Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет78/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   168

244

жоғарылауын 2 есеге, яғни 0,8 л/мин-қа дейін жоғарылатпайды, тек 

0,5-0,6 л/мин-қа дейін ғана арттырады. 

Жаттығу əсерінің арнайылығы

Бір жаттығуды жүйелі түрде орындап отыру оның соғұрлым жақ-

сы орындалуын қамтамасыз ететін организмнің арнайы бейімделуін 

тудырады. Мұндай бейімделу  жаттықтырылу нəтижесінің (спорттық 

нəтиженің) аса жоғарылауымен жəне оны орындау үнемділігінің ар-

туымен көрінетін арнайы жаттығу əсерлерінде көрінеді. Сондықтан 

осыған  орай  жаттығу  программалары  аталмыш  жаттығуды  немесе 

дене (спорттық) шынықтырудың сол түрін орындауға қажетті арнайы 

физиологиялық  қабілетін  дамытатындай  болып  жүктемелердің 

арнайылық қағидасы бойынша құрылу қажет. 

Жаттығу 


əсері 

арнайылығы 

айтарлықтай 

дəрежеде 

табалдырықтық  жүктеме  принципімен  байланысты.  Өйткені 

жаттығу əсері тек жаттықтыру үдерісінде жүктеме табалдырықтық 

деңгейге жететін немесе одан да асатын аталмыш жаттығуды орын-

дау  үшін  жетекші  мүшелер,  жүйелер  мен  механизмдерге  қатысты 

ғана  көрініс  береді.  Сəйкесінше,  жаттығу  əсерінің  арнайылығы 

жаттықтыру жаттығуларының іске асырылуына қатысатын бұлшық 

ет  топтарының  құрамы  мен  белсенділік  дəрежесі,  қозғалыс 

координациясының  жетіле  түсуімен,  жетекші  дене  (қимыл) 

сапаларының,  жетекші  энергиялық  жүйелер  деңгейлерінің  басым 

болуымен немесе сөзсіз жоғарылауымен айқындалады. 

Көптеген 

дене 


жаттығулары 

арасынан 

функциялық 

сұраныстарының  сипаты,  яғни  жетекші  қимыл  сапасы  мен 

энергиялық  жүйе,  қозғалыс  кординациясы,  жаттығуға  қатысатын 

бұлшық  ет  топтарының  құрамы  бойынша  бір-бірімен  ұқсас 

жаттығуларды  бөліп  көрсетуге  болады.  Бұл  жағдайда  əртүрлі 

белгілері  бойынша  ұқсас  жаттығуларды  шынықтыру,  жаттықтыру 

ретінде қолдану ұқсас ортақ жаттығу əсерін тудыруы мүмкін. 

Мысалы,  төзімділік  пен  оның  физиологиялық  (оттегі  тасымал-

дау  мен  оттегі  утилдеу  жүйелері  мүмкіндіктерінің  жоғарылауы) 

механизмдері жүру, жүгіру, жүзу, шаңғымен жүру, коньки тебу, вело-

сипед тебу сияқты алуан түрлі жаттығуларды жаттықтыру ретінде, 

яғни шынықтыру мақсатында қолданған кезде жетілдіріледі.  

Алайда, организмге неғұрлым функциялық сұраныстар жоғары 

болған  сайын,  соғұрлым  жаттығу  нəтижесінде  физиологиялық 

реакциялардың  арнайылылығы  мен  олардың  арнайы  бейімделуі 



245

көбірек  сипат  алады.  Сондықтан  да  сауықтыру  мақсатында 

қолданылатын  дене  шынықтыру  сабақтары  мен  спорттық 

жаттықтырудың  бастапқы  кезеңдерінде  жалпы  жаттығу  əсерін 

тудыратын,  яғни  жалпы  дамытатын  жаттығулар    сияқты  сан  ал-

уан  ұқсас  жаттығулар  кең  қолданылады.  Функциялық  сұранысты 

(функциялық  дайындық)  арттыра  отырып,  спорттық  нəтижені  əрі 

қарай өсіру үшін жаттығу арнайылығы принципі көбірек ескерілуі 

қажет.  Жоғары  спорттық  шеберлік  деңгейінде  жаттықтырудың  ба-

рынша жоғары əсеріне, яғни спорттық нəтиженің өсуіне сол спорт 

(жарыс) түрі үшін негізгі болып табылатын спорттық жаттығуларды 

жаттықтыру мақсатында қолданған кезде қол жеткізілетіндігі жалпы 

ереже болып саналады.   

Қимыл дағдысына (спорттық техникаға) қатысты жаттығу 

əсерінің арнайылығы

Кез келген спорттық жаттығуды орындау бұлшық ет қызметінің 

арнайы  ерекшеліктерімен,  яғни  олардың  арнайы  жиынтығы, 

белсенділік  дəрежесі,  қосылу  жəне  ажыраудың  уақыттық 

бірізділігімен    сипатталады.  Бұл  аталған  барлық  ерекшеліктер 

қозғалысты  басқарудың  арнайы  орталық  жүйке  программасының 

жүзеге  асырылуымен  анықталады.  Жаттықтыру  үдерісінде  бұл 

программа  біртіндеп  жетілдіріле  түседі,  бұл  жаттығуды  орын-

дау  техникасының  (нəтижесі  мен  үнемділігінің)  жақсара  түсуімен 

көрінеді. 

Жоғары  спорттық  нəтижеге  жəне    (немесе)  жаттығуды 

орындаудың  жоғары  үнемділігіне  жету  жайында  сөз  қозғағанда, 

оның  айтарлықтай  шамада  қимыл  дағдысының  (оны  орындау 

техникасының)  жетілуіне  тəуелді  болатынын  атап  өткен  жөн.  

Əрі  жаттықтыру  жаттығуларын  таңдау  кезінде  жаттығу  əсерінің 

арнайылылығы принципі басты рөл атқаруы тиіс. 

Мысалы,  егер  иықтың  бүккіш  бұлшық  еттері  статикалық 

(изометриялық)  күші  шынтақ  буынының 115°

 

бұрышында  үнемі 



жаттықтырылса,  жаттықтырылған  бұлшық  еттің  максималды  ерік 

күшінің  ең  жоғары  өсімі  осы  бұрышта  байқалады.  Динамикалық 

(изокинетикалық) жаттығу кезінде динамикалық күштің ең жоғары 

өсімі  жаттықтыру  жүргізілген  қозғалыс  жылдамдығы  кезінде 

көрінеді.  Изометриялық  күштік  жаттығулар  көп  дəрежеде  бұлшық 

еттің изометриялық (статикалық) күшін арттырса, ал динамикалық 

күшті  аз  əсер  етеді  немесе  мүлдем  өзгертпейді.  Динамикалық 



246

күштік  жаттығулар  жоғары  дəрежеде  жаттықтырылған  бұлшық 

еттің  динамикалық  күшін  жоғарылатса,  ал  олардың  статикалық 

(изометриялық) күшін аз дəрежеде жоғарылатады. 

Қимыл  дағдысына  (спорттық  техникаға)  қатысты  ең  жоғары 

жаттығу əсеріне негізгі жаттықтыру жүргізілетін жаттығуларда қол 

жеткізіледі. 

Жетекші  дене  (қимыл)  сапасына  қатысты  жаттығу  əсерінің 

арнайылығы. Бұл феноменді ашып көрсететін нақты мысал ретінде 

бұлшық  ет  күшін  жаттықтыру  нəтижесінің  төзімділікке  аз  ықпал 

ететіндігін,  ал  төзімділік  жаттығуларының  көбіне,  бұлшық  ет 

күшін  өзгертпейтіндіктерін  айтуға  болады.  Жылдамдықты-күштік 

жаттығулар  көп  шамада  спортшының  жылдамдықты-күштік 

қасиеттерін  арттырса,  ал  төзімділіктің  дамуына  əкелетін  жүйелер 

мен  механизмдерді  аз  дамытады  немесе  мүлдем  дамытпайды. 

Керісінше,  төзімділікке  жаттықтыру  бұлшық  ет  қуаттылығына 

жауапты  жүйелер  мен  механизмдерді  аз  жұмылдыра  отырып, 

төзімділіктің жоғарылауына əкеледі. 

Қажетті дене (қимыл) сапасын дамыту үшін жаттықтырылатын 

сапаның  даму  деңгейіне  жауапты  жəне  осыған  орай  оның  барын-

ша  нəтижелі  дамуына    ықпал  ететін  физиологиялық  жүйелер  мен 

механизмдерді  көп  дəрежеде  іске  қосатын  арнайы  жаттықтыру 

жаттығулары мен режимдері қолданылуы тиіс (3-тарау, 23-суретті 

қараңыз). 

Белсенді  бұлшық  ет  тобы  құрамына  қатысты  жаттығу 

əсерінің  арнайылылығы.  Бұл  феномен  жайында  барынша  жоғары  

функциялық  көрсеткіштер  мен  ең  жоғары  үнемділік  негізгі 

жаттықтырылатын  бұлшық  ет  топтарын  жұмылдыра  орындалатын 

жаттығуларды  орындау  кезінде  көрінуі  куəландырады.  Мысалы, 

білікті спортшыларда ОМП ең жоғары деңгейі арнайы (жарыстық) 

жаттығуларды  орындау  кезінде  тіркелген.  Жаттықпаған  адамдарда 

ОМП  ең  жоғары  мəні  тредбанда  жүгіруде,  ескек  есушілерде  ескек 

есу  кезінде,  велосипедшілерде  велоэргометрде  жұмыс  кезінде, 

конькишілерде  конькимен  жүгіру  кезінде  байқалған.  Жаттықпаған 

адамдарда ОМП тредбанда жүгіруге қарағанда жүзу кезінде төмен. 

Жүзгіштің  біліктілігі  артқан  сайын  соғұрлым  оның  ОМП    жүгіру 

кезіндегі мəніне тақай бастайды. 

Белсенді  бұлшық  ет  тобы  құрамына  қатысты  жаттығу  əсерінің 

арнайылығына  жаттығуға  дейінгі  жəне  кейінгі  бір  адамдарға 

жүргізілген зерттеу нəтижелері нақты дəлел болып табылады. 



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау