Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет158/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   168

486

ойындар қимыл реакцияларының, қозғалыс координациясының да-

муына əкелетін қозғалыстардың салыстырмалы (допты соғу, секіру 

жəне  т.б.)  алуан  түрлілігімен  сипатталады.  Дегенмен,  қозғалыс 

алаңының  шектеулі  болуы,  əсіресе,  жаңа  бастаған  ойыншылар-

да  дене  сапаларының,  соның  ішінде  төзімділіктің  дамуында  бұл 

ойындардың  маңыздылығын  төмендетеді.  Есесіне  жүктеменің  аса 

ауыр еместігі мен бастапқы техникалық амалдардың күрделі болма-

уынан бұл ойындар ерлер мен əйелдер, жасы мен дене дайындығы 

əртүрлі  адамдар  (егде  жастағылар)  арасында  да  кең  қолданысқа 

ие.  Бұл  ойындарға  балаларды 8-9 жастан  баули  бастауға  болады.  

Медициналық  көрсеткіштер  бойынша  бұл  ойындар  емдік  дене 

шынықтыруда да пайдаланылады (14-тарауда толық баяндалған). 

Екінші топқа – баскетбол, гандбол (қол добы) жатады. Бірінші 

топтан қозғалыстың сан алуан болуымен, қарқындылығымен (жыл-

дам  жүгіру,  секіру,  түрлі  жағдайларда  допты  қағып  алу,  лақтыру 

жəне  т.б.),  ойын  жағдайының  жиі  əрі  тез  өзгеруімен,  алаңда 

ойыншылардың  жылдам  орын  ауыстыруымен  ерекшеленеді. 

Мұның  барлығы  шапшаңдық,  ептілік,  күш  жəне  дене  төзімділігін, 

яғни  жан-жақты  дене  дамуын  қамтамасыз  етеді.  Бұл  топтағы  ой-

ындар  жастары  қырықтан  аспаған  ерлер  мен  əйелдерге  арналған, 

өйткені  жылдамдықты  жəне  күштік  қозғалыстардың  көп  болуы, 

жылдам  темп  пен  қозғалғыштық  барынша  дене  жүктемесін  туды-

рады  (74-суретті  қараңыз).  Жасөспірімдерді  ойын  техникасымен 

үйретуді 9-10 жастан, ал жаттықтыруды 11-12 жастан бастауға бо-

лады. 

Үшінші  топқа – футбол,  хоккей  сияқты  кең  тараған  ерлердің 

спорттық ойындары жатады. Сонымен қатар регби, су полосы жа-

тады. Бұл ойындардың ерекшелігі жылдамдықты-күштік сипаттағы 

қозғалыстардың  басым  болуы.  Сəйкесінше,  бұл  топтағы  ойындар 

басқа  топтағы  қаңқа  бұлшық  еті  мен  бұлшық  ет  күшін,  сонымен 

қатар  жалпы  дене  төзімділігін  дамытады.  Сонымен  қатар  ерік  са-

пасын  (батылдық,  табандылық  жəне  т.б.)  тəрбиелеуге  септігі  мол. 

Ойынның жалпы сипаты, ауыр дене жүктемесі оның тек жас ер адам-

дар үшін (36-38 жас) қолайлы екендігін көрсеттеді. Жасөспірімдерге 

10-11 жастан бұрын ойынның амалдарын үйретуді бастамау керек. 

Спорттық  ойындар  дене  тəрбиесінің  негізгі  құралдарының 

арасында  айтарлықтай  орын  алады.  Жүйелі  түрде  жаттығу  мен 

спорттық  ойындар  бойынша  жарыстар  кезінде  дəрігелік  бақылау 



487

қажет. Жасөспірімдерді жаттықтыру кезінде, əсіресе, 3-топтың ой-

ындарымен  шұғылданатындарында  жалпы  дене  дайындығының 

маңызы зор. 

Футбол,  баскетбол,  волейбол,  хоккей,  гандбол,  теннис  тəріздес 

спорттық  ойындар  қозғалыстың  алуан  түрлілігімен  сипаттала-

ды.  Олар  жүгіруді,  секіруді,  допты  орнында  тұрып  жəне  секіріп 

лақтыруды,  соққы  беруді,  түрлі  күштік  элементтерді  жəне  т.б. 

қамтиды.  Барлық  аталмыш  қозғалыстар  ойыншылардың  өзара 

əрекеті  жағдайларында  орындалады.  Қозғалыстың  құрылымы  мен 

оның қарқындылығы ойын кезінде үздіксіз өзгеріп отырады. 

Шайбалы  хоккей,  баскетбол,  регби,  гандбол  жəне  т.б.  сияқты 

кейбір  ойын  түрлеріне  жаттықтыру  үдерісінде  көрініс  беретін 

жылдамдықты-күштік  бағыттанушылық  тəн.  Спорттық  ойындар 

шапшаңдық, күш, ептілік жəне басқа да дене сапаларын дамытуға 

мүмкіндік  береді.  Ойын  түрлеріне  байланысты  организмдегі 

физиологиялық өзгерістер сан алуан келеді. 

Спорттық  ойын  түрлерінде  энергия  шығыны  алаң  мөлшеріне, 

ойын темпі мен ырғағына, жекпе-жекке, спортшының біліктілігіне 

жəне олардың жаттығу дəрежесіне тəуелді болып келеді. Мəселен, 

волейболшылар  мен  баскетболистерде  энергия  шығыны  ерлерде 

4200-4500 ккал, ал əйелдерде 3600-3800 ккал болады. ОМП баскет-

болшы  əйелдерде 44 мл/мин/кг,  ер  адамдарда – 53 мл/мин/кг  тең. 

Футболшы ерлерде 58 мл/мин/кг жəне волейболшы ер адамдарда  57 

мл/мин/кг болады. Ойын кезінде тыныс жиілігі (ТЖ) минутына 20-

30-дан 60-ға дейін болса, ӨТС 3500 мл-ден 5000 мл-ге дейін, ал əйел 

адамдарда 3000-4500 мл-ге тең келеді. Тыныштық күйде ЖЖЖ 45-

55 екп/мин. болса, шайбалы хоккей ойыны кезінде 160-200 екп/мин. 

жəне одан жоғары, баскетбол, футбол, гандболда 140-180 екп/мин. 

жəне одан да көп мəнге жетуі мүмкін. 

Ойыннан немесе жаттығудан кейін қандағы лактат мөлшері 8-14 

ммоль/л жəне одан да жоғары болады. 

Су  добы.  Ватерполшылар  спорттық  плавкилар  мен  арнайы  бас 

киімдер киеді. Су добына спортшының басы су үстінде көтеріңкі, есу 

қысқарақ болатын кролль əдісімен жүзу техникасы тəн. Спортшы-

лар дриблингпен допты алып жүру үшін мұрын жолды су толқынын 

пайдаланып,  допты  баспен  қозғайды.  Негізгі  техникалық  тəсілдер 

алақан бұрылысымен допты қағып алу, допты аулау жəне лақтыру. 

Ватерполшылар жұмысы негізінен аэрообты-анаэробты режим-



488

де  жүзеге  асырылады.  Өкпе  вентиляциясы  ватерполшыда  жоғары 

жəне  минутына 100-160 л  жəне  одан  жоғары,  оттегіні  сіңіру 5,5-

6  л,  ОМП 58 мл/мин/кг,  ӨТС 5 л-ден  жоғары  мəнге  жетуі  мүмкін. 

Тыныштықта  ЖЖЖ 45-50 екп/мин,  ал  ойын  кезінде 160-190 екп/

мин. дейін жетеді. 



Жекпе-жек спорт түрлерінің физиологиялық сипаттамасы

Еркін күрес, грек-рим, самбо, дзюдо жəне т.б. күрес түрлері жек-

пе-жекке қатысады. 

Күрестің құралы қарсыласын ұстап алып, тепе-теңдігін жоя оты-

рып, жерге не кілемге алып лақтыру болып табылады. 

Күресте  статикалық  ширығу  тəн  жылдамдықты-күштік  жұмыс 

спортшының  күшін,  шапшаңдығын,  ептілігін  дамыта  түседі. 

Палуандардың қимыл əрекеті табысты болу үшін проприоцептивті 

сезімталдықты дамыту қажет.

Палуандарда  бұлшық  ет  жүйесі  жақсы  дамыған,  ол  көбіне, 

анаэробты  режимде  жұмысқа  бейімделген.  Күрес  кезінде  энергия 

шығыны өте жоғары болады. Ұстасу кезінде ол орта есеппен, 1 ми-

нутта 10-12 ккал жəне одан жоғары мəнге жетіп жығылады. Тыныс 

жиілігі ұстасу кезінде минутына 35-40 экс  жəне одан жоғары бола-

ды. Тыныс алудың кідіру моменттері мен күштену қармау кезінде, 

лақтыруды  орындауға  дайындық  пен  лақтыру  кезінде  байқалған. 

Салмақ  категориясына  байланысты  энергия  шығыны 3700-6000 

ккал  жəне  одан  жоғары  болады.  Оттектік  сұраныс  жұмыстың 

қарқындылығына  тəуелді  болып  келеді.  Оттектік  қарыздылық 

ұстасудың соңғы кезеңінде айтарлықтай шамаға жетуі мүмкін. ОМП 

57 мл/кг/мин. тең болады. 

Тыныштық  күйде  ЖЖЖ  орта  есеппен, 45-60 екп/мин.  Ұстасу 

кезінде  жəне  əсіресе,  ұстасқаннан  кейін  ЖЖЖ 180-200 екп/мин. 

жəне одан жоғары мəнге жетуі мүмкін. Артериялық систолалық қан 

қысымы 150-160 мм сынап бағанасы жəне диастолалық қан қысымы 

80-100 мм сынап бағанасы дейін жоғарылауы мүмкін. 

Қандағы лактат ұстасудан соң жоғарылайды жəне 8-10 ммоль/л. 

Палуандар үшін тер бездері қызметінің күшеюі тəн. Мұны палуан-

дарды ұстасуға дайындау кезінде ескерген жөн: оны маймен уқалап, 

сүртуге болмайды. 




жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау