Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет146/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   168

451

тікке жəне қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиындықтарды 

жеңуге тəрбиелейді.

Спорт – оқушылардың  денсаулығын  нығайтатын,  дене  күшін, 

қозғалыс дағдыларын жəне моральдық-еріктік қасиеттерін дамыта-

тын дене тəрбиесінің құралы.

Гимнастика – арнайы  жаттығулар  жүйесінен  тұратын,  адам 

денсаулығын  нығайту  жəне  оның  денесінің  үйлесімді  дамуы 

үшін  қолданылатын  дене  шынықтыру  мен  əдістемелік  тəсілдер.  

Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіkegymnazіo – жаттығу 

жасаймын,  жаттықтырамын)  акробатика,  көркем  гимнастика  жəне 

спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамуда.

Гимнастиканың  əртүрлі  түрлерінің  (таңертеңгілік  гигиеналық 

гимнастика,  өндірістік  гимнастика,  судағы  гимнастика)  сауықтыру 

əсері бар.

Таңертеңгілік  гигиеналық  гимнастика  күні  бойы  организм 

қызметінің  белсенуіне  əкелетін,  яғни  таңертең  ұйқыдан  кейін 

организмнің  жұмыс  істеу  қабілетін  қалпына  келтіруді  тездететін 

(активті,  пассивті  жəне  аралас)  дене  жаттығулары.  Ұйқы  кезінде 

адамның  орталық  жүйке  жүйесі  де  тынығады.  Бұл  кезде  жүректің 

соғысы  азайып,  тыныс  алуы  баяулайды,  бұлшық  еттері  босаңсып, 

организм толық демалады. Ұйқыдан оянғаннан кейін орталық жүйке 

жүйесі мен əртүрлі мүшелердің қызмет белсенділігі арта бастайды. 

Алайда, белсенділікке көшу үдерісі ұзаққа созылып кеткен жағдайда 

оның жұмыс қабілеттілігіне (дене жəне ой еңбегінде де) елеулі əсер 

ететіні  ақиқат.  Ондайда  адамның  ұйқысы  ашылмай,  дел-сал  күйде 

жүреді, ашушаң болады. Ал таңертеңгілік гигиеналық  жаттығуларды 

орындау барысында қозғалысқа түскен бұлшық еттер мен буындар 

ұйқыдан кейінгі миды тежелу күйінен арылтады, жұмыс атқарушы 

бұлшық еттерден түскен афферентті импульстар арқылы ОЖЖ то-

нусын  жоғарылатады,  сезім  мүшелері  белсенділігін  арттырады, 

жүрек  бұлшық  еті  жұмысын  белсендіріп,  веналық  қан  айналысын 

жылдамдатады,  тыныс  алу  тереңдігін  ұлғайтады,  лимфа  айналы-

мын күшейте, ұлпалардың ісінуінің алдын алады. Нəтижесінде ішкі 

мүшелердің  жұмыс  істеу  қабілеті  жақсарып,  өзін  сергек  сезінген 

адамның еңбекке деген ынтасы да артады. Таңертеңгілік гигиеналық 

жаттығуларды келесі принциптерге сүйене отырып істеген жөн. Ең 

бастысы – жалпы бұлшық ет атаулының, дененің неғұрлым көбірек 

қозғалысқа  түскені  дұрыс.  Жаттығулар  бірте-бірте  күрделене 




452

түсуге тиіс: бірақ бұл алғашқы жаттығуларға қатысты емес. Əйтсе 

де  жаттығу  комплексін  аяң  жүрістен  бастайды.  Аяң  кезінде  адам 

организміне  үлкен  күш  түспесе  де,  жүйке  орталықтары  біртіндеп 

қалыпты деңгейге келеді де, тыныс алу органымен жүрек өз қызметін 

қайтадан  жандандырады.  Жаттығуды  керілуден  бастауға  да  бола-

ды:  бұл  нұсқа  көбіне  денсаулығы  нашар,  қартаң  адамдарға  дұрыс. 

Мұндай жағдайда аяңдау екінші жаттығудың орнына жүреді. Одан 

кейінгі  жаттығулар  анатомиялық  принцип  бойынша  бүкіл  дененің 

бұлшық еттерінің əртүрлі бөліктеріне қаншалықты əсер ететіндігіне 

қарай таңдалып алынады. Таңертеңгілік дене жаттығулары су про-

цедураларымен  ұштасса,  ол  тері  рецепторларына  əсер  ете  отырып 

организмнің шынығуын қамтамасыз етеді. 

Соңғы  уақытта  ақыл-ой  мен  дене  еңбегі  өнімділігін  артты-

рып,  кəсіби  аурулардың  азаюына  əкелетін  өндірістік  гимнасти-

ка  кең  таралып  келеді.  Жұмыс  бастар  алдында  кіріспе  гимнасти-

каларын  қолдану  организмнің  бабына  келуіне  əкеледі,  кішкене 

дене  шынықтыру  (физкультура)  минуты  мен  үзілістері  белсенді 

тынығудың жақсы жолы болып табылады, ал қалпына келтіру гим-

настикалары жұмыстан кейін организмнің қалпына келу үдерістерін  

жақсартады.  Оқушылар  сабақтан  кейін  орындайтын  өндірістік 

гимнастикалар  кешені 1 ауысымда 1-2 рет  болатын 3-7 минуттық 

бірнеше  жаттығулардан  тұрады.  Əсіресе,  аталмыш  гимнастикалар 

ұзақ отырып, қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қатысуымен монотон-

ды  жұмыс  істейтін  сағат  зауыттарына,  тігін  фабрикаларына,  ком-

пьютер  залдарына,  кеңселерге    жəне  мектептерге  (əсіресе, 1-4 сы-

нып)  аса  қажет.  Өндірістік  гимнастиканың  мақсаты – жұмыстан 

кейін бұрынғы күйге жетудің маңызды əдісінің бірі активті тынығу. 

Активті тынығу феноменін, яғни активті əрекеттен демалыс кезінде 

жұмыс қабілеттілігінің жоғарылауын И. М. Сеченов ашқан болатын 

(активті тынығу туралы 5-тарауда толығымен баянадалған). 



Емдік  гимнастика  адам  денсаулығының  қалпына  келуін 

қамтамасыз етеді. Ол сырқаттың түріне байланысты тар көлемді ар-

найы бағытталған болады. 

Қазтабанмен, күрекшемен жүзу жəне судағы гимнастика – ем-

деу  жəне  алдын  алу  мақсаттарында  дене  жаттығулары  мен  судың 

температуралық əсерінің үйлесуі. Суда болу жылу берілу мен зат ал-

масуды айтарлықтай жоғарылатады, гемодинамиканы белсендіреді. 

Жүзу  мен  суда  дене  жаттығуларын  орындау,  судағы  ойындар 




453

организмге  жалпы  əсер  етеді,  зақымдар,  контрактура,  каксартроз, 

т.б  кезінде  буындардың  қозғалысын  жақсартады,  бұлшық  еттердің 

жаттығу дəрежесін арттырады, ауырсыну синдромдарын жояды, со-

нымен  қатар 26-28,5°С  су  температурасы  кезінде  шынықтырғыш 

фактор ретінде əсер етеді жəне температура 38°С жоғары болғанда 

бұлшық еттердің релаксациясын тудырады. 

Гидрокинезотерапия  веналардың  варикоздық  (түйнеліп  кеңеюі) 

аурулары,  остеохондроз,  семіздік,  колит,  холецистит,  қант  диабеті 

жəне т.б. аурулар кезінде қолданылады. Судағы сабақ 15-45 минут-

тан аптасына 3-4 рет жүргізіледі. Жүктеме мөлшері, жаттығуларды 

қайталануы, олардың саны жəне т.б. біртіндеп ұлғайтылып отырады. 



Тренажерда  (жаттығу  жабдықтарында)  орындалатын 

сабақтар

Соңғы жылдары алдын алу, сауықтыру дене шынықтыруда жəне 

реабилитация  жүйесінде  де  сол  немесе  басқа  сегментке,  мүшеге, 

физиологиялық жүйеге жəне т.б. мақсатты түрде əсер етуге мүмкін-

дік беретін тренажерлар кең қолданысқа ие болды. Тренажерлардың 

аса  құндылығы  жаттығуларды  күші,  темпі,  қозғалыс  амплитудасы      

бойынша  мөлшерлеудің  мүмкін  болуында  жатыр.  Оларды  үйге, 

мектепке, жұмыс кабинетінде жəне т.б. орналастыруға болады. Бұл 

жаттығу  жабдықтары  бұлшық  еттің  күші  мен  төзімділігін  дамыту 

жəне  гиподинамия  салдарын,  яғни  бұлшық  еттік  ашығуды  жоюға 

арналған. 

Тренажерларда  орындалған  жаттығулар  буындар  мен  бұлшық 

еттердің белгілі бір (жеке) тобына əсер етеді. Сонымен қатар мұндай 

жаттығуларды  орындау  белгілі  бір  бастапқы  қалыпты  талап  етеді. 

Əртүрлі жаттығу жабдықтарында жүргізілген сабақтар буындардағы 

негізгі  қозғалыстардың  дамуына  жəне  бұлшық  еттің  нығаюына 

əкеледі. Тренажерларда дұрыс ұйымдастырылған сабақтар ауыруды 

сезінуді тудырмауы тиіс. 



Ойындар адамның дене белсенділігін жоғарылатады, халықты 

жаппай сауықтыруға əкеледі, сонымен қатар мидың шығармашылық 

мүмкіндіктерін,  экстраполяция,  байқампаздық  қасиеттерін,  уақыт 

тапшы  жағдайларда  ақпараттың  өңделу  қабілетін  дамытады.  Мек-

теп жасына дейінгі жəне төменгі мектеп жасындағы балаларда дене 

сапаларын  дамыту  мен  қимыл  дағдыларын  қалыптастыру  үшін 

имитациялық (еліктеу) ойындардың маңызы зор. Ересек тұрғындар 

арасында ойындар белсенді тынығу мен қолы бос уақыттарын өткізу 

жолы ретінде кең тараған. 



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау