Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет54/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   105

178
 
– оқу материалын уақыт параметріне сəйкес бөлген кезде, жаңа 
материалды сабақтың бас кезінде – білім алушылардың зейінінің ба-
рынша белсенді кезеңіне лайықтап беру; 
 
– аудиториялық  сабақтарды  курстың  бас  кезінде  басымырақ 
қойып,  өз  бетімен  жемісті  жұмыс  жасаған  кезде  студентке  тірек 
боларлық білім қорын жақсарту;
 
– бұрынғы  берілген  жəне  жаңа  ақпараттардың  логикалық 
бірізділігін қамтамасыз ету;
 
– қарқынды оқыту үрдісі жеке психологиялық жəне ұжымдық    
 
– психологиялық  факторлардың  үйлесімді  қарым-қатынасына 
негізделген.
Топтық  оқыту  технологиясы.  Теориялық  зерттеулер  де, 
практикалық тəжірибе де көрсетіп отырғанындай, оқу іс-əрекетінің 
пəні, қарым-қатынас құралы болған кезде алынған білімдер неғұрлым 
биік болады. Бұл кезде, яғни, топтық оқыту кезінде оқыту үдерісінде 
білім алушылардың арасында талқыланып отырған мəселеге байла-
нысты қарым-қатынас туындайды: «субъект (студент)-объект (пəн) 
- субъект (студент)». Дұрыс ұйымдастырылған іс-əрекет пен қарым-
қатынас оқу үрдісінің оқыту жəне тəрбиелеу функцияларының қатар 
жəне  тиімді  жүруіне  жағдай  жасайды.  Топтық  оқытудың  тиімді 
ойластырылған əдістері, əсіресе, шетел тілдерін үйретуде өте тиімді. 
Топтық жеделдете оқытуда əрбір жеке тұлғаның қалыптасуына игі 
əсер ететін оқу ұжымы пайда болады.
Оқу  үдерісі  барысындағы  тұлға  аралық  іс-əрекет  əлеуметтік 
ынталандыруды  қозғау  арқылы  мотивацияны  күшейтеді:  жеке 
жауапкершілік  сезімі  пайда  болып,  білім  алушының  жеткен 
жетістіктері  көпшілік  алдында  өз-өзіне  деген  сенімін  арттыруына, 
ұжымда өз позициясын орнықтыруына ықпал етеді.
Іскерлік  ойындар  технологиясы.  Іскерлік  ойындар  дегеніміз 
болашақ  маманның  кəсіби  қызметінің  пəндік  жəне  əлеуметтік 
мазмұнын, сол қызметке тəн қарым-қатынас жүйесін моделдеу, еле-
стету.
Адам  тəжірибесінде  ойын  іс-əрекеттілігі  мынадай  қызметтерді 
орындайды: 
 
– көңіл  көтеруші: (бұл  ойынның  негізгі  қызметі – шаттану, 
лəззат алу, қызығушылықты ояту);
 
– коммуникативтік: қарым-қатынас диалектикасын меңгеру;
 
– ойын-терапевтикалық: 
өмір 
іс-əрекеттілігінің 
басқа 
түрлерінде  пайда  болатын  əртүрлі  қиыншылықтарды  жеңіп  шығу 


179
диагностикалық: өзін-өзі тану ойын үдерісінде (ережеге сай мінез-
құлықтың ауытқушылықтарының пайда болуы);
 
– коррекция  қызметі:  тұлғаның  құрылымдық  көрсеткіштерінің 
позитивті  (оң)  өзгеруіне  үлес  қосу;  ұлтаралық  коммуникация 
қызметі  бойынша:  барлық  адамдарға  ортақ  əлеуметтік-мəдени 
құндылықтарды меңгеру;
 
– əлеуметтендіруші: адамдардың қоғамдасып өмір сүру норма-
сын меңгеруін қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде бекіту.
Ойындардың  көпшілігінде  өздеріне  сай  мынадай 4 басты 
қырлары болады:
 
– тек  еркін  дамушы  іс-əрекеттілік  нəтижесіне  немесе  іс-
əрекеттілік үдерісінің қамы үшін ғана емес, баланың тілегіне байла-
нысты қабылданады (процедуралық қанағаттану); 
 
– шығармашылық, 
белгілі 
деңгейдегі 
өте 
белсенді 
импровизациялық (шығармашылық «жолы») іс-əрекет;
 
– эмоционалдық көтеріңкілік, қарсыластық, бəсекелестік, атрак-
ция жəне т.б. (ойынның табиғи сезімділігі, «эмоциялық кернеу»);
 
– тікелей  немесе  жанама  ережелердің  бар  болуы,  ойындағы 
мазмұнды ашу.
Ойын құрылымына оның үдерісі ретінде жатқызылады:
а) ойнаушының өзіне алған рөлі;
б) осы рөлдердің іске асырылуындағы қосалқы ойын іс-əрекеті; 
в) пəндерді ойын түрінде пайдалану;
г) ойыншылар арасындағы шынайы қарым-қатынас;
д) сюжет – ойындағы «шындық аумағы».
Іскерлік  ойындарды  дайындау  барысында  төмендегідей 
психологиялық-педагогикалық принциптерді жүзеге асыру қажет:
 
– өндірістің нақты жағдайлары мен динамикасын, кəсіби қызмет, 
іс-əрекет мазмұнын имитациялық модельдеу принципі;
 
– білім 
алушыларға, 
кейбір 
қиындықтар 
мен 
ойлау 
қайшылықтарын тудыратын, тапсырмалық ойындар жүйесі арқылы 
берілген  кəсіби  қызметке  тəн  проблемалық  ахуалдарды  жасау 
принципі;
 
– ойында  көрсетілген  өндіріс  мамандарының  функцияларын 
бейнелеуде қатысушылардың бірлескен қызметі принципі;
 
– оқу  тапсырмаларын  шешуде,  келісімде,  шешімдерді  дайын-
дауда жəне қабылдауда серіктестердің іс-əрекеттік жəне диалогтық 
қарым-қатынастарының шешуші рөл атқаруы принципі;
 
– оқу  ойын  іс-əрекетінің  екі  мақсаттылығы  принципі.  Іскерлік 


180
ойын  болашақ  маман  тұлғасын  дамытуда  біршама  маңызды 
міндеттерді шешеді: білім алушылар мамандығына қажет білімдер 
мен  дағдыларды  меңгереді,  əлеуметтік  жəне  кəсіби  бірліктерді 
игереді.
Бірақ,  бұл  маңызды  іс-əрекет  ойын  формасында  іске  асырыла-
ды  да,  білім  алушыларға  өзін  интеллектуалдық,  эмоциялық  жəне 
шығармашылық тұрғыдан көрсете білуіне мүмкіндік береді.
Оқытудың  ойын  түрлері  білімді  игерудің  барлық  деңгейлерін 
пайдалануға  мүмкіндік  береді:  өңдеуден – қайта  жасауға,  одан  əрі 
негізгі мақсат – шығармашылық-ізденімпаздық қызметіне дейін. Бұл 
сатылардан өте келе, білім алушы оқудың əдіс-тəсілдерін игере ала-
ды. 
Ойынды  қолдана  отырып  оқыту  технологиясының  мақсаты – 
білім алушыны өз оқуының мотивін, өмір мен ойын жағдайындағы 
өз  мінез-құлқын  түсінуіне,  яғни  өзіндік  іс-əрекеттің  мақсаты 
мен  бағдарламасын  қалыптастырып,  оның  жақын  болашақтағы 
нəтижелерін алдын-ала болжай білуге үйрету.
Ойынның  функциясы  өте  көп:  дидактикалық,  танымдық, 
оқытушылық, дамытушылық, тəрбиелеушілік т.б.
Барлық ойындарды танымдық деп атасақ қателеспейміз.
«Дидактикалық ойындар» термині дидактика бөліміне мақсатты 
түрде кіргізілетін ойындардың барлығына тəн. Баланың танымдық 
белсенділігін, интеллектісін дамытатын ойындардың бірнеше тобы 
бар:
1-ші  топ – заттық  ойындар.  ойыншықтар  мен  заттар  арқылы 
жүзеге асырылады. Ойыншықтар мен заттар арқылы балалар түрді, 
түсті,  көлемді,  материалдарды,  адамдар  мен  жаруарлар  əлемін, 
олардың арасындағы қарым-қатынастарды т.б. зерттеп таниды. 
2-ші  топ – шығармашылық,  сюжеттік  рөлдік  ойындар.  Мұнда 
сюжет - интеллектуалдық іс-əрекеттің формасы. 
Саяхат  ойындары.  Бұған  кітаптар,  карталар,  құжаттар  бойын-
ша  жасалатын  географиялық,  тарихи,  өлкетанушылық,  ізшілік  т.б. 
саяхаттар жатады. Білім алушылар ойша геолог, зоолог, экономист, 
топограф т.б. рөлдерді атқарады, күнделіктер жүргізеді, хаттар жа-
зады,  түрлі  танымдық  материалдар  жинақтайды.  Бұл  ойындардың 
білім  алушылардың  шығармашылық  қиялын  дамытудағы  маңызы 
зор.
3-ші топ – дайын ережелері бар ойындар. Бұл ойындар, əдетте, 
білім  алушыдан  жұмбақты  шеше  білуді,  тарқата  білуді,  болжай 
білуді, ең бастысы-пəнді білуді талап етеді.


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау