Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет18/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   87

70
71
мектептер мен сыныптар, топтар үшін оқытудың жағдайларын құру.
Оқу  үдерісін  саралау – педагогикалық  жүйелер  қатарында 
өзіндік  айқын  мақсат  көздейтіндігімен  ерекшелеп  те  аталып  жүр. 
Саралап  оқыту  əдісі  оқу  үдерісінің  белгілі  бір  білігін  қамтитын 
саралап  оқытуды  ұйымдастырудың,  құралдары  мен  əдістерінің 
жиынтығы болып табылады. Оқыту жүйесінің кез келгенінде қандай 
да болсын оқушыларды саралауы жүзеге асып отырады. Сондықтан 
саралап оқыту əдісінің өзі əр түрлі əдістемелік құралдарды қолдану  
арқылы енген.
Сипат бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
-  жас ерекшелігі бойынша;
-  жынысына байланысты;
-  қызығушылығы бойынша;
-  ақыл-ой деңгейінің дамуы бойынша;
-  тұлғалық-психологиялық типтері бойынша;
-  денсаулық деңгейі бойынша.
Мақсаты:  əркімді  мүмкіндігіне  сай  оқыту.  Əр  түрлі  топтағы 
оқушыларды ерекшелігі бойынша оқуға бейімдеу.
Ерекшелігі:
-  үлгерімі  жақсы  оқушыға  көңіл  бөлініп,  нашар  оқушыларға 
көмектесу мүмкіндігі туады;
-  қиын балалармен тиімді жұмыс жүргізу мүмкіндігі болады;
-  жақсы  оқитын  оқушының  тереңірек  білім  алуына  жағдай 
туады;
-  оқушылар қабілеті артады;
-  əлсіздер оқу мүмкіндігіне ие болады;
-  деңгейлері  бірдей  оқушыларды  оқыту  мен  тəрбиелеуде 
қиындық кездеспейді.
Сынып ішілік саралау.  Балалардың дамуы, қабілеті, қабылдауы 
əркелкі  болғандықтан,  бір  сыныптың  өзінде  үздіктер,  жақсы 
оқитындар  жəне  нашарлар  пайда  болады.  Сондықтан  мұғалім 
балалармен  сабақ  жəне  оның  барлық  кезеңдерді  жаңа  материалды 
түсіндіру,  ұсыну,  сабақты  қорытындылау,  қайталау,  білім,  білік, 
дағдыны  тексеру  барысында  саралау  жұмысын  жүргізеді.  Жаңа 
материалды  түсіндіру  кезінде  мұғалім  мынадай  мəселелерге  көңіл 
аударады.
І.  Ең  басты  негіз,  ядро – білім  мазмұны,  пəннің  теориялық 
мəні,  тірек  мəліметтері.  Алғашқы  деңгей  əрбір  тақырыптың  ең 
негізгі де, басты қарапайым мазмұнын ашып, толық болғанмен, сол 
тақырыптың  білуге  міндетті  тұтас  бейнесін  береді.  Бұл  базалық 
деңгей ретінде қабылданған.
ІІ.  Қосымша  мəліметтер  алғашқы  деңгейде  алған  білімді  одан 
əрі  кеңітіп,  дəлелдеп,  тиянақтайды,  негізгі  мазмұнын  нақтылайды, 
ұғымдардың не үшін қалай қолданылатынын көрсетеді. Бұл деңгей 
мəліметтер көлемін арттырып, негізгі материалды тереңірек түсінуге 
көмектеседі.
ІІІ.  Дамытушы  мəліметтер – материалды  біршама  тереңдетіп, 
оған логикалық негіз береді, болашақ шығармашылықпен қолдануға 
жол  ашады.  Бұнда  бала  өз  бетімен  жұмыс  істеуге  дағдыланады. 
Мұғалім  бүкіл  сыныпқа  берілетін  материалды  екінші  деңгей 
көлемінде  оқушылар  білім  мазмұнын,  ең  болмағанда  бірінші 
деңгейде  (стандарттық  деңгей)  меңгеруі  міндетті  екенін  ескере 
отырып,  өз  бетімен  жұмыс  (барлық  материалды  қамтитындай) 
арқылы қорытындыланады.
Үшінші  деңгей  өз  бетімен  орындалатын  жеке  тапсырмаларды 
жалпылама қайталауды меңгеруді толықтырады.
Өз бетімен жұмыс үшін дидактикалық материалдың үш нұсқасы 
іріктеледі.
І. Нұсқа міндетті білім деңгейіне сəйкес келеді.
ІІ.  Нұсқа  оқулықтан  есептер  мен  жаттығулар  қосымша 
ұсынылады.
ІІІ.  Нұсқа  көмекші  оқу-əдістемелік  əдебиеттерден  алынған 
тапсырмалардан тұрады.
Қандай  деңгейдегі  тапсырманы  таңдау  оқушылардың    өз 
еріктеріне беріледі. Сөйтіп, барлық оқушылар үшін білімнің базалық 
минимумы  қамтамасыз  етіліп,  сонымен  қатар  əр  жеке  тұлғаның 
шығармашылық қабілетінің дамуына кең жол ашады.
Білімді тексеру кезінде саралау тереңдеп, кеңейіп, əр оқушының 
жеке табысқа жетуін есепке алуға ауысады.
Іскерлік ойынның жүргізілу технологиясы
Дайындық кезеңі.
1. Ойынды дайындау.
- сценарийін дайындау;
- жоспар құру;


72
73
- жалпы сипаттау;
- мазмұнын меңгеру;
- материалмен қамтамасыз ету.
2. Ойынға кіріспе:
- проблемалық мақсат қою;
- шарттарын білу;
- топ құру;
- рөлдерді бөлісу;
- регламент белгілеу;
- жалпы түсінік беру;
- тиісті консультация беру.
Ойынды жүргізу кезеңі.
1. Топтық жұмыс:
- əдебиеттермен жұмыс;
- тренинг;
- ойлану;
- ойыншылармен жұмыс.
2. Топ аралық жұмыс, пікірталас:
- топтардың жұмыстарын баяндауы;
- нəтижені қорғау;
- пікірталас туғызу.
Талдау жəне қорытындылау кезеңі.
-  ойынға қорытынды жасау;
-  талдау, рефлексия;
-  баға жəне өзіндік баға;
-  қорытындылау, жинақтау;
-  ұсыныстар беру.
С. Н. Лысенкованың технологиясы
Тірек сигналдарын пайдалана отырып перспективалық-
жеделдете оқыту
Мақсаты:  білім,  білік  дағдыны  қалыптастыру,  стандартқа 
бағыттау. Оқушылардың барлығын табысты оқыту.
Ерекшелігі:
1. 
педагогикалық ынтымақтастық;
2. 
тұлғалық қарым-қатынас;
3. 
оқу материалдарының мазмұнының жүйелілігі;
4. 
материалдардың сабақтастығы;
5. 
саралау, тапсырманың əр оқушыға жеткізілуі;
6. 
білетін оқушы арқылы білмейтін оқушыны оқыту;
7. 
түсінбегенді қайта түсіндіру, қателесуден қорықпау.
Əдістемелік ерекшелігі:
-  үйге  тапсырма  жаңа  материалдар  бойынша  тек  əркімнің 
өзіндік жұмыс орындау үшін тиімділігіне қарай беріледі;
-  ережелерді түсінбей жаттауға оқушыларды дағдыландырмау;
-  ата-аналардың өзара əрекет жасауы;
-  оқу жылдарының аралық байланысы;
-  мұғалімге  оқушыны  үйретуге,  ал  оқушының  үйренуіне 
мүмкіндік берілуі.
Тəрбиелік мəні:
-  мейірімділік;
-  өзара көмек;
-  ұйымшылдық;
-  табысқа жетуге ұмтылу; 
-  толық дербестілік.
Модульдік оқыту технологиясы
Модульдік  оқыту – білім  мазмұны,  білімді  игеру  қарқыны,  өз 
бетінше  жұмыс  істей  алу  мүмкіндігі,  оқудың  əдісі  мен  тəсілдері 
бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Модульдік  технология  дамыта  оқыту  идеясына  негізделген 
оның мақсаты – оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін 
дамыту,  оқу  материалын  өңдеудің  жекелеген  тəсілдері  арқылы 
жұмыс істеуге үйрету.
Бұл  технологияның  ерекшелігі – тұлғаның  танымдық  үдерісін 
дамытуға бағытталған.
Модульдің көптеген анықтамалары бар:
-  модуль – біліктілік  мінездемесінің  талаптарына  жауап 
беріп,  мамандық  бойынша  оқу  пəндерінің  жиынтығын  ұсынатын 
мемлекеттік білім беру стандарт бірлігінің үлесі;
-  модуль – пəнаралық  əдістемелік  ұйымдастыру  құрылымы 
болып, əр түрлі оқу пəндерінің тақырыптық жиынтығы ретінде бір 
мамандықты  меңгеруді  жəне  оқу  үдерісіне  пəнаралық  қатынасты 
қамтамасыз етеді;
-  модуль – бір  ғана  оқу  пəнінің  шеңберіндегі  ұйымдастыру 
əдістемелік құрылымының бірлігі.


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау