Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет63/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   105

206
менеджмент - ғылым мен адамдарды жəне əлеуметтік үдерістерді 
басқару  өнерін  біріктіру.  Отандық  сөздік  қорымызда  бұл  термин 
қайта кұру жылдарында «басқару», «басшылық жасау» сөздерінің 
баламасы ретінде пайда болды. О
Л
 кезде номенклатуралық басшылық 
жүйесіне  ілінген  кадрларды  кəсіби  біліктілігі,  ұйымдастырушылық 
қабілетіне  қарамастан  бір  орыннан  екінші  орынды  басқаруға 
ауыстыра беретін. Тіпті, кейде орталықтан кəсіп саласынан мүлдем 
бейхабар  кадрлар  өндірістің  маңызды  учаскелерін  басқаруға 
жіберіліп отырылды. Сөз жоқ, бұл үрдіс басқару, «басшылық жасау» 
сияқты сөздерге нұқсан келтірді. 
«Менеджер»  сөзінің  мəні  басшылықпен  бірге  «істің  мəн-
жайын  жетік  білетін  маман»  деген  анықтамаға  сай  келетін  сияқты. 
«Педагогика  менеджменті»  немесе  «Білім  саласының  менеджері» 
деген атау қазір жиі қолданылатын болды. Ол, білім  саласын  жетік 
меңгерумен қатар, қарамағындағылармен кикілжіңсіз тіл табысып, 
жұмыс істей алатын, педагогика жəне психология ғылымдарымен 
қаруланған  маман.  Кəсіптік  білім  беретін  оқу  орнының  жетекшісі 
немесе  жоғарғы  оқу  орнының  ректоры  алдымен  кəсіби  біліктілігі 
жоғарғы педагог болуы тиіс, содан соң, басқару-əкімшілік жұмысына 
барғаны  жөн.  Білім  беру  жүйесінің  алдына  қойған  мақсаты  жеке 
тұлғаны,  өмір  сүріп  отырған  замандағы  адамзаттық  өркениеттің 
прогрестік  даму  ерекшеліктеріне,  қоғамдық-тарихи,  саяси-
əлеуметтік, экономикалық жағдайларға бейімдеп оқытып, тəрбиелеп 
шығару.  Бүгінгі  таңда  ақпаратттық  кеңістік  əлемі  дамып 
кетті.  Атап  айтқанда,  дүниежүзілік  интернет  (ғаламтор)  желісі, 
электронды пошта, электрондық оқулықтар, қашықтан оқыту жəне 
білім  берудің  кредиттік  технологиялары  əлемдік  өркениетке  аяқ 
басуымыздың көрінісі.
 Енді «педагогикалық менеджмент» сөзіне анықтама берсек. (Мұны 
кейде «білім беру менеджменті» деп атап жүр).
Педагогикалық менеджмент - бұл білім беру үдерісін басқарудың 
кешенді  принципі  мен  технологиялық  тəсілдері,  ол  тек  білім  беру 
мекемелеріндегі тиімді басшылықтың шығармашылық əлеуетін 
көрсетіп  қана  қоймай,  педагогтар,  студенттер  мен  тыңдаушларға  да 
өзіне  тəн  міндеттер  ауқымын  жүктейді.  Кез-келген  ғылымда,  оның 
ішінде  педагогикада  да  менджмент  сөзінің  негізі  антропоцентрлік 
көзқарасты құрайды, оған мына үш талап қойылады:
1. Өз қарамағындағы қызметкерлерге сыйластықпен қарау;
2. Оларға сенім білдіру;
3. Олардың іс-əрекетінде табысқа жету мүмкіндігін жасау.


207
Антропоцентрлік (грек сөзінен аударғанда «antropos» - адам деген 
ұғымды  білдіреді).  Көзқарас  дегеніміз  басқару  ісінің  мақсаттары 
мен  міндеттеріне  мəнді  түзетулер  ендіруді  білдіреді.  Басқару 
қызметінің негізгі өзегі - адамдардың шығармашылық мүмкіндігін 
мейлінше  өнімді  пайдалануы  болып  табылады.  Осыған  байланысты, 
менеджменттік стратегиялардың жаңа қызметтерін жүзеге асыру мына 
төмендегі базалық негізге арқа сүйейді.
1.  Шығармашылық  топтарды  іске  тарту  арқылы  қабылданған 
шешімдердің сапасын арттыру.
2. Қызметкерлердің жауапкершілік сезімін күшейту.
3.  Инженер-педагог  қызметкерлері  арасында  ақпарат 
жариялылығы  мен  өзара  сенімділікті  арттыру  арқылы  оқу  орнында 
дұрыс ахуал қалыптастыру.
Оқытушылар  мен  өндірістік  оқыту  шеберінің  еңбектерін 
дер  кезінде  бағалап,  олардың  шығармашылық  идеялары  мен 
инновациялық іс-əрекеттеріне қолдау көрсету.
Студенттер мен білім алушыларды шешім шығаруға қатыстырып, 
олардың оған деген жауапкершілігін арттыру.
Қазіргі  заманның  білім  беру  жүйесінің  басты  ерекшеліктерінің 
бірі мемлекеттік басқарудан мемлекеттік қоғамдық басқаруға өту.
Білім берудегі мемлекеттік-қоғамдық басқарудың негізгі идеясы – 
білім беру проблемаларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш-
қуатын  біріктіру,  оқытушылар,  білім  алушылар  мен  ата-аналарға 
оқу үдерісінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру əдістерін жəне білім 
беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.
Осы орайда, білім беру менеджменті дəстүрлі басқару түрлері-
нен басқа, соңғы уақытта педагогикалық жүйені басқарудың ғылы-
ми  негізі  ретінде  кибернетика  заңдылықтарын  мақсатты  пайдала-
нуға  көшуде.  Бұл  жағдайда  білім  беру  аясының  менеджері  өз 
жұмысының бағдарын ғылыми негізделген басқару технологиялары 
негізінді  жүргізуі  қажет.  Білім  беру  менеджері  өз  ісін  субъект 
қызметін басқаруда белгілі бір кəсіп саласын игеруге, ондағы білім 
мазмұны мен деңгейіне бағыттауы керек. Оқытушы мен өндірістік 
оқыту  шебері  үшін  бұл  білім  алушылар  қызметінде  белгілі  бір 
жүйедегі білім,  білік жəне дағдылық қабілеттерді игертіп, сапалық 
жəне  жеке  қасиеттерге  қол  жеткізу.  Ал,  кəсіптік  білім  мекемесінің 
басшысы  не  жоғарғы  оқу  орнының  ректоры  үшін - аталмыш  оқу 
орны  педагогтары,  студенттері  мен  тыңдаушыларына  тəрбие  мен 
білім  негіздерін  игерту  қызметі.  Аудандық  оқу  бөлімі,  қалалық, 


208
облыстық  білім  басқармасы,  департамент  басшылары  үшін - бұл 
оқу орны оқу орны жетекшісі мен ректорларының қызметін дұрыс 
үйлестіру.
Менеджердің  еңбек  өнімі – білім  алушы,  студент  немесе 
тыңдаушылардың  білім  ақпараттарын  меңгеруі  жəне  оларда  білім 
сапасы мен жеке қасиеттерінің жоғары болуы.
Білім  беру  менеджерінің  еңбек  нəтижесі - білім  алушылар 
мен  студенттерді,  тыңдаушыларды  педагогикалық  диагностика 
арқылы  тексеру  деңгейінің  болуы,  объектіні  басқару  деңгейінің 
дамуы.  Мұның  бəрі  білім  саласы  менеджерінің  педагогикалық 
құзіреттілігін,  оқыту  мен  тəрбиелеуді  тиімді  тəсілдермен  басқара 
білуін  айқындайды.  Педагогикалық  шеберлікті  қалыптастыру 
құзыреттілігіне тəн мына төмендегі іскерліктерді атап өтуіміз қажет:
 
– оқытудың,  тəрбиелеудің  жəне  оларды  динамикалық  өзара 
байланысы мен бірлігі тұрғысынан шешу міндеттері;
 
– білім алушылардың жас ерекшеліктерін жəне психологиясын 
есепке ала отырып, олардың даму деңгейіне жеке баға беру;
 
– олардың оқу материалына деген қызығушылығын туғызу;
 
– оқу сабақтары мен тəрбие жұмыстарында қайталаушылықтан, 
бір  тектес  үлгілерден  аулақ  болу,  мазмұны  мен  өткізу  əдістерін 
түрлендіру;
 
– білім  алушылармен  ізгілікті  жəне  демократиялы  негізде 
қарым-қатынас жасау;
 
– оның басты қоры - сөздік қатынастарын жетілдіру;
 
– оқу пəнін меңгертуде теория мен практиканы ұштастыра білу;
 
– білім алушылар мен студенттердің болашақ кəсібін тəрбиелеу 
құралына айналдыру;
 
– сыни  ойлау  арқылы,  білім  алушыларды  сөз  бен  істерінің 
бірлігіне баулу;
 
– педагогика  ғылымының  соңғы  жаңалықтарын  өз  ісінде 
прақтикалық тұрғыда сауатты пайдалану.
Кəсіптік  білім  беру  саласында  педагогикалық  менеджменттің 
негізгі  мақсаты  кəсіптік  білім  беру  үдерісін  басқару  саласымен 
мейлінше  жақындастыру,  тиімді  нəтижелерге  жеуді  қамтамасыз 
етуі. Соның нəтижесінде педагогтар, студенттер мен білім алушы-
ларды басқара білу. Педагогикалық менеджмент міндеттері басқару 
мазмұнымен анықталады. Кəсіптік білім беру менеджері мекеменің 
міндеттерін  анықтайды,  ресурстар  мəселесін  шешуге  қатысып, 
ағымдағы  өзгерту,  түзетулер  жүргізеді,  қабылданған  шешімдердің 
нəтижелерінің сапасына баға береді. Зерттеушілер «педагогикалық 
менеджмент»  терминіне  түрліше  түсініктемелер  берген (1-кес-


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау