Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет143/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   168

442

ғарышкерлер жерге қайтып келіп қонғанда аяғын баса алмай қалады. 

Оларды сүйемелдеп жүргізіп жаттықтырғаннан кейін жүруі қалпына 

келеді. Аз уақытқа созылған гиподинамия дене жаттығуынан кейін 

басылып, жойылады, дене қимылы, аяқ-қол қозғалыстары қалпына 

келеді.  Күнделікті  жасайтын  таңертеңгілік  денешынықтыру 

жаттығулары, спорт, қара жұмыс, серуендеп жүру, үй шаруасы жəне 

мал  шаруасымен  айналысу – гиподинамияның  алдын  алу  шарасы. 

Өз еркімен белсенді жұмыс істеп жүрген адамда гиподинамия бол-

майды. Атақты генетик Н. П. Дубинин «Мəңгілік қозғалыс» (Вечное 

движение) атты кітабында: «өмір – үздіксіз мəңгілік қозғалыс», – де-

ген.


Жануарларға  жүргізілген  көптеген  тəжірибелер  оларға 

қозғалыстың  аздығы  аса  ауыр  тиетінін  көрсеткен.  Мысалы, 

егеуқұйрықтарды 1 ай  бойына  акинезия  жағдайында  ұстағанда 

жануарлардың 60%,-ы  ал  гипокинезия  жағдайында – 80%-ы  тірі 

қалған.  Тар  торларда  қамалып  өсірілген  балапандарды  кейін  еркін 

қоя бергенде аулада кішкене жүгіріп өткеннен-ақ өліп қалған. 

Қозғалыс  белсенділігінің  төмендеуі  адамда  да  ауыр  өтеді. 

Сүңгуір-теңізшілерді зерттеу нəтижелері теңізде 1,5 ай болған соң 

оларда  кеуде  мен  қол-аяқ  бұлшық  еттері  күшінің  бастапқыдан 20-

40%-ға, ал 4 айдан кейін 40-50%-ға кемитінін көрсеткен. Бұдан басқа 

да бұзылулардың орын алғаны байқалған. 

Қозғалыс  белсенділігі  жеткіліксіздігінің  адам  организміне 

ықпалы

Орталық жүйке жүйесінде гипокинезия мен гиподинамия жүйке 

орталықтары  аралық  өзара  байланыстардың  жоғалуын  тудырады, 

бірінші кезекте нейрон аралық синапстарда қозудың өтуі бұзылуынан 

асинапсия  туындайды.  Мұнда  психикалық  жəне  эмоциялық  сфе-

ра  өзгеріске  ұшырайды,  сезім  мүшелерінің  қызметі  нашарлайды. 

Қозғалыстарды  басқарудың  ми  жүйелерінің  зақымдалуы  қозғалыс 

əрекеті координациясының нашарлауына əкеледі, моторлық коман-

да берілуінде қателіктер туындайды, бұлшық еттің ағымдағы күйін 

бағалап жəне əрекет ету программасына коррекция енгізе алмайды.  

Бұлшық  ет  көлемінің,  салмағының  жəне  олардың  жиырылу 

қабілетінің төмендеуімен, яғни бұлшық ет талшықтарының атрофия-

сымен көрініс беретін қозғалыс аппаратында біраз дегенерациялық 

құбылыстар  байқалады.  Бұлшық  еттердің  қанмен  жабдықталуы, 

энергия алмасуы нашарлайды. 



443

76-суретАТФ-аза ферменті белсенділігі өзгерісі (Images courtesy of John 

Faulknerand Timothy White)



76-суретте  ұзақ  уақыт  қозғалыс  жеткіліксіздігінен  АТФ-аза 

ферменті  белсенділігі  мен  бұлшық  ет  талшықтарының  өзгерістері 

көрсетілген.

Жұмыс кезінде, əсіресе, статикалық төзімділік жаттығуларында 

бұлшық ет күші, дəлдігі, шапшаңдығы мен төзімділіктің төмендеуі 

орын алады. Локомоциялар кезінде массаның жалпы орталығының 

тербелісі күшейіп, жүгіру мен жүру барысында қозғалыс тиімділігін 

шұғыл төмендетеді.  

Қозғалыс  белсенділігі  жеткіліксіз  болғанда  тыныс  алу  ӨТС, 

тыныс  тереңдігінің,  тыныс  алудың  минуттық  көлемінің  жəне  мак-

сималды  өкпелік  вентиляцияның  азаюымен  сипатталады.  Жұмыс 

кезінде  оттектік  сұраныс  пен  оттектік  қарыздылық  шұғыл  артады. 

Негізгі алмасу төмендейді. 

Жүрек-тамыр  жүйесінің  де  қызметі  бұзылады.  Жүрек  бұлшық 

етінің  атрофиясы  туындайды,  миокард  қоректенуі  нашарлайды. 

Нəтижесінде  жүректің  ишемиялық  ауруы  пайда  болады.  Жүрек 

көлемінің  азаюы  жүректің  қанды  аз  айдауына  (систолалық  жəне 

минуттық қан көлемінің төмендеуіне) əкеледі. Мұнда жүректің жиы-

рылу жиілігі дене жүктемесі кезіндегі іспеттес тыныштық күйде де 

жоғарылайды. 

Əлсізденген  қаңқа  бұлшық  еттері  (үлкен  қан  айналым 

шеңберімен)  қанның  венамен  қайтарылуына  тиісті  шамада    ықпал 




444

ете алмайды. Олардың жиырылу қабілетінің жеткіліксіз болуы не-

месе мүлдем жиырыла алмауы ауырлық күшіне қарсы тұра аяқтан 

жүрекке  қарай  кан  ағымын  жеңілдететін  «бұлшық  ет  насосы» 

қызметінің жойылуына əкеледі. Осы «перифериялық (шеткі) жүрек» 

жақтан  көмектің  болмауы  жүректің  қан  айдау  жұмысын  одан  əрі 

қиындата түседі. Қан айналым уақыты айтарлықтай арта түседі. Қан 

айналымдағы қан көлемі азаяды. 

Төмен  дене  жүктемелері  мен  тыныс  алу  тереңдігінің  біраз 

ұлғаюы орын алған жұмыс кезінде қан ағымына «тыныс алу насо-

сы»  да  септігін  тигізе  алмайды.  Өйткені  кеуде  қуысында  төменгі 

қысымның сору əсері мен диафрагма жұмысы жойылған. Қозғалыс 

белсенділігінің  төмендеуінің  барлық  аталмыш  салдары  қазіргі 

əлемде жүрек-тамыр ауруларының аса көбеюіне əкеліп соғып отыр. 

Эндокриндік  жүйеде  ішкі  секрециялық  бездер  қызметінің 

төмендеуі байқалады жəне олардың гормондар өндіруі азаяды.

Акинезия 

жағдайларында 

организмнің 

барынша 


ауыр 

зақымдалуы  жүреді  жəне  жүрек  соғу  жиілігі,  дене  температурасы 

жəне  т.б.  қызметтер  тəуліктік  биоырғағының  деңгейлестіруі  орын 

алады. 


Жүйке-психикалық шектен тыс ширығу, əрекеттің 

бірсарындылығы (монотондылығы) жəне олардың адам 

организміне ықпалы

Адам организміне спортпен шұғылдану психикалық шектен тыс 

ширығу  тудыратын  үздіксіз  өзгермелі  жағдайлар  аясында  уақыт 

тапшылығы жағдайындағы жұмыстан бастап жүйке жүйесі тонусын 

елеулі төмендететін ұзақ бірсарынды жұмысқа дейін  сан алуан та-

лаптар қояды.



Жүйке-психикалық шектен тыс ширығу

Спорттық күрес жағдайы, əсіресе, ситуациялық спорт түрлерінде 

(спорттық ойындарда, жекпе-жекте) адамда жүйке-психикалық шек-

тен  тыс  ширығуын  тудырады.  Қысқа  уақытта,  көбіне,  секундтың 

оннан жəне жүзден бір бөлігінде спортшы қорытып үлгеруге тиісті 

ақпараттың көп көлемі, оның жарысқа шығуының жоғары мотиваци-

ясы змоциялық стрестің туындауына, ал ерекше күрделі жағдайларда 

–  дистреске əкеледі. 




жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау