Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет42/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   87

166
167
оқу  қызметіне  ынталандыру  құралы  ретінде  ойын  əдістері  мен 
жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Сабақ барысында ойын 
əдістері  мен  жағдайларын  өткізу  мынадай  негізгі  бағыттарда 
жүргізіледі:
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу-тəрбие жұмысының негізгі 
саласы  сабақ.  Сабақ  үстінде  оқушылардың  біліктілігі,  іскерлігі, 
дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің 
сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нəтижені көре білу, яғни оқушыға 
берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы 
оқушының  барлығын  қызықтыра  отырып  қатыстыру  қажет.  Бес 
саусақ  бірдей  емес,  яғни  əр  оқушының  сабаққа  қызығушылығы, 
дүниетанымы, даму ерекшеліктері əртүрлі. Сондықтан оқушылардың 
осы топтарына əртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын 
элементтері кез келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті, 
нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды 
асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың 
қызығушылықтарын  туғызатын  ойындардың  бірі – дидактикалық 
ойындар.
Ойын  элементтерін  қолдана  отырып  мұғалім  оқушылардың 
сабаққа  деген  қызығушылығын,  зейінін  арттыру  мақсатында 
əртүрлі  əдіс-тəсілдерді  қолданады.  Атап  айтқанда,  мұғалім 
ойын  жағдаяттарын  туғыза  отырып,  əртүрлі  заттарды  қолдану 
арқылы  сұрақтар  қойып,  затты  көрсетіп,  түсіндіріп  ойын  сюжетін 
құрастырады.
Бастауыш  сыныптардың  тіл  сабақтарында  дидактикалық 
ойындарды  жаңа  тақырыпты  түсіндіру  барысында,  қайталау, 
пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш 
сынып оқушылары əлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды 
жалықтырмай  əртүрлі  ойын  түрлерімен  сабақты  қызықты  өткізуге 
тырысуы қажет.
Ойындар  оқушылардың  ой-өрісін  дамытып,  ойлау  қабілетін 
арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік 
меңгеруге үлкен əсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық 
ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, 
сауатты  жазуға  да  баулиды.  Оқушылар  ойын  ойнау  барысында 
үйренген  сөздерін  айтып  қана  қоймай,  оның  қандай  мағынада 
қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пəндерінің мазмұнымен тығыз 
байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нəтижелер береді.
Сабақта  ойын  түрлерін  пайдалану  сабақ  түрлері  мен  əдістерін 
жетілдіру  жолындағы  ізденістердің  маңызды  бір  буыны.  Ойын 
түрлерін  оқу  үдерісін  пысықтау,  жаңа  сабақты  қорытындылау 
кезеңдерінде,  қайталау  сабақтарында  пайдалануға  болады.  Ойын 
түрлерінің  материалдары  сабақтың  тақырыбы  мен  мазмұнына 
неғұрлым сəйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі.
Оны  тиімді  пайдалану  сабақтың  əсерлігін,  тартымдығын 
күшейтеді,  оқушылардың  сабаққа  ынтасы  мен  қызығушылығын 
арттырады.  Ойынмен  ұйымдастырылған  сабақ  балаларға  көңілді, 
жеңіл келеді.
Ойынды 
іріктеп 
алуға 
нақтылы 
сабақтың 
мақсаты, 
мүмкіндіктері  мен  жағдайларын  ескеруге  ерекше  назар  аударған 
жөн. «Ойыннан  басталады», – десек,  баланың  ойын  жетілдіріп, 
сабаққа  қызығушылығын,  белсенділігін  арттыру  үшін  бастауыш 
сынып мұғалімінің басты қолданатын тəсілі – ойын.
Сабақта  тиімді  қолданылған  ойын  түрлері – мұғалімнің 
түсіндіріп  отырған  материалын  оқушылардың  аса  зор  ілтипатпен 
тыңдап,  жемісті,  сапалы  меңгеруіне  сенімді  көмекші  бола  алады. 
Өйткені  кіші  жастағы  оқушылар  жас  ерекшеліктеріне  байланысты 
ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, 
əрі қызығып орындайтын болады.
Қазақ    тілі    сабағында  ойын  технологиясын  қолдану  арқылы 
бастауыш  сынып  оқушыларының  тілге  деген  қызығушылығын 
қалыптастыру – бастауыш сынып мұғалімінің алдында тұрған негізгі 
мəселелердің бірі. 
Бастауыш  сыныпта  қазақ  тілін  оқып  үйрету  барысында 
ойындардың  алатын  орны  ерекше.  Əр  сабақтың  тақырыбына  сай 
ойындарды  пайдаланып  отыру  оқушылардың  тіл  үйренуге  деген 
қызығушылығын,  ынтасы  мен  зейінін  арттырады.  Басты  мақсат 
–  ойын  əрекеттері  арқылы  тілдік  материалдарды  меңгертіп,  сөздік 
қорды молайтып, тілдесу əрекетіне жетелеу.
Ойын  барысында  грамматикалық  анықтамаларды,  тілдік 
нормаларды  игерту  мүмкіндіктері  мол  болады.  Сабақта 
мұғалімнің  диктаторлық  рөлі  жойылып,  оқушылар  серіктестікке, 
ынтымақтастыққа,  бірігіп  жұмыс  істеуге  деген  қызығушылықтары 
артады.  Адамның  жас  ерекшелігіне  қарамай,  яғни  адам  балалық 
шағынан  бастап  кəрілікке  жеткенше  ойын  қажеттілігі  жетелеп 
отырады.  Ал  жас  баланың  ой-өрісі  ойын  арқылы  дамиды.  Ойын 


168
169
барысында  баланың  адамгершілік  қасиеттері,  өмірге  деген 
көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы 
нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нəтижелі тартуға болады.
Қазақ тілі сабақтарында рөлдік ойындардың маңызы зор. Ойын 
оқушылардың  сол  орындалатын  іс-əрекеттер  арқылы  тіл  үйренуге 
деген сенімін қалыптастырады.
Олар:
 Қазақ  тіліне  ғана  тəн  дыбыстарды  дұрыс  айтуға,  жазуға 
жаттықтыруға;
 Оқушыларды  тілдік  қарым-қатынасқа  түсу  дағдыларын 
дамытуға;
 Жағдаяттар туғызып, іс-əрекеттер арқылы сөйлетіп үйренуге.
Белгілі  педагог  А.С.Макаренко  баланың  ойын  үстінде  түрлі 
таным-түсініктері,  қасиеттері  дамып,  қабілеті  мен  белсенділігі 
артатынын  атап  көрсеткен.  Сабақта  ойналатын  дидактикалық 
ойындардың  пайдасы  өте  зор.  Ол  ойындарды  тақырып  бойынша 
өзгертіп  тұруға  ыңғайлы  болады.  Ойынның  мақсаты,  шарты 
балаларға түсіндіріледі.
Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар əртүрлі 
жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға 
бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан 
түрлі дағды, мəліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.  Бастауыш 
мектеп  мұғалімдері  сабақта  оқушылардың  алған  білімдерін  одан 
əрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой-өрісін 
кеңейту,  шығармашылық  қабілетін  дамыту,  оқуға  белсенділігін 
арттыру мақсатын көздейді.
Қазақ  тілі  пəнінің  фонетика,  лексика,  морфология,  синтаксис 
салаларын  оқытқанда  тақырыпқа  орай  əртүрлі  əдіс-тəсілдермен, 
шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.
Фонетика  саласы  бойынша  «Кім  жылдам?»  ойынын  ойнатуға 
болады.
1.  Қ  əрпінен  басталатын  қалалардың  атын  жаз.  Мысалы: 
Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.
2. Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. 
Мысалы: ы – ыдыс, Ыдырыс, ыстық
І - ілгіш, ірімшік, тіршілік. е – береке, текемет, ертең.
3.  Қай  жағынан  оқыса  да  мағынасы  өзгермейтін  сөздер  ойлап 
жаз. Мысалы: нан, қазақ, қырық
«Дыбыс  таңдау  ойыны».  Ойынның  шарты  бойынша  таңдаған 
дыбыстан  ғана  басталатын  сөйлем  жазу.  Мысалы:  Қойдан  қалып 
қойған қозыны Қанат қораға қамап қойды.
«Адасқан əріптер» ойыны дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз 
жаса.
1. р, о, б. – бор
2. а, ш, а, ғ. – шаға
Лексика  бойынша  «Жалғасын  тап»  ойыны.  Тақтаға  белгілі 
мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, 
қосып айтулары тиіс.
1. Ұяда....
Ұшқанда
2. Көп...
Терең...
«Кім  білгір»ойыны.  Тақтаға  заттардың,  жан-жануарлардың 
суреті ілінеді. Суретке байланысты мақал-мəтелдерді кім біледі?
«Жылдам  жауап»  ойыны.  Оқушыларға  əзіл  аралас  сұрақтар 
беріледі.  Сұраққа  толық  тұрақты  сөз  тіркестерімен  жəне  мақал-
мəтелдермен дұрыс əрі жылдам жауап берілуі керек.
Морфология саласы бойынша  «Ойлан тап»ойыны.
1.  Біріккен  сөздің  бірінші  түбірі  тағам  сөзімен  синонимдес, 
екінші түбірі – тағам ыдыстың аты. Ол қай сөз? Асқазан
2. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын 
білдіреді? Ақбөкен
3.  Республикамыздағы  қандай  қала,  өзен  аттары  біріккен  сөз 
түрінде айтылады? Жетісу, Талдықорған
«Ойна да ойлан» ойыны.
1. Адамның туыстық атауларын білдіретін зат есімдерді жаз.
2. Қолмен ұстауға, көзбен көруге болатын зат есімдерді жаз.
«Кім  тез  тауып,  оқи  алады?»  ойыны.  Берілген  сөйлемдерде 
сөздердің  орын  тəртібі  ауысып  жазылған.  Оны  тиісті  тəртібіне 
келтіріп, кім тез тауып оқи алады?
 «Ұйқасын тап ойыны». Өзінше ноян, Қорқақ кім?.. /қоян/. 
                                         Бата алмас түлкі, Үсті тікен.. /кірпі/
«Жалғасын  тап  ойыны».  Атаңның  баласы  болма,  /адамның 
баласы бол/
«Сөз қуаласпақ ойыны»
Ойынның  шарты: 1-қатардағы  оқушыларға  «бастауыш», 


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау