20
Картографиялық семантика шартты белгілер мен картада
кескінделетін нысандар мен құбылыстардың арасалмағын зерт тей ді.
Картографиялық прагматика картаны оқитын оқырман-
дардың қабылдау ерекшеліктерін, коммуникация құралы ретіндегі
шартты белгілердің ақпараттық құндылығын зерттейді.
Кейде картографиялық семиотиканың құрамына картография-
лық өнімнің атқаратын қызметіне сəйкес кескіндеу мақамы мен
құралдарын таңдау факторларын анықтау мəселелерін қарас-
тыратын картографиялық стилистика бөлімі де енгізіледі.
Картаны безендіру картографиялық өнімдерді баспа жəне
компьютерлік құралдардың көмегімен көркем жəне графиктік
жобалаудың жəне олардың сызықтарын безендірудің теориясын,
əдістері мен құралдарын дайындап, оны басып шығаруға даярлау
мəселелерін оқытады.
Картографиялық өндірістің экономикасы мен ұйымдастыру –
өндірісті жоспарлау жəне оңтайлы ұйымдастыру, картографиялық
құралдар мен материалдарды, еңбек қорларын тиімді пайдалану,
еңбек өнімділігін көтеру мəселелерін оқытатын картография мен
экономикаға ортақ пəн.
Картаны басып шығару – карталарды, атластарды жəне басқа
да картографиялық өнімдерді басып шығару технологиясын жа-
сайтын техникалық пəн.
Картаны пайдалану картографиялық өнімдерді (карталар,
атластар, глобустар т.б.) мəдениет, білім беру, ғылым, өндіріс
салаларында іс жүзінде пайдаланудың теориясы мен əдістерін
жасайды. Бұл пəн картада кескінделген құбылыстарды тануды
көздейтін картографиялық зерттеу əдісіне негіз болады.
Картографиялық деректану картаны құру барысында
қолданылатын картографиялық деректерді (карталар, түсірілім-
дер, статистикалық жəне тағы да басқа деректер) жүйелеу мəселе-
ле рін қарастырып, бағалау əдістерін жасайды.
Картографиялық ақпараттану картаны жинау, сақтау,
жүйелеу жəне оларды талдау, бағалау, тұтынушыларға картогра-
фия лық өнім мен деректер туралы ақпараттарды ұсыну тарату
мəселелерін қарастырып, əдістерін жасайды.
Картографиялық топонимика географиялық атаулар мен
олар дың мағыналық маңызының картада дұрыс берілуі тұрғы-
21
сы нан алғанда оқытады. Бұл пəннің міндеті картаға түсірілген
атаулар мен терминдерді бір жүйеге келтіріп, стандарттау болып
табылады.
Картографиялық пəндер жүйесі өзгермейтін бірқалыпты
емес, ол тұрақты түрде үздіксіз дамиды. Ғылым мен техниканың
өркендеуіне сəйкес картографияның жаңа саласы пайда бола-
ды. Бір саласы қарқынды дамыса, екіншісі тежеліп тоқырауға
ұшырауы мүмкін. Мысалы, электронды есептеу техникаларының
енгізілуіне байланысты картографиялық проекциялар техниканың
көмегімен құрылып, математикалық-картографиялық үлгілеу
теориялық жəне əдістемелік тұрғыдан алғанда қарқынды дами бас-
тады. Ғаламдық позициялау жүйесінің (GPS ) қалыптасуына бай-
ланысты ғарыштық геодезия мен радиофизиканың аралығындағы
мүдделер тоғысатын математикалық картографияның жаңа
жерсеріктік позициялау бағыты пайда болды. Қорыта айтқанда,
картография тірі ағаш сияқты тамырын тереңге тартып қарқынды
дамып келе жатқан ғылым салаларының бірі болып табылады.
Картографияның жүйесіне тақырыбы жағынан бір-бірінен
айырмашылықтары бар жалпы географиялық, геологиялық,
топырақтық, экологиялық сияқты жаңа салалары дамуда.
Картаға түсіруді төменде көрсетілген əр түрлі негіздемелеріне
қарай:
- нысанына қарай - астрономиялық, жоспарлы жəне жер
бетіндегі, жерішілік – құрылықты жəне мұхитты картаға түсіру;
- əдісіне қарай жерүсті, аэроғарыштық жəне суасты;
- масштабына қарай - ірі, орта жəне ұсақ масштабты;
- жинақтау деңгейіне қарай-талдамалы, кешенді жəне синтети-
ка лық;
- автоматтандыру дəрежесіне қарай - қолмен, автомат тан ды-
рыл ған (интербелсенді), автоматты;
- жеделдігіне қарай базалық жəне жедел деп ажыратуға болады.
Картаның тілі. Шартты белгілерді пайдалану картаны аэро
жəне ғарыштық түсірілімдер, панорамалар, пейзаждар сияқты
басқа да графиктік үлгілерден ажырататын негізгі қасиеттердің
бірі болып табылады. Шартты белгілер географиялық карта-
да кескінделген қоршаған ортада жүріп жатқан үрдістер мен
құбылыстардың элементтерінің орналасқан орнын, сапалық
22
жəне сандық сипатын, динамикасын көру арқылы есте сақтауға
мүмкіндік беретін шартты түрдегі кескіні болып табылады.
Картаның тілі – картографияда шартты белгілерді, кескіндеу
əдістерін, оларды жасау ережелерін қамтитын белгілер жүйесін
картаны құру мен оларды оқу барысында пайдалану.
Картаның тілі адамзат ойлап тапқан мəдениет пен өркениет-
тің баға жетпес құнды элементтерінің бірі болып табылады.
Мəдениет пен өнердің туындысы ретінде оның өркендеуі ғылыми-
техникалық прогрестің даму деңгейімен тығыз байланы
сты.
Барлық уақытта картаның тілі кеңістіктік-уақыттық ақпаратты
сақтау мен оларды беруді қамтамасыз етумен қатар Жер туралы
ғылымдар мен оған жақын білім салаларының жалпы тілі қызме-
тін атқарды.
Картографияны автоматтандыру мен компьютерлендіруге
байланысты картаның тіліне аударылатын назар арта түсті.
Картосемиотикалық тұрғыдан алғанда карта тілінің санаттары
мен құрамдас бөліктері, оның грамматикасы мен құрылымы,
қызмет атқару тетіктері, шартты белгілерді пайдалану ережелері
зерттеледі. Іс жүзінде қолданылатын электронды карталардың
сапасын арттыруға бағытталған бұл зерттеулер жалпы семио-
тикамен, машиналық кескіндемемен, көркем дизайнмен жəне
қабылдау психологиясымен тығыз байланысты.
Зерттеулер картаның тілінде ең аз дегенде екі қабат бар екенін
көр сет ті.
Олардың біріншісі-картографиялық нысандардың орнала-
суын, олардың кеңістіктік формаларын, бағдарын, өзара ор-
наласуын, ал екіншісі-картада кескінделген құбылыстар мен
үрдістердің мазмұндық мəнін, олардың ішкі құрылымын, сандық
жəне сапалық сипатын көрсетеді. Екі тіл тармағының да грамма-
тикасын картографиялық семиотикардың ережелері айқындайды.
Бұл картаның тілін жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан
картографияның нысандық тілі.
1.3 Жердің пішіні мен өлшемі туралы түсінік
Тəжірибелік жəне теориялық мəселелерді шешуде жердің
нақты пішінін білу жердің физикалық бетін географиялық картаға
Достарыңызбен бөлісу: |