Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



жүктеу 1,53 Mb.
Pdf просмотр
бет26/87
Дата13.11.2018
өлшемі1,53 Mb.
#19232
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   87

102
103
Ұсынылатын əдебиеттер:
1.  Кукушкин  В.  С.  Современные  педагогические  технологии. 
Начальная  школа.  Пособие  для  учителя. (Серия  «Учение  с 
увлечением») - Ростов на Дону: изд-во «Феникс», 2004.
2. Ксензова Г. Ю. Перспективные школьные технологии. – М.: 
Педагогическое общество России, 2000.
3. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий 
обучения.-М.: Педагогика, 1990 г.
4.  Чупрасова  В.И.  Современные  технологии  в  образовании. – 
Владивосток, 2000.
7.  ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚТА ҚОЛДАНУ 
ƏДІСНАМАСЫ
Жоспар:
7.1. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды оқу-тəрбие 
үдерісіне ендіру жолдары.
7.2.  Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялар  бойынша 
өткізілетін сабақтарға қойылатын негізгі талаптар.
7.3.  Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды  сабақта 
пайдалануда  мұғалім – негізгі тұлға.
7.1. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды оқу-
тəрбие үдерісіне ендіру жолдары
Жаңа  педагогикалық  технологияларды  қолданысқа  енгізуде 
оқу-тəрбие үдерісінің қолайлылық жағдайын туғызу, оның базалық 
қорын жасау – жұмыс сапасының негізі болып табылады.
Осы орайда: 
-  ең  əуелі  мектепке  керегі  білімді,  педагогика,  əдістемеден  ха-
бардар оқыта білетін мұғалім;
- оқыту ісіне керекті құралдар қолайлы һам сапалы болуы; 
-  мектепке  керегі  белгіленген  программа, - деген  ағартушы-
ғалым А. Байтұрсыновтың көрегендігінің өміршеңдігін байқамыз.
Оқу үдерісін технологиялаңдыру - білім беру жүйесінің мұғалім-
нің ғылыми-əдістемелік жəне қамтамасыз етілу жүйесі, мұғалімнің 
жеке əдістемелік жүйесі, оқу үдерісі, оқулықтар мен оқу құралдарын 
дайындау  жүйесі,  оқу  жоспарлары  мен  оқу  бағдарламаларын 
құрастыру жүйесі сияқты педагогикалық объектілерін жетілдірудің 
ғылыми негізделген, көп деңгейлі, көп кезеңді үдерісі.
Оқу  үдерісіне  жаңа  педагогикалық  технологияларды  ендіруді 
жүзеге асыруда төмендегі жайттарды ұмытпау керек:
 1. Ең  алдымен  оқу  орнының  үдерісін  технологияландыруда 
таңдап алынған мəселенің жағдайын тереңдеп зерттеу:
- бітірушілердің біліктілік сипаттамасы негізінде студенттердің 
кəсіби əрекетке дайындық деңгейіне терең талдау;


104
105
-  курстық,  дипломдық  жұмыстарына,  мемлекеттік  емтихандар 
қорытындыларына талдау жүргізу;
- бітірушілердің даярлық деңгейіне біліктілік, мөлшерлік талап-
тарды зерттеу жəне талдау;
-  оқу  орнының  нақты  мамандық  бойынша  білім  беру 
бағдарламаларына  (оқу  жоспарына,  оқу  бағдарламаларына), 
олардың  біліктілік,  мөлшерлік  талаптарға  сəйкестік  тұрғысынан 
талдау жасау:
-  квалификациялық  мінездеме  талаптарының  сабақтардың 
мазмұнында,  өндірістік  тəжірибе  жинақтаудың  барлық  түрлерінің 
мазмұнында, қорытынды мемлекеттік аттестациялау сұрақтары мен 
тапсырмаларында көрініс табуы;
-  осы  талаптардың  оқу  пəндері  мен  тəжірибе  жинақтаудың 
түрлері  арасында  бөлінуі  (кəсіби  əрекетке  даярлықты  қамтамасыз 
етуге ұжымдық жауапкершіліктің бөлінуі);
- білімгерлерді кəсіби əрекетке дайындаудың əдістемелік жəне 
оқу-материалдық қамтамасыз етілуіне талдау.
2.  Ендірілетін  технологияның  теориясы  мен  əдістемесін 
зерттеу:
-  жаңа  педагогикалық  технологиялар  бойынша  əдебиеттерді 
талдау, бұл ұсынынатын əдебиеттер бойынша ақпараттық тізімдерді 
жасауды, əдебиеттерді жинақтауды, түрлі көрмелер ұйымдастырып, 
оқытушылар  біліктілігін  арттыру  жүйесінде  (əдістемелік  сағаттар, 
озық тəжірибе мектебі, мəселелік семинардар, т.б.) талдауды қажет 
етеді;
-  басқа  оқу  орыдарының,  салалық  құрылымдардың  оқу 
үдерісіне  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды  ендіру 
тəжірибесімен  танысу  (журнал  мақалалары,  ғылыми  еңбектер 
жинақтары, басқа оқу орындарының жұмысын бақылау, т.б.);
- берілген бағыттағы өз тəжірибесін пəндік циклдік комиссиясы 
(ПЦК) мəжілістерінде талдау жəне талқылау;
-  жаңа  педагогакалық  технологияларды  оқу  үдерісіне  енгізуге 
шешім  қабылдап,  педагогикалық  ұжым  алдында  перспективаға 
мақсат-міндеттер 
қоя 
отырып, 
педагогикалық 
кеңесте 
жаңашылдықтың мəнін түсіндіріп, оны жүзеге асыру жолдарын жо-
балау;
- тəжірибелік-эксперименттік жұмыстың жоспарын құрастыру.
3. Тəжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру. 
Жаңа  педагогикалық  технологияларды  меңгеруге  оқытушы-
ларды  жалпы  ынталандырумен  қатар  оқу  орнында  тəжірибелі, 
белсенді,  бастамашыл,  ендірілетін  технологияның  мəні  мен 
мазмұнын  түсінген 8-12 оқытушылардан  тұратын  тəжірибелік-
эксперименттік топ құрған жөн.
  Оларға  барлық  оқытушыларға  қазіргі  заманғы  педагогикалық 
технологияны  меңгеруге  көмек  көрсету  қызметі,  өз  тəжірибесін 
демонстрациялау  жəне  талдау  жасау,  нəтижелерін  эксперименттік 
түрде тексеру міндеттері жүктеледі. 
Сонымен бірге оларға оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын 
қайта жасау, толықтырулар енгізуді қамтитын оқытушылардың қазіргі 
заманғы  педагогикалық  технологияның  ғылыми-əдістемеліктің 
қамтамасыз етілуіне көмектесу міндеті де қойылады.
Тəжірибенің  мақсаты – қолданылып  отырған  технологияның 
тиімділігін    мұқият  тексеріп,  оны  жүзеге  асырудың  ғылыми-
əдістемелік  базасын  жасап,  өз  тəжірибесіне  жəне  оқыту 
технологиясының 
теориялық 
негіздеріне 
сүйене 
отырып, 
инновацияны насихаттаудың негіздемесін дайындау. 
Оқытушылардың  эксперименттік  тобы  қазіргі  заманғы 
педагогикалық    технологияны  ендірудің  жалпы  жоспарына  сай 
келетін өз жоспарларымен жұмыс жасайды. Тəжірибе-эксперимент-
тік  жұмыстың  екінші  жылында  оған  қатысушы  оқытушылардың 
шеңбері  кеңейіп,  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды 
жаппай ендіру мəселесі қойылуы мүмкін.
4.  Жаңа  педагогикалық  технологияға  негізделген  оқу 
бағдарламалық базаны қамтамсыз ету. 
Нақты  бір  мамандықтар  бойынша  біліктілік  сипаттамасының 
талаптарына  жасалған  талдау  негізінде  оқу  бағдарламаларына 
түзетулер,  толықтырулар  енгізу  (теориялық  жəне  практикалық 
сабақтардың  арақатынасын  қайта  қарау,  мекеме  тандау  пəні, 
студенттің  таңдау  пəндері  есебінен  əрекетті-бағдарлы  пəндер 
көлемін арттыру).
5. 
Жаңа 
педагогикалық 
технологияларды 
ендірудің 
материалдық-техникалық базасын құру.
Жаңа  педагогикалық  технологиялардың  қолдану  тиімділігін 
арттыруда  осы  көрсетілген  бағыттардың  құрылымдық  мазмұнын 
іске асыру, сапалы жүргізу нəтижелікке бағдарланған жұмыс болып 
табылады.


жүктеу 1,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   87




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау