Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет75/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   168

235

жетілдірумен байланысты мысалы, жүзу сияқты бұлшық ет əрекеті 

түрлерінде барынша айқын көрінеді. 

Табалдырықтық жаттығу жүктемелері

Барлық  жаттығулар  тіптен,  жүйелі  түрде  орындалған  дене 

белсенділігі  де  жаттықтыру  ретінде  қарастырылуы  мүмкін,  себебі 

егер  жүйелі  функциялық  жаттығу  жүктемелері  табалдырықтық 

жүктемеге  жетсе  немесе  одан  асса  ғана  тұтас  организмнің  жəне 

оның  жеке  жүйелері  мен  мүшелерінің  қызметтік  мүмкіндіктерінің 

жоғарылауы,  яғни  жаттығу  əсерлері  байқалады.  Мұндай 

табалдырықтық  жаттығу  жүктемесі  қарапайым  (күнделікті 

тұрмыстық  немесе  үйреншікті  жаттығу)  жүктемеден  жоғары  бо-

луы тиіс. Сондықтан табалдырықтық жүктемелер қағидасын көбіне, 

жүктемеден өсіп отыратын прогрессивті қағида ретінде қарастырады. 

Табалдырықтық  жаттығу  жүктемелерін  таңдау  кезінде 

бағынатын ереже бойынша олар сол адамның аталмыш жаттығулар 

үшін  жетекші  жүйелерінің  қызметтік  мүмкіндіктерімен  белгілі  бір 

сəйкестікте болуы қажет. Мəселен, қандай да бір жаттығу жүктемесі 

аз  жаттыққан  адам  үшін  табалдырықтық  немесе  табалдырықтан 

жоғары  жүктеме  болғанымен  де,  жақсы  жаттыққан  спортшы  үшін 

табалдырықтан  төмен  болып  ықпал  етпеуі  мүмкін.  Сондықтан  да 

индивидуализациялаудың (жеке-даралаудың) педагогикалық прнципі 

айтарлықтай шамада табалдырықтық жүктемелердің физиологиялық 

принциптеріне  сүйенеді.  Бұл  үшін  жаттығу  жүктемелерін  анықтау 

кезінде  оқытушы  немесе  жаттықтырушы  дене  шынықтыру  мен 

спортпен  айналысушының  физиологиялық  мүмкіндіктері  жайында 

жеткілікті мағлұматтарды білуі тиіс. 

Жүктемені  біртіндеп  арттыру  педагогикалық  принципі  де 

табалдырықтық жүктемелердің физиологиялық принциптерінің сал-

дары болып табылады, өйткені табалдырықтық жаттығу жүктемесі 

шұғылданушы адамның қызметтік мүмкіндіктерінің жоғарылау ба-

рысымен біртіндеп ұлғайып отыру керек. 

Жаттығудың 

түрлі 

міндеттерін 



(дене 

дайындығының 

жоғарылауы, спорттық нəтиженің өсуі, денсаулық күйінің жақсаруы, 

сырқаттанудан  немесе  зақымнан  кейін  жұмысқа  қабілеттіліктің 

қалпына келуі жəне т.б.) шешу үшін, сонымен қатар жасы, жыны-

сы  жəне  жаттығу  дəрежесі  əртүрлі  адамдар  үшін  табалдырықтық 

жүктемелер  бірдей  болмайды.  Мəселен,  спортшылар  спорттық 

нəтижелерді  жоғарылату  мақсатында  қолданатын  салыстырмалы 




236

жəне  əсіресе  абсолюттік  табалдырықтық  жүктемелер  денсаулық 

күйін  жақсарту  мақсатында  дене  шынықтырумен  айналысатындар 

пайдаланатын жүктемелерден айтарлықтай көп болады. Бірдей емес 

табалдырықтық жүктемелер бір жағдайда қызметтік мүмкіндіктерді 

(дене дайындығын) арттыру үшін жəне басқа жағдайда ол қол жет-

кен деңгейді ұстап тұру мақсатында қолданылады. 

Дене  жүктемесінің  негізгі  параметрлері  оның  қарқындылығы, 

ұзақтығы  мен  жиілігі  болып  табылады.  Бұл  көрсеткіштердің 

барлығы бірге жүктеменің көлемін анықтайды. Бұл параметрлердің 

əрқайсысы  жаттығу  əсерінің  көлемін  анықтауда  жеке  өзіндік 

рөл  атқарса  да,  алайда,  олардың  өзара  ықпалдары  аса  күрделі 

болғандықтан, олардың əрбірінің салыстырмалы маңызы мен өзара 

алмасу  дəрежесін    бөліп  көрсету  аса  қиын.  Дене  жүктемесінің 

əрбір параметрінің рөлі айтарлықтай шамада жаттығу əсері туралы 

бағалайтын көрсеткіштерді таңдауға байланысты. 

Дене  жүктемесінің  оптималды  (табалдырықтық)  параметрлері 

ОМП  жоғарылату  мен  дене  салмағын  (май  массасын)  азайту 

мақсаттарында жаттығу əсерін анықтауда бірдей болмайды. 

Табалдырықтық  дене  жүктемелер  параметрлерінің  салыстыр-

малы маңызы, сонымен қатар жаттығулар (күштік, жылдамдықты-

күштік, төзімділік, техникалық немесе ойын) түріне жəне жаттығулар 

(үзіліссіз  циклдік  немесе  интервалды  қайталау)  сипатына  тəуелді 

болады.


Жаттығу жүктемелерінің қарқындылығы

Төзімділікті 

жаттықтыру 

үдерісінде 

ауқымды 

циклдік 


жаттығуларды 

орындау 


кезінде 

жүктеме 


қарқындылығын 

анықтаудың бірнеше физиологиялық əдістері бар. Тура əдіс О

2

  пай-


далану  жылдамдығын  абсолютті  (л/мин)  немесе  салыстырмалы 

(ОМП %) өлшеу немесе метаболизмдік эквивалент бірлігін анықтау 

арқылы  орындалады.  Қалған  барлық  əдістер  жанама  əдістер. 

Олар  аэробы  жүктеме  қарқындылығы  мен  оны  орындау  кезіндегі 

физиологиялық  көрсеткіштер  арасындағы  белгілі  бір  байланысты 

анықтауға негізделген. Мұндай көрсеткіштер ретінде ЖЖЖ мен ана-

эробты табалдырық ең көп пайдаланылады. Көп зерттелінгендіктен 

жəне қарапайымдылығына байланысты көбіне, ЖЖЖ қолданылады. 



Жаттығу  жүктемесі  қарқындылығын  ЖЖЖ  бойынша 

анықтау.  Жаттығу  жүктемесі  қарқындылығын  ЖЖЖ  бойынша 

анықтау  негізінде  олар  арасындағы  тура  байланыс  жатыр,  яғни 




237

неғұрлым  аэробты  циклдік  жүктеме  көп  болса,  соғұрлым  ЖЖЖ 

жоғары  болып  келеді.  Жасы,  жынысы  жəне  дене  дайындығының 

деңгейі  (жаттығу  дəрежесі)  əртүрлі  адамдарда  физиологиялық 

жүктеме қарқындылығын анықтау үшін ЖЖЖ абсолютті емес, са-

лыстырмалы көрсеткіштерін қолданған дұрысырық. Көбіне, ЖЖЖ 

салыстырмалы  жұмыс  немесе  ЖЖЖ  салыстырмалы  жұмыс  өсімі 

сияқты 2 көрсеткіштің бірі қолданылады. 



ЖЖЖ  салыстырмалы  жұмыс  көрсеткіші  (ЖЖЖ

макс


%) – бұл 

жүктеме  кезіндегі  пайызбен  өрнектелген  ЖЖЖ  қатынасы,  яғни 

жұмыс  ЖЖЖ  (ЖЖЖ

ж

)  көрсеткішінің  сол  адамға  тəн  максимал-



ды ЖЖЖ (ЖЖЖ

макс


) мөлшеріне қатынасы: ЖЖЖ

макс


% = (ЖЖЖ

ж

 / 



ЖЖЖ

макс


) * 100%.

Максималды ЖЖЖ (ЖЖЖ

макс

) анықтаудың қарапайым ережесі 



ретінде мына формула қолданылады: 220 – жас (жылмен). Мысалы, 

50 жастағы ер адамда максималды ЖЖЖ орта есеппен 170 екп/мин. 

(220-50 (жас)) құрайды  (12-тарауда балалардың ЖЖЖ

макс 


есептеуді 

қарастырамыз). Алайда, ЖЖЖ

макс

 мəні бойынша бір жас кезеңінде 



болса да түрлі адамдарда айтарлықтай айырмашылықтары болаты-

ны есте болу қажет. ЖЖЖ

ж 

дене жаттығуларын орындап жатқанда 



есептеу керек немесе тіпті, болмағанда оны аяқтағаннан соң дереу 10 

с ішінде өлшеу керек. Қазіргі уақытта ғылым мен техниканың даму-

ына байланысты заманауи электродтардың болуына орай ЖЖЖ

макс 


жəне т.б. көрсеткіштерді спорттық ойындар мен жаттығулар кезінде 

өлшеу аса қиындықтар туғызбайды. 

ЖЖЖ салыстырмалы жұмыс өсімі көрсеткіші. ЖЖЖ салыстыр-

малы жұмыс өсімі көрсеткішін анықтау үшін пульстік жұмыс резер-

він  (ЖЖЖ

рз

),  яғни  ЖЖЖ



макс

  пен  сол  адамның  тыныштық  күйдегі 

ЖЖЖ (ЖЖЖ

т

) айырмасын білу қажет: ЖЖЖ



рз 

 = ЖЖЖ


макс

 – ЖЖЖ


т

Мысалы, ЖЖЖ



макс 

200 екп/мин, ЖЖЖ

т 

 70 екп/мин. болса, ЖЖЖ



рз 

130  екп/мин.  ЖЖЖ

ж

  мен  ЖЖЖ



т

  арасындағы  айырмашылықты 

ЖЖЖ жұмыс өсімі көрсеткіші (ЖЖЖ

жө

) деп атайды. ЖЖЖ салыс-



тырмалы жұмыс өсімі көрсеткіші (ЖЖЖ

сжө


) пайызбен өрнектелген 

ЖЖЖ


жө

-нің  ЖЖЖ

рз

-не  қатынасы:  ЖЖЖ



сжө

= (ЖЖЖ


жө

/ЖЖЖ


рз

* 100%. Айталық,  біздің  мысалымызда  ЖЖЖ



ж

 160 екп/мин.  деп 

алсақ,  ЖЖЖ

жө

 (160-70) 90 екп/мин. тең. ЖЖЖ



рз

 (200-70) 130 екп/

мин.  болғаны  белгілі,  сонда  ЖЖЖ

сжө


 70%-ға  жуық (90/130*100%) 

болады. 


ЖЖЖ 

көрсеткіші 

бойынша 

жаттығу 


жүктемелері 


жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау