273
1:200-1:500 масштабты пландар үшін 50х50см тік бұрышты бет-
терге бөлу қолданылады.
7.12 сурет. 1:100 000 масштабты картаның бетіндегі 1:50000, 1:25000 мас-
штабты картаның беттері мен номенклатурасы
Топографиялық карталардың номенклатурасы оның солтүстік
бұрыштамасының үстіне жазылып, оң жақ бүйіріне ең үлкен
елдімекеннің аты жақшаның ішіне жазылады. Қажетті аумақтың
ірі масштабты топографиялық картасының əр бетін құру
жинақталған кесте арқылы жүргізіледі. Ол үшін картаның мас-
штабына сəйкес келетін жинақталған кестеге қажетті ауданның
шекарасын түсіреді. Содан соң кестеде белгіленген беттердің но-
менклатурасын жазады [7.3-кесте].
7.3 кесте.
Топографиялық картаның беттерінің номенклатурасы мен мөлшері
туралы деректер
Ка
рт
ан
ы
ң
м
асшт
абы
Т
р
ап
ецияны
бөлу
ден
ал
ы
н
д
ы
Қанша бөлікк
е
бөлінді
Беттер
ді қо
сымша
б
елгіле
у
Но
менкла
ту-
расының мыс
алы
Бұрыштама-
сының
өлшемі
44° ендік
тегі
қамтылған
а
у
м
ақтың ор
та
ша
а
уданы 1м
2
е
с
еб-
імен
Ендік
бойынша
Бойлық
бойынша
1:1000000
-
L-44
4°
6°
75104
18–1171
275
7.4 Топографиялық карталарда қолданылатын коорди-
наттар жүйесі
Топографиялық картаның координаттар торлары. Ко-
ординаттар торлары
барлық ірі масштабты карталарда қажетті
нүктелердің координаттарын анықтау немесе координаттары бой-
ынша нүктені түсіру үшін координаттық (шақырымдық) торлар
жүргізіледі. Олар беттің ішкі координаттар торы жəне көршілес
жатқан зонаның координаттар торы болып екі топқа бөлінеді.
Беттің ішіндегі координаттар торы. Беттің ішіндегі коорди-
наттар торы 1:10 000 нан 1:50 000 дейінгі масштабты карталарда
1 шақырым; 1:100 000 масштабты картада 2 шақырыменан; 1:200
000 масштабты карталарда 10 шақырымнан кейін жүргізіледі.
1:500 000 жəне 1:1 000 000 масштабты карталарда шақырымдық
торлар жүргізілмейді.
Көршілес аумақтардың шақырымдық торлары. Нүктенің
координатын анықтау немесе көршілес зонаның шетінде
орналасқан нүктені координат бойынша картаға түсіру қызметін
атқаратын бұл тор шақырымлік сызықтар қиып өтетін сыртқы
бұрыштамаға жазылады. Ортасында жəне сыртқы бұрыштаманың
шетінде көршілес зонадағы карта бетінің номенклатурасы
көрсетіледі. Минуттық жəне ішкі бұрыштаманың аралығында
координаттар торының шығысы мен олардың саны жазылады.
Оңтүстік бұрыштамаға бағыттас жүргізілген бұрышына жақын
орналасқан көлденең бағыттағы шақырымлік сызықтың абсцис-
сасында сол сызықтың экватордан шақырым есебімен алынған
қашықтығы беріледі. Қалған көлденең шақырымлік сызықтарда
қысқартып жазылады. Мысалы, 1:25 000 масштабты картаның
абсциссасындағы 6065 саны киломертлік сызықтың экватордан
6065 шақырым қашықтықта жатқанын білдіреді.
Батыс бұрыштамаға бағыттас жүргізілген бұрышына жақын
орналасқан тік бағыттағы шақырым сызықтың ординатын-
да жазылған 4307 санындағы 4 зонаның реттік саны ал 307
ординаттың біліктік меридианнан шартты түрде 307 шақырым
қашықтықта орналасқанын көрсетеді. Тік бағыттағы шақырымдық
тордың 4 зонаның біліктік меридианынан нақты қанша шақырым
қашықтықта орналасқанын төменде көрсетілген амалмен есеп-
276
теп шығарады. 307-500 шақырым = -193 шақырым. Карталарда
ішкі бұрыштаманың бойында ірі теміржол бекеттеріне дейінгі
арақашықтық пен оған баратын теміржолдың, қатты жабынды не-
месе жақсартылған асфальт төселмеген автомобилы жолдарының
бағыты жазылады.
Топографиялық картаның тікбұрышты координатта-
ры. Тік бұрышты координаттар жүйесі жазықтықтағы кез кел-
ген нүктенің координатын абсцисса жəне ордината біліктеріне
қатысты анықтауға негізделген.
Көлденең түзумен жанасатын жер элипсоидының бөлігі 55
шақырымға тең болғанда экваторда жазықтықпен жанасатын
доға ұзындығының ауытқуы 30
/
, ал ұзындық айырмасы 1,5 мет-
рден аспайтындықтан оны жазықтық ретінде қабылдауға бола-
тыны белгілі. Егер 6° зонаны элипсоид деп есептесек оның эк-
ваторда жанасатын доғасының ұзындығының ауытқуы 510м тең
болады. Жазықтыққа көшіргендегі доға ұзындығы ауытқуының
мұндай мəні топографиялық картада жүргізілетін өлшеулердің
дəлдігіне қойылатын талаптарды қанағаттандырмайды. Яғни, кең
көлемді аумақты картаға түсіргенде жердің қисықтығы картада
біршама бұрмаланудың болуына əкеп соқтырады.
Бірақ сол 6° доғаны көлденең цилиндрдің бүйір бетінде жо-
балап жазықтыққа жайса, экватор бойындағы 6° меридиандар
доғасының шеткі нүктелерінің жер бетіндегі нақты ұзындығымен
салыстырғанда, бұрмалануы 0,0014, ал аудандікі 0,0027-ге тең
болады.
Қорыта айтқанда, картографиялық проекцияны пайдалану 6°
аймақпен шектелетін топографиялық карталарда ұзындық пен
ауданды өлшеуде кететін ауытқулардың масштабтық дəлдігінің
шегінен біршама аз болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сондықтан топографиялық картаны жер элипсоидында құру
үшін Гаусс пен Крюгердің тең бұрышты көлденең цилиндрлі про-
екциясында жобаланып 6° сфералық екі бұрышты аймақ (зона)
тор алынады да, оны жазықтыққа көшіреді [7.13-сурет].
Проекцияның мəні əрбір екі бұрышты 6° зона жанасатын
жеке көлденең цилиндрде жобаланады. Жанасу сызығы əр бір
зонаның орталық (біліктік) меридианы арқылы өтеді.