113
Кəсіптік білімде еңбек түрлерінің табиғатының əсер-күшіне
байланысты аса маңызды рөл атқаратын көрнекілік құралдардың
көмегімен көру-есту техникалық құралдары арқылы танысатын
еңбек үлгілері көрнекілікке айналады. сөздіктері.
Практикалық əдістер.(3-Кесте). Бұл əдістерге жаттығулар (ау-
ызша, жазбаша, графикалық, зертханалық, практикалық əрекеттер,
есептер шығару, үлгілеу жəне т.б.) жатады. Бұл əдістерді қолдану
нəтижесінде білім алушылар жаңа білімдер алады. Ал кəсіптік
білімде еңбек түрлерімен белсенді əрекетке түсу,
3-кесте.
Еңбек тəсілдерін көрсетудің типтік кестесі
қолданбалы еңбек үлгілерін жасап шығару, еңбек үдерістерін мо-
дельдеу арқылы еске түсіру, елестету сияқты есту-көрнекілік
əдістерінің диалектикалық бірлігін құрайтын практикалық əдістер
ретінде қарастырылады.
Кəсіптік білім əдістері өзінің құрылымы бойынша күрделі əрі
кəсіптік оқыту педагогы мен білім алушының өзара іс-əрекеттерінің
көптеген аспектілерін қамтиды. Еңбек əдістері кəсіптік білімнің
жалпы жəне нақты мақсаттарына, мазмұнына тəуелді болып келеді.
Олар білім алушылардың психологиялық жəне балалар организмінің
114
анатомиялық-физиологиялық жас ерекшеліктеріне, сондай-ақ,
мектептің материалдық-техникалық жабдықталуына байланысты
таңдалынады.
Кəсіптік білім əдістері кəсіптік білім мақсаттарына тікелей бай-
ланысты. Мəселен, ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында экскурсия
əдісі кеңінен таралған болатын. Эксурсия əдісі арқылы кəсіптік
білімді ұйымдастырушылар көрмелерге, театрларға, мұражайларға
экскурсия жасап, кəсіптік білімді қоршаған ортада жүріп жатқан
үдерістер арқылы таныстыру мақсатын жүзеге асырды.
Осы кезеңде еңбек етудің оқыту əдістерін түрлерге топтастыру,
жүйелеу бойынша едəуір ізденістер жүзеге асырылды.
Кəсіби талдап-қорыту əдісі - тек кəсіптік білім үдерісін
ұйымдастыру ғана емес, оны ынталандыру əдісі. Бұл əдіс білім
алушылардың көркемдік ойлағыштығын, оқытудың идеялық,
адамгершілік, рухани функцияларын санамен ұғыну негізінде өз
бетімен бағыт-бағдар алу қабілетін дамытады.
Талдап қорыту əдісі. Бұл əдіс, кəсіби сабақтарды
ұйымдастырудың жетекші əдісі ретінде, білім алушылардың
еңбек түрлеріне саналы қарым-қатынасын дамытуға, көркемдік
ойлағыштығын қалыптастыруға бағытталады. Кəсіби талдап-
қорыту əдісі, білім алушылардың іс-əрекетін ұйымдастыру
амалдарының жиынтығы ретінде, олардың кəсіп жөніндегі негізгі
білімдерін меңгертуде, жетекші іскерліктерін қалыптастыруда
қолданылады. Бұл əдіс бірізділікті əрекеттерден құралады.
Бірінші əрекет-білім алушыларға пəн бағдарламасының
тақырыптарын таныстыру, тереңдете меңгертуге қажетті кəсіби
тəжірибесін белсенділікпен пайдалануға талпындыру мақсатын
жүзеге асырады.
Педагогикалық бақылау жəне баға беру тəсілдері. Бұл – техноло-
гия сабақтарында білім алушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін
есепке алуда қолданылатын əдіс. Олар білім алушылардың кəсіби
дамуы барысында тузетулер енгізуде қосымша рөл атқарады.
Бақылау мен тексеру оқу үдерісінің өзінше жеке элементі болып
шет қалмай, керісінше, білімділік, дамытушылық, тəрбиелік, тал-
пындыру функцияларын атқарып отыруы тиіс. Бұл əдістің түліше
модификацияланған түрлеріне бақылау кесінділерін, тест тапсырма-
ларын, түрлі диагностикалық əдістерді жатқызамыз.
Практикалық (өндірістік) оқытудың аса маңызды əдістеріне
практикалық əдістер, ең алдымен жаттығулар жатады.
115
Соңғы жылдары өндірістік оқытуда оқытудың «белсенді»
əдістері кеңінен қолданыс табуда: іскерлік өндіріс ойындары, нақты
өндірістік жағдаяттарды жəне өндіріс құжаттарын талдау, білім
алушылардың өңдемелеген өнертапқыштық ұсыныстарын, бірегей
технологиялық үдерістерді ұжымдық түрде талқылау.
Практикалық (өндірістік) оқытудың белсенді əдістері. Оқу-
өндірістік жұмыстарды орындау үдерісіндегі шынайы бесенділік
- бұл ойлау, саналы, шығармашылықты белсенділік. Ол білім
алушылардың меңгерген іс-əрекетін оңтайландыруында, өндірістік
тапқырлығы мен ептілігінде, жылдам өзгеретін жағдайларда
іскерлікпен əрекет ету қабілеттілігінде көрініс береді.
Практикалық (өндірістік) оқытудағы белсенді əдістердің
қатарына өндірістік-техникалық тапсырмаларды шешу əдісі жатады:
– өңдеу, іске қосу, реттеу режимдерін есептеу;
– бағдарламалық
басқарылатын
автоматтандырылған
қондырғылар үшін басқару бағдарламаларын өңдемелеу жəне іске
қосу (Мысалы, сандық бағдарламалығы бар станоктар, өндіріс ро-
боттары, манипуляторлар жəне т.б.);
– қажетті мəліметтерді кестелерден, анықтамалықтардан, диа-
граммалардан таба білу;
– машиналардың,
қондырғылардың,
агрегаттардың
кинематикалық кестесін пайдалана отырып, оқу-өндірістік режим-
дер мен параметрлерді анықтау;
– монтаждық кестелерді өңдемелеу;
– технологиялық үдерістерді өңдемелеуді, жинауды, іске қосуды
жəне т.б. өз бетімен дайындау.
Өндірістік-техникалық тапсырмаларды шешу талаптарының
қатарына бұдан да жоғары деңгейдегі шығармашылық сипаттағы
тапсырмаларды орындау жатады:
– еңбектің
сапасын
жəне
өнімділігін
жоғарылататын
құрылғыларды жəне құралдарды конструкциялау;
– шебердің ұсынған немесе білім алушының өз бетімен жасаған
бірнеше оқу-өндірістік жұмыстарды орындаудың ең тиімді техноло-
гиясын таңдау;
– жұмыс мерзімін, материалдарды жəне күш-қуатты жəне т.б.
үнемдеу бойынша ұсыныстар əзірлеу.
Технологиялық үдерістерді өңдемелеудегі ойлау əрекеттерінің
жалпы құрылымы орындалатын жұмыстың сипатына қарай көптеген
мамандықтар үшін ортақ. Олардың кезеңдері:
Достарыңызбен бөлісу: |