184
етілуі; қондырғылармен қамтамасыз етілуі) анықтайтын жіктеме
болуы тиіс. Ондай жіктеме жасау үшін келесі өлшемдер жиынтығы
негіз бола алады
1
1. Білім берудің мақсаттылық деңгейі – жоғары білім; қосымша
білім (біліктілік жоғарылату); кəсіби даярлық (қайта даярлау);
куəлікті талап етпейтін білім салалары бойынша оқыту (жеке
мүддесіне сəйкес).
2. Білім алушылардың категориясы – балалар (мектеп білім алу-
шылары); жоғары оқу орны, колледж білім алушылары; ересектер;
жұмыссыздар (жаңа мамандық алуға немесе бұрынғысын өзгертуге
ниет білдірушілер); мүгедектер.
3. Қашықтан оқыту жүйесін оқыту үдерісінде қолдану – дəстүрлі
оқыту амалдарын толығымен ауыстыру (оқыту үдерісі қашықтан
жүзеге асырылады, оқытушы мен білім алушылар кездеcпейді, тек
бітіру емтихандарында, диплом жұмысын қорғауда ғана бетпе-бет
кездеседі); дəстүрлі оқыту амалдарына қосымшалар енгізу.
4. Оқытуды ұйымдастыру əдістері – жеке, топтық, аралас.
Қашықтан оқыту оқытудың басқа да түрлерімен біріктірілуі мүмкін
(күндізгі жəне қашықтан оқыту, сырттай жəне қашықтан оқыту,
кешкі жəне қашықтан оқыту, экстернат жəне қашықтан оқыту).
5. Зерттелетін пəндік сала – гуманитарлық ғылым жəне пəндер;
жаратылыстану ғылымдары жəне пəндері; инженерлік білімдер;
кəсіби дағдылар.
6. Ақпарат алмасу жүйесі – желілік технология (автономды
желілік курстар немесе виртуалды кафедралар, интернетті пайда-
ланатын университеттер); кейс-технологиялар негізінде қашықтан
оқыту; ТВ-технологиялар негізінде қашықтан оқыту.
7. Ақпаратты тасымалдау түрлері – білім беру интернет-
порталы, телекоммуникациялық желі, оқу-мультимедиа контенті,
software (бағдарламалық, электрондық баспалары).
8. Бейімделгіштік (зиятекерлік) – қашықтан оқытудың
бейімделгіш жүйелері əрбір білім алушыға бағдарланған жəне оқыту
үдерісіде оқу материалдарын түсіну деңгейлеріне қарай бейімделген.
Қашықтан білім беру жүйесіндегі оқыту үдерісінің негізгі
белгілері оның иілгіштігі, бейімделгіштігі, модельдігі, экономикалық
тиімділігі, тұтынушыға бағдарлығы, озық коммуникациялық жəне
ақпараттық технологияларды тірек етулері болып саналады.
1
[Кукушкин В.С., Болдырева-Вараксина А.В. Педагогика начального образования / Под
ред. В.С.Кукушкина. –М.: ИКЦ «МарТ»; Ростов н/Д: Издательский центр «МарТ»,2005.- С.26.
(Серия «Педагогическое образование»).]
185
Шетелдік жəне отандық білім мекемелерінің іс-əрекетін
ұйымдастырудың түрлі варианттарын қарастыра келе, қашықтан
оқытудың келесі модельдерін айқындауға болады [Кукушкин В.С.,
Болдырева-Вараксина А.В. Педагогика начального образования /
Под ред. В.С.Кукушкина. –М.: ИКЦ «МарТ»; Ростов н/Д: Издательс-
кий центр «МарТ»,2005.- С.28. (Серия «Педагогическое образова-
ние»).]
Консультациялық модель. Оның айырмашылығы, білім алушы-
лар лекциялар тыңдайтын, өзге білім алушылармен, оқытушылармен
кездесіп, өздеріне қажетті түсініктемелер алады жəне бұған дейінгі
орындалған жұмыстарына берілген бағалау нəтижелерімен таныса-
тын кеңес беру (консультациялық) орталықтарына үнемі қатысып
отырады. Оқытушылар таяу арада нені оқып білуі тиіс екендіктеріне
назар аударып, ұсыныстар береді. Оқу үдерісін кеңес беру орталық
тьюторлары қадағалайды. Аталған модельдің жүзеге асырылуы үшін
қажетті шарттар:
– білім алушылардың кеңес беру орталығына үнемі келіп
жүруіне уақытының жəне қаржысының жеткілікті болуы;
– орталықта тьюторлардың болуы;
– білім алушылар тобының қалыптастырылуы;
– білім алу жетістігі мотивацияларға тəуелді.
– оқу пəндерінің материалдары ретіне интерактивті кеңес жата-
ды (чат, форум арқылы).
Корреспонденция (хат алмасу моделі). Бұл моделдің негізін
оқытушылар мен білім алушылардың оқу материалдарымен, үй
тапсырмаларымен, емтихандық тестілеу тапсырмалары, емтиханға
арналған сұрақтар, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары жəне
оның нəтижелерімен тікелей бетпе-бет байланыспай-ақ, пошта
арқылы немесе үздіксіз хабар алмасуы құрайды. Мəлімет алмасу по-
шта арқылы ғана емес, телефон, факс, компьютер жүйесі арқылы да
жүзеге асырылады.
Модельдің жүзеге асырылуы үшін қажетті шарттар:
– сенімді байланыс жүйесі (бақылау жəне аттестаттау
жұмыстарына арналған рецензиялар, телефон, e-mail, чат, форум
бойынша);
– білім алушылардың жұмысына жылдам əрі біліктілікті баға
беруге қабілетті оқытушылардың болуы;
– білім алушылар мен оқытушылардың арасындағы ақпарат ал-
масу мерзімі екі аптадан кем болмауы тиіс;
186
– қашықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне
конференциялардың қолданылуы;
– консультациялық модельдегі сияқты асинхронды модель жеке
кездесулермен, жекелеген лекциялармен толықтырыла алады.
Асинхронады құралдар хабар алмасу жағымен тұрақты
байланыстың болуын талап етпейді. Ондай құралдарға автомат-
ты түрде жан-жаққа жіберу негізіндегі e-mail (mail-listis), Bulletin
Board System (BBS) хабарландыру тақталары, FidoNet «жаңғырық»
типіндегі offl ine-конференциялар жатады.
Синхронды құралдарды пайдалану хабарласатын жақтардың бір
мезетте келісілетін əрекетін шамалайды.
Қарастырлып отырған online-құралдары интернет жүйесіндегі
қызметтерді пайдаланады. Интернет жүйесін қолданушылар ара-
сында ICQ жəне NetMeeting сияқты қатынас құралдары кең тараған.
Реттелетін өздік оқу моделіне студенттің анағұрлым мол
өзбеттілігі, яғни оқудың мерзімі мен орнын, оқу үшін жұмсалатын
уақыт көлемділігін, оқу курсын өту мен емтихан мерзімін өз
еркімен таңдауы тəн. Оқыту тапсырмалары мен сұрақтары, мұқият
құрастырылған материалдардың көмегімен жүзеге асырылады.
Модельдің жүзеге асырылуы үшін қажетті шарттар:
– студент өздігімен оқуға қабілетті болуы тиіс;
– оқу материалдарын өңдемелеуге жоғары білікті оқытушылар
тартылуы тиіс.
«Кейс»-технологиялар моделі. Студент қабылдау емтихандары-
нан кейін оқу материалдарының (кейс, кешендер) жиынтығын ала-
ды.
Оқытушы–кеңесшілермен (консультанттармен) қатынас осы
мақсатта құрылған оқу орталықтарында жүзеге асырылады. Осы
топқа дəстүрлі сырттай оқу технологиясын жатқызуға болады.
Əр пəн бойынша бағыт беруші дəрістерде тьютор оқу-əдістемелік
құралдармен қалай жұмыс жасау керектігін, пəнді зерделеуде неге на-
зар аудару керектігін түсіндіреді, сонымен қатар, өздік жұмыстарды
ұйымдастыру жөнінде нұсқаулар береді.
Кейс-технология моделінің дəстүрлі сырттай оқу кестесімен
ұқсастықтары болғанымен, айрықша ерекшелігі оқу құралдарының
арнайы кешендері өңдемеленіп пайдаланылуында жəне сабақтарға
қатысудағы уақыт еркіндігінде.
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру формаларын қарастыралық.
Қашықтан оқыту лекциялары есту-жəне көру кассеталарын-
да, CD-ROM дисктерінде жазылады. Жаңа ақпараттық құралдарын
Достарыңызбен бөлісу: |