115
Аралықтары екі есеге
жуық артады
Меркатордың
қалыпты цилиндрлі
Аралықтары кемиді
Урмаевтің
жалған
цилиндрлі
Солтүстік (оңтүстік) жарты шарлардың карталары үшін ази-
мутты проекциялар құруға Постельдің теңаралық, Ламберттің
тең ауданды жəне Аполлонидің теңаралық азимутты проекция-
лары қолданылады. Оларды полюстер алыстаған сайын парал-
лельдер аралықтарының өзгеруіне қарай жеңіл анықтауға бо-
лады. Пішіні, өлшемі мен географиялық орны жағынан мате-
риктер мен мұхиттардың бір-бірінен айырмашылықтары бар.
Сондықтан Жер бетінің жоғарыда аталған бұл ірі бөліктерінің
картографиялық проекциясын анықтауды картада қандай мате-
рик немесе мұхит кескінделгенінен бастау қажет. Содан кейін
поляр маңындағы Антарктида материгінің карталары қалыпты
азимутты проекцияда көбінесе Постельдің тең аралық немесе
Ламберттің тең ауданды қалыпты азимутты проекцияларында
кескінделетінін табады. Оларды картаның шетіне қарай полю-
стен алыстаған сайын параллельдер аралықтарының өзгеруіне
(Ламберттің тең ауданды қалыпты азимутты проекциясында) не-
месе өзгермеуіне (Постельдің теңаралық қалыпты азимутты про-
екциясында) қарап таниды [2.9-кесте].
Африканың картасы көбінесе Ламберттің тең ауданды
көлденең азимутты проекциясымен құрылады. Еуропаның кар-
талары үшін кейде Каврайскидің немесе Красовскидің қиып
өтетін конустағы қалыпты конусты проекциялары қолданылады
[2.10-кесте]. Қазіргі Ресей мен Қазақстанның карталары көп
жағдайда Каврайскийдің немесе Красовскийдің қиып өтетін
конустағы қалыпты конусты проекцияларымен құрылады.
Бұрынғы КСРО-ның оқу карталары үшін Соловьевтің қиып
өтетін цилиндрдегі көлбеу цилиндрлі, сонымен қатар, ГАжКОҒЗИ-
ың картографиялық торы симметриалы емес шартты проек-
циялары да қолданылады. Соңғы екі карта торларының сыртқы
кескінінен жеңіл танылады. Ал Каврайский мен Красовскийдің
проекцияларын ажырату үшін төменде көрсетілген тəсілдер
қолданылады: бойлық айырмасы 30º-40º кем болмайтын екі мери-
116
диан аралығының белгілі бір параллель қилысынан солтүстікке
қарай 90º ендікпен түйілісетін нүктеге дейін меридианның
бағытымен сызғышпен түзу өлшеп алып, қилысатын градустар
санын бағалап меридиандар түйілісетін нүктелерді белгілейді.
3.10 кесте.
Батыс жəне шығыс жарты шарлар карталарының проекцияларын
айқындауға арналған анықтағыш
Проекциялар тобын меридиандар (орталықтан басқа) параллельдедің
пішіндері бойынша анықтау
меридиандардың
пішіні
қисық
доға тəрізді
қисық
параллельдерінің
пішіні
қисық
доға тəрізді
түзу
Проекциялар
тобы
Постельдің
көлденең
азимутты немесе
Ламберттің
көлденең
азимутты
стереографиялық
көлденең
азимутты немесе
Арроусмиттің
глобулярлы
азимутты
ортографиялық
көлденең
азимутты
2 орталық меридианмен салыстырғанда көршілес параллельдер
аралықтарының орталығынан алыстаған сайын өзгеруіне қарап
проекцияның түрін анықтау
Аралықтары тең
Постельдің
көлденең
азимутты
Арроусмиттің
глобулярлы
азимутты
Аралықтары
екі есеге жуық
артады
стереографиялық
көлденең
азимутты
Аралықтары 0,7
есе кемиді
Ламберттің
көлденең
азимутты
Картографиялық проекцияларды таңдау қағидалары.
Картаны құрар алдында картографиялық проекцияны дұрыс
таңдау міндеті тұрады. Оны шешуде кескінделетін аумақтың
өлшемі, олардың пішіні мен географиялық орны, картаның
атқаратын қызметі мен кейбір басқада жағдайлар ескеріледі.
Өлшемі əртүрлі аумақты кескіндеу үшін қолданылатын про-
екцияларды қарастырайық. 3.9-кестеде көрсетілгендей, жер
117
шарының барлық бөлігін кескіндеу үшін ұсақ масштабты карталар-
ды құруға көп конусты, цилиндрлі жəне жалған цилиндрлі проек-
циялар қолданылады. Солтүстік жəне оңтүстік жарты шарлардың
қалыпты азимутты, ал, шығыс жəне батыс жарты шарлардың
көлденең азимутты проекциямен құрылатыны көрсетілген.
3.10-кестеде жоғарыда аталған карталарға Ареусмиттің глобуляр-
лы (шарлы) азимутты проекциясы да қолданылатыны айтылған.
Қазіргі Ресейдің, Қазақстанның жəне ТМД елдері аумағын
негізінен конустық проекциямен құрылады. Оны басқа мемле-
кеттер мен олардың жеке бөліктерін кескіндейтін карталарға да
қолданады. Бірақ елді картада кескіндеу барысында аумағының
пішінін де ескереді. Меридиандарды бойлай созылып жатқан елде-
рді көп конусты немесе көлденең цилиндрлі, аумағының пішіні
дөңгеленген елдерді азимутты, ал экватор маңындағы мемлекет-
терді цилиндрлі жəне жалған цилиндрлі проекциямен кескін дейді.
Картаның атқаратын қызметі де құратын проекцияға əсер етеді.
Егер карта салыстыру немесе ауданды өлшеу қызметін атқарса
тең бұрышты проекциялар тобын таңдайды. Ұзындықты, ара-
қашықтықты өлшеуді, бағытты анықтауды көздейтін картомет-
рия лық жұмыстар үшін ұзындықтың бұрмалануы болмайтын про-
ек
цияларды таңдайды. Мысалы, авияциялық сапарлардың ба
ғы-
ты көрсетілетін карталарды құруға орталығынан барлық ра
диус-
тарының аралықтары тең болуымен ерекшеленетін Пос
тель
дің
теңаралық көлбеу азимутты, ал теңіз
карталарын құруға Мер катор-
дың тең бұрышты қалыпты цилиндрлі проекциясын қол данған тиім-
ді. Мектептің география пəнінің мұғалімі өз жұмы сын да қолжаз ба
карталарын түсіндіруіне тура келеді. Карто гра фия лық проекцияны
сипаттау барысында есептеулерінің қара
пайымдылығын еске
ріп,
қолжазба карталарды пайдалану мүмкін дік терін түсіндіреді.
Дүние жүзінің карталарын Анаксимандрдың теңаралық қа-
лыпты цилиндрлі, шығыс жəне батыс жарты шарлардың карта сын
Аррусмиттің глобулярлы шарлы проекциясымен құруға бо ла ды.
Картаны құрастыру. Картада
қамтылған аумақтың маз-
мұнын айқындайтын негізгі картографиялық кескіндер мен
қосымшаетіне орналастыру сипатын картаны құрастыру дей міз.
Картаны тиімді құрастыру міндетін жүзеге асыру салатын суре-
тін дұрыс ойластыруды көздейтін суретшінің шығармашылық