Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет20/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   168

65

Сəйкесінше,  жасы,  жынысы,  функциялық  дайындықтары 

(жаттықтырылу дəрежесі) əртүрлі адамдар мен түрлі жағдайлардағы 

орындаған жаттығудың физикалық қуаттылығы көрсеткіштері түрлі 

спорттық  жаттығуларды  бірыңғай  физиологиялық  жүйелеуде  кри-

терий  ретінде  қолданылмайды.  Сондықтан  жіктеу  белгісі  ретінде 

көбіне, физиологиялық қуаттылық немесе физиологиялық жүктеме 

пайдаланылады. 

Осындай  көрсеткіштердің  біріне  сол  жаттығуды  орындаудың 

шекті уақыты жатады. Неғұрлым физиологиялық қуаттылық («жұ-

мыс  ауырлығы»)  жоғары  болған  сайын  жұмыстың  орындалуының 

шекті  уақыты  қысқарақ  келеді.  Түрлі  арақашықтыққа  жету 

жылдамдығы мен шекті (рекордтық) уақыт арасындағы тəуелділікті 

əлемдік рекордтар мəліметтері бойынша В. С. Фарфель талдай оты-

рып, «рекордтар  қисық  сызығын»  салыстырмалы  қуаттылықтың  

4 зонасына бөлді: максималды қуаттылық зонасы жаттығудың шекті 

ұзақтығы 20 секундқа  дейін,  субмаксималды  қуаттылық  зонасы         

20  секундтан 3-5 минутқа  дейін,  үлкен  қуаттылық  зонасы 3-5 ми-

нуттан 30-40 минут жəне бірқалыпты қуаттылық зонасы 40 минут-

тан жоғары. Спорттық циклдік жаттығуларды осылайша жіктеу кең 

тараған. 

Физиологиялық қуаттылыққа сипаттама беруді тағы бір қырынан 

алып  қарағанда  салыстырмалы  физиологиялық  өзгерістерді 

анықтауға келіп саяды. Бірдей сол дене жүктемесіне жауап беруші 

физиологиялық  реакциялардың  сипаты  мен  мөлшері  ең  алды-

мен,  жетекші  физиологиялық  жүйелердің  шекті  қызметтік 

мүмкіншіліктеріне байланысты. Неғұрлым қызметтік мүмкіндіктері 

жоғары  адамдарда  қызметтік  мүмкіндіктері  төмен  адамдарға 

қарағанда  бірдей  дене  жүктемесін  орындау  кезінде  жетекші 

жүйелерде реакция мөлшері (физиологиялық ығысу) азырақ болса, 

сəйкесінше, жетекші (жəне басқа да) жүйелерге жəне тұтас организм-

ге  физиологиялық  жүктеменің  əсері  салыстырмалы  төмен  болады. 

Бірдей  дене  жүктемесі  біріншілерге  қарағанда,  екіншілерге  салыс-

тырмалы қиынырақ («салмақтырақ»), сəйкесінше, оны орындаудың 

шекті  уақыты  қысқарақ.  Біріншілер  екіншілер  орындай  алмайтын 

үлкен дене жүктемелерін орындауға қабілетті.

Сайып  келгенде,  спорттық  жаттығуларды  физиологиялық 

жіктеуде салыстырмалы физиологиялық қуаттылық көрсеткіштері: 

физиологиялық жүктеме, физиологиялық ширығу, жұмыс ауырлығы 



66

қолданады.  Мұндай  көрсеткіштерге  жетекші  физиологиялық 

жүйелерде  белгілі  бір  сыртқы  орта  жағдайларында  орындалатын 

аталмыш  дене  жүктемесіне  жауап  кезінде  туындайтын  салыстыр-

малы  физиологиялық  ығысулар  жатады.  Бұл  ығысулар  жетекші 

физиологиялық жүйелер əрекетінің ағымды жұмыс көрсеткіштерін 

шекті  (максималды)  көрсеткіштермен  салыстыру  жолымен 

айқындалады.



Циклдік жаттығулардың жіктелуі

Циклдік қозғалыстар тұтас қозғалыстың жеке фазаларының не-

месе  циклдердің  өздерінің  бірізділікпен  кезектесуімен  жəне  өзара 

байланысымен сипатталады. Əр циклдің алдыңғы жəне кейінгі цикл-

мен өзара байланысы осы циклдік жаттығулардың негізгі ерекшелігі 

болып  саналады.  Циклдік  қозғалыстардың  физиологиялық  негізі 

ырғақтық қимыл рефлексі болып табылады.

Организмнің  (жұмыс  атқарушы  бұлшық  еттердің)  энергиялық 

сұранысы  екі  негізгі  анаэробтық  жəне  аэробтық  жолдар  арқылы 

қанағаттандырылатыны  баршамызға  белгілі.  Энергия  өнімділіктің 

бұл екі жолының қатынасы түрлі циклдік жаттығуларда бірдей емес 

(23-сурет).

Кез  келген  жаттығуды  орындау  кезінде  барлық  үш  энергиялық 

жүйелер іске қосылады: 

1. Анаэробтық  фосфагендік  (алактаттық)  жүйе – фосфагендік 

жүйелер – АТФ пен КрФ энергиялары есебінен жүзеге асырылады;

2. Лактацидтік  (гликолиздік) – гликолиз  энергиясы – 

көмірсулардың  сүт  қышқылының  түзілуіне  əкелетін  ыдырауы 

есебінен іске асады;

3. Аэробтық  (оттектік,  тотығу) – көмірсулар  мен  майлардың 

тотығуы энергиясы есебінен жүзеге асады. 

Аэробтық жəне анаэробтық энергия көздерінің қатынасы жұмыс 

ұзақтығына байланысты болып келеді (3-кесте).

Бұл 3 жүйенің  «аймақтары»  бір-бірімен  біраз  астасып  жатады 



(24-сурет).

Сондықтан  энергиялық  жүйелердің  əсіресе,  салыстырма-

лы  аз  шекті  ұзақтықты  жұмыстар  кезінде  əрқайсысының  «таза» 

үлесін бөліп көрсету қиындыққа əкеліп соғады. Осыған байланыс-




67

ты  көбінесе,  энергиялық  қуаттылығы  жағынан  (əсер  аймақтары) 

«көршілестерді», яғни фосфагендікті лактацидтікпен, лактацидтікті 

оттектікпен бірге жұптастырады. Мұнда энергиялық үлесі көп жүйе 

бірінші болып көрсетіледі. 

3-кесте

Түрлі ұзақтықты дене жаттығулары кезіндегі анаэробтық 

жəне аэробтық энергия көздерінің қатынасы (P. Astrandetal., 

1970; И. В. Аулик бойынша, 1979, 1990)

Энергия 

өнімділік 

жолдары

Жұмыс ұзақтығы

10 

сек.



мин. 2 мин.



мин.

10 

мин. 30 мин.

1 сағ. 2 сағ.

Анаэробты

85

70

50



30

10

5



2

1

Аэробты



15

30

50



70

90

95



98

99

ɇɟɝɿɡɝɿ ɷɧɟɪɝɢɹɥɵΩ ɠίɣɟɥɟɪ



Ɏɨɫɮɚɝɟɧɞɿɤ

 (

ȺɌɎ+ɄɎ)

ɠιɧɟ

 

ɥɚɤɬɚɰɢɞɬɿɤ

 

ɠίɣɟ

Ⱥɷɪɨɛɬɵ

ɤλɡɞɟɪ

0

0

1

0

9

0

8

0

7

0

4

0

3

0

2

0

1

0

100

100

0

,

0

0

.

5

1

:

2

0

,

0

0

.

9

2

0

,

0

0

.

4

1

0

,

5

4

1

0

,

5

4

0

,

0

2

0

,

0

1

200

400

800

5000

10000 42200

0

0

1

0

2

0

3

0

6

0

7

0

8

0

9

Ⱥɧɚɷɪɨɛɬɵ

ɤλɡɞɟɪ

Ⱥɪɚ

 

ΩɚɲɵΩɬɵΩ



ɦ

ɇιɬɢɠɟ

Ʌɚɤɬɚɰɢɞɬɿɤ

 

ɠιɧɟ

ɨɬɬɟɤɬɿɤ

 

ɠίɣɟɥɟɪ

Ɉɬɬɟɤɬɿɤ

 

ɠίɣɟ

23-суретЖеңіл атлетикалық жүгірудің əртүрлі арақашықтықтарында 

аэробтық жəне анаэробтық энергиялық көздердің үлгілік (пайызбен) үлесі 

(Я. М. Коц бойынша)

Анаэробтық жəне аэробтық энергиялық жүйелерге салыстырма-

лы жүктемесіне сəйкес барлық циклдік жаттығуларды анаэробтық 

жəне  аэробтық  деп  екіге  бөледі  (62, 63-беттегі  сызбанұсқаны 



қараңыз). 

Біріншісінде, 

энергия 

өнімділіктің 

анаэробтық, 

екіншісінде,  аэробтық  бөлімдері  басым  болып  келеді.  Анаэробтық 

жаттығуларды  орындау  кезінде  жетекші  сапа  қуат  (жылдамдық-

күштік  мүмкіндіктер),  ал  аэробтық  жаттығуларды  орындауда 

төзімділік болып табылады. 

Энергия өнімділіктің түрлі жолдарының (жүйелерінің) қатынасы 

сан  алуан  жаттығулардың  орындалуын  қамтамасыз  ететін  түрлі 



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау