74
Бұл жаттығулардың қуаттылығы жəне шекті ұзақтылығы сон-
дай, оларды орындау үдерісінде оттегі тасымалдау жүйесі (ЖЖЖ,
МҚК, ӨВ, О
2
пайдалану жылдамдығы) қызметінің көрсеткіштері
сол спортшының максималды мəндеріне жуық болуы немесе тіпті,
оған жетуі де мүмкін. Жаттығу ұзағырақ болған сайын, мəредегі бұл
көрсеткіштер мəні жоғарырақ жəне жаттығуды орындау кезіндегі
аэробтық энергия өнімділіктің үлесі де неғұрлым көбірек болады.
Бұл жаттығулардан кейін жұмыс атқарушы бұлшық ет пен қанда
20-25 ммоль/л-ге дейін болатын өте жоғары лактат концентра-
цясы тіркеледі. Сəйкесінше, қанның рН 7,0-ге дейін төмендейді.
Көбіне, қанда глюкозаның 150 мг %-ға дейін концентрациясының
жоғарылауы, қан плазмасындағы катехоламиндер мен өсу гормонда-
ры мөлшерінің көптігі байқалады.
Жетекші физиологиялық жүйелер мен механизмдерге жұмыс
атқарушы бұлшық еттің лактацидтік (гликолиздік) энергиялық
жүйесінің сыйымдылығы мен қуаттылығы, жүйке-бұлшық ет
аппаратының функциялық қасиеті, сонымен қатар организмнің
оттегі тасымалдау (əсіресе, жүрек-тамыр жүйесінің) мүмкіндіктері
жəне жұмысшы бұлшық еттердің аэробтық (тотығу) мүмкіндіктері
жатады. Сайып келгенде, бұл топ жаттығулары спортшылардың
анаэробтық сияқты аэробтық мүмкіндіктеріне де аса жоғары талап-
тар қояды.
Аэробтық жаттығулар
Бұл жаттығулардағы жүктеме қуаттылығы жұмысшы бұлшық
еттердің энергиямен қамтамасыз етілуіне байланысты. Ол оттегінің
организмдегі үздіксіз пайдаланылуымен жəне жұмысшы бұлшық
еттермен шығындалуына байланысты тотығу (аэробтық) үдерістері
есебінен жүруі мүмкін. Сондықтан бұл жаттығулардың қуаттылығын
оттегіні арақашықтық пайдалану (жылдамдығы) деңгейі бойын-
ша бағалауға болады.
Егер оттегіні арақашықтық пайдалануды сол адамның
аэробтық қуаттылық шегімен (яғни, оның жеке ОМП-мен не-
месе «оттегілік төбемен») арақатынасын белгілесе, онда оның
орындаған жаттығуының салыстырмалы аэробтық физиологиялық
қуаттылығы туралы мəліметтер алуға болады. Осы көрсеткіш бо-
йынша аэробтық циклдік жаттығуларды:
75
1. Максималды аэробтық қуаттылықты жаттығулар (ОМП 95-
100%);
2. Максималдыға жуық аэробтық қуаттылықты жаттығулар
(ОМП 85-90%);
3. Субмаксималды аэробтық қуаттылықты жаттығулар (ОМП 70-
80%);
4. Орташа аэробтық қуаттылықты жаттығулар (ОМП 55-65%);
5. Аз аэробтық қуаттылықты жаттығулар (ОМП 50% жəне одан
төмен) деп 5 топқа бөледі (62, 63-беттегі сызбанұсқаны қараңыз).
Аэробтық циклдік жаттығулардың жалпы энергиялық жəне
эргометрлік сипаттамасы 6-кестеде көрсетілген.
Аэробтық циклдік жаттығулардың орындалуының табыстылы-
ғын анықтайтын жетекші физиологиялық жүйелер мен механизм-
дерге оттегі тасымалдау жүйесінің қызметтік мүмкіндіктері жəне
жұмыс атқарушы бұлшық еттердің аэробтық мүмкіндіктері жатады.
Бұл жаттығулардың қуаттылығының төмендеуі (ұзақтылық
шегінің артуы) барысында энергия өнімділіктің анаэробтық
(гликолиздік) компоненті үлесі кемиді. Сəйкесінше, қандағы лактат
концентрациясы жəне қандағы глюкоза концентрациясының өсуі
(гипергликемия дəрежесі) төмендейді. Ұзақтығы бірнеше ондаған
минуттық жаттығулар кезінде гипергликемия мүлдем байқалмайды
(25-суретті қараңыз). Бұл жаттығулардың соңына таман қандағы
глюкоза концентрациясының төмендеуі (гипогликемия) көрінеді.
Аэробтық жаттығулардың қуаттылығы артқан сайын қандағы ка-
техоламиндер концентрациясы жəне өсу гормондары жоғары бола-
ды (27-сурет).
Керісінше, жүктеме қуаттылығының төмендеуі кезінде қандағы
глюкагон мен кортизол сияқты гормондардың мөлшері артып, ал ин-
сулин мөлшері азаяды (25-, 28-суреттерді қараңыз).
Аэробтық жаттығулардың ұзақтығының артуымен жылу реттелу
жүйесіне жоғары талап қоятын дене температурасының жоғарылауы
қатар жүреді.
Максималды аэробтық қуаттылықты жаттығуларға (жеке
ОМП 95-100% оттегіні арақашықтық пайдаланумен жүретін
жаттығулар) энергия өнімділіктің аэробтық компоненті 60-70%-
ға дейін басым болатын жаттығулар жатады. Алайда, анаэробтық
(əсіресе, гликолиздік) үдерістердің энергиялық үлесі əлі де өте
айтарлықтай болады. Бұл жаттығуларды орындау кезінде негізгі
76
энергиялық субстрат бұлшық ет гликогені болып табылады. Ол
аэробтық жол арқылы сияқты анаэробтық жолмен (бұл жағдайда сүт
қышқылының көп мөлшерде түзілуімен) де ыдырайды.
27-сурет. Қандағы адреналин мен норадреналин концентрацияларының
тыныштық күй мен жүгіртетін жолда түрлі қарқындылықты (ОМП немесе
VO
2
max %) жаттығулар кезінде (А) жəне ОМП немесе VO
2
max 60% тең
қарқындылықты жүгіртетін жолда орындалған 3 сағат бойы жаттығулар
мен қалпына келу (Ə) кезіндегі өзгерістері (A. Giovanelli мəліметтері
бойынша)
77
28-сурет. 3 сағат велосипед тебу барысында жаттыққан жəне жаттықпаған
тұлғалардағы плазмалық глюкагон (А), инсулин (Ə) жəне глюкоза (Б)
деңгейлері (A. Giovanelli мəліметтері бойынша)
Мұндай жаттығулардың шекті ұзақтығы 3-10 мин. (6-кестені
қараңыз). Бұл топтың жарыс жаттығуларына 1500 жəне 3000
м-ге жүгіру, 3000-5000 м-ге конькимен жүгіру, 400-800 м-ге жүзу,
академиялық есу (классикалық арақашықтықтарда) жəне велотректе
4 км жүріп өту жатады (7-кесте).
Жаттығу басталғаннан 1,5-2 минуттан соң, сол адам үшін
жүректің жиырылу жиілігі, систолалық қан көлемі, минуттық қан
көлемі, ӨВ, оттегіні пайдалану жылдамдығы (ОМП) көрсеткіштері
максималды дəрежеге жетеді. Жаттығу жалғасуы барысында ӨВ,
қандағы лактат пен катехоламиндер концентрациясы арта береді.
Достарыңызбен бөлісу: |