82
7-кестенің жалғасы
Орташа
аэробтық
қуаттылық
50 км-ге
спорттық жүру,
50 км-ден
жоғары ұзақ
арақашық-
тықтағы шаңғы
жарыс
Оттегі тасымалдау
жүйесі қызметі
(максималды мəнге
60-75% дейін)
жоғарылауы
Оттегі тасымал-
дау жүйесінің
функциялық
мүмкіндіктері
мен жұмыс
атқарушы бұлшық
еттердің аэробтық
мүмкіндіктері
жəне оттектік
(тотығу) жүйенің
сыйымдылығы
Аз
аэробтық
қуаттылық
Күнделікті
жүріс, жаппай
н/се емдік дене
шынықтыру
жаттығулары
Глюкагон, кортизол
жоғарылауы
(қуаттылық артқан
сайын кемиді)
Оттегі тасымалдау
жүйесінің
функциялық
мүмкіндіктері
мен жұмыс
атқарушы бұлшық
еттердің аэробтық
мүмкіндіктері
Ациклдік жаттығулардың жіктелуі
Ациклдік жаттығуларды олардың кинематикалық жəне
динамикалық сипаттамасы негізінде:
1. Жарылыстық жаттығулар;
2. Стандартты-үзілістік жаттығулар;
3. Стандартты емес-үзілістік жаттығулар;
4. Интервалды қайталау жаттығулары деп 4 топқа бөлуге болады
(62, 63-беттегі сызбанұсқаны қараңыз).
Жарылыстық жаттығуларға секірістер жəне лақтырыстар жа-
тады. Секіру жаттығулары тобын жеңіл атлетикадағы секірулер
(ұзындыққа секіру, биіктен секіру, үш дүркін секіру, сырықпен
секіру), шаңғымен тақтай серіппеден секіру, су шаңғысы спор-
тында тақтай серіппеден секіру, суға секіру, гимнастикалық жəне
акробатикалық секірулер құрайды. Лақтыру жаттығулары топ-
тарына жеңіл атлетикалық: табақша, найза, балға лақтыру, ядро
серпу жатады. Лақтырудың жеке жағдайы болып ауыр атлетикалық
жаттығулар (жұлқу мен серпу) табылады. Жарылыстық жаттығуларға
83
тəн ерекшелік – спорттық снарядпен қол жылдамдығын жəне (не-
месе) бүкіл дененің үлкен жылдамдығын көрсететін бір немесе
бірнеше баса көрсетілген қысқа мерзімдік жоғары қуаттылықты
(«жарылыстың») күш салудың болуы. Бұл жарылыстық бұлшық
еттік күштенулер:
1. Ұзындыққа немесе биіктікке секіру алыстығына;
2. Суға секіру, гимнастикалық жəне акробатикалық секірулер
кезінде ауада күрделі қозғалысты орындау кезіндегі ұшу ұзақтығына;
3. Жеңіл атлетикалық лақтыруларда максималды немесе ауыр
атлетикалық жаттығуларда қажетті алыстыққа спорттық снарядтың
ұшуына жағдай жасайды.
Барлық жарылыстық жаттығулар бірнеше секундтан біраз
ондаған секундқа ғана созылатын өте қысқа ұзақтықта өтеді. Көпте-
ген жарылыстық жаттығулардың көп бөлігі циклдік қозғалыстардан
(екпін алу немесе қарқын алудан) тұрады. Мұндай қозғалыстарды
үйрету ерекшелігін анықтайтын əр жарылыстық жаттығу біртұтас
ретінде орындалады.
Стандарттық-үзілістік жаттығуларға спорттық жəне көркем
гимнастикадағы, акробатикадағы (секіруден басқа), конькимен
жəне су шаңғысымен мəнерлеп сырғанаудағы, синхронды жүзудегі
жарыс жаттығулары жатады. Бұл жаттығуларға əртүрлі күрделі
əсерлердің (элементтерінің) үздіксіз, қатаң бекітілген, стандартты
тізбекке бірігуі тəн. Бұлардың əрқайсысы аяқталған өзіндік əрекет
болып табылады. Сондықтан жеке үйретілуі немесе сан алуан
комбинацияларға (кешенді жаттығуларға) компонент ретінде кіруі
де мүмкін.
Стандартты емес-үзілістік (ситуациялық) жаттығуларға
барлық спорттық ойындар мен спорттық жекпе-жектер, соны-
мен қатар тау шаңғысы спортының барлық түрлері жатады. Бұл
жаттығуларды орындау барысында қысқа мерзімдік жарылыстық
сипаттағы (үдету, секіру, соққы) максималды күш салудан салыс-
тырмалы төмен қарқынды дене жүктемесіне, тіпті, толық тынығуға
(боксшылар мен күрескерлердің минуттық үзілістері, ойынның
тоқтатылуы, спорттық ойындардағы таймдар арасындағы тынығу
кезеңдері) дейін қозғалыс əрекетінің сипаты мен қарқындылығы
түрліше болып келетін кезеңдердің шұғыл жəне стандартты емес
түрде кезектесуі орын алады. Осыған байланысты стандартты емес-
үзілістік жаттығуларда қозғалыс белсенділігі ерекше қарқынды бо-