448
Əрекеттің монотондылығы (бірсарындылығы)
Басқа адамдарға сияқты спортшыға да жаңа ақпараттарды,
қимыл жəне тактикалық міндеттерді шешудің жаңа жолдарын іздеу
жағымды эмоцияның көзі болып табылады. Біртекті қимыл актілерін
ұзақ уақыт орындау кезінде (мысалы, орташа қуаттылықты циклдік
жұмыс кезінде) ақпараттар келуінің айтарлықтай азаюынан зерігу,
жаттығуға қызығушылықтың кемуі, қызметтік мүмкіндіктердің
төмендеуі туындайды.
Əрекеттің монотондылығы – көптеген қарапайым стереотипті
қозғалыстардан тұратын біркелкі жұмыстан туындаған күй.
Мұндай жұмыс адамда психикалық белсенділік күйінің
төмендеуін, немқұрайлылық, шаршау, ұйқы басуын, ЖЖЖ мен
ТЖ сиреуін, жұмыс атқаратын бұлшық еттердің ЭМГ амплитудасы
төмендеуін, жұмысқа қабілеттіліктің азаюын тудырады.
Монотония күйінің туындау механизмдерінің бірі əдеттену бо-
лып табылады. Егер қандай да бір стимул (тітіркендіргіш) көп мəрте
қайталана берсе, онда оған зейін əлсірейді, реакция төмендейді,
яғни оның жаңалығы жоғала бастайды. Қарапайым қимыл
дағдыларының автоматизациясы үдерісінде эмоциялық күйзеліс
прогрессивті (ілгерінді) түрде төмендейді. Мұнда қоршаған ортадан
миға қабілеттілікті арттыратын сенсорлық сигналдар келмеген кезде
мидың жоғары бөлімдері белсенділігінің төмендеуін тудыратын ми
бағанының бейарнайы тежелу бөлімдері белсендіріледі. Монотонды
əрекет кезінде қозғалыстарды басқаруда мидың оң жəне сол жақ жар-
ты шарларының рөлі өзгереді. Оңқай спортшыларда мидың доми-
нантты болатын сол жақ жарты шары белсенділігінің төмендеуі жəне
жетекші болып табылмайтын оң жақ жарты шар рөлінің жоғарылауы
байқалған. Бұл жұмысты əрі қарай жалғастыруға мүмкіндік береді,
бірақ оны əсерін азырақ тиімді етеді.
Түрлі адамдар монотонды жұмысты əртүрлі қабылдайды.
Монотонияға қарсы тұрудың басты факторы жүйке жүйесінің
туа біткен қасиеттері болып табылады.
Бұл жағдайларда жүйке үдерістері күшті, салмақты жəне
баяу болып келетін флегматиктер табысты жұмыс атқара алады.
Жоғары білікті шаңғышы-жарыскерлер, стайер-желаяқтар мен тас
жол-велосипедшілерді зерттеу барысында аталмыш спорт түрлері
бойынша спортшылардың негізгі үлесін флегматиктер алатыны
дəлелденген.
449
Спортшының жеке бас ерекшеліктерінің де маңызы бар. Экстра-
верттерге қарағанда интроверттер монотонды жұмыстарды жеңіл
атқара алады. Бұл терминдерді Швейцария психологі Карл Густав
Юнг қолданысқа енгізген.
Экстраверттерге:
1. Адамдармен тез араласуға бейім тұратын;
2. Публика алдында сөз сөйлегеннен қысылмайтын;
3. Кез келген əрекетін сыртқы ортамен бөлісетін адамдар жата-
ды, ал интроверттерді:
1. Жалғыздықты сүйетін;
2. Өз-өзімен сөйлескенді ұнататын;
3. Ішкі əлемінде өмір сүретін жандар құрайды.
Монотондылықпен күрес үшін спортшылардың орын ауыс-
тыру жылдамдығын түрлендіру, əртүрлі арақашықтық, бəсеке
жағдайларын тудыру жəне т.б. қолданады. Соңғы уақытта фартлек
жаттығулары қолданысқа ие. Фартлек – жаттығуды қайталау бары-
сында орындау жылдамдығы өзгеріп отыратын жаттығу. Əртүрлі
ритмді фартлек бұл 45-60 минут аралығында кроссқа жүгіру кезінде
өзінің мүмкіндігіне қарай бірнеше рет жылдам қарқында жүгіруді
іске асырады. Аталмыш жаттығу əдісі ХХ ғасырдың 30-жылдары
Швециядан бастау алып, көбіне ұзақ қашықтық желаяқтар арасында
қолданылады. Бұл басты мақсат қашықтық пен уақыт емес, рақаттану
болып табылатын жаттығудың еркін түрі. Жаттығу сабақтарын
көбіне ауылды жерлерде өткізеді. Спортшы маршрут сияқты
жүгіру жылдамдығын да өзі таңдайды. Көптеген жаттықтырушылар
фартлекті қандай да бір спорт түріндегі монотондылықты бұзу үшін
қарқындылығы жоғары жаттығу жүктемелеріне немесе интервалды
жаттығу программасына қосымша ретінде қолданылады.
Сауықтыру дене жаттығуларының негізгі түрлері жəне
олардың организмге əсері
Дене тəрбиесінің негізгі құралына дене жаттығулары,
жаратылыстың табиғи күштері мен гигиеналық факторлар жа-
тады. Дене жаттығулары – дене тəрбиесі міндеттерін шешуге
қажетті адамның қимыл əрекеті, яғни бұл саналы түрде орындалған
қимылдар жəне қозғалтқыш əрекеттер. Оның негізгі міндеті –
450
халықты сауықтыру жəне жұмысқа қабілеттіліктерін арттыру. Дене
жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын жəне тыныс алу
мүшелерін дамытады.
Сауықтыру дене жаттығуларының негізгі түрлері
Сауықтыру дене жаттығуларының сан алуан түрлерін қолдану
адам денсаулығын сақтау мен жақсартуға əкеледі. Сонымен қатар
олар қоғамда жалпы білім беру, танымдық (туризм), реабилитация-
лық (емдік дене шынықтыру), кəсіби (өндірістік гимнастика, кəсіби-
қолданбалы дене дайындығы) сияқты басқа да міндеттерді шешеді.
Дене жаттығулары моторлық-висцералдық рефлекстерді сти-
мулдай отырып, ұлпаларда зат алмасу үдерістерінің жылдамдауына,
гуморалдық үдерістердің белсенуіне əкеледі (30-кесте).
30-кесте
Организм мүшелерінің тыныштық күйде жəне дене
жүктемелері кезінде тотығу поцестеріне қатысуы (Баркрофт
бойынша сағатына см
3
О
2
)
Мүше
Максималды
тыныштық
(наркоз)
Максималды дене
жұмысы
Көлденең-жолақты
бұлшық ет
12,9
59
Жүрек
2,0
254,0
Сілекей бездері
0,9
1,1
Бауыр
7,9
21,1
Ұйқы безі
0,7
1,4
Бүйрек
1,6
4,2
Дене жаттығуларына гимнастика, ойындар, туризм жəне спорт,
дене тəрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнасти-
ка, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Гимнастика түрлері негізгі жəне гигиеналық гимнастика,
спорттық гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік
гимнастика жəне емдік гимнастика болып табылады.
Ойын оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тəрбиелейді.
Туризм – оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіш-