197
бейімдеп, күрделі мəселені шешу жолында ізденіске құлшындырып,
ойлау қабілетін дамытады. Ол білім алушының ойлауын жетілдіріп,
ой еңбегіне қызықтырып, ақыл-санасын өрістетуге ықпал етеді.
Проблемадан туған кедергіні жеңу жолындағы ізденісі мен
талпынысы шəкірттің білім-білігінің нəтижелі, таным-түсінігінің
жоғары деңгейге көтеріле түсудегі мүмкіндігін арттырады. Білім
алушыны ой еңбегі саласында тиісті дəрежеге жеткізеді, іздеп таба
білуге машықтандырады.
Білім беру жүйесіндегі реформалар мен қазіргі мектептің
тұлғалық-бағдарлы оқытуға бет бұруы болашақ білім алушылардың
кəсіби бағыттылығының даярлығына жаңа талаптар қояды. Білім
беру жүйесі дамуының қазіргі кезеңі жаңа парадигмаға өтудің
жолдарын іздестірумен, яғни білім берудің жаңа мақсатының
жетістіктерімен байланысты.
«Педагогикалық технология» түсінігі үш түрлі құбылыс ретінде
ұсынылады: ғылыми; іс-жүргізу, суреттеу; ықпалды іс-жүргізу.
Сонымен, педагогикалық технология оқытудың ұтымды
жолдарын зерттейтін ғылым ретінде жұмыс істейді жəне оқуда
қолданылатын тəсілдер жүйесі ретінде де, оқытудың шынайы
барысы ретінде де қарастырылады.
Дамыта оқыту технологиясының мақсаты – балаларды
дамыту, өз бетімен ойлауға, əрекет ете алуға үйретуді балалармен
ынтымақтастықта іске асыру.
Дамыта оқыту технологиясы күрделі құрылымды, біртұтас
педагогикалық жүйе. Оның нəтижесінде əр оқушының өзін-өзі
өзгертуші субъект дəрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында
соған лайық жағдай жасалады. Дамыта оқытудың дəстүрлі
оқытудан айырмашылығы көздеген мақсатында, негізгі факторында,
оқытушының рөлі мен атқаратын қызметтінде, əдіс-тəсілінде, т.б.
Бұл идеялар бүгінгі таңда қолдау табуда. Педагогика ғылымының
зерттеушілері тəлім-тəрбие беру үрдісінің негізгі мақсаты білім
алушы тұлғасын дамыту деп таниды.
Сондықтан, мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен
мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып
табылады. Ол үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім беру үдерісін,
ұйымдастырудың түрлі əдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге
асыру қажет.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. «Сыни ойлау»
анықтамасына еш келмейтін ойлаудың үшінші түрі – ол
198
шығармашылық немесе көкейкесті ойлау. Сонымен, сыни тұрғыдан
ойлау үш бөліктен тұрады:
- біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау өзіндік жəне жеке ойлау
болып табылады.
- екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес,
бастапқы пункті болып табылады.
- үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін
табуды қажет ететін мəселені анықтаудан басталады.
- төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дəлелге
ұмтылады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мəселені шешудің жолын
өзі іздеп табады да, сол шешімдерді негізі бар, саналы дəлелдермен
нақтылай түседі. Ойымызды қорыта келсек, инновация жаңалық
енгізумен байланысты. Бірақта, зерттеушілердің айтуы бойынша
кез-келген жаңалық, үнемі жоғары нəтиже көрсете бермейді[8].
Ойын технологиялары педагогикалық үдерісті ұйымдастыру
формаларының бірі болып табылады. Ойынның тəрбиелік,
дамытушылық жəне эвристикалық мүмкіндіктері бастауыш сынып
оқытушыларының даярлығын жетілдіруге игі əсерін тигізеді.
Ойын технологиялары белсенді тұлғааралық қарым-қатынас
пен өзін-өзі анықтау үшін өте қажет. Əрбір пəнді оқыту барысында
ойындарды пайдалану болашақ мұғалімдерге өздерінің іскерлік
сапалары мен тұлғалық қасиеттерін жақсы түсінуге мүмкіндік
береді.
Ойын технологиялары оқу үдерісін белсендіру жəне жетілдіру
құралы ретінде мына жағдайларда қолданылады:
- оқу пəнінің ұғымдарын, тақырыптарын жəне тұтас бөлімін
меңгеру үшін дербес технология ретінде;
- жалпы технологияның бір бөлігі ретінде;
- сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде;
- сыныптан тыс жұмыс үшін дербес технология ретінде.
Ж.А.Қараевтың «Үш өлшемді əдістемелік жүйе педагогикалық
технологиясы» атты зерттеу нəтижесі қазір Қазақстанның бар
аймағында ғылыми тəжірбиеден, сынақтан өтіп, оқыту жүйесінің
белсенді əдісіне айналды.
1
Үш өлшемді əдістемелік жүйеде, оқыту
келесі формула бойынша анықталады: мақсат-мотив-іс-əрекет-
рефлексия-теориялық білім.
Педагогика ғылымының докторы, Ж.Қараевтың деңгейлік
1
Караев Ж.А. Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях применения
компьютерной технологии обучения: автореф. Дисс. Докт.пед.наук.- -Москва, 1997.-48 с.
199
оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, əр пəн бойынша деңгейлік
тапсырмалар дайындауға болады. Профессор Ж.Қараевтың деңгей-
леп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен білім
алушылардың өздігінен танып, іздену іс-əрекеттерін меңгертуді та-
лап етеді.
Негізгі ұғымдар сөздігі
Инновация
(латын сөзі – Іnnovatіon) - жаңаның мазмұны жəне
ұйымдастырылуы. Педагогикалық инновацияның бағыттары: білім
берудің жаңа мазмұнын қалыптастыру; балалардың даму жүйесін,
əдістемесін, педагогикалық технологияларын жасау жəне жүзеге
асыру; оқу орындарының жаңа түрлерін құру т.б.
Инновациялық қызмет
– нəтижесі, экономикалық өсу мен
бəсекелестік қабілеттілігі үшін пайдаланылатын жаңа идеяларды,
ғылыми білімді
,
технологияларды жəне өнім түрлерін өндірістің
түрлі салаларына жəне қоғамды басқару салаларына енгізуге
бағытталған қызмет.
Педагогикалық инноватика -
Педагогикалық жаңа енгізулер
(инновациялар) - мақсатты бағытталған өзгерістер, олар білім
беру мекемесінің əрекетіне жаңа, салыстырмалы тұрақты
элементтерді енгізіп, оның дамуына жəне қызметіне тиімді əсер
етеді. Педагогикалық жаңа енгізулердің таратылуының факторла-
ры: кең ауқымдағы əлеуметтік шарттар; педагогикалық идеялардағы
қоғамдық қатынастың басымдылығы, білім беру саласындағы
мемлекеттің саясаты. Жекелеген əлеуметтік шарттар: нақты
мемлекеттік жəне қоғамдық институттардың əрекеті, бұқаралық
ақпарат құралдары, білім беру ұйымдары, өнерпаз шығармашылық
педагогикалық бірлестіктер. Жекелік факторлар: педагогикалық ин-
новатиканы жасаушылардың жəне насихаттаушылардың тұлғалық
ерекшеліктері.
Педагогикалық технология
(
оқыту технологиясы)
-
білім
беру формаларын оңтайландыру міндетін көздейтін адам жəне тех-
ника ресурстарын есепке ала отырып, бүткіл оқыту жəне білімді
игеру үдерісін жасаудың, қолданудың жəне анықтаудың жүйелі
əдісі. Педагогикалық технологияның негізгі компоненттері: оқыту
мақсатын қою; оқыту дəрежесін алдын-ала бағалау; оқыту материал-
дарын даярлау жəне оқыту процедураларын жасау; оқыту нəтижесін
ағымды жəне қорытынды бағалау, коррекциялау (түзетудің) матери-
алдарын жасау; нəтижені қорытынды бағалау жəне жаңа мақсат қою.
Достарыңызбен бөлісу: |