58
59
технологии, инновационные школы. – Ярославль: Изд-во ИПК
ПиРРО, 1997.
6. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. –
М.: Народное образование, 1998.
7. Хуторской А. В. Эвристическое обучение: Теория, мето-
дология, практика. – М., 1998.
8. Чупрасова В. И. Современные технологии в образовании. –
Владивосток, 2000.
9. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технология-
лары. – Бастауыш мектеп. – №3, 1999.
10. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен
оқыту құралдары. – Алматы, 2007.
11. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология
негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
12. Беспалько В. П., Беспалько JI. B. Педагогическая техноло-
гия: Новые методы и средства обучения // Политехнический музей.
– 1989.
5. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТҮРЛЕРІ
Жоспар:
5.1. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың
пайдалану қызметі бойынша топтастырылуы.
5.2. Білім беру жүйесінде қолданылатын қазіргі заманғы
педагогикалық технологиялардың негізгі ұстанымдары.
5.1. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың
пайдалану қызметі бойынша топтастырылуы:
І. Педагогикалық үдерісте жеке тұлғаның бағыты негізінде
педагогикалық технология.
Педагогикалық қарым-қатынас технологиясы.
Алтынсариннің педагогикалық технологиясы.
Амоношвилидің ізгілік технологиясы.
Ильиннің жүйесі.
ІІ. Оқушының іс-əрекетіндегі белсенділікті арттыру негізіндегі
педагогикалық технология.
Ойын технологиясы.
Проблемалық оқыту технологиясы.
Жан-жақты коммуникативті оқыту технологисы.
Оқыту материалдарын тірек сызбалар, тірек конспектілері
жəне модельдеу арқылы қарқындатып оқыту технологиясы (Шатта-
лов).
ІІІ. Оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру жəне басқару негізіндегі
педагогикалық технология.
Миға тұтқиылдан шабуыл жасау технологиясы.
Перспективті жылдамдата оқыту технологиясы (Лысенкова).
Деңгейлеп оқыту технологиясы (Қараев).
Деңгейлеп дифференциялау технологиясы.
Міндетті нəтиже негізінде деңгейлі-дифференциялап оқыту
технологиясы (Фарсов).
Бала қызығушылығы арқылы дифференциялап оқудың
тəрбиелік технологиясы (Закатова).
Жекелей оқыту технологисы (Инге Унг жəне Шадриков).
Бағдарламалық оқыту технологисы.
60
61
Ұжымдық оқыту технологиясы (Дяченко, Ривин).
Топтық оқыту технологиясы.
Компьютерлік оқыту технологиясы.
ІV. Дидактикалық білім көтеру жəне материалды педагогикалық
технологиялар.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру (Эрдниев).
Ақыл-ой іс-əрекетін сатылай қалыптастыру теориясын игеру
технологиясы (Валович).
V. Жеке пəндік педагогикалық технологиялар.
Сауаттылыққа ерте жəне дамыта оқыту технологиясы
(Зайцев).
Сатылай талдап оқыту технологиясы (Оразақынова).
Бастауыш мектептің жалпы оқу білігін жетілдіру
технологиясы (Зайцев).
Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы.
Математикалық есептер шешу негізіндегі педагогикалық
технология (Касаткин).
Сабақтың тиімді жүйелік негізіндегі педагогикалық
технология (Оқунев).
Жанпейісованың модульдық оқыту технологисы.
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту
технологиясы.
VІ. Альтернативті педагогикалық технология
Вольдорф педагогикасы (Штэйнер).
Еркін еңбек технологиясы (Ферт).
Ықтималдық білім технологиясы (Лобок).
VІІ. Табиғи байқағыштық технологиялар.
Табиғи байқағыштық арқылы сауаттылыққа тəрбиелеу.
Өзіндік дамыту технологиясы (Монтессори).
VІІІ. Дамыта оқыту технологиялары.
Дамыта оқыту жүйесі.
Жеке тұлға бағытындағы дамыта оқыту жүйесі (Якиман-
ская).
Дамыта оқыту технологиясы (Давыдов, Эльконин).
Өзіндік дамыта оқыту технологиясы (Семеко).
ІΧ. Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары.
«Жүректен жүрекке»
5.2. Білім беру жүйесінде қолданылатын қазіргі заманғы
педагогикалық технологиялардың негізгі ұстанымдары
Ғылыми-педагогикалық зерттеулерге жасалынған талдау жаңа
педагогикалық технологиялардың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге
мүмкіндік берді.
Енді солардың ішінен жоғары оқу орындарының оқу үдерісінде
қолдануға ұсынылатын бірқатарына тоқталайық.
Бүгінгі таңда республикадағы жəне аймақтағы экономикалық
нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында еліміздің
əлеуметтік-экономикалық дамуы қоғам өмірінің барлық саласында,
оның ішінде мектепте оқыту мазмұны мен оқытудың қазіргі
технологияларын жетілдіру өзекті мəселелердің бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (1999)
білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының
бірі – жеке адамды қалыптастыруға бағытталған рөлі жəне педагог
қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында
көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамта-
масыз етуге, олардың жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы
үшін жағдай жасау қажеттігі қарастырылған.
Дəстүрлі оқыту технологиясының білімді мемлекеттік стандарт
деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы
оқушылардың білім жетістіктерінің нəтижелерінен көрініс табуда.
Осыған орай, оқу-тəрбие үдерісін жетілдірудің қазіргі
технологияларын жетілдіріп, мектепте сабақ беруде қолдану арқылы
білім сапасын жақсартуға болатындығына басым бағыт берілуде.
Қазіргі кезде мектептің оқу-тəрбие үдерісінде 50-ден астам
педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мəлім. Бұл
технологиялардың бəрін бір сабақта қамту мүмкін емес.
Сондықтан, мектептегі əрбір пəнді оқыту технологиясын таңдап,
іріктеу жəне оны іс-əрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының
білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының əрекеті
технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі
тиіс.
Бастауыш сатыда «Математика» пəні бойынша оқушылардың
оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тəсілдері ретінде деңгейлік
тапсырмалар жүйесін дайындауға болады.
Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке
Достарыңызбен бөлісу: |