225
Тарихшы Геродод (б.ж.с.д.V ғасыр) өз еңбектерінде сол
кезеңдегі дипломатиялық келіс сөздерде мыс табақлардағы
карталардың маңызы туралы жазады.
Б.ж.с.д. ІV ғасырда Жердің шар тəріздес екені туралы
Аристотольдің ілімі пайда болды . Аристотольдың ізбасары
Мессиндік Дикеарх (б.ж.с.д ІІІ ғасыр) өз картасында Геркулес
бағаналары (Гибралтар бұғазы) мен ірі порт пен биік маяк бар
Родос аралының аралығын қосатын тірек сызығы диафрагма
жүргізді. Кейінірек Родос арқылы диафрагмаға перпендикуляр
тірек сызық жүргізе бастады. Бұл сызықтар қазіргі координаттық
тордың бастамасы болып саналады.
Б.ж.с.д. ІІІ ғасырда атақты Александрия кітапханасын
басқарған ғалым Эротосфен Египетте Аристотельдің есептеуі
бойынша шеңберінің ұзындығы 400 000 стадий болған Жердің
өлшемін есептеп шығарды. Эротосфеннің есептеуі бойынша жер
шеңберінің өлшемі 252 000 стадий.
Б.ж.с.д. ІІ ғасырда астрономияның дамуы карталарды, со-
ның ішінде Эротосфенніңде картасын нақтылауға мүмкіндік
бер ді.
Гипарх аспан денелерінің картасы үшін жаңа проекция-
ны қолданып шеңберді 360 бөлікке (градусқа) бөледі. Б.ж.с.д.
ІІ ғасырда глобус пайда болды Алғаш рет құрылған Картестің
глобусы шар тəріздес болып, онда бірі экваторды, екіншісі мери-
дианды бойлай орналасқан екі мұхит жəне олардың аралығында
төрт құрылық бейнеленді.
Картографиялық жəне географиялық ғылыми деректер ІІ
ғасырда өмір сүрген Александрияның математик, астроном
жəне картограф ғалымы Клавдий Птоломейдің (90-168 жж)
еңбектерінде жан-жақты берілген. Ғалымның «Географияға
басшылық» атты еңбегі мен онда берілген 27 карта он төрт ғасыр
бойы қолданылды [6.1-сурет]. Птоломей Жерді картографиялық
кескіндеудің басты географиялық міндетін (бүкіл жер бетін бір
суретте кескіндеу) орындады.
15–1171
226
6.1 сурет. ІІ ғасырда Клавдий Птоломей құрған градус торлары бар карта
Орта ғасыр мен қайта өрлеу кезеңіндегі картография.
Рим империясының құлауына байланысты Батыс Еуропада
жаңа мемлекеттердің пайда болып, құлиеленушілік құрылысты
феодалдық формация ауыстырды. Феодализм тұсындағы
оқшауланған шаруашылық географияның дамуын шектеді.
Сол кезеңде Батыс Еуропада інжіл білімнің басты көзі болды.
Сауат тек монастрлерде ғана ашылды. Жердің шар тəрізді еке-
ні туралы ұғым ұмытылып, оның төртбұрышты пішіні насихат-
талды. Діни қолжазбалардың ішінде Византия саудагері Ко-
зым Индикополовтың (ІVғ) «Христиан топографиясы» болды.
Монас тырлардағы географиялық жəне картографиялық суреттер
шындықтан алшақ қарапайым төртбұрышты жұмақ бағының кес-
кіні бейнеленген болды.
Венецияда 1459 жылы Фра-Мауро орындаған диаметрі 1,9
болатын пішіні дөңгелек карта сақталған. Бұл картада жаңа
географиялық ашылулар көрсетілген. Птоломейдің картасынан
айырмашылығы тұйықталған жəне онда Үнді мұхиты, Ресейдің
оңтүстігінде Қара жəне Азов теңіздері, Татарстан, Қазақстан,
Орта Азия, Сібір тағы басқа аймақтар кескінделген.
Егер Еуропада шіркеулік-феодалдық мəдениет басым болса
Қытай, Үндістан, Иран, Армения сияқты Азия елдерінде карто-
графия мен география қарқынды дамыды. Византия мен Иранның
аралығындағы сауда жолында орналасуы Арменияда география
мен картографияның дамуына қолайлы əсер етті. VІІ ғасырда
227
Птоломей еңбектерінің ықпалы болған «Армян географиясы»
пайда болды.
Арабтарда картографияның дамуы сауда мен жаулап алу
жорықтарымен тығыз байланысты болды. Бірнеше ғасыр араб
халифаты өлшемі жағынан ауданы Рим империясынан бірнеше
есе артық болатын аумаққа иелік етті. Оның құрамына Алексан-
дриядай ғылым орталығы бар Египет сияқты ежелгі өркениет
орталықтары енді. Арабтар əртүрлі елдер ғалымдарының, сонымен
қатар, Птоломейдің еңбектерін аударып, эллин астрономиясының,
география мен картографияның жетістіктерімен танысты.
6.2 сурет. Арабтар құрастырған Каспий теңізінің картасы
Олар ІХ ғасырда градустық өлшеулер жүргізді. Х ғасырда
мұсылман əлемінің 21 картадан тұратын жинағын шығарды.
Бірінші мұсылман Араб карталарында бірінші карталары
мəтінге иллюстрация ретінде берілетін декаративті суреттермен
көмкерілген пішіні симметриялы болды.
ХІІ-ғасырда араб картографтарының ішіндегі ең танымал
ғалым Птоломей карталарының негізінде 70 карта құрастырған
əл-Идриси болды [6.1 сурет].
228
Араб географтары əл-Идриси (1150 жылдар шамасында)
мен Ибн əл-Вари (ХІІІ ғасыр) карталарының Птоломейдікіне
қарағанда артықшылықтары болды. əл-Идрисидің картасында
Қазақстан, Орта Азия, Скандинавия, Балтық теңізі, Двина, Днепр,
Дон, Еділ, Жайық, Амудария, Сырдария, Енисей, Амур өзендері,
Алтай таулары, Тибет, Син жəне Үнді елдері кескінделген.
Қытайда картографияның дамуы баяу жүрді. Аумағы ірі елді
басқару мен сыртқы жаулардан қорғайтын жеке аймақтарға
географиялық сипаттама беріп, олардың картасын құруға деген
қажеттілікті арттырды. ІІІ ғасырдың өзінде сол материалдардың
негізінде Қытайдың картасы құрылды. Оның авторы Пей Сю
Қытай картографиясының атасы саналады. VІІІ ғасырда Аспан
асты империясы жəне көршілес жатқан елдердер мен теңіздердің
масштабы шамамен 1:1 500 000 болатын карталарына Қытай
картографтары Азияны толық енгізді. Қытай карталарының
математикалық негізін шаршылы тор атқарды. Картаның са-
лыстырмалы дəлдігін ІХ ғасырдан бастап белгілі болған
тұсбағдардың көмегімен анықталды. Ағаштан ою арқылы карта-
ны басып шығару Х ғасырда басталды.
ХІ-ХІІ ғасырдағы крест жорықтары Еуропаның Жерорта теңізі
арқылы шығыспен саудасын жандандырып, оған Италияның Ге-
нуя, Венеция, Испанияның Барселона қалалары ұйтқы болды.
Сол кезеңде теңізде жүзу қажеттілігіне тұсбағдар мен арнайы
навигациялық теңіз карталары – портолондар (италян тілінде
porto - айлақ, пристань) жатады. Портолондар басқа карталардан
математикалық негіздерінің құрылу ерекшеліктерімен ажыра-
тылды. Ол көкжиектің негізгі жəне аралық бағыттары солтүстік,
солтүстік-шығыс, шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік, оңтүстік-
батыс, батыс, солтүстік-батысты анықтайтын сегіз сызықтар то-
рынан тұрады жəне желдер деп аталды.
Кеменің жүзетін бағыты курсын анықтау үшін қолданылатын
бірін-бірі қиып өтетін жоғарыда аталған торлар карталарда
бірнеше нүктелерде тұрғызылды. Портоландарға тəн белгілерінің
біріне теңіздердің жағалау сызықтарының айқын көрсетілуін
жатқызуға болады.
ХVІ ғасырда сауда қатынастары Жерорта теңізі шегінен
шығуына байланысты екі теңіз айдынының портолондары құрыла
Достарыңызбен бөлісу: |