150
151
Оқушылар еңбегін жалғыз мұғалім ғана емес, барлық ұжым
бағаласа, онда олар өздерін ылайықты ұстап жəне жұмысты жақсы
істеуге тырысады.
Бала күнінің жартысы оқушының бірегей мүмкіншілігінің
дамуына көмектеседі. Күннің екінші жартысы оқушының бірегей
мүмкіншілігінің дамуына көмектеседі. Күннің екінші жартысы
оқушының өз ынтасымен орындайтын түрлі іс-əрекеттерге (спорт,
музыка, пəн үйірмелері, жас техниктер жəне жас натуралистер
үйірмелері, өнімді еңбек т.б.) арналады.
Осыған орай, үйге берілетін оқу тапсырмасының көлемін мүлде
азайту керек. Ол үшін шəкірттердің оқу материалдарын сабақ үстінде
игеруін мұғалім қамтамасыз етуі тиіс.
Тірек идеясы. Əдетте балаларды қабілетіне қарай үшке бөліп
(күшті, орта, нашар) оқыту мектептерде орын алған. Бұл бізге
Америка мектептерінен келген оқытудың бір түрі. Мектеп
мұғалімдерінің балаларды оқыта білмегендігінен, оларды
қабілетіне қарай топқа бөліп (тракинг) оқыту пайда болған. Нашар
балалармен қосымша сабақтар өткізуде мектеп өмірінде қолданылып
келді. Баланы қабілетіне қарай бөліп оқыту жəне қосымша сабақ
өткізу мəселелеріне жаңашыл мұғалімдер қарсы болып, қабыл
алмады.
Тірек идеялары жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін тұтас
педагогикалық үдерісте тиімді пайдаланудың əдістемелік тəсілдерін
қарастыру қажет. Жаңа идеялар мектепті демократияландыру жəне
ізгілендіру жағдайында жүзеге асырылады.
Демократияландыру – бұл тұлғаның жан-жақты дамуының
мақсаты мен құралы, бұл мектептің ведомстволық мүддеден
қоғамның жəне тұлғаның мүддесі мен мұқтаждығына қарай
бетбұруы, бұл мектептің ашықтығы, оған қоғамдық күшті жəне
қоғамдық факторларды (мемлекет, қоғам) қатыстыру. Мектеп – бұл
мемлекеттің, сондай-ақ қоғамның жəне тұлғаның білім жайындағы
түсінігін қанағаттандыратын қоғамдық-мемлекеттік танылған жүйе.
Ізгілендіру – бұл баланың жеке басын сыйлау. Педагогикалық
үдерістің барлық дəрежесінде ең бастысы адамның өзі болуы тиіс.
Сондықтан тұлғаны тəрбиелеу, оның бабын табу мектеп жұмысының
негізгі мақсаты болуы тиіс. Ізгілендіру – бұл мектептің баланы
өмірге дайындауда тек қана бағдар беруі емес, ол əрбір жас сатысында
- балалық шақта, жеткіншектік шақта жəне жасөспірімдік шақта
баланың бүгінгі өмірінің толық құнды болуын қамтамасыз ету.
Бақылау сұрақтары:
1. Ынтымақтастық педагогикасының мақсаты қандай?
2. Ынтымақтастық педагогикасының тұжырымының ерекше-
ліктерін айқындаңыз.
3. Бастауыш мектепте ынтымақтастық педагогикасын пайдалану
мүмкіндіктерін талдаңыз.
4. Бастауыш мектептің оқу-тəрбие үдерісінде ынтымақтастық
педагогикасын ендіру жолдарын анықтаңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Коменский Я. А. Избранные педагогические сочинения.
2-том. – М., 1982.
2. Ушинский К. Д. Педагогические сочинения. 4-том. – М.,
1988.
3. Макаренко А. С. Педагогические сочинения. 5-том. – М.,
1983.
4. Сухомлинский В. А. Избранные педагогические сочинения.
– М., 1980.
5. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. – Алматы, 1955.
6. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технология-
лары. – Алматы, 2005.
7. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. –
Алматы, 2004.
8. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. –
М.: Народное образование, 1998.
9. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий
обучения. – М.: Педагогика, 1990 г.
10.3. Білім беруді ізгілендіру технологиясы
(Ш. А. Амонашвили бойынша)
Ресейдің білім беру академиясының академигі Шалва
Александрович Амонашвили өзінің эксперименттік мектебінде
152
153
ынтымақтастық педагогикасын əзірлеп, жүзеге асырды. «Мектеп
өмірі» технологиясы оның педагогикалық іс-əрекетінің өзіндік
қорытындысы болып табылады.
