Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет72/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   141

232

көрсететін жер бедерін горизонтальдармен кескіндеу əдісі пайда 

болды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында теміржол құрылысын 

жүргізу, ғылыми зерттеулер мен топографиялық түсіру  барысын-

да  жоғары дəлдіктегі приборлар қолданылды.

Қорыта айтқанда, Ұлы географиялық ашылулардың, дүние 

жүзін айнала жүзулердің, географиялық координаттарды анықтау-

дың, топографиялық түсірулердің нəтижесінде материктің кескін-

дері бейнеленген дүние жүзінің карталары пайда болды. 

Патшалық Ресей тұсындағы картографияның даму 

ерекшеліктері.

Ресейде алғашқы географиялық сипаттауларға ХІ-ХІІ ғасыр-

лардағы жылнамашылардың жазбалары жатады. І Петрге дейінгі 

кезеңдегі (1700 жылға дейінгі) бірінші картографиялық матери-

алдар қатаң математикалық негіздері болмағанымен, көптеген 

сапалы ақпараттар бар сызбалар немесе  сызбалар кітабы деп 

атал ған жазбаларда сақталған.

ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы карта-сызулар мемлекеттік меншігі 

болғандықтан сауданың пəні болған жоқ. Орыс картографиясы 

пайда болған алғашқы күннен бастап  алынған деректері нақ-

ты болуымен ерекшеленетін далалық жəне мемлекеттік карто-

графиялық қызметті қамтыды.   

ХVІ ғасырдағы орыс картографиясының шыңы шамамен 1600 

жылы құрылған «Мəскеу мемлекетінің Үлкен Сызбасы» болды. 

1627 жылы ол қайта сызылды жəне оған толықтырулар енгізіліп, 

аты  «Үлкен Сызба  Кітабы»  деп өзгертілді. «Үлкен Сызбаның» 

өзі сақталмағанымен  оның көптеген көшірмелері белгілі. 

Қалалар мен монастрлардың  жоғары дəлдікпен сызылған 

картографиялық сұлбалары (пландар) негізінен сол кезеңдегі икон-

дарда сақталған. Ресей үшін құрылған ХVІ-ХVІІ ғасырлардың 

сақталған сызбалары ел аумағын əркелкі жапқан. Сызбаларға 

берілетін жазбаша түсініктері алғаш рет Киев-Печера лаврының 

жерасты құрылыстарының сызбаларында берілген. Ондағы жа-

зулар еңбектің мазмұнын ашатын түсіндірме сөздік емес, тек 

картографиялық кесінді толықтырып отырды.  

ХVІІ ғасырлардағы көптеген карталар шығысқа бағытталып, 

тұсбағдарлық кестелер пайда болды  жəне сол ғасырдың соңында 

құрылғандарында оны кескіндеу міндетті болды. Ал ХVІІІ 




233

ғасырлардағы карталар үшін солтүстіктің бағдарсыздығы міндетті 

түрде көрсетілді. ХVІІ ғасырларда шекарасы шығысқа қарай 

кеңейген көп ұлтты Орыс мемлекетін нығайту жұмыстарына баса 

назар аударылды. Сібір мен оны шаруашылықтық мақсатта иге-

ру маңызды географиялық ашылулармен қатар жүріп, өкіметтің 

нұсқауымен жаңадан ашылған жерлердің карталары құрыла ба-

стады. Тобылдық Семен Ремезовтың 1701 жылы үлкен пішімде 

құрылған 23 картадан тұратын «Сібірдің сызу кітабы» атты ат-

ласы сол кезеңдегі маңызы зор танымал еңбек болып табылады. 

Картография тарихының барлық зерттеулері  І Петр дейінгі 

кезеңде Батыс Еуропа ғылымдарының Орыс картографиясына 

ықпалының шамалы болмағанын көрсетеді. 

І Петр кезеңінде  картографияның дамуы. І Петр 

кезеңіндегі түбегейлі өзгерістер картографиялық жұмыстарға да 

өзгерістер енгізді. Жаңа міндеттірді бұрынғы құралдармен шеу-

ге болмайтын болды. Сондықтан картографиялық жұмыстарды 

орындау үшін қажетті  деңгейде білімі бар мамандар дайындау ісі 

қолға алынып, Мəскеу математика жəне навигация мектебі мен 

Санкт-Петербург  теңіз мектебінде картография жəне геодезия 

саласының мамандары дайындала бастады.   

1724 жылы І Петрдің жарлығымен Ресей ғылым Академия-

сы құрылып, ел аумағында топографиялық түсіру жұмыстарын 

жүргізе бастады. 1721 жылы түсіру жұмыстарына 1732 жылы 

111 геодезис тарылды. Түсіру жұмыстары уездерде жүргізіліп, 

аталған əкімшілік-аумақтық құрылымның құрылған картала-

ры Сенатқа жіберілді. Кейіннен Ресейде карта басып шығару ісі 

қолға алынды. 

Түсіру жұмыстарын басқарған Сенаттың обер хатшысы 

И. К. Кирилов (1697-1737) 360 картадан тұратын Бүкіл Ресей 

империясының Үлкен атласын құруды ойластырды. Ол 1734 

жылы жекелеген аумақтық-əкімшіліктік құрылымдардың тек 14 

арнайы карталарынан тұратын бірінші бөлімін ғана шығарып 

үлгерді. Бірақ бұл карталар Сібірдің сызбалар кітабынан біршама 

нақты болғанына қарамастан, бойлықтары бойынша 8º-10º 

үлкейтілгіп берілуіне байланысты қателері болды. 1745 жылы 

Ғылым Акедемиясының география департаменті дəлдігінен кет-

кен қателіктер біршама аз Ресейдің атласын басып шығарды. 




234

І Петр мен одан кейінгі кезеңдерде барлық экспедициялардың 

құрамына геодезистер кірді. Сол кезеңдегі көптеген экспедиция-

лар дың басты мақсаты картографиялық материалдар жинап, кар-

та құру болды. Геодезистер Қазақстанды, Сібірді, Кіндік Азияны, 

Камачат каны, Тынық жəне Солтүстік мұзды мұхиттарын зерттеу-

ге зор үлес қосты. 

Орыс геодезиясы мен жерді орналастырудың  дамуына 1765 

жылы жаряланған ІІ Екатеринаның бас межелеу манифесінің 

маңызы зор болды. Монифеске сəйкес Ресей аумағында  ХVІІІ 

ғасырдың бірінші жартысында басталып,  ХІХ ғасырдың  екінші 

жартысында аяқталған межелеу алдымен уездік қалалардың 

жерлерінде, содан кейін қалалық жерлермен шектесетін саяжайлық 

телімдерде содан кейін уезд шекарасына дейін жүргізілді. Жер 

телімдерінің сыртқы шекаралары бұрыш өлшеу əдісіне сəйкес 

астролябтың көмегімен түсіріліп, арақашықтықтары он сажалық 

темір шынжырлармен өлшенген. 

Картографияның жаңа кезеңде дамуы. ХVІІІ ғасырдың 

екінші жартысынан бастап топографиялық түсірулердің бірқа тар 

бөлігі əскери ведомстваларға өте бастады. 1797 жылы импера тор-

дың Карта депосы ұйымдастырылды. Депоның бастамасы мен «кар-

талар мен атластар құру  картасы» құрылды. 1812 жы лы Əскери 

министрліктің құрамына өтіп атауы «Əскери-топография 

лық 

депо», 1822 жылы əскери-топографиялық корпус болып өзгертілді. 



Жүз жыл ішінде əскери-топографиялық қызмет триан 

гу 


 

ля 


цияны 

қолдау, астрономиялық қосындарда бақылау жəне 10 млн шақырым

2

 

аумақта топографиялық түсіру жұмыстарын жүр гіз ді. 



Жаңа топографиялық карталардың қатарына ХІХ ғасырдың 

ортасында бастырыла бастаған Ресейдің Еуропалық бөлігінің 

1:162 000 масштабты картасын жатқызуға болады. Аталған кар-

тада жазық жерлер бедерінің ерекшеліктерін ашып көрсету үшін 

штрихтардың арнайы түрлері жасалды.

ХІХ ғасырда ғалымдардың қолдауымен арнайы мекемелер 

құрылып тақырыптық картаға түсіру ісі қарқынды жүргізіле ба-

стады.  1882 жылы елдің геологиялық картасын құруда жетекші 

рөл атқарған Геологиялық комитет құрылды.  

Экономикалық карталар ертерек шыға бастады. Олардың 

қатарына «Еуропалық Ресейдің өнеркəсібі» (1842ж.) жəне 

 



жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау