247
Жаттығу əсерінің арнайылығы кей жағдайларда белсенді
бұлшық ет массасының құрамымен ғана емес, сонымен бірге оның
көлемімен де анықталады. Əсіресе, бұл төзімділік жаттығуларына
қатысты жақсы көрінеді. Осымен бір жағынан, көптеген бұлшық
ет топтарының белсенді қатысуымен орындалатын жүгіру
жаттығуларының велоэргометрге (велосипедке) немесе жүзуге
қарағанда неғұрлым тиімдірек болатыны түсіндіріледі.
Сыртқы ортаның əртүрлі жағдайларында көрінетін жаттығу
əсерінің арнайылығы. Жаттығу сыртқы ортаның белгілі бір
жағдайларында орындалады. Сəйкесінше спортпен жаттығушы
организміндегі адаптациялық өзгерістер осы қоршаған орта
жағдайларына оның барынша оптималды бейімделуін қамтамасыз
етеді. Мəселен, жазықта жүргізілген төзімділікке жаттықтыру
үдерісінде дамыған арнайы адаптациялық өзгерістер төзімділіктің
осы арнайы жағдайларында жоғарылауына əкеледі. Сондықтан
да биіктіктің гипоксиялық жағдайларына жоғары тұрақтылықты
қамтамасыз етуде оптималды жəне тіпті, барабар болып табыл-
майды. Бұл бір жағынан, неліктен көбіне мықты жаттыққан
спортшылардың жаттықпаған адамдарға қарағанда гипоксиялық
жағдайға ерекше жоғары тұрақтылыққа ие болмауын түсіндіреді.
Керісінше, сыртқы ортаның гипоксиялық жағдайларында ұзақ уақыт
болу үдерісінде осы арнайы жағдайда жаттығушы организмінде
оның жұмысқа қабілеттілігін жоғарылатуға əкелетін арнайы
адаптациялық өзгерістер туындайды. Сонымен қатар спортшының
мұндай биіктікте жаттығуының акклиматизациялық бейімделуі
жазықтағы сияқты басқа арнайы жағдайларда жұмыстарды орындау
кезінде елеулі артықшылықтар бермейді.
Бейтарап температуралық жағдайларда жүргізілген ешқандай
жаттығу толығымен арнайы жылуға бейімделуді алмастыра ал-
майды, яғни арнайы акклиматизация жүргізілмесе, спортшыда
жаттықтыру əсерлері (функциялық дайындық, спорттық нəтиже)
үнемі дайындық өткен бейтарап жағдайларға қарағанда ыстық жəне
ылғалды ауа ортасында төмен болады.
Жоғарыда айтылғандар спортшы дайындығы жарыс өткізілетін
жағдайларда жүргізілу қажеттігін көрсетеді.
Жаттығу əсерінің кері қайтымдылығы
Жаттығу əсерінің бұл қасиеті табалдырықтық деңгейден төмен
болатын жаттығу жүктемелері кеміген кезде біртіндеп азаюымен
248
немесе жаттығуды толық тоқтатқанда мүлдем жойылып кетуімен
көрінеді. Жаттығу жүктемелерін жоғарылатқаннан соң немесе
жаттықтыруды қайта бастағанда қайтадан жаттығудың оң əсерлері
көріне бастайды. Дене шынықтырумен жүйелі түрде шұғылданатын
адамдарда жұмыс қабілеттіліктің айтарлықтай төмендеуі жаттығу
əсері тоқтағаннан соң 2 аптадан кейін-ақ байқалса, ал 3-8 ай-
дан соң дене дайындығының деңгейі жаттыққанға дейінге мəнге
жетіп жығылады. Əсіресе, жаттығу əсері (тиімділігі) жаттығуды
тоқтатқан соң немесе жаттығу жүктемелерін шұғыл төмендеткеннен
кейін алғашқы кезеңдерде тез азаяды. Жаттықтыру нəтижесінде
қол жеткізілген оттегі тасымалдау жүйесі қызметі функциялық
көрсеткіштерінің өсімі алғашқы 1-3 айда екі есеге дейін төмендейді.
Дене шынықтырумен өте ұзақ уақыт бойы шұғылданбаған тұлғалар-
да жаттықтырудың оң əсерінің көбі жаттығуды тоқтатқаннан кейінгі
1-2 айда жоғала бастайды. Тіптен, жоғары дəрежеде жаттыққан
спортшылардың өзінде зақым алуға, т.б. байланысты жаттығу ба-
рысында орын алған қысқа үзілістер дене жұмыс қабілеттілігінің
елеулі төмендеуін тудырады.
Жаттығуды тоқтатудың теріс əсерлерінің көрінуінде оның
ұзақтығы ғана емес жəне гипокинезия дəрежесі де айтарлықтай рөл
атқарады, яғни неғұрлым жаттығуды тоқтатқаннан кейінгі кезеңде
адамның жалпы қозғалыс белсенділігі жоғары болған сайын,
соғұрлым жаттығу əсері баяуырақ жəне азырақ төмендейді.
Ұзақ мерзімдік гипокинезия аз белсенділіктің бастапқы
кезеңдерінде жылдамырақ жүретін ОМП төмендеуін тудырады. Ги-
покинезия ең алдымен, оттегі тасымалдау жүйесінің, бірінші кезекте
жүрек-тамыр жүйесінің максималды мүмкіндіктерінің төмендеуіне
əкеледі.
Жаттығуды
тоқтату
бұрын
жаттыққан
бұлшық
еттердегі қылтамырлар санының (тығыздығының) азаюына
(декапилляризацияға), бұлшық ет талшықтарының жіңішкеруіне
(гипотрофиясына), олардың тотығу потенциалының, əсіресе, баяу
бұлшық ет талшықтарындағы төмендеуіне əкеледі.
Жаттығу əсерінің қайтымдылығы қасиеті жүктеме қарқынды-
лығы жеткілікті (табалдырықтық немесе табалдырықтан жоғары)
болатын жаттығу сабақтарының уақтылы өтуін талап етеді. Бұл
қасиет жаттығудың қайталамалық жəне жүйелілік педагогикалық
принципі негізінде жатқан маңызды биологиялық фактор. Атал-
249
мыш принципті жүзеге асыру (жаттығу режимін анықтау) кезінде
жаттығудың мақсатын ескеру қажет, өйткені жаттықтыру əсерін
сақтау үшін жаттығу əсерін жоғарылатуға қарағанда азырақ жəне
неғұрлым сирегірек жаттықтыру жүктемелері жеткілікті.
Мəселен, дене шынықтырумен шұғылданушыларда аптасына 2
ретке дейін жаттығу жиілігін төмендету ОМП мөлшері мен басқа да
(бірақ барлығын емес) жаттығу əсерінің функциялық көрсеткіштерін
салыстырмалы тұрақты деңгейде ұстап тұруға (бірақ жоғарылатуға
əкелуге емес) мүмкіндік берді. Жаттығу жиілігін аптасына 1 рет-
ке дейін азайту жаттығудың оң əсерінің жоғалуын тек кешеуілдетті,
бірақ оның жойылмауына жол бермеді.
Шыныққандық
Жаттығу үдерісін дұрыс ұйымдастыру арнайы жүктемелерге
спортшының бейімделуі күйіне немесе шыныққандық күйіне
əкеледі.
Шыныққандық дегеніміз – жүйелі түрде жаттығу ықпалынан
тірі организмнің қызметтік мүмкіндіктерін өзгерте алу қасиеті.
Ол адамның дене жаттығуына қабілеттілігін жəне оның жүйелі
орындалған арнайы дене жаттығулары ықпалынан өзінің ар-
найы қызметтік мүмкіндіктерін жоғарылату қабілетін сипаттай-
ды. Шыныққандық сандық жағынан (шыныққандық дəрежесі)
жаттығу əсерінің мөлшерімен бағалануы мүмкін, яғни неғұрлым сол
жаттықтыруға организм көбірек жауап берген сайын, сəйкесінше,
соғұрлым шыныққандық жоғары болады.
Шыныққандық жынысы мен жасы əртүрлі адамдарда
айтарлықтай айырмашылыққа ие, яғни оларға берілген сол бір
жүктеменің өзі оларда бірдей əсер тудырмайды. Тіптен жасы да, жы-
нысы да бірдей бір топтың ішінде шыныққандықтың өте үлкен же-
ке-дара вариацияларын орын алған.
Шыныққандыққа жаттығу əсері арнайы болған сияқты, оған
да арнайылық тəн. Мысалы, бір адамдар күштік жаттықтыру
кезінде шыныққандықтың жоғары дəрежесін көрсетсе, алайда,
төзімділікке жаттықтыру кезінде ол байқалмауы мүмкін. Басқалар,
керісінше,төзімділік жаттығуларына жоғары қабілетті болып келсе,
дегенмен, күштік жаттықтыруға жауап ретінде оларда бұлшық ет
күшінің айтарлықтай өсімі орын алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |