Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет65/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   105

212
Ендігі  бір  талап  түрі  жоспарлаудың  объективтілігі.  Ол  білім  беру 
мекемесі  қызметінің  объективті  жағдайын,  орналасқан  жерін, 
қоршаған табиғи, əлеуметтік ортасын, педагог жəне білім алушылар 
ұжымының мүмкіндіктерін ескеруді қажет етеді.
Кəсіптік  білім  беру  мекемелерінің  жұмысында  бұл  талаптарды 
ескермеу талдау негіздемесінің жетімсіздігіне, шашыраңқылығына, 
кəсіптік  білім  беру    мекемесіндегі  өзге  басқару  құрылымдарының 
жоспарымен  үйлеспеушілігіне  апарып  соғады.  Кəсіптік  білім 
беру  мекемелерінің  тəжірибесі  көрсеткеніндей,  кейде  білім  беру 
мекемесі  басқарудың  функциясы  ретінде  жоспарлауды  жоғары 
қояды  да,  басшының  барлық  күш-жігері  жақсы  жоспар  жасауға 
жұмылдырылады,  ал  ол  жоспар  ұйымдастырушылық  жұмыспен 
қамтамасыз етілмейді.
Педагогикалық  менеджменттің  басқару  функцияларына  сəйкес 
басқару шешімдері түрліше болып келеді (2-Кесте  )
13-кесте.
Педагогикалық  менеджменттің  басқару  шешімдерінің 
түрлері
Педагогикалық 
менеджменттің басқару 
шешімдерінің түрлері 
Жағдаяттарға байланысты
əлеуметтік,
экономикалық, 
ұйымдастырушылық, 
техникалық;
басқару мерзіміне қарай
стратегиялық,
тактикалық, 
шұғыл;
маманда рдың қатысу дəрежесіне қарай
жеке, ұжымдық,
алқалық; 
басқару үдерісінің мазмұнына қарай
Кəсіптік  білім  беру  мекемелерінің  білім  беру  мекемесі 
жұмысының  практикасында  жоспардың  негізгі  үш  түрі  кең 
қолданылады: перспективалық, жылдық жəне ағымдық.
Перспективалық жоспар кəсіптік білім беру   мекемесінің соңғы 
жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау негізінде бес жылға 
жасалады.


213
Оның құрылымы мына сипатта болуы мүмкін:
 
– жоспарланған  мерзімдегі  кəсіптік  білім  беру  мекемесінің 
міндеттері;
 
– білім  алушылар  контингентінің,  сыныптардың  мүмкін  бола-
тын 
 
– санының жылдар бойынша даму болашағы;
 
– оқу-тəрбие  үдерісінің  жаңартылу,  педагогикалық  инновация-
ны ендіру болашағы;
 
– кəсіптік  білім  беру  мекемелерінің  педагог  кадрларға  деген 
қажеттілігі;
 
– педагог кадрлардың біліктілігін арттыру (МБЖИ, курстар, се-
минарлар, тренингтер жəне т.б.);
 
– кəсіптік  білім  беру  мекемелерінің  материалдық-техникалық 
базасы  мен  оқу-əдістемелік  жарақтандырылуын  дамыту  (құрылыс 
жұмыстары,  ЭЕТ  жəне  компьютер  жабдықтары,  кітап  қорын 
толықтыру, кабинеттерді безендіру);
 
– білім  алушылар  мен  білім  алушыларды  əлеуметтік  қорғау, 
олардың тұрмысын, еңбек жəне демалыс жағдайын жақсарту.
Жылдық  жоспар,  жазғы  каникулды  қосқанда,  бүкіл  оқу  жы-
лын қамтиды. Кəсіптік білім беру мекемелерінің жұмыс жоспарын 
дайындау  ағымдағы  оқу  жылында  басталады  да  бірнеше  кезеңді 
қамтиды. 
Бірінші  кезеңде  (бірінші  оқу  тоқсаны),  білім  беру  мекемесі 
оқу  орны  жетекшісі,  оның  орынбасарлары  дамыту  мен  білім  беру, 
соның ішінде жоспарлауға да қатысты теориялық жəне əдістемелік, 
нормативтік жəне нұсқау сипатындағы құжаттармен танысады.
 Екінші кезеңде (екінші оқу тоқсаны), жетекшінің басшылығымен 
жоспар,  жобасының  құрылымын  жасау,  қажетті  мағлұмат  көздерін 
тауып, мəлімет жинақтайтын бастамашыл топ құрылады. 
Үшінші кезеңде (үшінші оқу тоқсаны), жинақталған мəліметтер 
талданады, комиссия мүшелерінің есептері талданады, қалыптасқан 
қиыншылықтардың  себебі  айқындалып,  оларды  жоюдың  жолдары 
қарастырылады. 
Төртініші  кезеңде  (төртінші  тоқсанның  соңы),  жоспар  жоба-
сы  дайындалып,  талқыға  салынады.  Жоба  оқу  жылының  алғашқы 
педагогикалық  кеңесінде  қаралып,  нəтижесінде  білім  беру  
мекемесінің жұмыс жоспары бекітіледі.
Ағымдағы жоспар кəсіптік білім беру мекемелерінің жоспарын 
нақтылау үшін оқу тоқсанында жасалады. Осылайша, жоспарлардың 


214
негізгі түрлері педагог, білім алушы жəне ата-аналар ұжымдарының 
əрекетін үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл жоспарлар оқытушылар 
мен сынып жетекшілерінің жұмысы үшін стратегиялық жоспар бо-
лып табылады.
Кəсіптік білім беру мекемелерінің жылдық жұмыс жоспарының 
үлгі  мазмұны.  Кəсіптік  білім  беру  мекемелерінің  жылдық 
жоспарларының  түрлі  нұсқаларын  жинақтай  келіп,  жоғарыдағы 
жоспарлауға қойылған талаптарды ескеріп, жылдық жоспардың мы-
надай үлгі жоспарын көрсетуге болады:
*  кəсіптік  білім  беру  мекемелері  жұмысының  өткен  оқу 
жылының  қысқаша  қорытынды  талдауы  жəне  жаңа  оқу  жылының 
міндеттері.
*  кəсіптік  білім  беру  мекемелері  ұжымының  жалпы  білім 
қорының жұмысын атқаруы.
*  жұмыс  жоспарының  бұл  бөлігінде  кəсіптік  білім  беру 
мекемелерінің  шағын  көлемі  анықталады,  нақты  білім  беру 
мекемесін  тану  мүмкіндігі  ескеріледі.  Білім  алушылардың  жалпы 
орта  білім  алуына  бағытталған  шараларды  жоспарластырады.  ҚР 
«Білім  туралы»  Заңы  баптарының  орындалуын  басшылыққа  ала-
ды, ата-анасы жоқ, қамқорлыққа зəру балаларға материалдық көмек 
ұйымдастырады.  Бұл  жоспар  негізінде  баланың  құқығын  қорғау, 
оларды үйде оқыту, тəрбиесі қиын білім алушыларға көмек көрсету 
мəселелері де қамтылады. Педагогикалық ұжым мен ата-аналардың 
жұмыс  жоспарында  балалардың  дербес-шығармашылық  дамуына 
жағдай жасау да қарастырылуы тиіс.
Педагогикалық ұжымның оқу-тəрбие үдерісінің сапасын көтеру 
қызметі.
Білім  алушы  мен  оқытушы  қызметінің  барлық  саласын 
қамтитын болғандықтан, жоспардың бұл бөлімінің көлемі барынша 
ауқымды  болады.  Бұл,  əсіресе,  білімнің,  дағдының,  іскерліктің  са-
пасын қамтамасыз ету, ол үшін оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа 
түрлерін қолдану, оқытуды дербестендіру жəне жіктеу болып табы-
лады. Сыныптан тыс жəне сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, 
білім алушы тұлғасының мəдени базасын қалыптастырудағы білім 
беру мекемесі қызметінің алуан түрлілігі, білім алушылардың өзін-
өзі басқаруын дамыту, балалардың қоғамдық ұйымдарын қолдаудың 
«Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясына» сəйкестігі.
Кəсіптік  білім  беру  мекемелерінің,  отбасының,  қоғамдық 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау