Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет157/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   168

483

Қызыл қан элементтері қалып (норма) бойынша болады, кейде 

ғана көп тəуліктік веложарыстарға қатысқан спортшыларда анемия 

байқалып жəне зəрлерінде белок анықталған.



Ескек есумен (академиялық, каноэде жəне байдаркамен) кез кел-

ген жаста шұғылдануға болады. Ол жалпы дамытатын жаттығулар 

қатарына жатады, сонымен қатар активті дем алудың жақсы құралы 

болып саналады. 

Ескектер  қозғалысы  координациясы  жағынан  күрделі,  ол 

орындықтың қозғалмалығымен жəне академиялық қайықтардың аз 

тұрақтылығымен байланысты. Бұл спортшыны үнемі тепе-теңдікті 

ұстап  тұруға  міндеттейді,  əсіресе,  бұл 2, 4, 6 орынды  қайықтарда 

маңызы зор. 

Академиялық  есу  əсіресе,  проприоцептивті,  сипап    сезу, 

вестибулярлық рецепторлар, перифериялық көру мен есту анализа-

торларына үлкен талаптар қояды. 

Ескек  есу  қаңқа  бұлшық  еттерін,  əсіресе  арқа  бұлшық  еттерін, 

жоғары иық белдеуін, іш бұлшық еті мен аяқ бұлшық еттерін, яғни 

ірі бұлшық еттерді дамытады. Академиялық есуде энергияның жал-

пы шығыны айтарлықтай. Ол ерлерде 5200-5600 ккал, ал əйел адам-

дарда 4200-4800 ккал тең. ОМП ер адамдарда 62 мл/кг/мин. 

Ескекшілердің тыныс жиілігі қозғалыс ырғағымен сəйкес келеді 

жəне  ол  орта  есеппен  минутына 30-40-қа  тең.  Жарыс  кезінде  ты-

ныс алу өзгереді, мысалы мəреге келгенде ол артады, яғни жиілей 

түседі.  Ескекшілер  үшін  дұрыс  тамақтану  аса  маңызды.  Білікті 

ескекшілерде  өкпелік  вентиляция  150 л/мин-қа  дейін  жетеді,  бұл 

тыныс  тереңдігінің  артуы  есебінен  мүмкін  болады.  Бұл  спортшы-

ларда  тыныс алу  бұлшық  еттері жақсы  дамыған.  ӨТС  ерлерде 6 л 

жəне одан жоғары, əйел адамдарда 4 жəне одан көп болуы ықтимал. 

Ескекшінің  жұмысы  əдеттегідей  анаэробты  режимде  өтеді. 

Жоғары  білікті  спортшыларда  оттегіні  пайдалану 5-5,5 л/мин-қа 

жетуі мүмкін. 1500-2000 м арақашықтықта ескек есу кезінде оттектік 

сұраныс  орта  есеппен 50-60 л-ге,  оттектік  қарыздылық  оттектік 

сұранысқа қатысты 20-30%-ға теңболады. ЖЖЖ тыныштық күйде 

орта  есеппен, 40-50 екп/мин,  ал  жарыс  кезінде 160-200 екп/мин. 

жəне одан да асуы мүмкін.  

Ескекшілерде суда ескекті есу кезінде қысқа уақыттық күштену 

(ышқыну) орын алады, бұл оң жақ жүрекшеге вена қанының келуін 

қиындатуынан жүрек жұмысын біршама ауырлатады. Күштену со-



484

нымен  қатар  веноздық  қан  қысымының  жоғарылауына  əкеледі. 

Қарқынды  жаттығулардан  (жарыстардан)  жəне  салқындаудан  (аса 

тоңазудан) кейін, əсіресе, көктем, күз айларында ескекшілер зəрінде 

белок сирек пайда болмайды.

Жүзу.  (Жүзу  физиологиясы  туралы  толығымен  10-тарауда 

баяндалған  болатын).  Спорттық  жүзудің 4 түрі  бар:  еркін  стиль 

(кролль-құлаштап  жүзу),  арқамен  жүзу,  брасс  жəне  баттерфляй. 

Жарыстардағы арақашықтық 50-ден 1500 м-ге дейін. Мұнда 50, 100, 

200  м  арақашықтыққа  жүзу  субмаксималды  қарқындылықты, 400, 

800, 1500 м жоғары қарқындылықты, 15, 25 км-ге теңізде жүзу орта-

ша қарқындылықты жаттығуларға жатады. 

Жүзу температура 25,5-28,5°С болатын сулы ортада жүзеге асы-

рылады, бұл жұмысқа қабілеттілікке айтарлықтай ықпал етеді. 

Сонымен қатар, жүзу жүзгіш денесінің горизонталды қалпымен 

сипатталатын  болғандықтан  жүрек  пен  өкпе  қызметтеріне 

айтарлықтай ықпал етеді, себебі денені вертикалды қалыпта ұстап 

тұруға энергия жұмсалмайды. Осының барлығы жүзгішке құрлықта 

орындай алмайтын үлкен көлемді жұмыстарды ұзақ уақыт орындауға 

мүмкіндік  береді.  Жүзгіштің  денесі  мен  су  температурасы  əртүрлі 

болғандықтан  су  рецепторлар  үшін  тітіркендіргіш  болып  табыла-

ды.  Сонымен  қатар  жүзу  жылдамдығы  артқан  сайын  жоғарылап 

отыратын  су  кедергілеріне  төтеп  беріп  отырады.  Қалқымалылық 

қозғалысты  орындау  техникасына,  спортшы  салмағына  жəне 

бұлшық ет пен май ұлпаларының арақатынасына байланысты. Жүзу 

кезіндегі тыныс жиілігі жүзу тəсіліне байланысты минутына 30-45 

жетуі  мүмкін.  Мұнда  өкпелік  вентиляция  минутына 90-100 литр 

жəне одан көп, оттегіні сіңіру 5,0-5,5 л болуы ықтимал. ОМП ерлер-

де 67 мл/кг/мин, ал əйелдерде – 57 мл/кг/мин, энергия шығыны ер 

адамдарда 4200-4800 ккал, ал əйелдерде – 3600-4100 ккал болады. 

Қанның қызыл элементтері қалыпта болады, алайда, қарқынды 

жаттығулар  кезінде  кейде  гемоглобиннің  төмендеуі  (анемия) 

байқалады. 

Лактат  мөлшері  жарыстан  немесе  жаттығудан  кейін 14-16 

ммоль/л  жəне  одан  жоғары  болуы  мүмкін.  Жүзгіштерде  ұзақ 

уақыттық  қарқынды  жаттығу  мен  бассейндегі  судың  төмен  темпе-

ратурасынан соң зəр құрамында белоктың байқалуы сирек құбылыс 

емес. 



485

Спорттық ойындардың физиологиялық сипаттамасы

Кейбір  спорттық  ойындар  туралы  14-тарауда  сауықтыру  дене 

жаттығуларының  негізгі  түрлері  мен  олардың  организмге  əсерін 

қарастырғанда атап өтілген болатын. 

Спорттық ойындар – қозғалмалы ойындарға жататын спорттың 

бір  түрі.  Ол  құрылымы  мен  организмге  əсері  бойынша  сан  алуан. 

Дене  жаттығулары  ретінде  олардың  бірқатар  ерекшеліктері  бар. 

Ойын үдерісінде ойын жағдайларының үздіксіз өзгеріп отыруынан 

қатысушылардың  қарсыластары  мен  серіктерінің  əсеріне  қажетті, 

көбіне,  жаңа  қозғалыстарды  тудыра  отырып,  шұғыл  жауап  беруін 

талап  етеді.  Сондықтан  да  спорттық  ойындар  кезінде  басқа  дене  

жаттығуларына қарағанда күтпеген жағдайларда жылдам бағдарлау, 

тапқырлық,  тез  шешім  қабылдау  сияқты    құнды  сапалар  көбірек 

дами түседі. Мəселен, гимнастикада қозғалыстардың реті, бірізділігі 

алдын  ала  анықталса,  ал  жүгіру,  жүзу  жəне  т.б.  спорт  түрлерінде 

олардың  негізінен  қайталанып  отыратыны  белгілі.  Қозғалыстар 

мен  амалдардың  сан  алуандығы  бұлшық  ет  күшінің,  қимыл 

реакциясының  (шапшаңдықтың),  қозғалыс  координациясының 

(ептіліктің) дамуына əкеледі. Барлық спорттық ойындар қандай да бір 

деңгейде көзбен шамалауды дамытады, тепе-теңдік талдағышының 

функциялық тұрақтылығын, қимыл талдағышының сезімталдығын 

жоғарылатады.  Спорттық  ойындар  кезіндегі  бұлшық  ет  қызметі 

жүйке жүйесінің организм қызметін реттеу қабілетінің жақсаруына, 

тыныс алу, қан айналу мүшелерінің қызметтік мүмкіндіктерінің ар-

туына, зат алмасудың жақсаруына, организмнің жалпы төзімділігінің 

жоғарылауына əкеледі. 

Спорттық  ойындардың  организмге  əсер  ету  дəрежесі  ең  алды-

мен ойын үдерісіндегі орындалған бұлшық ет жұмысының  көлемі 

мен  сипатына  байланысты.  Кез  келген  ойын  амалдары,  темпі, 

физиологиялық жүктемелері тəжірибелі ойыншылар мен жас ойын-

шыларда əртүрлі болады. Алайда, осыған қарамастан əрбір ойынға 

организмге өзіндік əсер ету ерекшеліктері тəн. Бұл жасы, жынысы 

мен денсаулық күйі əртүрлі адамдар арасында жекеленген спорттық 

ойындарды  қолданудың  мүмкіндігі  мен  мақсатқа  сəйкестігін 

айқындайды. Осыған орай барлық барынша танымал спорттық ой-

ындарды 3 топқа жіктейді. 



Бірінші  топқа –  бадминтон,  волейбол  жəне  стол  теннисі.  Бұл 


жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау