Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет43/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   87

170
171
2-қатарға «баяндауыш» деп ат қойылады. «Бастауыштар» сөйлемде 
бастауыш болатын сөздерді айтады,  «Баяндауыштар» оған қимылды 
білдіретін сөздерді қосып, сөйлем құрайды.
Араларға көмек ойыны. 
Ойынның  мақсаты:  оқушылардың  байланыстырып  сөйлеу 
дағдыларын қалыптастыру. 
Ойынның шарты: тақтаға араның ұясындағы балға келе жатқан 
аюдың  сүреті  ілінеді.  Аюдың  балға  келе  жатқандығын  ескертуге 
күзетші  ара  басқа  араларға  кетеді.  Оқушыларға  тақырыпқа 
байланысты грамматикалық тапсырмалар беріледі.
Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрау.
Көптік жалғауын дұрыс жалғау.
Септік жалғауларын табу.
«Адасқан айлар» ойыны.
Төрт қорап дайындайсыз. Əр қорап сыртында жыл мезгіліне сай 
сурет болады, ай аттарын ауыстырып саласыз, оқушы əр айды жыл 
мезгіліне сай тауып салады. Бұл ойынды уақытпен ойнатуға болады. 
Ойын  оқушының  тез  оқу,  қимылдау  дағдысын  қалыптастырады. 
Мұғалім  оқушының  ай  аттарын,  жыл  мезгілін  есінде  қалай 
сақтағанын бағалайды. 
«Сымсыз  телефон»  ойыны.  Лексикалық  бақылауды  ауызша 
жүргізілгенде қолданамыз. Мысалы тақырыбы: «Қалада. Қаладағы 
мəдени орындар». Оқушы телефон тұтқасын алады да сөзді айтады. 
Біздің  қала – аудармасын 2 - оқушы.  Ары  қарай  жалғаса  береді. 
Сөздік    диктант  үнемі  жүрсе  баланы  жалықтырады,  сондықтан 
бұл ойынды оқушылар қызыға ойнайды. Осы ойын арқылы шағын 
диалогты  ойнатуға  болады.  Бұл  ойын  оқушыны  дұрыс  мəдениетті 
сөйлеуге үйретеді, сөздік қорын бағалауға мүмкіндік береді. 
Үлкен  бір модульді аяқтаған кезде нəтиже сабақта «Қоржынды 
кім  тез  шешеді?»  деген  ойын  ойнаймыз.  Үш  қатар  болса  (немесе 
3  топ)  үш  қоржын  дайындайсыз.  Əр  қоржында  аударма  жұмысы, 
сөз  тіркесін  құру,  буынға  бөлу,  модулға  сəйкес  грамматикалық 
тапсырма, мəнерлеп оқу, диалог болады. Қай топ тез дайындалып, 
дұрыс айтып шығады (7-10 минут). Бұл ойынды мұғалім белгілі бір 
модуль  бойынша  оқушының  қандай  деңгейде  меңгергенін  тексере 
алады.
Қазақтың  ұлттық  ойындарының  бір  қыдыруы  асық  ойынынан 
тұрады.  Асықты  «Сен  айт»,  «Мəтінді  жалғастыр»  ойындарында 
қолдануға  болады.  Бұл  ойындар  асық  лақтыру  арқылы  жүреді 
де,  баланы  шапшандыққа,  тез  ойлауға  дағдыландырады.  Сабақта 
ұлттық  ойын  элементтерін  қолдану  барысында  мұғалім  сөздермен 
таныстырады,  дұрыс  айтуға  үйретеді,  салт-дəстүрді  сүюге 
тəрбиелейді.  Оқушылар  көбінесе  сабақта  ойын  түрлерінің  жиі 
болуына  жақсы дағдыланады.
Əр  сабақта  ойын  түрлерін  орынды  қолданып,  оны  қызықты 
етіп  өткізу  арқылы  бастауыш  сынып  оқушыларының  оқуға  деген 
ынта-ықыласын,  пəнге  қызығушылығын  арттыруға  болады.  Ойын 
баласы  сабақта  зерігіп,  шаршаған  кезде  қолданылатын  ойынның 
бір түрі «сергіту сəті». Сабақта сергіту сəтін өткізгенде оқушының 
шаршағанын  басу  үшін  ғана  емес,  оның  тəрбиелік  мəніне  де 
назар  аудару  қажет.  Мысалы: «Ұзын  құлақ,  сұр  қоян»  немесе  
дене  қимылдарына  қатысты  сергіту  ойындары: «Əй,  шымыжық, 
шымыжық».
Бастауыш  сынып  оқушыларын  ойната  отырып,  ойландырып, 
балаға  тəрбиелік  мəні  зор  ойындар  арқылы  дамытуға  болады. 
Бұл  кезде  жақсы  оқушы  дамып,  нашар  оқушы  қалып  қоймайды. 
Жақсы оқушы мүмкіндігіне дейін дамып, нашар оқитын оқушы өз 
мүмкіндігінше  іс-шараларға  араласып,  өз  үлесін  қосып  отырады. 
Ойын арқылы өткізілген сабақтарда артта қалған, жасық мектептен 
қорқатын, оқуға енжер, күшпен оқитын оқушы болмайды. Керісінше, 
баланың  өмірі,  қоршаған  ортаны  танып  білу,  еңбекке  қатынасы, 
психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.
Қазақ  тілі  сабақтарында  оқушылардың  оқу-танымдық  іс-
əрекетін белсендіруде мынадай жұмыстар жүргізіледі.
«Сөйлем»  тақырыбын  өту  барысында  «Сөз  қуаласпақ», 
«Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жоғалған сөз», т.б. дидактикалық 
ойындар қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға 
мүмкіндік береді.
«Сөз  таптары»,  «Сөйлем  түрлері»  тақырыптарын  өту 
барысында  тірек  сызбалар  да  балаларға  ерекше  əсер  етіп,  оқуға 
деген  құштарлықтарын,  танымдық  белсенділіктерін  арттыруға 
себепші болады.
«Сөз  құрамы»  тақырыптарын  қорыту  барысында  «Білім 
биржасы», «Брейн  ринг»  оқыта  үйрету  ойындары  оқушылардың 
сабаққа деген қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттырады.
Дүниетану  сабақтарында  «Адам», «Табиғат», «Қоғам» 


172
173
бөлімдерінде  «Зоопарк», «Ботаникалық  бақ», «Табиғатқа  саяхат», 
«Қала  мен  қала  маңы», «Ертегілер  театры»,  т.б.  ойындарын 
пайдалануға болады. 
Математиканы оқыту үдерісінде жұмыстың əр түрін пайдалану 
бастауыш  сынып  оқушыларының  танымдық  қызығушылығын 
арттырумен  қатар,  олардың  математикалық  қабілеттерін  дамытуға 
септігін  тигізеді.  Осының  негізінде  математика  сабақтарында 
оқушылардың  танымдық  қызығушылығын  қалыптастыру  үшін 
төмендегідей жұмыс түрлері пайдаланылады.
Бұл  дидактикалық  мақсаттағы  ойындар – оқушылардың  жан-
жақты  дамуына  қызмет  етеді.  Олар  сөздік  ойындар,  столда  ойна-
латын ойындар, «Жұп картинкалар», «Лот», «Домино» балалардың 
ойлау қабілеттерін дамытады. Тіл сабақтарда зейінін, ойлауын, бай-
ланыстыра сөйлеуін дамытуда сөздік ойындардың маңызы зор. Мы-
салы, «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жалған сөз».
Ал,  математика  сабақтарындағы  ойындардың  негізгі  міндеті 
–  есептеу  дағдыларын  қалыптастырып,  жетілдіру.  Осы  мақсатта 
біз  мынадай  ойындарды  пайдаландық.  Мысалы, «Қара  белгі», 
«Сиқырлы  карта», «16-дан  бастаймыз», «Цифрлар  жарылысы», 
«Бизнесмен», «Көбейту тауы», «Асқарпаздар».
Көп  таңбалы  сандардын  кұрамын  өткенде  оқуға,  жазуға 
төселдіру үшін «Сиқырлы карта», «Аздан көпке қарай» ойындарын 
пайдаланған абзал.
Математика  сабақтарында  тағы  бір  тиімді  пайдаланылатын 
ойын-сергіту  логикалық  ойын  есептер.  Бұл  логикалық  есептерді 
ұсыну балалардың ойының ұшқырлығына, тез есептеуге төселдіруге 
өте  үлкен  əсер  етеді.  Қазір  математика  сабақтарында  «Қазақтың 
байырғы  қара  есептері»  деген  кітаптан  көптеген  логикалық 
құрылымды  ойындарды  пайдалануға  болады.  Мысалы,  ұзындық 
өлшем  бірліктері  тақырыбына  байланысты  «Ұлу  мен  қырғауыл», 
«Қырсық  жолаушы»  туралы  есептер  берілсе,  оқушы  өз  тіліміздегі 
өлшем бірліктерін де меңгереді. Ал салмақ өлшемін өткенде «Жеңіл 
сақина», уақыт өлшеміне байланысты «Дыбысты сағат», есептерін 
ұсынуға  болады.  Есептеуге  байланысты  «Асық  саны», «Шып-
та», «Тауық  нешеу  саналған!»,  т.б.  ойын-есептерді  бере  отырып 
балаларға «Қиял қыр асырады», «Тұяқты тұяқ жібермейді» сияқты 
нақыл даналықты меңгеруге болады.
Тапқырлыққа  берілетін  материалдардың  негізгі  мақсаты 
оқушылардың  қызығушылығын  ояту,  ойлау  əрекетін  белсендіру, 
ой-өрісін кеңейту болып табылады. Олардың түрлері əртүрлі болып 
келуі  мүмкін:  ребустар,  қазақ  халқының  ауызша  есептері,  өлең-
есептер, викториналар, т.б.
Сонымен,  педагогикалық  ойынның  маңызы  зор  екендігін 
жаңашыл  педагог-ғалымдары  өз  еңбектерінде  атап  кеткен.  Ойын 
біріншіден,  білу  жəне  үйрену,  екіншіден,  адамның  ойнай  отырып, 
өзіндік  білім алуы өмір тəжірбесін жинақтауға көмектеседі. Ойын-
ның кəсіптік, əуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. 
Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа, емдеуге, 
адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс 
табады.
Қорыта айтқанда, кез келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда 
оқушыларда  əрекет  пайда  болады,  дүниетанымы  кеңейеді.  Сөйтіп 
оқушы ой-өрісін ойын арқылы дамытады.
Ойындар  –  оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылы-
ғын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды.
В.  А.  Сухомлинскийдің  сөзімен  айтқанда: «Ойынсыз  ақыл-
ойдың  қалыпты  дамуы  да  жоқ  жəне  болуы  да  мүмкін  емес.  Ойын 
дүниеге  қарай  ашылған  үлкен  жарық  терезе  іспетті,  ол  арқылы 
баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады. 
Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты», – деген екен.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. «Ойын»  ұғымына  сипаттама  беріп,  ойынның  мақсаты  мен 
міндетін  айқындап,  оларға  қойылатын  əдістемелік  талаптар  мен 
ойын арқылы оқушы нені меңгеретіндігін анықтаңыз.
2.  Бастауыш  мектептің  оқу-тəрбие  үдерісінде  қолданылатын 
ойындарды  сипаттап,  оқушылардың  қандай  қабілеттері  мен 
қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретіндігін негіздеңіз.
3. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сəйкес 
ойын технологиясын пайдалану мүмкіндіктерін саралаңыз.
4.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  психикасының  ойын 
технологиясы арқылы қалыптасатындығын анықтап, жауабыңызды 
нақты мысалдар арқылы сипаттаңыз.
5.  Ойын  технологиясының  артықшылықтары  мен  кемшілік-
терін көрсетіңіз.


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау