365
ғылыми негізделген жəне жоғарыда аталған міндеттерді ше-
шуге сəйкес келетін жолдардың бойында жүргізіледі. Жоғары
дəлдікке қол жеткізу үшін нивелирлік желілері теміржолдардың,
қатты төсенішті жəне тас төселген автомобиль жолдарының,
қолжетімділігі қиын жерлерде соқпақ жолдардың, қыстаулардың,
үлкен өзендердің бойын бойлай жүргізіледі. Əлеуетін күшейтіп
жаңғырту, жер қыртысының қозғалысы туралы деректер алу
жəне тік бағыттағы ығысу карталарын құру мақсатында І кла-
сты нивелирлеу желілерінің барлығында, ІІ класты нивелирлеу
желілерінің көпшілігінде əр 25 жыл сайын қайта нивелирлеу
жұмыстары жүргізіледі.
ІІ класты желілерді нивелирлеу І класты қосындарға негіз-
деледі жəне периметрі 500-600шақырым алаңдар (полигондар)
түзеді. Ал ІІІ класты нивилирлеу желілері І жəне ІІ класты
қосындардың аралығында жүргізіледі. ІІІ класты алаңдардың
(полигондардың) периметрі 150шақырым шамасында, ал қол-
же
тімділігі қиын аудандарда 300 шақырым болады.Одан əрі
жиілендіру жүріп өту ұзындығы 50 шақырым аспайтын, қосын-
дардың жиілігі топографиялық түсірулердің масштабына жəне
басқа да талаптарға байланысты болатын жиілігі ІV класты ни-
велирлеу желілерін құру арқылы жүзеге асырылады [10.2-кесте].
10.2-кесте
Мемлекеттік нивелирлеудің сипаттары
Негізгі көрсеткіштері
Нивелирлеу жұмыстарының сыныбы
1
2
3
4
нивелирлеу
полигондарының
өлшемдері
(тұйықталған
полигондардың
периметрі)
1шақырым нивелирдің
жіберетін қателіктері
Тұйықталған
жүріп өтулер
байланыспауының ең
жоғарғы шегі
жекелеген
желілер
немесе
өлшемі жоқ
полигондар
Кездейсоқ
±0,5 мм >емес
жүйелі
0,03 мм > емес
¯
500-600
шақырым
Кездейсоқ
±1 мм
>жүйелі
0,2 мм >
емес
5 мм L
шақырым
150-200
шақырым
10мм
L
шақырым
ІІІ класты
полигон
шегінде
20мм L
шақырым
366
Барлық нивелирлік қосындар жер бетіндегі бос тау жыныс-
тарындағы, жартастардағы, қабырғалардағы нивелирлік репер-
мен бекітілген. Жер бетіндегі бос тау жыныстарындағы реперлер
темірбетонды пилиондар немесе якоры бар металл түтікті бола-
ды. Белгілер əр 5-7 шақырым, қолжетімділігі қиын аудандарда 10-
15 шақырым кейін орнатылады. Сонымен қатар І жəне ІІ класты
қосындар əр 50-70 шақырым аралықта тұрақтылығы жоғары іргелі
реперлер орнатылады. Қалаларда белгілердің жиілігі біршама
жоғары болып, бірнеше жүз метрден кейін бекітіледі. Тордың сы-
ныбына сəйкес қосындардың өзара орналасу биіктігінің дəлдігі
бірнеше мм ден бірнеше см дейінгі аралықта ауытқиды.
Жиілендірілген геодезиялық торлар топографиялық түсіру
жұмыстарының түсіру негізгі қызметін атқарады. Жоспарлы
жиілеу торы мемлекеттік торларды құру əдісімен құрылғанымен
бұл жұмыстардағы тордың жақтарының ұзындығы мен өлшеу
дəлдігі біршама төмен болады. Биіктіктік жиілеу торы техни-
калық нивелирлеу қосындарын түзеді. Олардың рұқсат етілген
байланыспаудың шегінің жиынтығы 50мм · L шақырым мұндағы
L жүріп өткен жолдың ұзындығы.
Түсіру торы.Топографиялық түсіру жұмыстарының геодезия-
лық негізі болып табылады. Түсірудің масштабы мен əдістеріне,
жергілікті жердің сипатының ерекшеліктеріне сəйкес олар
əртүрлі əдіспен құрылады. Ережеге сəйкес түсіруді негіздеу
нүктелерінің жоспарлы геодезиялық тор сияқты биіктіктік коор-
динаттары анықталады. Түсіру торларының жергілікті жердегі
қосындары ағаш қазықтармен бекітіледі. Түсіру торы мемлекеттік
геодезиялық торға бекітілуі тиіс.
Биіктіктік түсіру негіздері. Биіктіктік түсіру негіздерін құр-
ғанда біршама жоғары класты нивелирлеуге немесе тұйық тал ған
алаңдарға сүйенетін тəсілдері жағынан жүріп өту лерден тұ ратын
ІV класты нивелирлеу кеңінен қолданылады. Биік тіктік тү сіру
негіздерін құрғанда нивелир мен өлшегіш тақ
тайшаның ара-
қашықтығы 150 метрден аспауы тиіс. Оған кө ру түтігі ныса на ны
25 есеге дейін ұлғайтатын жəне цилиндрлі дең гейдің бө лінуі 2 мм
25” немесе нысаналау сызығы өздігінен қойы латын со ған сəйкес
келетін нивелирлер қолданылады. Биік
тік
тік түсі
ру негіздерін
құру үшін екі жағында да сандық дерек
тері бар дөңгелек
цилиндрлі деңгейлі өлшегіш тақтайшалар қол да ны лады.
367
Биіктіктік түсіру негіздерін құрудың негізгі əдісі техникалық
нивелирлеу болып табылады. Нивелирлік жүріп өту жүйелері І,
ІІ, ІІІ, немесе ІV класты нивелирлеу желісінің ең кем дегенде екі
реперіне сүйенуі тиіс. Техникалық нивелирлеу үшін көру түтігі
нысананы 20
х
дейін ұлғайтатын жəне деңгейдің бөлінуі əр 2 мм
45” сəйкес келетін құрал қолданылады [10.3-кесте].
Техникалық нивелирлеу жүріп өтулерінің ұзындығы
кескінделетін жер бедерінің қима биіктігіне сəйкес белгіленеді.
Құрал мен өлшегіш тақтайшаға дейінгі арақашықтық
қашықтық
өлшегіштің оптикалық жібімен немесе адыммен өлшенеді.
10.3 кесте.
Жер бедерінің қимасына сəйкес техникалық нивелирлеудің жүріп
өту ұзындығы
р/с Сызықтардың сипаттары
Жер бедерінің қимасына сəйкес
жүріп өтудің ұзындығы шақырым
есебімен
0,25 0,5м 1м жəне одан да жоғары
1
Екі бастапқы қосынның арасы 2,0
8
16
2
бастапқы қосын мен тораптық
нүктелердің арасы
1,5
6
12
3
Екі тораптық нүктенің арасы
1,0
4
8
Нысаналау сəулесінің ұзындығы 150 метрден аспауы тиіс.
Камералық өңдеу жұмыстары кезінде алдымен кітапшаға
жазылған далалық есептеулер тексеріліп, əр бетіндегі мағұлматтар
төменде көрсетілген формула бойынша бақыланады.
(Σ
а
- Σ
b
)/2
=
2
Σһ
есептел.
/2
=
2
Σх
орт
.
Барлық есептеулер 1 мм дейін дөңгелектеу арқылы жүргізіледі.
Дала кітапшасындағы мəліметтер өңделіп болған соң реперлердің
бір-бірінен бастапқы жəне есептелген өзара биіктіктері арнайы
кестеге жазылады.
Оған нивелирлеудің дала кітапшасынан сəйкес келетін
биіктікпен қатар реперлердің аралығындағы орташа қима
биіктіктерінің жиынтықтары жазылады. Содан соң жағдайға