25
бейімделуге басқа механизмдердің де қатысатындығын теріске
шығарған жоқ. Расында, тітіркендіргіштердің əсері вегетативтік
жүйке арқылы əркелкі ұлпаларға, оның ішінде бүйрекүсті безінің
милы қабатына жететіндігі дəлелденді. Сөйтіп соңғыларда адре-
налин мен норадреналинді жұмылдыратындығы анықталды. Ал
басқа жүйке жолдары гипофиздің сыртқы бөлігінде вазопрессинді
белсендіріп, қан тамырлары жүйесі мен бүйрекке ықпал жасайды.
Қазіргі кезде бұл механизмдер көптеген жұмыстарда одан əрі
дəлелдене түсуде. Мысалы, біздің зерттеулерімізде Пəкістанның
орталық жəне оңтүстік жазық аудандарын мекендеген студенттердің
Семей қаласының климаттық жағдайына бейімделуін зерт-
теу барысында вегетативті жүйке жүйесінің функциялық күйі
зерттелінген 81,4% шетелдік студенттердің симпатикалық жəне
парасимпатикалық тонус қатынасының бұзылуымен жəне 80,0%
– вегетативті реактивтілік өзгерістерімен сипатталған. Ол аудан-
дар мынадай климаттық ерекшеліктерімен сипатталады: елдің
үлкен бөлігі құрғақ континенталды субтропикалық климат болып
келеді. Қаңтар айында Үнді жазығында температура +12°С-тан
+16°С-ге дейін болады, аязды күндер кейде ғана -20°С-ге жететін
тек елдің солтүстігіндегі тауларда байқалады. Қаңтарда орташа
температура +14°С, шілдеде +30°С мөлшерінде болады. Ал Семей
қаласының қысқы айларында ауаның орташа температурасы -14°С
(Б. А. Жетпісбаев, А. Ш. Қыдырмолдина, 2003).
ВЖЖ функциялық күйі бұзылған студенттерде иммундық
жүйе көрсеткіштерінің өзгерістері жоғары деңгейде болған. Бұдан
бейімделу үдерісінде орын алған организмде жүретін өзгерістер
атап айтқанда, вегетативті жүйке жүйесі күйімен байланысты екенін
көруге болады.
Сонымен қатар стрессорлық факторлардың əсерінен гипофиздің
алдыңғы бөлігінде кортикотропинмен бірге соматотропин жəне го-
надотропин гормондарының түзілуі жеделдейді. Қазіргі кезде бұл
құбылыстар гипоталамустың «босатушы (рилизинг) факторлары»
арқылы жүзеге асырылатындығы күмəнсіз сипатталды. Ол əрине,
өзінің ықпалын мидың басқа құрылымдарымен (лимбия жүйесі,
орталық ми) бірігіп іске асырады.
Организмнің стрессорлық реакцияларына бүйрекүсті безінің
тағы бір гормоны – альдостерон қатысады. Ол өзінің əрекетін ре-
нинангиотензин жүйесі арқылы жүзеге асырады. Сондықтан бұл
26
реакция кезінде симпатикалық-адреналдық жүйемен байланысты
қан айналысы мен су-тұз гомеостазына қатысты бүйрек қызметінің
көрсеткіштері өзгереді.
Организмде күйзеліс кезінде жаңа жағдайларға икемделудің жал-
пылама реакциялары байқалады. Мұндай стереотипті жауаптардың
жиынтығын Г. Селье бейімделудің жалпы синдромы деп атады. Ол:
абыржу, төзімділік (резистенттілік) жəне түгесілу (əлсіреу) сияқты
3 сатыдан өтеді. Абыржу сатысы естен тану (шок) жəне оған
қарсы кезеңдерден тұрады. Бұл кезеңде орталық жүйке жүйесінде
өзгерістер пайда болады, жабырқау, гипотония, гипотермия,
мембрананың өткізгіш қасиеті мен зат алмасу нашарлайды. Естен
тануға қарсы кезең қарама-қарсы көріністермен сипатталады.
Төзімділік (резистенттілік) – əркелкі зиянды факторлар əсер
еткендегі организмнің орнықты күйін, яғни оларға төтеп беру
қасиетін көрсетеді. Бұл оның реактивтілік қасиетін қалыптастырады.
Реактивтілік организмнің төзімділік механизмінің жалпы атын
көрсетеді. Ал төзімділік – реактивтіліктің қорғаныс жəне икемделу
ісі екендігін айқындайды. Бұл сатыда бүйрекүсті безінің қыртысты
қабаты белсендіріліп, кортикостероидтар көп түзіледі.
Төзімділіктің арнайы жəне бейарнайы түрлерін жіктейді. Ар-
найы төзімділік қоршаған ортаның тек белгілі факторларында
ғана байқалады. Ол кейбір жұқпалы аурулардан немесе жасанды
иммунитет қалыптастырудан кейін пайда болады. Сонымен бірге
ортаның белгілі бір факторларына (биік таулы жерде, суыққа, күшті
жүктемелерге жəне т.б.) бейімделу кезінде туады.
Шетелдік студенттердің жергілікті мекені мен Семей қаласында
желтоқсан айына тəн ауаның орташа температура айырмашылығы
28°С сипатталатын суықтық факторлар иммундық жүйенің нақты
өзгерістерін тудырған.
Кейбір тітіркендіргіштер əсер еткенде пайда болатын бейімделу
мен жоғары төзімділік басқа да факторларға қарсы байқалады.
Мұны айқас төзімділік деп атайды. Алайда, кейбір жағдайларда,
керісінше, жоғары төзімділікпен қатар, басқа тітіркендіргіштерге
айқас өте сезімталдық болуы ықтимал. Бұл айқас сенсибилизация
деп аталады. Ол организмнің иммундық қасиеті арқылы ішкі жəне
сыртқы антигендерге əсіресезімталдығын сипаттайды. Өйткені ар-
найы төзімділік механизмі негізінен иммунитет арқылы жүзеге асы-
рылады.
27
Организмнің бейарнайы төзімділігі деп оның табиғаты əр алуан
көптеген факторлардың төтенше əсерлеріне тұрақтылығын айтады.
Бұл орасан жүктемелер кезінде ғарышкер, ұшқыш, сүңгушілерде
байқалады. Бұл төзімділіктің шығу механизмі өте күрделі, толық
анықталған жоқ. Алайда, организмнің зиянды əсерлерге жауап-
тары, ол іс жүзінде асырылатын деңгейіне қарамастан, біртұтас
жүйенің жауабы түрінде қалыптасады. Ол басқа мүшелер мен
ұлпаларға өз ықпалын жүйке жəне эндокриндік жүйелер арқылы
жеткізеді. Əсіресе, Л. А. Орбели бұған симпатикалық жүйкенің
қатысатындығын, оның бейімделу-нəрлендіру (адаптациялық-
трофикалық) ықпалын жеткілікті дəлелдеді.
Ал А. Д. Сперанский улы жəне уыттық (токсин) заттарға,
жарақаттарға организмнің төзімділігі əртүрлі жүйкелер арқылы
қалыптасатындығын, олай болмаған жағдайда, дистрофиялар пайда
болатындығын көрсетеді.
Жалпы сенсибилизация немесе резистенция кезінде алдағы
жаңаша тіршілік жағдайларының сипатына қарай адам мен жа-
нуарлар организмінің морфологиялық қалпын қалыптастыруда
нейрогуморалдық реттеуші жүйе жетекші болып саналады.
Организмнің бейімделуге даярлығы, оның бірнеше рет икемде-
лу кезінде немесе арнайы жаттықтыру арқасында бейімделген ме-
ханизм қасиеттеріне байланысты. Осыған орай, қоршаған ортаға
бейімделу қабілетіне сəйкес адамдарды екі топқа бөледі. Бірінші то-
бын спринтрлер («шапшаңдар») деп атайды. Олар қоршаған ортаның
қауырт қысқа мерзімді құбылыстарына оңай жəне тез бейімделеді.
Ал стайерлер («шыдамдылар») деп аталатын екінші топ өкілдері ор-
ганизм əрекеттерін өзгерте алатын, ұзақ уақыт əсер ететін фактор-
лар əсеріне жақсы бейімделеді. Олардың бейімделуі тиянақты жəне
тұрақты болып келеді.
Негізінде организмнің бейімделуге даярлығын жəне оны
нəтижелі жүзеге асырылуын, яғни бейарнайы төзімділігін
нығайтатын көптеген маңызды факторлар бар. Олардың қатарына
ұтымды дұрыс тамақтану, белгілі режим, бейімдегіш дəрі-дəрмектер
(адаптогендер), дене шынықтыру жəне жаттықтыру, биологиялық
ырғақтар жатады.
Пəкістандық студенттердегі иммунологиялық ауытқулар кезінде
пантогематоген жəне аралия адаптогендерін қабылдау иммунитет
жүйесінің функциялық белсенділігінің жоғарылауын қамтамасыз ет-
Достарыңызбен бөлісу: |