189
анықталады жəне əрмен қарай дамиды. Жоспарланатын нəтижелерді
көрсету газет шығару, шығарма жазу, бейне-фильм түсіру, мереке
немесе экспедиция ұйымдастыру жəне т.б. формасында алдын-ала
келісіледі.
Рөлдік, ойын түріндегі жобалар. Мұндай жобаларда оның
құралымы алдын-ала белгіленіп қояды да, жұмыстың соңына дейін
ашық қалдырылады. Оған қатысушылар жобаның сипатымен жəне
мазмұнымен себептелінетін белгілі бір рөлдерді қабылдайды. Олар
əдеби кейіпкерлер немесе əлеуметтік, немесе іскерлік қатынастарды
бейнелейтін ойдан шығарылған кейіпкерлер болуы мүмкін.
Осы жобалардың нəтижелері олардың орындалуының алдында
белгіленеді, əйтпесе ең соңында ғана көрініс ала алады.
Таныстыру-бағдарлы (ақпараттық) жоба. Бұл жоба əуелден
белгілі бір объект, құбылыстар туралы ақпарат жинастыруға жəне
жобаға қатысушыларды осы ақпараттармен таныстыруға, кең
аудиторияға арналған фактілерді талдауға жəне жинақтап қорытуға
бағытталады.
Таныстыру-бағдарлы (ақпараттық) жобалар да
зерттеушілік жобалар сияқты жақсы ойластырылған құрылымды,
жұмыс барысында жүйелі түрде өзгертулер енгізу мүмкіндіктерінің
болуын талап етеді. Оның құрылымы келесідей бола алды: жобаның
мақсаты, оның көкейкестілігі, зерттеу көздері, мəліметтердің
өңдемеленуі жəне нəтижесі (мақала, реферат, баяндама жəне т.б.),
презентациялары (публикациялар, Интернетте жариялануы, теле-
конференцияларда талқылау жəне т.б.).
Практикалық-бағдарланған
(қолданбалы)
жобалар.
Бұл
жобалардың ерекшелігі оған қатысушылардың іс-əрекеттерінің
нəтижесі əуел бастан нақты анықталатындығында. Сонымен қатар,
бұл нəтижелер міндетті түрде қатысушылардың өздерінің əлеуметтік
мүдделеріне бағдарлануы тиістілігі (мəселен биология, химия,
кəсіптік білім, əдебиет салалары бойынша зерттеу нəтижелері
негізінде жасалатын құжат; табиғаттағы, өндірістегі, қоғамдағы
сəйкессіздіктерді жоюға бағытталған іс-əрекет бағдарламалары,
ұсыныстар;
заң жобалары, анықтамалық материалдар, сөздіктер
шеберханалар жобасы жəне т.б.).
Мұндай жоба жан-жақты ойластырылған құрылымды, тіпті
оны былай қойғанда, оған қатысушылардың əрқайсысының
қызметтері анықталған, бүткіл іс-əрекеттерінің сценарийін,
нақты тұжырымдарды, яғни жобалық іс-əрекеттің нəтижелерінің
рəсімделуін, жəне соңғы өнімнің рəсімделуіне барлығының
қатысуын көздейді.