Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет93/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   141

306

темірқазықпен, жергілікті заттардың белгілерімен, тұсбағдардың,    

сағаттың көмегімен анықтайды.                                                                                

Солтүстік жартышарда декретті уақыт бойынша жазда күн 

таңғы сағат 7ºº-де шамамен шығыста, 13ºº оңтүстікте, 19ºº ба-

тыста тұрады [8.7-сурет].

8.7 сурет. Көкжиектің тұстарын күндіз сағаттың көмегімен анықтау

Орта жəне жоғары ендіктерде 1 сағатта күн азимут бойынша 

15° қозғалады, бақылаған кездегі жəне тал түстегі уақыт айырма-

сына қарай күннің оңтүстікпен қилысқан бұрышын есептеу ар-

қы лы көкжиектің бағытын анықтайды. Күн арқылы сағаттың 

кө    ме  гі мен  көкжиектің  бағытын  біршама  нақты  анықтауға 

бо    ла   ды.

Көкжиектің тұстарын анықтау үшін сағатты көлденең түзу 

жағдайға келтіріп қысқа тілін күнге бұрып, үстіне ши қою арқылы 

сағат тілінің шеңберін тең екіге бөлетін түзу сызық жүргіземіз. 

Содан соң аталған түзуді ортасынан тең екіге бөлеміз. 

Сағаттың күнге қараған қысқа тілінен түзу жүргізілген 

сызықтықты екіге бөлу нəтижесінде түзілген бұрыштың бис-

сектрисасы əрқашан шамамен оңтүстікті көрсетеді. Демек 

оңтүстікке қарсы бұрыш солтүстік болып табылады. Сағат 13

00

 



де күн оңтүстікте тұратындықтан сағаттың қысқа тіліне қарсы 

бұрышты солтүстік деп есептеу қажет.

Түске дейін оңтүстікті көрсететін бағытқа қарама-қарсы 

бағыт солтүстік деп есептелінсе, түстен кейін оны қарама-қарсы 

бағытта анықтау қажет.



307

Аспан денелерінің көмегімен бағдарлау. Поляр жұлдызы 

темірқазық əрқашан солтүстікті көрсетеді. Бұлтсыз ашық түнде 

үлкен аю шоқжұлдызын (жетіқарақшыны) жылдам тауып алуға 

болады. Жетіқарақшының шөмішінің басының соңғы екі жұл-

дызынан ойша түзу сызық жүргізіп оны теңдей бес бөлікке бөліп, 

бесінші бөліктің соңы поляр кіші аю жұлдыздың шөмішінің 

сабындағы соңғы жұлдызы темірқазыққа тіреледі.

Темірқазықтың бағыты географиялық (геодезиялық) меридиа-

наға сəйкес келетіндіктен, оны солтүстіктің бағытын ғана емес, 

тұрған нүктедегі магниттік ауытқу бұрышын анықтауда да қол-

дану ға болады [8.8-сурет]. 

8.8 сурет. түнде жұлдызды 

аспаннан поляр жұлдызы 

темірқазықты табу



8.9 сурет. Айдың жартысы көрінгенде ай 

толық туған кездегіге сəйкес көкжиектің 

бағыттарын анықтау

Толық туған ай  əрқашан күнге қарама-қарсы   орналасатын-

дықтан ол түнгі сағат  12

00  


де   онтүстікте,  таңғы  7

00 


де  бастыс-

та, 19

00

 де шығыста орналасады. Түнде айдың көмегімен сағат 



ар  қылы көкжиектің бағыттарын біршама нақты анықтауға болады.

Ай толық тумаған кезде көкжиектің бағыттарын төмендегі 

əдіспен анықтайды. Ол үшін алдымен бағытты анықтайтын 

уақытта толық айдың тұратын орнын анықтап алады (шама-

мен), содан соң ай  толық  туғандағыдай көкжиектің бағыттарын 

анықтайды.

Мысалы: аспаннан айдың сол жақ  жартысы  көрінсе, 

 

көрінбейтін  жағына 90º



 

бұрыш жасап бұрамыз. Егер айдың 

дискісінің жартысы көрініп тұрса, 90° (аз немесе көп) бұрыш жа-

сай бұрамыз. Егер əрең, көрініп тұрса көрінбейтін жағына 180º  

бұрыламыз [12.11-сурет]. 



308

Жергілік жердегі заттардың белгілеріне қарап бағытты  

анықтау.  Егер тұсбағдар болмай аспандағы жарық денелер 

(күн, жұлдыз) көрінбесе, көкжиек тұстарын жергілікті жердегі 

заттардың төмендегі белгілеріне қарап анықтайды:   

– ағаштардың сабағының солтүстігінде мүктер мен қыналар 

жабысады; 

– егер мүк пен қыналар ағаш сабағында толық өссе онда көп 

əрі жиі өскен жағы солтүстік болып саналады;

– ағаштардың əсіресе аққайыңның қабығы сабағының солтүс-

тігінде, оңтүстігіне қарағанда күңгірт əрі бұжыр болады;

– көктемде орман алқаптарының солтүстік шеті мен же-

келеген ағаштар мен ірі тастардың оңтүстік шетінде шөптесін 

өсімдіктер көп, əрі жиі өседі;

– орыс шіркеулерінің кресінің төменгі, көлбеу қағылған 

ағашының (темір т.б.) көтеріңкі бөлігі əрқашан солтүстікті 

көрсетеді;

– ормандағы құмырсқаның илеуі əрқашан ағаштардың оңтүс-

тік шетінде орналасады, илеудің оңтүстік жағы солтүстігіне 

қарағанда көлбеу болады;

– ағаштардың бұтағы солтүстігіне қарағанда, оңтүстігінде 

көп, əрі жиі болады.

– таудың солтүстік беткейіне қарағанда оңтүстік беткейінде 

қар тез ериді;

– кесілген ағаштың жылдық сақинасының оңтүстік жағы си-

рек, солтүстік жағы жиі болады.

– орман алқаптарының шаршыларын санмен белгілеу баты-

стан    шығысқа жүргізіледі.



Көкжиектің бағыттарын тұсбағдардың көмегімен 

анықтау.Магниттік меридианның бағытын анықтауға көбінесе 

тұсбағдар қолданады. Ең тиімдісі ішіне сұйықтық құйылған 

Адриановтың тұсбағдары. Ол ортасындағы үшкір өткір ине-

ге магнитті  бағдар (3)  бекітілген сыртқы қораптан (1) тұрады. 

Жұмыс жағдайында оның солтүстік бағдары əрқашан солтүстік 

магниттік полюсті, оңтүстігі оңтүстік магниттік полюсті 

көрсетеді. Жұмыс істемей тұрған жағдайда магнитті бағдар 

тежегішпен бекітіледі (6). 




309

Тұсбағдар корабының ішінде 120 бөлікке бөлігін шеңберлі 

шкала орналасқан, бір бөлігі 

3° тең немесе 5º ұсақ бөлікке 

бөлінген бұрыш өлшегіш сан-

дардан тұрады. Шкала екі 

жақты сандармен белгіленген, 

ішкі сандар сағат тіліне 

бағыттас 0º-360° аралығында 

15° кейін (5 шкаладан соң) 

жүргізілген. Шкаланын 

сыртқы сандары сағат тіліне 

қарсы бағытта əр 5 шкаланың 

бұрыш өлшегіш бөліктерге 

бөлініп жүргізілген [8.10-су-

рет].


Жергілікті жердегі тірек 

нүктесі ретінде алынған 

заттарға нысаналап, олардың азимутын анықтау үшін 

тұсбағдардың қорабын 

да ай 

налмалы нысаналық құралмен 



орнатылған  (4),  есептеуді  көр   сет кіш  ортанылады.

Түнде көруге қолайлы болу үшін магниттік бағдар көрсет-

кіштің солтүстік бұрышы мен сандық шкаланың əрбір 90º түнде 

жа рық шығаратын күнгірт бояумен белгіленген.

АК Артериялық тұсбағдары 

қораптан (1) жəне оған орналас-

тырылған бұрыш өлшегіш шкала-

дан (3 ) лимбтен (2) тұрады. Бұр-

ыш өлшегіш 60 бөлікке бөлінген, 

бір бөлігі теңдей 100 бөлікке 

бөлін ген шкаланың бөліктерінің 

саны сағат тіліне бағыттас 0°-360° 

дейін артады.

Тұсбағдардың қорабында 

қозғалмайтын нысаналағыш те-

тік  ор натыл ған,  қорапты  қозғай 

оты 

рып, магниттік бағдардың 



8.11 сурет.  Тұсбағдарының 

сыртқы көрнісі



8.10 сурет.  Адрианов   

тұсбағдарының   құрылысы   

1-қорабы;   2-шкала; 3-магниттік 

бағдар; 4-нысаналау құралы;  

5-бұрыш  өлшегіш;  6-тежегіш.



жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау