іс-қимылдар  дəйекті  жоспармен 

атқарылады. Адамды қырағылық, қосымша сақтық пайда болады.

Абыржу 

реакциясы 



кезінде 

талдағыштардың 

түйсіну 

табалдырығы көтеріледі, зейін шашырайды, зерденің көлемі азайып, 

адамның жұмысқа қабілеттілігі төмендейді. Абыржу реакциясының 

активті  жəне  пассивті  түрлері  бар.  Активті  түрін  үрей  билеген 

адамның  мінезінен  байқауға  болады.  Ол  пайда  болған  жағдайдан 

қашу əрекетінен басталады. Алайда, бұл мінездік көрініс қисынсыз, 

орашолақ түсініксіз жағдайда байланысы жоқ қимылдардан тұрады. 

Адамның  эмоциялық  күйі  тасып,  еліктеу  жəне  илану  қасиеттері 

жоғарылайды. Ал абыржу реакциясының селқос түрінде, керісінше, 

белсенді қимыл тыйылады. Адам дағдарып, еркінен айрылып, есінен 

танады. Ықпал еткен фактор əсерінен мелшиіп, қаша алмайды. Бүкіл 

талдағыштардың сезімталдығы өте төмендейді.

Əдетте, төтенше факторларға жауаптың түрі оларды тудыратын 

себептердің  сипатына  байланысты.  Осы  себептерді  жағдайға  бай-

ланысты  сыртқы,  ішкі  жəне  əлеуметтік  деп  жіктейді.  Сыртқы  се-

бептер əсер етуші факторлардың күші, қарқыны, мерзімі, ырғағы, 

қасиеттеріне  байланысты  болады.  Сонымен  бірге  іс-əрекетті 




жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау