Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет16/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   87

62
63
танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тəсілі ретінде қарастырылуы 
тиіс.  Тапсырмаларды  білімді  қабылдауға  бағдарланған  іс-əрекеттік 
модель ретінде қарастыруға болады.
Оқытудан  күтілетін  нəтижелер  тізбесін  негізге  ала  отырып, 
əртүрлі  деңгейдегі  тапсырма  түрлерін  ауызша  тексеру,  жазбаша 
тексеру,  тапсырма  беру,  жауапты  талдау  тапсырмалары,  бір  ғана 
дұрыс  жауабы  бар  тапсырмалар,  ашық  жəне  еркін  жауабы  бар 
тапсырмалар,  түрлі  практикалық  сипаттағы  тапсырмалар  түрінде 
қарастыруға болады.
Тапсырмалардың  мұндай  түрлері  оқушының  іс-əрекеттік – 
компетенттік тəсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі 
білім алуға тəрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді.
Əртүрлі  əдістерді  қолдану  жəне  оқушылар  бірін-бірі  тексеру 
арқылы  есептің  дұрыстығына  көз  жеткізулеріне  болады,  дамыта 
оқыту технологиясы (Л. С. Выготский, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, 
В.  В.  Давыдов)  дамыта  оқыту  жүйесі  жеке  тұлғаны  жеделдете 
қарқынды,  барлық  сапалармен  сəйкестікте  жан-жақты  дамытуға 
бағытталған,  оқытудың  модульдік  технологиясы  (В.  М.  Монахов) 
оқу үдерісін мақсатты жобалап, құруға болады. 
Оқытудың  компьютерлік  технологиясы  компьютермен  жұмыс 
істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс 
істеу,  жекелеп  көмек  көрсету,  проблемалық  оқыту  технологиясы, 
тірек  сигналдары  арқылы  оқыту  технологиясы  (В.  Ф.  Шаталов) 
теория  жəне  практиканы  блок  түрінде  топтау,  тірек-схема,  тірек-
конспект  түрінде  берілген  теориялық,  материалдарды  сыныпта 
меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып, оза 
оқыту (С. Н. Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын 
ала оқыту, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бірнеше деңгейде 
тапсырма беру жəне т.б.
Республикадағы  ауыл  мектептерінің  оқу-тəрбие  үдерісінде 
деңгейлеп  оқыту  технологиясы  (Ж.  Д.  Қараев)  жүйелік  негізде 
оқыту  технологиясы  (Г.  Г.  Ғалиев),  шоғырландырып-қарқынды 
оқыту технологиясы (Қ. А. Əбдіғəлиев, Н. Н. Нурахметов), блоктық-
модульдық  технологиясы  (М.  Н.  Жанпеисова)  қолдау  табуда. 
Ғалымдардың пікірінше шағын комплектілі мектептер жағдайында 
оқу-тəрбие  үдерісін  ұйымдастыруда  жүйелік  негізде  оқыту  мен 
шоғырландырып  оқыту  технологияларының  оқыту  сапасын 
арттыруда дидактикалық мүмкіндіктері мол.
Оқу-тəрбие  үдерісінде  қолданып,  айтарлықтай  нəтиже  беріп 
жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: Лысенкованың 
алдын  ала  оқыту,  Хазанскиннің  есептер  шығару,  Палтышевтың 
физиканы  есептеп  шығару,  Шаталовтың  интенсивті  оқыту  (тірек 
сигналдарын  пайдалану  арқылы),  Эрдниевтің  мəселелік  оқыту 
оқытудың белсенді əдісі, т.т.
Ал,  соңғы  жылдары  оқытудың  модульдік  технологиясымен 
Дьяченконың  оқытудың  ұжымдық  тəсілі,  сондай-ақ  про-
фессор  Қараевтің  оқытуды  дифференциялау  жəне  білім  беру 
демократияландыру  мен  ізгілендіру  ұстанымдарына  негізделген 
жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген 
мектептерінде қолданылып жүр.
Мəселен,  Л.  Б.  Эльконин,  В.  В.  Давыдовтың  бірлесе  жасаған 
«Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты əрі мынадай 
ұстанымдардан құралады:
Жоғарғы деңгейдегі қиындыққа оқыту
Теориялық білімнің жетекші рөлі
Оқу материалын жеделдете оқыту 
Оқу үдерісін оқушының сезінуі
Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу 
  Л.  В.  Занковтың  оқыту  жүйесінде  оқушы  өзін  емін-еркін 
сезінеді,  оның  əлеуметтік  мүмкіндігі  мен  дербестігінің  дамуына 
жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы 
жаңаша 
қарым-қатынастың 
іргетасы 
қаланады. 
Мұғалім 
түсіндіруші,  оқытушы  тұрғысында  емес,  оқушының  оқу  əрекетін 
ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
Д.  Б.  Эльконин  мен  В.  В.  Давыдовтың  зерттеулері  оқу  əрекеті 
жəне оның субъектісін қалыптастыруға бағытталады.
Осыған  орай,  соңғы  кезде  оқытудың  əр  түрлі  педагогикалық 
технологиялары  жасальнып,  мектеп  өміріне  енгізілуде.  Олар: 
С. Н. Лысенкованың алдын ала оқыту, Шаталовтың интенсивті оқыту 
(тірек  сигналдарын  пайдалану  арқылы),  Эрдниевтің  ірі  блоктан 
оқыту, мəселелік оқытудың белсенді əдісі, т.б.
Ал  соңғы  жылдары  оқытудың  модульдік  технологиясымен 
В. М. Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тəсілі сондай-
ақ, профессор Ж. Қараевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру 
ұстанымдарына  негізделген  жаңа  педагогикалық  компьютерлік 
технологиясын еліміздің көптеген мектептерінде қолданып жүр.


64
65
Мектептерде  жүргізіліп  жатқан  қазіргі  тəжірибелік-сынақ 
жұмыстарының  басты  міндеті  жаңаша  оқытудың  педагогикалық 
технологиясын оқыту үдерісіне енгізу болып табылады.
Д.  Б.  Эльконин  мен  В.  В.  Давыдовтың  зерттеулері  оқу  əрекеті  
жəне оның субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылы-
мы төмендегідей: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу 
амалдары, оқу операциялары.
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияның  мақсаты 
бойынша  «оқытуды  ізгілендіру»  қажет.  Бұл  үшін  оқу  құралдары 
оқушының өздігінен танымдық іс-əрекетін жүргізе алатындай болуы 
керек.
Əрбір  педагогикалық  технология  жеке  тұлғаның  өзін-өзі 
дамытуға, оның өзіндік жəне шығармашылық қабілетін арттыруға, 
қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға жəне өзін-өзі 
дамытуда  қолайлы  жағдай  жасауға  қажетті  объективті  əдістемелік 
мүмкіндіктерін қамтиды.
Қазіргі  кезеңде  қолданылып  жүрген  жаңа  педагогикалық 
технологияның  негізіне  жататындар – əрбір  оқушының  жеке 
жəне  дара  ерекшеліктерін  ескеру;  оқушылардың  қабілеттері  мен 
шығармашылығын арттыру; оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, 
іздену дағдыларын қалыптастыру.
Жаңа педагогикалық технология: ынтымақтастық педагогикасы, 
білім  беруді  ізгілендіру  технологиясы,  проблемалы  оқыту 
технологиясы,  тірек  сигналдары  арқылы  оқыту  технологиясы, 
түсіндіру,  басқарып  оқыту  технологиясы,  деңгейлік  саралап  оқыту 
технологиясы,  міндетті  нəтижеге  негізделген  деңгейлеп  саралап 
оқыту технологиясы, модельдік оқыту технологиясы, жобалап оқыту 
технологиясы.
Ынтымақтастық педагогикасы технологиясы
Мақсаты: 
талап 
ету 
педагогикасынан 
қарым-қатынас 
педагогикасына  өту.  Балаға  ізгілік  тұрғысынан  қарау.  Оқыту  мен 
тəрбиенің бірлікте бірлігін қалыптастыру.
Ерекшелігі:
1.  мұғалім де, оқушы да субъект болады;
2.  басымдылық көрсетілмейді;
3.  бірлік одақта қызмет етеді;
4.  мектеп ұжымы арасында өзара ынтымақтастық орнайды;
5.  балаға жеке ізгілік қарым-қатынас тұрғысынан қарау;
6.  қоршаған орта педагогикаланады.
Білім беруді  ізгілендіру технологиясы  
(Ш. А. Амонашвили бойынша)
Білім  беруді  ізгілендіру  технологиясының  негізін  қалаған 
Ш. А. Амонашвили.
Мақсаты:  баланың  жеке  қасиетін  аша  отырып,  азамат  етіп 
тəрбиелеу. Баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық 
күшін  қалыптастыру  жəне  дамыту,  білімін  кеңейтуге,  тереңдетуге 
жағдай жасау. 
Ерекшеліктері:
1.  ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады;
2.  бала психикасы дамуға, есеюге жəне еркіндікке құштарлы-
ғын қалыптастыру;
3.  əсемдікті, əдемілікті сезіну, қабылдау;
4.  рухани жетілдіру;
5.  ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау;
6.  ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу;
7.  оқыту мен тəрбиелеудің бірлігі.
Проблемалық оқыту технологиясы
  Проблемалық  оқыту  технологиясының  негізгі  мақсаты – 
оқушыны  өз  бетімен  ізденуге  үйрету,  олардың  танымдық  жəне 
шығармашылық икемділіктерін дамыту.
  Проблемалы  оқыту  технологиясының  ерекшелігі  де 
оқушының белсенділігін арттыру жəне оқу материалдарын баланы 
қызықтыратындай құпиясы бар мəнге жеткізу. 
  Себебі,  оқушы  материалдарды  сезім  мүшелері  арқылы 
қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру 
мақсатында меңгереді.


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау