Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет79/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   87

314
315
түрінде, оқу үдерісінің мүшелерінің əрекеттестік ерекшеліктерінде, 
олардың 
қарым-қатынас 
сипатында, 
танып-білу 
үдерісін 
ұйымдастыру жəне ондағы коммуникациялар түрлерінде. 
«Дамыта  оқыту»  деген  термин  психология  ғылымының 
қойнауында  туып,  баланың  дамуын  қарастырған  (Ж.Пиаже), 
ойлаудың  əртүрлі  деңгейін,  типтерін  (Л.  В.  Выготский, 
А.  Н.  Леонтьев,  С.  Л.  Рубинштейн)  жəне  басқа  да  психиканың 
функциясын зерттеген (Б. Г. Ананьев, Г. С. Костюк, А. А. Люблинская, 
Н. А. Менчинская) жəне т.б. іс-əрекет теориясының психологиясын 
жасаған (А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин) еңбектерінде жан-жақты 
талданды.  Нəтижесінде  дамыта  оқыту  проблемасына  арналған 
екі  іргелі  эксперимент  жасалып,  оның  бірін  Д.  Б.  Эльконин, 
В. В. Давыдов, ал екіншісін Л. В. Занков басқарады. 
Кейінгі  жылдары  дамыта  оқыту  психология  мен  педагогика 
ғылымдарының  келелі  мəселесіне  айналды.  Жүйенің  авторлары 
«дамыта  оқыту  деп – оқыту  мақсаты,  міндеттері,  əдіс-тəсілдері 
баланың даму заңдылықтарына сəйкестендірілген оқытуды» атайды. 
Оқыту  арқылы  баланың  психикасында  жаңа  құрылымдар  пайда 
болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. 
Жүйенің  басты  мақсаттарының  бірі – баланы  оқыта  отырып 
жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, 
шешім  қабылдауға  дағдыландыру,  жекелік  қасиеттерін  ескеру, 
басшылыққа алу, əрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. 
Дамыта  оқыту – дəстүрлі  оқытуға  соңғы  уақыттарға  дейін 
балама жүйе деп қарастырылды. Оның нəтижесінде əр оқушы өзін-
өзі  өзгертуші  субъект  дəрежесіне  көтерілуі  көзделіп,  соған  оқыту 
барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нəтиже берді.
15.2.  Дамыта оқыту технологиясының даму тарихы
Дамыта  оқыту  идеясы  ТМД  елдерінде  əжептеуір  қолданыс 
тауып  келеді.  Қазіргі  кезде  Мəскеуде  дамыта  оқыту  халықаралық 
қауымдастығы  жұмыс  істейді.  Қауымдастықтың  президенті – 
академик В.П.Зинченко. 
Эльконин  мен  Давыдовтың  дамыта  оқыту  жүйесі  бойынша 
Мəскеудің  психология  институтының  зертханасы  іргелі  жұмыс 
атқаруда.  Оның  меңгерушісі – дамыта  оқыту  жүйесінің  іргетасын 
салушылардың  бірі  Эльконин  Данил  Борисовичтің  ұлы,  ізбасары 
профессор Эльконин Борис Данилович. 
Бұл  ғылыми  бастама 1959 жылдан  бері  ғалымдар  назарында. 
Содан бері түрлі талқы ойлар, пікірлер айтылуда. Қазіргі кезеңдегі 
ғалымдар пікірлеріне назар аударайық. 
Академик  В.  П.  Зинченко  осы  ізденісті  жүйенің  негізгі  көңіл 
аударар бағыты – теориялық ойластыру деп санайды жəне бұл құрғақ 
дəмсіз  білімдер  болмау  керек.  Керісінше,  ол  қоршаған  əлемнің 
көрінісі  болып,  сана-сезіммен  түбегейлі  қабылданып,  түп-түбіріне 
дейін дейін танып-білінуі тиіс. 
Профессор  Б.  Д.  Эльконин  пікірі  бойынша:  дамыта  оқыту 
жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең 
жəне көріп-білудің жаңа тəсілін игергендер көзге түседі, яғни дүние 
жəне  адамтану  үдерісі  баланың  сол  үдеріспен  толық  шұғылдануы 
жəне  қызығу  таныту  жағдаятында  пайда  болады.  Қазіргі  заманғы 
жаңашыл  жағдайларда  жаңашыл  міндеттер  туа  бастайды,  соның 
негізгісі – дамыта  оқыту  педагогикасын  қалыптастыру,  яғни 
дамыта оқытудың педагогикалық не балалық психологиясын емес, 
дамытушы ағартудың жүйесін қалыптастыру. 
В.  С.  Лазаревтің  ойы  бойынша,  дамыта  оқыту  бөлек  бір 
сыныпта  болуы  мүмкін  емес,  ол  үшін  əбден  жаңа  типті  мектеп 
қажет,  сондықтан  педагогтерді  ғана  дайындамай  басқарушыларды 
да арнайы даярлау қажет. 
Орта  мектепте  дамыта  оқыту  бағытымен  іргелі  түрлендіруді 
Ю. В. Громыков қолдайды, бірақ  оның пікірінше, бөлек сыныптарда 
ғана дамыта оқыту теориясын толық қолдануға мүмкіндік бар. 
А.  Б.  Ворнцовтың  пікірі  бойынша,  дамыта  оқыту  жүйесіне 
енген  мұғалім  тұлғасы  да  өзгереді.  Оның  сөйлеген  сөзі,  келбеті, 
белсенділігі,  жауапкершілігі  жай  мектеп  мұғалімдеріне  қарағанда 
ерекше жетіледі. 
Қазіргі  кезде  дамыта  оқыту  мектебін  қалыптастыру  жер-
жерлерде ынталы жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Мəскеу, Санкт-
Петербург,  Харьков,  т.б.  қалаларында  Давыдов  пен  Элькониннің, 
Л.  В.  Занковтың  дамыта  оқыту  жүйесі  оқу-тəрбие  үдерісінде 
қолданылып  жүр.  Бірақ,  біздің  елде,  əсіресе,  қазақ  мектебінде  бұл 
игі іс айтарлықтай əлі қолға алынған жоқ. Мұнда білім беру ісінде 
уақыттың  көбі  баланы  жалықтырып  жіберетін  баяндау,  түсіндіру, 
үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалып жатады. Осының 
нəтижесінде мектептерде дағдыны қалыптастыру күні бүгінге дейін 
осылай  істе  деген  ұстаным  бойынша  танымал  жəне  тəжірибелік 


316
317
міндеттерді  шешуге  бағытталған  жалпы  заңдылықтар  мен 
интеллектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім 
берген  үлгілерді  ұғынбастан  орындау  негізінде  құрылып  жүргені 
жасырын емес. 
Дамыта    оқыту  технологиясы    балаға    өз    бетінше    ойланып 
қорытынды жасай  білуге, сыртқы  ортамен  қарым-қатынас  жасауды  
үйренуге  машықтандырады,  теориялық    мəселелерді    практикада  
қолдана  білуге  баулиды, шығармашылық  ізденіс əдістерін  игеруге  
көмектеседі.
Əлемдік педагогиканың, көбінесе, жүгінетіні – Л. С. Выготский-
дің  идеяларына  негізделген  В.  В.  Давыдов  пен  Д.  В.  Эльконин 
жəне Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л. С. Выготскийдің 
идеялары Еуропа елдерінің көптеген университеттерінің педагогика 
факультеттерінде оқытылады. 
Бұл  бағдарлы  идеялар  бүгінгі  білім  беру  аясында  қолдауын 
табуда.  Бірақ  жалпы  білім  беру  мектебінде  іске  асыру  көптеген 
қиындықтар  тудыруда.  Өйткені,  ұсынылған  əдістемеліктер  мен 
технологиялар  көбіне  дербестік  сипатта,  сондықтан  кез  келген 
мектепте  əр  түрлі  ерекшелікті  балалар  арасында  қолдануын  таба 
алмай жүр.
Сонымен  қатар  оқушы  тұлғасын  дамыта  оқытудың  мақсаты 
ма, əлде мақсатқа жетудің амалы ма деген сауалға нақтылы түсінік 
берілмеген жəне тұлға дамытудың өзіне тəн түрлі-түрлі көзқарастары 
бар.  Біздің  елде  білім  беру  мекемелері,  мектеп  мұғалімдері  жəне 
көптеген  педагогика  ғылымының  зерттеушілері  тəлім-тəрбие  беру 
үдерісінің  негізгі  мақсатын  оқушы  тұлғасын  дамыту  деп  таниды. 
Бірақ  тұлға  дамуы  туралы  ізденістегі  психологтардың  айтуы 
бойынша,  əр  адамның  дамуы  өз  қолында,  оны  сырттан  əсер  етер 
күшпен  дамытуға  болмайды,  тек  оңтайлы  ықпал  жасауға  болады. 
Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. 
Оқушы  тұлғасын  дамыту,  ол  оның  толық  өзіндік  өсуінің,  өзіндік 
қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. 
Сондықтан  мектеп  мақсаты  баланың  табиғи  күштері  мен 
мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып 
табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру 
үдерісін  ұйымдастырудың  түрлі  əдістері  мен  амалдарын  анықтап, 
жүзеге асыру қажет. 
Бұдан шығар түйін, дамыта оқыту – білім беру мекемесінің əрбір 
сабақта, күнделікті қарым-қатынаста, мектепте жəне мектептен тыс 
іске асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар  болашаққа болжаған 
оқушы  тұлғасын  өзіндік  жетілдіруіне,  өзіндік  қалыптасуына 
жеткізетін  амал.  Оқушы  тұлғасының  дамуы  түсінігіне,  оның 
қалыптасуына,  біртұтастығына  жəне  бөлек  бөліктеріне  позитивті 
өзгерістер енеді. 
Дамыта  оқыту  тікелей  баланы  (субъекті,  объекті)  жан-жақты 
дамыта отырып (жеке басын, дүниетанымын, ойлауын, т.б.) оқытуға 
негізделеді.
15.3 Дамыта оқыту мақсаттары, міндеттері
Дамыта оқыту мақсаттары төмендегідей: 
-  оқушы субъекті, яғни ол өзін-өзі дамыта алады, жетілдіреді, 
тəрбиелей алады;
-  баланың  қабілетін,  дарынын  дамытуға  ықпал  жасайды 
(іскерлігі, машығын дамыту емес);
 Білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала – тыңдаушы, мұғалім – 
ақпарат беруші емес керісінше, бала – зерттеуші, ізденуші, жаңалық 
жаратушы. Олардың дағды, іскерлігі белгілі бір мəселе, жағдаятты 
шешу  арқылы  қалыптасады.  Демек,  мұғалім – оқушы  іс-əрекетін 
ұйымдастырушы, бағыт беруші  ғана.
Дамыта оқытудағы басты іс-əрекет – диалог, пікірлесу, пікірталас.
Дамыта оқытудағы мұғалім қызметі – диалогты ұйымдастыру-
шы,  бағыт  беруші  балалардың  іс-əрекеті,  ынтымақтастығын  бір 
бағыт, бір мақсатқа бағыттаушы. 
Білім 
деңгейін 
шығармашылық 
деңгейге 
көтеруде 
шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше.
Дамыта  оқыту  идеясы  бойынша  оқушыға  оқу  мақсаттарын 
қоюда,  шешуде  ешқандай  дайын  үлгі  берілмейді.  Мақсатты  шешу 
іштей  талқылау,  сосын  жинақтау  арқылы  жүзеге  асады.  Мұғалім 
–  сабақ  үдерісін  ұйымдастырушы,  бағыттаушы  адам  рөлінде. 
Шешім  табылған  кезде  əркім  оның  дұрыстығын  өзінше  дəлелдей 
білуге  үйретіледі.  Əр  оқушыға  өз  ойын  білдіріп,  пікір  айтуға 
мүмкіндік  беріледі,  жауаптар  тыңдалады.  Əрине,  жауаптар  барлық 
жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, əр бала жасаған еңбегінің 
нəтижесін бөлісіп, дəлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тəжірибесін 
қорытындылауға үйренеді. 


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау