Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет62/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   105

203
Личностно-ориентированное  обучение:  теории  и  технологии: 
Учебное пособие /Под ред. Н.Н.Никитиной.-Ульяновск: ИПК ПРО, 
1998.
Меерович М.И., Шрагина Л.И. Технология творческого мышле-
ния: Практич. пособ. – Мн.: Харвест, 2003.
Махмутов  М.И.  Организация  проблемного  обучения  в  школе: 
Кн. Для учителей. – М.,1977. 
Никитина Н.Н., Железнякова О.М., Петухов М.А. Основы про-
фессионально-педагогической деятельности. М., 2002.
Оконь В. Введение в общую дидактику. – М.: «Высшая школа», 
1990
Педагогические  технологии:  что  это  такое  и  как  их  использо-
вать  в  школе. /Под  ред.  Т.И.Шамовой,  П.И.  Третьякова. –М.-  Тю-
мень,1994.
Селевко  Г.К.  Современные  образовательные  технологии.  М., 
1998
Теоретические основы обучения в школе / Под ред. В.В.Краевского, 
И.Я. Лернера. – М.,1989.
Третьяков П.Н., Сенновский И.Б. Технология модульного обуче-
ния в школе. – М., 1997
Унт И. Индидуализация и дифференциация обучения. – М.,1990
Фридман  Л.М.,  Маху  В.И.  Проблемная  организация  учебного 
үдеріса. /Метод. разработка. – М.,1990.
Шаталов В.Ф. Куда и как исчезли тройки? Или:  Точка опоры. – 
М.: «Педагогика», 1987.
Эллис А., Фоутс Дж. Педагогические инновации. - М., 1993.
Юцявичене П.А. Теория и практика модульного обучения. – Ка-
унас, 1989.
Караев  Ж.А.  Активизация  познавательной  деятельности    уча-
щихся в условиях  применения компьютерной технологии обучения. 
Пед.ғыл.докт.дисс. авторефераты.- Алматы, 1994.
Гузеев  В.В.  Планирование  результатов  образования  и  образова-
тельная технология. М.: Народное образование, 2000. – с. 206.


204
VI БӨЛІМ.
КƏСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
МЕНЕДЖМЕНТ
Жоспар:
6.1.Кəсіптік 
білім 
беру 
саласындағы 
педагогикалық       
менеджменттің мақсаттары мен міндеттері.
6.2.Педагогикалық  жүйені  басқарудың  жалпы  принциптері 
жəне əдістері.
6.3.Педагогикалық жүйе қызметінің тиімділігін арттыруда ме-
неджер тұлғасының рөлі.
6.1.  Кəсіптік  білім  берудегі  педагогикалық  менеджменттің 
мақсаттары мен міндеттері
Педагогика  ғылымы  мен  тəжірибесінде  тұтас  педагогикалық 
үдерісті  басқару  ғылыми  тұрғыдан  қарастырылып,  оған  қатаң 
ғылыми негізделген сипаттама беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. 
Шындығында, басқару тек техникалық жəне өндірістік үдерістерге 
ғана  емес,  сонымен  бірге  педагогика  сияқты  күрделі  əлеуметтік 
жүйе үшін де қажет.
Жалпы  басқару  дегенді – шешім  қабылдауға  бағытталған, 
белгіленген  мақсатқа  сəйкес  басқару  нысанын  ұйымдастыру, 
қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, 
нəтижесінің қорытындысын шығару əрекеті деп түсіндіруге болады. 
Басқару нысаны биологиялық, техникалық, əлеуметтік жүйелер бо-
луы мүмкін. Əлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет 
көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім беру 
жүйесі ретінде ҚР білім жəне ғылым министрлігін, облыстық білім 
департаменттерін, аудандық білім бөлімдерін атаймыз. Ал кəсіптік 
білім беру мекемесі күрделі қозғалыстағы əлеуметтік жүйе ретінде 
білім беруді мекемеішілік басқарудың нысаны болады. Біз білім беру 
мекемесін  басқару  немесе  оның  компоненттері  туралы  айтқанда, 
оларды жалпы жүйе - орта білім беру мекемесін басқарудың бөліктері 
ретінде  қарастырамыз.  Ол  бөліктерге  тұтас  педагогикалық,  сынып 
сабақ жүйесі, білім беру мекемесіндегі тəрбие жұмысының жүйесі, 
білім алушыларға еңбектік тəрбие, кəсіптік бағдар беру жүйесі жəне 
т.б. жатады.


205
Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елдегі «Білім туралы» 
Заңы аясындағы бірыңғай мемлекеттік саясат негізінде жүргізілуімен 
ерекшеленеді. Заң аясында Қазақстан Республикасының білім сала-
сына басымдық берілген, яғни еліміздің əлеуметтік-экономикалық, 
саяси, халықаралық салаларындағы жетістіктері білім саласындағы 
жетістіктерімен байланыстырылады. Білім саласының басымдылығы 
білім беру жүйесінің материалдық, қаржылық мəселелерін бірінші 
кезекте шешуді талап етеді.
Сонымен  бірге,  білім  беруді  басқарудың  мемлекеттік  сипаты 
«Білім туралы» Заңда белгіленген мемлекеттік саясат принциптерінің 
мынадай бағыттарымен де айқындалады:
 
– білім  берудің  гуманистік  сипаты,  жалпы  адамзаттық 
құндылықтардың,  адам  өмірі  мен  денсаулығының,  жеке  тұлға 
бостандығының  басымдылығы.  Азаматтық  пен  Отанға  деген 
сүйіспеншілікке тəрбиелеу;
 
– республикадағы  мəдени  жəне  білім  беру  кеңістігінің 
біртұтастығы, аз ұлттардың білім беру жүйесінің қорғалуы;
 
– білімнің жалпыға бірдейлігі, білім беру жүйесінің дайындығы, 
даму деңгейі мен ерекшеліктеріне бейімделгіштігі;
 
– білім беру жүйесінің еркіндігі мен көптүрлілігі;
 
– білім  беруді  басқарудың  демократиялық,  мемлекеттік, 
қоғамдық сипаты. Білім беру мекемелерінің дербестігі.
Білім беруді басқарудың жергілікті органдары мемлекеттік сая-
сатты мемлекеттік білім стандарттарын сақтау арқылы іске асыра-
ды. Білім стандарты оқу бағдарламасының міндетті ең аз жəне білім 
алушылар  жүктемесінің  барынша  көп  көлемі  мен  бітірушілерге 
қойылатын  талап  деңгейін  қамтиды.  Білім  беруді  басқару 
органдарының  міндеті  білім  алуды  формальді  түрде  қамтамасыз 
етумен  шектелмейді,  ол,  сонымен  бірге,  жеке  тұлғаның  өзін-өзі 
айқындауына қолайлы жағдай туғызады.
Білім  беру  саласында  мемлекеттік  саясатты  дəйекті  іске  асыру 
үшін,  білім  беруді  басқарудың  мемлекеттік  органдары  құрылады. 
Олар  республикалық,  облыстық,  қалалық  жəне  аудандық  басқару 
мекемелері.
«Менеджмент» термині ағылшын тілінің «manage» деген сөзінен 
шыққан,  яғни  «басқару», «меңгеру», «басшылық  жасау»  деген 
ұғымдарды білдіреді. Менеджмент сөзінің жалпы түсінігі басшының 
алдына  қойған  мақсаттарға  қол  жеткізуде,  басқа  адамдардың 
еңбектерін,  қабілеттерін  жұмылдыра  білуі.  Бір  сөзбен  айтқанда, 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау