268
алады. Кейін бір көзді жұмғанда жабылмаған көздің қарашығының
өзгеруін бақылайды. Əрі қарай «көзді жұму» дыбыстық сигналына
шартты қарашық рефлексін 5-6 рет қайталатып бекітеді.
Шекті жүктемелерді орындау кезінде спортшылардың жұмысқа
қабілеттіліктері тікелей көрсеткіштер – орындалған жұмыстың
мөлшері мен қуаттылығы бойынша жəне жанама көрсеткіштер –
организмдегі функциялық өзгерістер мөлшері бойынша бағаланады.
Қызметтік қорлардың неғұрлым кең диапазонына ие жаттыққан
спортшыларда жаттықпаған тұлғалар қол жеткізе алмайтын
функциялық көрсеткіштердің айтарлықтай дəрежеде артуы
байқалады.
Шыныққан спортшылардың орталық жүйке жүйесі қызметі
ақпаратты қабылдау мен қайта өңдеудің жоғары жылдамдығымен,
тосқауылдарға жақсы тұрақтылығымен, организмнің функциялық
резервтерінің мобилденуінің жоғары қабілеттілігімен сипаттала-
ды. Оларда қажуды өз еріктерімен жеңудің мүмкіндігі, эмоциялық
стрестерге қарсы тұру қабілеттері аса жоғары болады. Бұған, бір
жағынан, мида қалыптасқан қуатты жұмыс доминанталары, ал
екінші жағынан, нейропептидтер мен гормондардың көп мөлшері
ықпал жасайды. Мысалы, жаттыққан спортшыларда спортпен
жаттықпаған адамдардан жарыс кезеңінде адреналиннің тəуліктік
мөлшері 150 есе асып түсуі ықтимал.
Энергия жұмсау өте жоғары болады: жеке энергия шығыны
максималды қуаттылықты жұмыс кезінде 4 ккал*с
-1
жəне жал-
пы энергиялық шығын қалыпты қуаттылықты жұмыс кезінде 2-3
мың ккал жəне одан жоғары болады. (Жалпы энергиялық шығын
– жаттығудың барлығын тұтасымен орындау кезінде шығындалған
энергия мөлшері).
Аэробтық мүмкіндіктерді сипаттайтын ОМП мөлшері ай-
тулы спортшыларда (шаңғышы, жүзгіштер, ескек есушілерде)
абсолютті ОМП үшін 6 жəне тіпті, 7 (л О
2
/мин) жəне салыстырма-
лы ОМП үшін 85-90 (мл О
2
/кг·мин) жетеді. Мұндай ОМП мөлшері
спортшыда қозғалудың айтарлықтай қуаттылығын дамытуға жəне
жоғары спорттық нəтижелер көрсетуіне мүмкіндік береді. Барлық
арақашықтықта оттегіні жалпы пайдалану мөлшері де аса көп.
Шыныққандықтың маңызды көрсеткіші стайер-спортшылардың
қандағы глюкоза мөлшерінің дереу төмендеуі кезінде жұмысты əрі
қарай жалғастыра алу қабілеті болып табылады.
269
Субмаксималды қуаттылықты жаттығулармен шұғылданатын
жоғары білікті спортшылар анаэробты мүмкіндіктерінің өте жоғары
көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Оларда оттектік қарыздылық
мөлшері 20-22 л-ге жетеді. Бұл олардың қанның рН деңгейі 7,0
жəне тіпті, 6,9-ға дейін болатын айрықша өзгерістері мен қандағы
лактаттың жоғары концентрациясына төзе алушылығын көрсетеді.
Мұндай өзгерістер вегетативтік жүйелер қызметтерінің шекті
өзгерістеріне қарамастан жұмыс кезінде орны толтырылмайтын
жоғары оттектік сұранысқа ие жұмыстар үшін тəн. Минуттық ты-
ныс көлемі 180 л/мин, ал минуттық қан көлемі 40 л/мин. болады.
Систолалық қан көлемі 200 мл-ге жетіп жығылады.
Шамадан тыс шыныққандықтың физиологиялық
сипаттамасы
Жаттығу сабақтарының дұрыс ұйымдастырылған режимін,
жүктемелер мөлшері мен тынығу ұзақтығын сақтамау адамның ша-
мадан тыс шыныққандық күйіне əкеп соғады.
Организмнің толық қалпына келуін тоспай қарқынды
жүктемелерді жүйелі түрде орындай беру, яғни əрі қарай жалғастыра
беру спортшыларда шамадан тыс шыныққандық күйінің дамуына
əкеледі.
А. С. Солодков (1995) бойынша шамадан тыс шыныққандық
дегеніміз – жаттығу жүктемелерінің арасында тынығудың
жеткіліксіздігі салдарынан зорығудың прогрессивті дамуынан
туындаған спортшы организмінің патологиялық күйі. Бұл күй
шығу генезі бойынша жүйке жүйелерінің бұзылуларына (неврозға)
теңбе-тең келеді. Шамадан тыс шыныққандықтың басты белгісі –
жүктемелер арасындағы жеткіліксіз тынығу.
Бұл күй қимыл жəне вегетативті қызметтердің аса
бұзылуларымен, өзін-өзі нашар сезінумен, жұмысқа қабілеттіліктің
төмендеуімен сипатталады. Спортшыларды кешенді зерттеу бары-
сында симпатикалық жүйке жүйесі тонусының басым келетіндігі
(жоғары ортостатикалық сынама), көпшілік шағымдардан (80%
жағдайларға дейін) көрінетін психикалық эмоциялық күйдің
тұрақсыздығы, секемшілдік, көз жасаурау, ашуланшықтың жоғары
болатындығы, жүрек-тамыр қызметінің бұзылулары айқындалған.
Кейбір тұлғаларда депрессия, əлсіздік, жаттығуға қызығушылықтың
болмауы, спортшының «дистанцияда ұйықтауы» күйі орын алады.
270
Корректуралық тест мəліметтері бойынша ақыл-ой қабілетінің
төмендеуі байқалған, яғни төмен жəне орташадан төмен баға (60%
жағдайларда) басым болса, ал жоғары жəне орташадан төмен бағалар
мүлдем байқалмаған.
Мидың электрлік белсенділігін зерттеуде невроз клиникасы-
на сəйкес (неврастения немесе психастения типі) өзгерістердің
2 типі айқындалған, не үлкен ми жарты шарлары қыртысында қозу
үдерістері мен симпатикалық жүйке жүйесі тонусы басым келетін
жағдайларда ЭЭГ-да негізгі тыныштық ырғағы – альфа-ырғақтың
өте аз байқалуы немесе мүлдем болмауы жəне 14-17 Гц-ке дейін
фондық белсенділіктің жиілеуі, не депрессия күйі жағдайларында
альфа-ырғақтың төмен амплитудасы мен жиілігі (8-9 Гц) байқалған.
Шамадан тыс шыныққан спортшыларда ми қыртысы белсенділігінің
жұмыс алды күйдің бұзылуы, сонымен қатар жұмыс кезіндегі ЭЭГ
ерекше ретсіздігі мен тұрақсыздығы, циклдік локомоциялар темпін
реттейтін ми жұмыс ырғақтарының көрінуі (қозғалыс темпінде баяу
потенциалдардың) 2 есе төмендеуі орын алған. Ми үдерістерінің
бұзылу дəрежесі спортшылардағы жұмысқа қабілеттіліктің
төмендеуі мен патологиялық симптомдардың көрінуімен сəйкес кел-
ген.
Шамадан тыс шыныққандықтың дамуында 3 сатыны бөліп
көрсетеді:
1) Бірінші саты спорттық нəтижелердің өсуінің тоқтауымен неме-
се олардың айтарлықтай емес төмендеуімен, өзін нашар сезінумен,
жүктемеге организм реакциясы адаптивтілігінің төмендеуімен си-
патталады;
2) Екінші саты спорттық нəтижелердің прогрессивті
төмендеуімен, қалпына келу үдерістерінің қиындауымен жəне əрі
қарата хал-жайының нашарлауымен байланысты;
3) Үшінші саты жүрек-тамыр, тыныс алу жəне қимыл жүйелері
қызметтерінің аса бұзылуымен, спорттық жұмысқа қабілеттіліктің,
əсіресе, төзімділіктің дереу төмендеуімен, хал-жайының ауыр-
лауымен, ұйқының үнемі бұзылуымен, тəбеттің болмауымен,
спортшының салмағының түсуімен көрінеді.
Шамадан тыс шыныққандықтың жиі тіркелетін невроздық,
кардиалгиялық, вегетативті-дистониялық жəне аралас клиникалық
синдромдары жатады.
Шамадан тыс шыныққандық күйінің алдын алу спортшы
Достарыңызбен бөлісу: |