Ш.А.Амонашвили технологиясының мақсаттық бағыттары:
- Баланың тұлғалық қасиеттерін ашу арқылы бекзат адам
тəрбиелеу жəне дамыту, қалыптасуына ықпал ету.
- Бала жүрегі мен жан дүниесін ақ пейілдендіру.
- Баланың танымдық күшін дамыту жəне қалыптастыру.
- Терең жəне толық көлемді білім алып, дағдыларды қалып-
тастыру үшін жағдай туғызу.
- Тəрбие идеалы – өзін-өзі тəрбиелеу.
Ерекшеліктері:
ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады;
бала психикасы дамуға, есеюге жəне еркіндікке құштарлығын
қалыптастыру;
əсемдікті, əдемілікті сезіну, қабылдау;
рухани жетілдіру;
ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау;
ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу;
оқыту мен тəрбиелеудің бірлігі.
Бастауыш мектептегі ынтымақтастық педагогикасының жеке
тұлғалық тұрғысынан қарау ережелері, баланың өмірде құбылыс
ретінде қызмет ететін өз жолының болуы, бала табиғат пен ғаламның
жоғары шығармашылығы болғандықтан, шексіздік пен мықтылықты
көрсететіндігі, баланың дамуға, үлкеюге, бостандыққа деген ынтасы
– осының барлығы негізгі концептуалдық ережесі болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық оқу, жазу мен
ауызша сөйлеу іс-əрекеттері, жоғарғы математикалық ұғымдарды
түсініп, оны өмірде қолдана білу, кез келген іс-əрекетті жоспарлау,
батылдық жəне шыдамдылық, ана тілімен қатар шетел тілдерін
меңгеру, рухани байлық, табиғатты аялай білу сияқты білім, білік,
дағдыларын қалыптастыру үшін арнайы əдіс-тəсілдер керек. Ондай
əдіс-тəсілдерге ізгілік, даралай оқыту бағыты, қарым-қатынас
шеберлігі, оқу іс-əрекеті, жанұялық педагогика қоры жатады.
Таратып айтатын болсақ, бала бақыты, таңдау бостандығы, танып-
білу қуанышы, балаларға деген махаббат сезімі; жеке тұлғаны
жəне өзін танып-білу, қабілеттерді дамыту, табыс педагогикасы;
өзара қарым-қатынас жасау тəртібі, жариялылық; квазиоқу жəне
квазижазу, оқу жəне жазу үдерісінің материалдануы, балалардың
əдеби шығармашылығы; жанұядағы салт-дəстүр, геронтология, ата-
аналар сенбіліктері.
Ш.А.Амонашвилидің технологиясында негізгі орынды баланың
іс-əрекетін бағалау алады. Бағаны қолдану шектеулі, сандық бағалау
орнына сапалық бағалау қолданылады, демек мінездеме, қорытынды
пакет, өздік талдау жасауға, өзін-өзі бағалауға машықтандыру.
Ізгілендіру технологиясындағы жұмыс түрлерін қарастырайық.
Жұмыс
түрлері
Қашан?
Не үшін?
Не жүргізіледі?
Қалай?
Сабақ
үстіндегі
жұмыс
- оқушының
даму
деңгейінің
əрі қарай
дамуының
жақын
аймағын
анықтау;
- үнемі
оқушының
пəндерді
меңгеруін,
нəтижелерін
есепке алып
отыру, диаг-
ностикалау
- ақыл-ой
дамуының
артта
қалмауы
үшін, пəнді
мезгілінде
оқып отыруы
үшін.
- сыныпта
микро-климат
жасау;
- іс-əрекетті
алгоритмдеу;
- сабақтан
қалуға
байланысты
білімдегі
олқылықтарды
болдырмау;
- қызығуды
арттыру;
- оқытудың
мотивтерін
қалыптастыру.
- бақылау кар-
тасы;
- жұмысқа
жап-пай сұрауды
қосу;
- топтарда
жұмыс істеу,
дайындық
кеңестері,
білімді түзету
сабақтары, тірек
конспектілері,
пəндер бойынша
жаднамалар,
карточкалар.
Сабақтан
тыс жұмыс
-қиындықтар
туған кездері:
1) жаңа мате-
риал меңгеру
кезінде;
2) білімдегі
олқылықтар-
ды анықтаған
кезде.
- үлгермеу-
шілікті
болдырмау;
- білімдегі
олқылық-
тарды жою;
- оқу
мотивтерін,
қызығуды
қалыптас-
тыру.
- нашар үлгеру-
шілермен
жұмыстағы
жеке тұлғалық
əдіс.
- жеке жəне
топтық кеңестер;
- үй тапсырма-
сын орындауға
көмектесу;
- үйірмелерге
қатысу;
-шығарма-
шылық
тапсырмалар.
Достарыңызбен бөлісу: |