Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет92/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   141

302

8.5-сурет. Картадан азимут пен дирекциондық бұрышты өлшегендегі 

транспортирдің жағдайы

Бастапқы нүктеге қатысты алғанда белгілі бір нүктенің ази-

мутын анықтайтын сызық тұрғызу үшін бастапқы нүкте арқылы 

нағыз немесе магниттік меридиан сызығын жүргізу қажет. 

Бастапқы нүктедегі нағыз немесе магниттік меридианның 

абсцис саға (тік координаттық сызыққа) қатысты орнын картаның 

оңтүстік бұрыштамасы астында берілетін меридиандарды 

жақын  дату жəне магниттік ауытқу бұрышының сызбасы арқылы 

анықтай 


ды.  Содан кейін 4.5-суреттегі орналастыру жағдайын 

еске ре отырып, бастапқы нүктеге қатысты  алғандағы белгілі бір 

нүкте нің азимуттық өлшемін  транспортирдің шкаласынан тау-

ып, екі нүктені қосатын сызық жүргізеді.  



8.6-сурет. Картадан транспортирдің көмегімен румты өлшеу


303

Румбты есептеу азимут пен дирекциондық бұрышты өлшеу 

əдісіне ұқсас болғанымен, 4.6-суретте көрсетілген транспортирді 

орналастырудың төрт жағдайының біріне сйкес жүргізіледі. 

Солтүстік-шығыс румбтың бағытын табу үшін транспор-

тир шкаласының нөлдік көрсеткішін меридианның солтүстік 

бағытымен сəйкестендіріп орналастырамыз. Шкаладан саналған  

градус румбтың өлшемін көрсетеді [8.6-сурет (І)]. Оңтүстік-батыс 

румбтың бағытын табу үшін транспортирдің нөлдік көрсеткішін 

меридианның оңтүстік бағытымен сəйкестендіріп, шкала 

өлшемінен  жоғарыда аталған бағыттың румбының көрсеткішін 

анықтайды [8.6-сурет (ІІ)].

Оңтүстік-шығыс румбтың бағытын табу үшін транспортирдің 

нөлдік көрсеткішін берілген сызықтың бағытымен сəйкестендіріп 

орналастырамыз. Оңтүстік бағыттағы  шкала өлшемі жоғарыда 

аталған бағыттың румбының көрсеткіші болып табылады. 

[8.6-сурет (ІІІ)].

Оңтүстік-батыс румбтың бағытын табу үшін транспортирдің 

нөлдік көрсеткішін берілген сызықтың бағытымен сəйкестендіріп 

орналастырамыз. Солтүстік бағыттағы  шкала өлшемі жоғарыда 

аталған бағыттың румбының көрсеткіші болып табылады. 

[8.6-сурет (ІV)].



8.2. Жергілікті жерде картасыз бағдарлау

Бағдарлаудың мəні, түрлері мен əдістері. Жергілікті жер-

де көкжиектік тұстарына жəне жергілікті жердегі заттарға, жер 

бедерінің құрамдас бөліктеріне қатысты орнын анықтай отырып 

жүретін жолының бағытын  таба білуді бағдарлау дейміз. Жыл-

дам əрі дұрыс нақты бағдарлау жақсы бағдарлық заттардың бо-

луына, жұмыс істеу жағдайына (ауа-райы, тəуліктің уақытына), 

картаның сапасына, адамдардың іс тəжірибесіне, орындалатын 

тапсырмаға байланысты.

Жергілікті  жерде  бағдарлаудың құрамына өзің  тұрған 

жердегі көкжиектің тұстары мен сол жердегі ерекшеленетін 

заттарға қатысты орнын анықтау таңдаған бағытпен жүрудің 

сақталуы, жергілікті жердегі бағдарлық заттардың жағдайы 

кіреді. Бағдарлау нақты жəне жалпы болып екіге бөлінеді. 



304

Жалпы бағдарлауға баратын соңғы нүктеге жету үшін өзің 

тұрған орынды, қозғаластың бағыт пен уақытты шамамен 

анықтау, оны сақтау жатады. Жалпы бағдарлау карта болмай тек 

қана баратын соңғы нүктеге дейінгі сызба-нұсқа ғана болғанда 

қолданылады.

Нақты бағдарлауға өзің тұрған орыны мен жүретін бағытты 

нақты анықтау жатады. Ол  азимутпен қозғалу, баратын жолды 

картаға түсіру кезінде қолданылады. Орындалатын тапсырманың 

сипатына   қарай бағдарлау топографиялық картаның жəне 



тұсбағдардың  көмегімен жүргізіледі. Нашар көрінетін ауа 

райының күрделі жағдайында топографиялық карта мен 

навигациялық құралдарды қолданып қозғалады. Бағдарлауға 

қолайлы заттар аз жерлерде жəне түнде қозғалатын бағытты ази-



мут арқылы анықтайды.

Біршама өзгеріске ұшыраған жерлер мен ірі елдімекендерде 

аэрофотосуретті пайдаланып қозғалған тиімді. Түнде тұсбағдар 

болмаған жағдайда аспан денелеріне қарап бағдарлау əдістері сол 

кезеңдегі жағдаймен орындалатын тапсырманың сипатына қарай 

таңдалады. 

Жергілікті заттар мен жер бедерінің пішініне қарап өзің 

тұрған  орынмен қозғалатын бағытты анықтауды бағдар дейміз. 

Олар пішінімен, түсімен ерекшеленіп, өзінтұрған жерді көзбен 

шалып өткенде жеңіл əрі тез табылады. Бағдарлар аудандық, 



сызықтық, нүктелік болып үшке бөлінеді. Аудандық бағдарларға 

елдімекендер жеке орман алқаптары ірі көлдер мен тоғайлар, 

батпақтар мен басқа да ірі ауданды алып жатқан нысандар кіреді. 

Сызықтық бағдарларға ені қысқа əрі ұзын қашықтыққа созылып 

жатқан жер бедерінің пішіні мен жергілікті заттар, жолдар, канал-

дар, электр желілері, жыралар мен жылғалар т.б. жатады. Олар 

көбінесе қозғалатын бағытты сақтау үшін қолданылады.

Нүктелік бағдарларға зауыт фабрикалардың мұражалары, 

мұнара текті құрылыстар, жол қилыстары, таулардың шыңдары 

шұңқырлар сияқты алып жатқан ауданы шағын заттар жата-

ды. Нүктелік бағдарлар өзің тұрған орынмен жүріп бара жатқан 

бағытты нақты анықтау үшін қолданылады. Бағдарды дұрыс 

таңдау бақылау жүргізуді, жергілікті жерде бағдарлауды, бағыт 

бойынша қозғалуды жеңілдетеді. Бағдар ретінде жақсы көрінетін 



305

біршама тұрақты жергілікті жердегі заттар мен жер бедерінің 

пішіні алынады (биіктік белгілері, қорғандар, мұнара текті 

құрылыстар т.б.). Нысананы жəне баратын бағытты тез табу 

үшін бағдар тереңінен жəне шетінен бір қалыпты тез таңдалады. 

Таңдап алған бағдарлар санмен белгіленіп, есте жақсы сақталу 

үшін əр қайсысына түсіне, сыртқы пішініне сəйкес шартты  ат 

қойылады. Мысалы: «төбесі үшкір» немесе «текшелі төбе», 



«күңгірт орман», «сары жыра» т.б.

Түнде көретін приборлармен бақылағанда да жергілікті 

жердегі жəне оны қоршаған заттардың түсі ажыратылып, айқын 

көрінбейді. Сонымен күндіз түрі-түсі айқын көрінетін заттар 

түнде бағдарлауға жарамайды. Бағдарлық заттар ретінде алынған 

аудандық нысандар түнде тек бұлдырлап көрінетін сыртқы пішіні 

қара-қоңыр, ақ-қара түсімен ғана нашар ажыратылады.

Жасанды түрде жарық бергенде қозғалмалы көлеңке түзіліп, 

жарық түсірілген аумақ туралы алдамшы түсінік қалыптастырады. 

Сондықтан түнде жүргенде көл немесе өзен, жол, жыра сияқты   



сызықтық бағдарларды пайдаланған қолайлы. Қыста қалың қар 

жамылғысы жергілікті жердің сыртқы көрінісін біршама өзгертеді, 

қыста бағдар ретінде қардан айқын көрініп ерекшелінетін қара 

түсті жергілікті заттарды таңдаған қолайлы. Қыста қалың жауған 

қар жер бедерін бағдар ретінде қолдануын қиындататындықтан 

көптеген сызықтық бағдарлар да қардың астында көрінбей 

қалады. 

Ауа райының тез бұзылуына байланысты қысты күні 

бағдарлаудың жағдайы тез нашарлауы мүмкін. Сондықтан 

бағдарлық заттармен қатар бағытты анықтау үшін тұсбағдарды 

қолдану қажет. Жергілікті жердің əр-түрлі жағдайына байланысты 

өзіне тəн ерекшіліктері болады. Таулы жерде бағдарлар шетінен 

немесе тереңдігінен ғана емес биіктігімен таңдалады. Далалы 

шөлді жерлерде бағдар ретінде инженерлік құрылыстар, жасан-

ды бағдарлар алынады. Егер өзің тұрған жердің белгілі бағдарға 

қатысты орнын талап етсе, онда төбесі текшелі биіктіктің шығысы 

орман алқабынан 400 м жерде тұрмын деп хабарлау қажет. 

Көкжиектің тұстарын аспан денелерінің жəне жергілікті 

жердегі заттардың көмегімен анықтау арқылы бағдарлау. 

Көкжиектің бағытын шамамен күнмен, поляр жұлдызы 

20–1171



жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау