Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Студенттердің білімдерін тексеруге арналған тест



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет108/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   141

354

Студенттердің білімдерін тексеруге арналған тест 

тапсырмалары

1. Ірі масштабты топографиялық картаның географиялық мазмұнын 

ашады ....

А) шартты белгілері; 

В) бұрыштамалары; 

С) масштабы; 

D) координаттық торлары; 

Е) меридиандарды жақындату бұрышы.

2. Топографиялық карталарда шартты белгілердің атқаратын қызметі …

А) картада қамтылған аумақтың ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрс е ту;                  

В) қажетті нысандардың арақашықтығын өлшеу; 

С) кеңістіктің негізгі бағыттарын  шартты  белгіге  негіздеп  анықтау;  

D) горизонтальдарды пайдаланып жер бедерінің ерекшелігін анықтау; 

Е) жауаптардың барлықы дұрыс.

3. Топографиялық картадағы орман мен көл шартты белгінің .... түріне 

жа  та ды.

А) аудандық масштабтық; 

В) сызықтық масштабтық

С) кескіндік масштабтан тыс; 

D) көркем бейнелі; 

Е) түсіндірмелі;

4. Екі көршілес горизонтальдың биіктік айырмасы …

А) горизонталь аралық ұзындық; 

В) горизонталь аралық қима биіктік;

С) горизонталь аралық көлбеулік; 

D) абсолют биіктік

Е) берегштрих.

5. Картадағы көршілес жатқан екі горизонтальдың сантиметр есебімен 

алынған арақашықтығы …

А) горизонталь аралық көлбеулік; 

В) горизонталь аралық қима биіктік;

С) горизонталь аралық ұзындық; 

D) абсолют биіктік; 

Е) салыстырмалы биіктік.

6. Топографиялық картадағы төбелердің созылған бағытын көрсететін 

қысқа сызық …

А) горизонталь аралық көлбеулік; 

В) қосалқы горизонталь




355

С) жарты горизонталь; 

D) горизонталь аралық ұзындық; 

Е) берегштрих. 

7. Қандай масштабты картада горизонталь аралық қима биіктік 10 м 

кейін жүргізіледі?

А) 1: 50 000;   

В) 1: 25 000;      

С) 1: 10 000;   

D) 1: 100 000;   

Е) 1: 200 000.

8. Горизонталь аралық ұзындық ..... əрпімен белгіленеді.

А) d;                 

В) a;        

С) у;        

D) Һ

Е) х.

9. Горизонталь аралық қима биіктік .... əрпімен белгіленеді.

А) х;

В) а

С) Һ;      

D) ү;              

Е) Q.

10. Екі негізгі горизонтальдың арасынан жүргізілген ұзын үзік сызық …



А) жарты горизонталь; 

В) берегштрих; 

С) қосалқы горизонталь;

D) горизонталь аралық көлбеулік; 

Е) жауаптың барлығы дұрыс.

11. Төбенің беткейінің көлбеулігі қанша градустан асқанда горизон-

тальдар бір-біріне қосылып жарқабақтар, жыралар түзіледі?

А) 45º;           

В) 25º;             

С) 35º;            

D) 20º;            

Е) 60º.


12. Топографиялық картада 

60* ;h

α

α

=



 формуласымен нені анықтай м ы з?

А) горизонталь аралық көлбеулікті; 

В) горизонталь аралық ұзындықты;



356

С) абсолют биіктікті

D) горизонталь аралық қима биіктікті;  

Е) тік бұрышты координатты. 

13. Топографиялық картадағы жер бетінің абсолют биіктігі бірдей 

нүктелерін қосатын сызық …

А)  изодаза;   

В) изотерма;       

С) горизонталь;   

D)  изобат;    

Е) изобар.

14. 1: 25 000 масштабты картадағы а жөне b горизонтальдарының 

арақашықтығы 0,5 см болса, горизонталь аралық көлбеулік қанша градус 

болады?


А) a=2,4º; 

В) a=1,4º;   

С) a=0,4º;  

D) a=3,4º;   

Е ) a=4,4º.



357

10 - т а р а у.

 

ЖЕР БЕТІНДЕ ЖƏНЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН  ТҮСІРУ

10.1. Топографияда қолданылатын проекциялар. 

Қазақстан Республикасының геодезиялық тірек торлары

Топографияда қолданылатын проекциялар. Жердің 

физикалық беті жылға, жыра, ойыс, төбе сияқты теріс кеңістіктік 

пішіндерден тұрады. Жер бетінің кеңістіктік пішіндерін жазық-

тықта түсіру үшін ортогональды немесе тік бүрышты проекция-

лар қол данылады. Ортогональды проекцияда жобалау сызықтары 

жоба лайтын жазықтыққа перпендикуляр болуы тиіс.

Жергілікті жердің белгілі бір бөлігін түсіру үшін жанасу 

жазықтығынан эллипсоидтың бетіндегі нүктелер арқылы жердің 

беткі деңгеймен түйілісетіндей түзу жүргізіледі.

Жердің беткі деңгейі РО-мен қиылысатындай АВСD нүктеле-

рін жүргізу арқылы  жасалған жобаны авсd нүктелерінің көлде нең 

проекциясы дейміз. Осы əдіспен жердің беткі деңгейінде ор на   лас қан 

барлық нүктелер жердің беткі деңгейімен сай келеді. Мы са лы, жер-

дің  беткі деңгейінде жобаланған  авсd төртбұрышы   жер   бе тін   д егі 

АВСD төртбұрышының көлденең проекциясы бо лып та бы  лады. 

Көлденең проекциядағы жер бетінің кеңістіктегі АВСD нүкте ле-

рінің пішінін анықтау үшін жергілікті жердегі жазықтықта кес кін-

делетін  АаВвСсDd нүктелерінің арақашықтық 100 метр, көл беу лік 

3° болса енгізілетін түзетулер 14 см тең. Жергілікті жер дегі шағын 

аумақты өлшеу үшін мата немесе болат рулеткалар қолданылады.                                 

көлденең жазықтық 

10.1 сурет. Жергілікті жердің белгілі бір бөлігінің көлденең жағдайы.



358

Ұзындықтың орташа нақтылығын анықтайтын приборларға 

20 метрлік рулетка жатады. Рулетка ені 15-20 милиметрлік жұқа 

болаттан жасалады. Ол 1; 0,5; 0,1 метрден бөліктерге бөлінеді. 

Өлшеу таспасының ұшындағы қазықтарды жерге тығатын 

тесіктен басталады. 20 метрлік рулеткалар 6 немесе 11 қазықты 

(шпилькалы) болып бөлінеді. Бақылау мақсатында өлшеу екі 

реттен жүргізіледі. Қашықтықты өлшеудің салыстырмалы 

қателігі 1:2000-ге тең. Өлшеу жұмыстарын екі адам нүктелердің 

арасындағы қысқа жолмен жүргізу керек. 10 метр арақашықтықты 

өлшеу үшін өлшенген түзуді бойлай екі түрлі бояумен боялған 

биіктігі екі метрлік екі ағаш орнатылып əр 20 м. сайын бір түзудің 

бойымен тіктеп аралық қадалар орнатылады. Арақашықтық 

өлшенеді. Мысалы, екі нүктенің арасына 20 метрден бір түзуді 

бойлап тіктеп 10 қада орнатылса 20*10=200 м

Қазақстан Республикасының геодезиялық тірек тор-

лары.   Қазақстан Республикасы аумағындағы біртұтас ко-

ординаттар жүйесі Мемлекеттік геодезиялық торға (МГТ) 

негізделіп құрылады. Еліміздегі кезкелген нысанның координа-

тын анықтауға Ресей Федерациясының ғаламдық новигациялық 

жерсеріктік жүйесі (ҒНЖСЖ) мен NAVSTAR GPS (Navigation 

Satellite Timing and Ranging Global Positioning System – Амери-

ка Құрама Штаттарының ғаламдық навигация жүйесі) заманауи 

жерсеріктік навигация жүйелері қолданылады.

Белгілі бір нүктенің референц-элипсоидқа қатысты орнын 

кеңістіктік тік бұрышты координаты немесе ендігі мен бойлығын, 

теңіз деңгейінен биіктігі, сонымен қатар, тік бұрышты жазық 

координаты мен биіктігі түрінде алуға болады. Біздің елімізде 

білігі жалпы жерлік ПЗ-90 координаттар жүйесінің білігінің 

 

 



бағытына сəйкес келетін Красовский элипсоиды қабылданған. 

Бірақ референц-координаттар жүйесінің бастауын айқындайтын 

элипсоид орталығы  массаның орталығынан 155 м шамасын-

да ығысады. Қазақстан Республикасының барлық  аумағында 

бастауы Кронштаттағы футштоктың нөль белгі болып табыла-

тын  Балтық биіктіктік жүйесі қолданылады. Ол 



Мемлекеттік 

нивелирлік торлардың қосындарымен бекітілген.

Еліміздің геодезиялық торлары құрлықты, құрылықтық 

қайраңды картаға түсіруді, геоақпараттық жүйенің координаттық 

ортасын қалыптастыруды қамтитын ғылыми жəне қолданбалы 

 



жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау