Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет50/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   87

198
199
бұзылады: бұл үдеріс əртүрлі технолгиямен жан-жақты қамтылуды 
талап етеді, бүтін болғанда ғана технология педагогикалық тұрғыда 
əсерлі болады.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. «Интербелсенді»  ұғымына  түсінік  беріп,  интербелсенді 
оқыту технологиясына сипаттама беріңіз.
2.  Интербелсенді оқыту формаларын атаңыз.
3.  Интербелсенді  оқыту  технологиясындағы  оқушының  іс-
əрекетіне сипаттама беріңіз.
4.  Интербелсенді оқыту технологиясын жүзеге асыру əдістерін 
саралаңыз.
5.  Бастауыш мектептің оқу үдерісінде интербелсенді  əдістерді 
пайдалану əдістемесін өңдеңіз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1.  Абдуллина  Г.  Интерактивті  оқыту – таным  белсенділігінің 
қазіргі бағыты. – Ұлт тағылымы, 2009, №2.
2.  Айтмамбетова  Б.  Р.  Жаңашыл  педагогтар  идеялары  мен  
тəжірибелері /23 лекция/. – Алматы, 1991.
3.  Аймухамбетова  С.  А.  Интерактивтые  методы  учебной-
деятельности. – Қазақстан жоғары мектебі, 2010, №1.
4. Əлімов А. Интербелсенді əдістерді жоғары оқу  орындарында 
қолдану. Оқу құралы. – Алматы, 2009.
5.  Əлімов  А.,  Қосанов  Б.,  Базарбекова  Р.  Орта  мектептің 2 
сыныбында интербелсенді əдістемені қолдану. Əдістемелік құрал. – 
Алматы, 2010.
6.  Бағиева  Ш.  М.  Интерактивті  əдістер – өмірлік  дағдыны 
қалыптастырудың тетігі. – Білім, 2007, №6.
7.  Имрамзиева  С.  Д.  Интерактивные  технологии  обучения. – 
Қазақстан кəсіпкері. Ғылыми-əдістемелік жарнал. – 2009, №8.
8. Маджуга А. Г., Шоманбаева А. О., Кабылбекова З. Б. Теория и 
практика интерактивного обучения. – Шымкент, 2004.
9.  Рысбаева  А.  Қ.  Педагогикалық  процесс  субъектілерінің 
табысты іс-əрекетіне интерактивті оқытудың ықпалы. Оқу құралы. 
– Алматы, 2008.
12.2. Нысаналы оқыту технологиясы
Бүгінгі күні еліміздің білім беру саласында ірі өзгерістер дүниеге 
келіп, білім берудің дүниежүзілік жаңа сатысына көтерілу кезеңінде 
түрлі-түрлі реформалар жасалуда.
Оқыту формасы бұрынғы білім беруді ғана негіз еткен дəстүрлі 
оқыту  формасынан  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  формасындағы 
сапалы  оқыту  жүйесіне  өзгерді.  Оқыту  барысы  зерттеп  үйрену  іс-
əрекетін басты форма етіп отыр.
  Іс-əрекет  барысында  өзін-өзі  басқару  мен  өзара  əсерлесіп 
үйренуді  іске  асыру  ерекшелігіне  ие  болды.  Мұғалім  оқыту 
мақсатына  жету  үшін  оқулықты  жете  түсіну  негізінде  оқыту  іс-
əрекетін  мұқият  жоспарлауға  көшті  жəне  оқушыларды  зерттеп 
үйренуге ұйымдастырудың алуан түрлі əдістерін қолдануда.
Бірақ,  барлық  мұғалімде  ортақ  оқыту  технологиясы 
болмағандықтан оқытуда біркелкілік сақталмай отырғаны жасырын 
емес. Ұл оқушылардың білім алу сапасына ықпал етпей қоймайтыны 
сөзсіз.
Сондықтан  қазіргі  сыныптық  оқытуға  үйлесетін,  оқушыларды 
зерттеп үйренуге ұйымдастыруға икемді.
Нысаналы  оқыту  технологиясы  бүгінгі  күнде  дүниежүзі 
бойынша тəлім-тəрбие саласында орасан зор ықпал көрсетіп отырған 
технологиялардың бірі.
Қазірде  бұны  АҚШ,  Жапон,  Қытай  сынды  көптеген  дамыған 
елдер өздерінің білім беру саласында кеңінен қолданады. Нысаналы 
оқыту технологиясы АҚШ педагог жəне психолог Блумның «Тəлім-
тəрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы мен «игеріп оқу» теориясы 
негізінде қорытындыланып жасалған.
Анығырақ айтқанда, нысаналы оқыту дегеніміз оқыту мазмұнын 
нысаналандыру,  жүйелендіру,  ғылымиландыру  жəне  оны  игерудің 
əдіс-тəсілдерін жүзеге асыру, сол арқылы оқыту сапасын жан-жақты 
көтеру мақсатына жету деген сөз.
Нысаналы  оқытуды  теориялық  жақтан  түсіну  үшін  Блумның 
«Тəлім-тəрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы мен «Игеріп оқу» 
теориясына қысқаша тоқтала кеткен жөн.
I. «Тəлім-тəрбие  нысанасын  түрге  бөлу»  теориясы.  Адам 
өмірінде істелуге тиісті қандай бір жұмыс ол үлкен болмасын, кіші 
болмасын  қандай  да  бір  нысынаға  жетуді  көздейтіні  ақиқат.  Дəл 


200
201
сол  секілді  оқыту  жұмысы  да  белгілі  оқыту  нысанасына  жетуді 
мақсат ететіні шындық, екінші сөзбен айтқанда, оқыту жұмысы өзі 
тəрбиелеп отырған оқушының болашақта қандай жетістікке жетуін, 
қандай  адам  болу  керектігін  алдын  ала  анықтап  алуы  қажет.  Осы 
тұрғыдан келіп, оқыту нысанасын Блум: таным саласындағы нысана, 
сана-сезім  саласындағы  нысана  жəне  əрекет  шеберлігі  (қабілет) 
саласындағы нысана деп үш салаға бөледі.
Таным  саласындағы  нысана  дегеніміз  оқушының  үйренген 
білімін  есте  сақтау  жəне  қайталау  барысындағы  ақыл-парасат  пен 
қабілеттің  калыптасу  нысанасын,  яғни  білім  алу  мен  қабілетті 
дамыту жағындағы нысананы көрсетеді. 
Сана-сезім саласындағы нысана қызығушылық, мінез, құндылық 
көзқарасы,  сондай-ақ  бейімділік  қабілеті  жағындағы  нысананы, 
яғни  ақыл-парасатқа  жатпайтын  факторлар  жағындағы  нысананы 
көрсетеді.
Іс-əрекет  шеберлігі  саласындағы  нысана  дегеніміз – меңгеру 
жəне əрекет шеберлігі жағындағы нысананы көрсетеді.
Блумның еңбегі оның оқыту нысанасын белгілі өлшем бойынша 
тəртіпті түрде жүйелеп айқындық пен жүйелілік қалыптастыруынан 
көрінеді,  Ол  бұны  АҚШ-тың  тəлім-тəрбие  ісіне  мұқият  зерттеу 
жүргізу  аркылы  қол  жеткізді,  əрі  бұл  еңбегі  Блумның  əлемдегі 
атағын да асқақтата түсті.
Бұрын жұрт бір адамның үйрену жағдайын тексергенде оның тек 
алған біліміне ғана назар аударатын, ал Блумның таным саласындағы 
нысанасы  бес  жақты  (түсіну,  қолдану,  талдау,  жинақтау,  бағалау) 
қамтиды,  яғни  оқушылардың  əр  түрлі  қабілеттерін  жетілдіру 
нысанасын алға қояды.
Сондықтан қазіргі кезде бүкіл дүниежүзінің білім беру саласы 
осы  көзқарасты  ұстанып,  оқушылардың  қабілетін  жан-жақты 
тəрбиелеуді  дəріптеп  келеді.  Білім  теориясы  оқушыны  бағалаудың 
ортақ мойындалған өлшемін де ортаға қояды.
Бұл  өлшем  мұғалімдердің  өзара  тəжірибе  алмасу  қызметі  мен 
бағалау қызметін де алға бастырады.
Сөйтіп,  бағалаудың  айқын  нысанасы  орнатылды.  Блумның 
таным  саласындағы  оқыту  нысанасы  бүгінгі  күні  көптеген  елде 
оқытуды бағалау мен оқулық жасаудың негізгі іргетасына айналды.
ІІ. «Игеріп оқу» теориясы.  «Игеріп оқу» теориясы дегеніміз 
сыныптық  оқыту  кезінде  үздіксіз  кері  байланысқа  шығу  жəне  дер 
кезінде  түзету  жасау,  оқушыларға  қажетті  үйрену  уақытын  беру 
жəне көмектер көрсетіп отыру, сол арқылы көп санды оқушылардың 
оқулық нысанасы белгілеген өлшемге жету тұрғысындағы теория. 
 Бұл өз ішіне екі мазмұнды қамтиды:
- оқыту мен оқуда үміткерлік сезімін туғызу;
- оқытуды өнімді түрде дербестендіріп, көп санды оқушылардың 
жақсы үйренуіне көмектесу.
«Игеріп оқу» теориясы өте өнімді оқыту тəсілі болып саналады, 
оның  ең  өзекті  мəселесі    –  көп  санды  оқушылардың  айтарлықтай 
үйрету  нəтижесіне  жете  алмауы  олардың  ақыл-парасат  жағындағы 
кемістігінен  емес,  қайта,  өз  ерекшеліктеріне  сай  келетін  үйрену 
уакыты  мен  оқыту  көмегінің  жетіспеуінен  болады,  егер  мектеп 
оларды лайықты үйрету шарт жағдайымен қамтамасыз ете алғаны, 
басым  көпсанды  оқушылар  оқытқан  нəрселерді  игере  алады, 
оқытудың  міндеті    тек  қана  оқушыларға  оқыған  пəнін  игеруге 
қажетті материалдармен қамтамасыз ету деп қарайды.
«Игеріп  оқу»  теориясының  іс  жүзіндегі  маңызын  мынадай 
бірнеше жақтардан көруге болады:
1.  Мұғалімнің  оқушы  үйретуіндегі  көмекші  күшін  сезінуіне 
мүмкіндік  береді.  Əрбір  оқушыны  жақсы  оқи  алатындығына 
сендіреді, мұғалім де оқыту үміті, оқушы да оқу сенімі болады.
2. «Игеріп оқудың» сəтті болу-болмауы оның «кері байланыс пен 
толықтыру» барыстарының сəтті орындалу-орындалмауына байла-
нысты.  Блум:  дəстүрлі  сыныптық  оқытудағы  ең  басты  қайшылық 
–  біртұтас  оқыту  мен  жеке  қажеттілік  арасындағы  қайшылық,  бұл 
қайшылық  кей  оқушылардың  үйрену  қызығушылығын  жояды,  ал 
дербес  оқытудағы  «дер  кезінде  кері  байланыс  орнату,  толықтыру, 
үйренуді  дұрыс  жолға  салуды»  сыныптағы  оқытуға  шеберлікпен 
қолданса, қызықты оқыту ортасы қалыптасып, біліміне қарай оқыту, 
барлық оқушыны негізге алу сынды көзқарасты іске асырып, оқыту 
сапасын жан-жақты көтеруге жол ашады деп санайды.
«Игеріп  оқу», «Тəлім-тəрбие  нысанасын  түрге  бөлу»  теория-
сы  анықтаған  оқыту  нысанасына  сай  жүргізіледі.  Бұл  мұғалімнің 
оқытудағы сұрақ қою, түсіндіру, жаттығу орындату, тексеру жүргізу 
барысындағы  білім  мен  біліктік  қатынасын  толық  меңгеруге, 
қателіктерден  сақтануға  немесе  түзетуге,  оқушылардың  ұқсамаған 
сатыдағы үйрену өресіне жетуіне пайдасын тигізеді.
4. Оқытуды бағалауды тек оқушыларға балдық жүйе бойынша 


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау