284
анықталатын орны координат деп аталады. Географиялық ко-
ординаттар жүйесі география ғылымының барлық салаларында,
теңіз жəне əуе новигациясында кеңінен қолданылады.
Жер бетіндегі кезкелген нүктенің экватор мен бастапқы мери-
дианға қатысты орнын анықтауды географиялық координат дей міз.
Географиялық координаттар жүйесінде координат сызығы
ретінде бірін- бірі қиып өтіп, градус торларын түзетін мериди-
андар мен параллельдер қабылданған. Географиялық координат-
ты оқып-үйрену барысында Жер шар ретінде алынады. Егер Жер
сферойд ретінде қабылданса, нүктелердің орыны геодезиялық ко-
ординаттар жүйесімен анықталады.
Гелографиялық координаттар жүйесінде жер бетіндегі
нүктелердің орыны екі географиялық координат ендік пен
бойлықты анықтауға негізделген бұрыштық шама болып табы-
лады [7.17-сурет].
Жер бетіндегі кез-келген нүкте мен экватор жазықтығы ара-
сында түзілген бұрыш географиялық ендік деп аталады. Егер нүкте
солтүстік жарты шарда орналасса оның ендігі солтүстік, егер
оңтүстік жарты шарда орналасса оңтүстік болады. 9.5-суреттегі
В бұрышы М нүктесінің ендігіне сай келеді. Экваторда орналасқан
барлық нүктелердің ендігі 0° ал полюста орналасқан нүктелердікі
90° болады. Ендіктердің мəні 0°-90° аралығында болады. Градус
есебімен алынған бұрыштың мəні экватордың солтүстігіндегі
немесе оңтүстігіндегі кез-келген нүктенің қандай қашықтықта
орналасқанын көрсетеді. Параллель біртекті географиялық
ендікке ие болатын нүктенің геометриялық орны, ал, меридиан
нүктенің бойлығы бір текті геометриялық орны болып табылады.
Бастапқы меридиан мен жер бетіндегі кез-келген нүктенің
үстінен өтетін меридианның арасында түзілген бұрышты
географиялық бойлық деп аталады. Бастапқы меридиан ретінде
Лондон қаласының маңындағы Гривнич астрономиялық
обсерваториясының үстінен өтетін меридиан қабылданған.
Барлық нүктелердің бойлықтың мəні 0-180° аралығында бола-
ды. Бастапқы меридианның шығысында 0-180° аралығындағы
барлық нүктенің бойлығы шығыс бойлық, бастапқы меридианның
батысында 0-180° аралығындағы барлық нүктенің бойлығы ба-
тыс бойлық деп аталады.
285
Батыс жəне шығыс жарты шарлардағы барлық нүктелердің
ендігі φ, бойлығы λ əріпімен белгіленеді.
7.17 сурет. Географиялық координаттар
Ірі масштабты топографиялық картаның ішкі бұрышта
ма-
ларының төрт бұрышында географиялық координаттары жазы-
лады. Мысалы, 1:25 000 масштабты топографиялық картасының
батыс бұрыштамасының бойлығы– 18°00’00’’шығысынікі
–18°07’30’’оңтүстік бұрыштамасының ендігі– 54°40’00’’, солтүс-
тігінікі –54°45’00’’ ірі масштабты карталардан гео графиялық ко-
ординатты табу оңай болу үшін бір минуттан бөлін ген қосымша
минуттық бұрыштама жүргізіледі. Ірі масштабты картадан А
нүктесінің географиялық (геодезиялық) ендігін табу үшін сол
нүктеден минуттық бұрыштамаларды қиып өтетін көл
де
нең
сызықтар жүргізіліп оңтүстік жəне батыс (шығыс) бұрыштаманың
қилысынан бастап бүйір бұрыштамаларды бойлай минуттары мен
секундтарын санап шыққан санды 54°40’00’’ қосып жазады. Ірі
масштабты картадан А нүктесінің географиялық (геодезиялық)
бойлығын табу үшін сол нүктеден минуттық бұрыштамаларын
қиып өтетін тік сызықтар жүргізіліп, оңтүстік (солтүстік) жəне
батыс бұрыштаманың қилысынан бастап, оңтүстік (солтүстік)
бұрыштаманы бойлай минуттары мен секундтарын санап шыққан
санды 18°00’00’’қосып жазады [7.18-сурет].
286
7.18 сурет. Ірі масштабты картадан географиялық координатты анықтау
Топографиялық картадан географиялық координатты
анықтау. Топографиялық картаның бетінің ішкі бұрыштамасы
меридиан мен параллельдермен шектелген. Солтүстік жəне
оңтүстік бұрыштама географиялық ендіктер, батыс жəне
шығыс бұрыштамалар географиялық бойлық болып табылады.
Бұрыштамалардың ендіктерімен бойлықтарының айырмасы мен
топографиялық картаның бетіндегі бұрыштамалардың өлшемі
стандартты беттеуге сəйкес келетіндіктен əрбір масштаб үшін
тұрақты.
1:1 000 000 жəне 1:500 000 масштабты карталардан
басқа барлық топографиялық карталарда ішкі жəне сыртқы
бұрыштамалардың аралығында нүктелердің географиялық ко-
ординатын анықтап оларды картаға түсіру қызметін атқаратын
белгілі бір қашықтықта теңдей бөліктерге бөлінген минуттар
мен секундтардан тұратын минудтық бұрыштамалары болады
[11.17 жəне 7.18-суреттер].
Бойлықтар мен ендіктер бойынша минуттық бұрыш-
тамалардағы минуттар мен секундтардың саны бірдей болмай-
ды. Ендік бойынша минуттың өлшемі 1852 метрге тең жəне
ол əрқашан бойлықтың минутына қарағанда үлкен болады
[7.5 - кесте].
287
7.5 кесте.
Топографиялық карта бұрыштамаларының өлшемдері
Масштабтар
Бұрыштамалардың өлшемдері
φ бойынша
λ бойынша
1:1 000 000
4°
6°
1:500 000
2°
3°
1:200 000
40'
1°
1:100 000
20'
20'
1:50 000
10'
15'
1:25 000
5'
7'30''
1:10 000
2'30''
3'45''
Топографиялық картаның оңтүстік жəне шығыс бұрыш-
тамаларында барлық тақ минуттар, батыс жəне оңтүстік бұрыш-
тамаларында барлық жұп минуттар даралап көрсетіледі. 10’’
бөлінген минуттардың түрлерін бұлай даралау географиялық ко-
ординаттарды жылдам əрі дəл анықтауға мүмкіндік береді.
Шақырымдық тордың нүктеге жақын орналасқан тік жəне
көлденең сызықтарының есептелінетін тік бұрышты координатқа
қарағанда топографиялық картадан географиялық координатты
анықтау біршама күрделі болуымен ерекшеленеді.
Картадағы А нүктесінің географиялық ендігі
ϕ
анықтау үшін
атал ған нүктеден батыс немесе шығыс минуттық бұрыштаманы
қиып өтетін көлденең түзу сызық жүргізіледі де, оңтүстік бұрыш-
та ма мен батыс немесе шығыс бұрыштаманың қилысынан бас-
тап А нүктесін қиып өтетін көлденең сызықтың батыс (шығыс)
минут тық бұрыштамамен қилысына дейінгі минуты мен секун-
тын санап, оңтүстік жəне батыс (шығыс) бұрыштамадағы ге-
о г ра фиялық
ендіктің
сандық
көрсеткішіне
қосып
жазады
[7 . 19 -сурет].
Картада қамтылған қажетті нысанның географиялық бойлығы
λ
анықтау үшін А нүктесі мен солтүстік немесе оңтүстік
бұрыштаманы қиып өтетін түзу сызық жүргізіледі де, батыс
жəне солтүстік (оңтүстік) бұрыштамалардың түйіліскен жерінің
минуттық бұрыштаманы қиып өтететін тік сызыққа дейінгі
мину ты мен секундын есептеп, солтүстік (оңтүстік) жəне батыс
бұрыштамалардың қиылысындағы бойлықтың градусына қосып
жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |