Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет141/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   168

436

29-кесте

Туа біткен жеке дара-типтік ерекшеліктеріне сəйкес жарыс стилін 

барабар жəне барабар емес таңдаған шабуылшы жəне қарсы шабуыл-

шылардан тұратын (n=61) жоғары білікті боксшылар (%) саны.

(Е. Б. Сологуб жəне əріпт., 1986, 1993, 1998; В. А. Таймазов, 1986, 1997; 

Г. И. Анисимов, 1991; И. Н. Пресняков, 1994 бойынша)

Стиль түрі

Таңдау 

барабарлығы

Боксшы біліктілігі

I санат 

жəне спорт 

шеберлігіне 

кандидаттар

Спорт шебері жəне 

халықаралық 

спорт шебері

Қарсы 


шабуылшы

Барабар 


(адекватты)

65

62



Барабар емес 

(адекватты емес)

35

38

Шабуылшы



Барабар 

(адекватты)

64

75

Барабар емес 



(адекватты емес)

36

25




437

ХІV ТАРАУ

САУЫҚТЫРУ ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ 

ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Адам қоршаған ортадан тыс өмір сүре алмайды. Адам организмі 

ашық  жүйе  болып  табылады,  яғни  сыртқы  ортамен  тығыз  бай-

ланысты – ауадан  тыныс  алу  үшін  оттегі,  тіршілікті  энергиямен 

қамтамасыз ету үшін тамақты, өзінің дамуы үшін əлеуметтік орта-

дан əртүрлі ақпараттарды үнемі алып отырады. Организмнің сыртқы 

қоршаған тіршілік жағдайлары мен ішкі дүниесі үнемі бір қалыпта 

болмайтындықтан,  яғни  көптеген  ықпалдардың  қолайсыз  əсер 

етуіне орай адам өз денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау 

үшін арнайы шаралар қолдану керек. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) анықтамасы 

бойынша  «Денсаулық – организмде  аурудың  не  болмаса  дене 

кемістігінің  жоқтығы  ғана  емес,  ол  табиғи  (физикалық),  рухани 

жəне əлеуметтік толық аман-есендік». Сондықтан денсаулық сақтау 

ісі – физикалық, психикалық, рухани жəне əлеуметтік жағдайларға 

жіктеледі. Физикалық саулық – адам организміне тəн функциялардың 

өздігінен  реттелуі,  функциялық  үдерістің  келісімді  өтуі,  сыртқы 

орта  əсерлеріне  бейімделу  қасиеттерінің  жоғары  дəрежеде  болуы. 

Психикалық  саулық – ауруды  болдырмау,  қайтсе  де  одан  арылуға 

ұмтылуды, адам өмірінің мақсатына айналдыру. Əлеуметтік саулық 

– адам белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте 

қайнасу дəрежесі. 



Қазіргі өмір жағдайларындағы дене шынықтырудың рөлі

ДДСҰ-ның  есебі  бойынша  адам  денсаулығының 20-25%-

ы  экологиялық  факторларға, 20% биологиялық  факторларға 

(тұқымқуалауға), 10%-ы  медициналық  факторларға,  ал 50-55%-

ы  салауатты  өмір  салтына,  яғни  адамның  өзіне  байланысты 

екендігі  анықталған.  Адамның  денсаулығы  мен  жоғары  жұмысқа 

қабілеттілігінің  қажетті  деңгейін  сақтайтын  СӨС  факторларының 

арасында дене шынықтыру маңызды орын алады. 




438

Адам организміне қазіргі өмір жағдайларының ықпалы

Адамға ықпал ететін сыртқы орта факторларының жағымды ғана 

емес, жағымсыз əсер ететіні де белгілі. Топтастырылған қатерлі фак-

торлар  бір-бірімен  байланысты,  бірақ  аурудың  шығу  тегіне  қарай 

оларды шартты түрде: 

1) өлі табиғат (абиотикалық);

2) тірі табиғат (биотикалық);

3)  əлеуметтік  орта  факторлары  деп 3 топқа  жіктеуге  болады.  

Осы айтылған жағдайларға байланысты адамның жəне  əлеуметтік 

топтың саулығын болжауға болады. 

Денсаулыққа əсер ететін сыртқы физикалық факторларға ауаның 

қысымы,  температура,  газ,  радиация,  шу,  вибрация,  жел,  жарық, 

қараңғылық  жəне  т.б.,  химиялық  факторларға  су,  ауа,  жер,  тағам 

құрамындағы түрлі заттар; ал биологиялық факторларға инфекция, 

вирустар  жатады.  Ал  ішкі  жағдайларға  гендік  қасиеттер,  қанның 

құрамы  мен  қысымы,  тыныс  алу,  жүрек  ырғағы,  зат  алмасуы,  т.б. 

жатады.  Бұлардың  өзгеруі  адам  организміне,  оның  денсаулығына 

əсер етеді. Əуел баста организм олардың өзгерістеріне бейімделіп, 

икемделіп  немесе  төзімділігін  күшейту  арқылы  ішкі  ортасының 

тұрақтылығын  сақтайды.  Егер  өзгеріс  тым  күшті  болса,  адамның 

денсаулығы  нашарлайды,  түрлі  аурулар  пайда  болады.  Ішкі 

тұрақтылықты  сақтауды  француз  ғалымы  Клод  Бернар  гомео-

стаз деп атаған (грек. гомозис – бірдей, стазис – жайы). Гомеоcтаз 

организмнің ішкі тұрақтылығын бір қалыпта ұстайтын үдерістердің 

жиынтығы.  Бұл  тұрақтылық  ферменттердің  қызметінің,  зат 

алмасуының  қарқынды  жүруіне  мүмкіндік  тудырады.  Денедегі 

қуаттың алмасуын да осы физиологиялық механизм реттейді.

Қазіргі  кезде  ғылым  мен  техниканың  орасан  өрлеуінің 

нəтижесінде  «өркениет  аурулары»,  яғни  табиғат  пен  қоғамның 

қауырт  өзгерістерінің  организмге  əсерінен  туатын  аурулар  кең 

өріс  алуда.  Бұл  өзгерістерге  адам  организмі  жылдам  жəне  толық 

бейімделіп үлгермеу салдарынан аурулар туады.

Итальяндық  физиолог  А.  Моссо  «дене  жаттығулары  көптеген 

дəрі-дəрмектің орнын алмастыра алады, бірақ бірде-бір дəрілік зат 

дене жаттығуларының орнын толтыра алмайды», – деп атап өткен-

дей қазіргі адам өміріндегі дене шынықтырудың рөлі зор. Жануар-

лар əлемі, соның ішінде адам эволюциясы үдерісінде көптеген орга-

низм мүшелері мен жүйелері əр текті қозғалыстармен тығыз өзара 




жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау