Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет38/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   105

125
өзара  байланысқан  əрекеттерінің  жүйесі  деп  түсінеміз.  Олар  оқу 
үдерісі жөнінде жүйелі, толымды жəне нақты жедел ақпарат алуды 
қамтамасыз етуі тиіс. Осы мақсатта қолданылатын əдістерге ауызша 
бақылау  əдістері,  жазбаша  бақылау  əдістері,  практикалық  бақылау 
əдістері, дидактикалық тестер жəне т.б. жатады.
Дидактикалық тестер оқыту нəтижелерін тексеру мен баға беру-
де кейінгі жылдары көптеп қолданылуда. Оларды жалпылама 4 тип-
ке бөліп қарастырамыз:
 
– есте сақтауға жəне еске түсіруге тиісті мағлұматтар, фактілер, 
ұғымдар, заңдар, теория туралы білімдерін тексеру;
 
– зерделенген  материалдарға  өз  бетімен  сыни  тұрғыдан  баға 
беру іскерліктерін тексеру;
 
– алынған  мағлұматтар  негізінде  білімдерін  жаңа  нақты 
жағдаяттарда пайдалана білу іскерліктерін тексеру.
Теориялық оқыту үдерісіндегі тестілеу. Тексеру əдістерін таңдау 
тексерушінің алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне тікелей бай-
ланысты.  Білім  алушылардың  оқу  іс-əрекеттеріне  қабілеттілігін 
əрқайсысының  соған  сəйкес  оқыту  мақсаттарын,  оқу  материалын 
меңгеру сапасын сипаттайтын белгілі бір  түрлі сапалық деңгейлерге 
бөліп қарастыруға болады. Оларды меңгерудің төрт деңгейінде ажы-
ратып көрсеткен дұрыс: 1-тану; 2-қайта жаңғырту; 3-эвристикалық; 
4-шығармашылық.
Бірінші  деңгейдегі  тестер,  білім  алушыларға  алдын-ала  ай-
тып  қою  арқылы,  əрекеттерді  орындайтын  іскерліктерін  тексеруге 
арналған.
Екінші  деңгейдегі  тестер,  білім  алушылардың  өз  бетімен 
есте  сақтағандарын  қайта  жаңғырту  жəне  бұған  дейін  меңгерген 
білімдерін қолдануы бойынша іскерліктерін тексеруге арналған.
Үшінші  деңгейдегі  тестер,  білім  алушыларға  эвристикалық 
типтегі  өнімді  əрекеттерге  қабілеттіліктерін  анықтауға  арналған. 
Олар  типтік  емес  тапсырмалар  жəне  типтік  емес  жағдаяттарда 
шешім қабылдауға деген қабілеттіліктерін анықтауға арналған.
Төртінші  деңгейдегі  тестер,  білім  алушылардың  бұған  дейінгі 
алған  білімдерін  шығармашылықпен  пайдалана  алу  іскерліктерін 
анықтауды көздейді.
Практикалық  (өндірістік)  оқыту  сапасын  тестілеу.  Оқу-
өндірістік  жұмыстардың  сапасы  ұғымына  дайын  еңбек  өнімін 
сипаттайтын  көрсеткіштер  кешені  кіреді.  Бұл  жалпы  алғанда 
өлшемнің  дəлдігі,  өнімді  əрлеу  сапасы.  Еңбектің  өнімділігі 
орындаудың уақыт мөлшерінің өнімнің бірлігіне шаққандағы сипа-


126
ты. Əдетте, практикалық (өндірістік) оқытудың сапасын белгіленген 
өлшемдік  аппарат  арқылы  оның  сапасы  мен  еңбектің  өнімділігін 
диагностикалаудың  негізігі  құралы - бірыңғай  тест  саналады. 
Орындалған  еңбектің  сапасының  эталоны  ретінде  жұмыс  сызба-
лары  немесе  қажетті  сандық  мəліметтердің  сапасына  қойылатын 
техникалық  талаптар,  бұйымның  үлгісі,  құрылғылардың  реттелген 
жұмыс параметрлері жəне алынған өнімнің сипаттамасы, жұмыс ор-
нына, агрегаттарға, қондырғыларға жəне т.б. қызмет көрсету бойын-
ша нұсқаулар негізге алынады. 
Тестілеу  нəтижелері  бойынша  орындалған  жұмысқа  «жарамды 
-  жарамсыз», «сəйкес  келеді - сəйкес  келмейді», «уақыт  мөлшері 
орындалған - уақыт  мөлшері  орындалмаған»  деген  қорытындылар 
беріледі.  Ал  кейбір  жағдайларда  «мүкіс  жөнделе  алады», «мүкіс 
жөндеуге келмейді» деген қорытындылар жасалуы мүмкін. 
Қорыта  келгенде,  практикалық  (өндірістік)  оқытудың  сапасын 
тестілеу арқылы  диагностикалауды ұйымдастыруда келесілерге на-
зар аударылады:
 
– оқу  бағдарламаларын  талдау  жəне  оның  мазмұнын  жəне 
мақсаттарын нені жəне не үшін тестілеуді білу үшін анықтау;
 
– тестерді (тестер жүйесін) мақсатқа сəйкес таңдау жəне дайын-
дау;
 
– тестілеу үдерісінің материалдық-техникалық жабдықталуы;
 
– сараптау  комиссиясын  анықтау,  олардың  мүшелерінің 
міндеттерін бөліп беру жəне тестер эталондарымен қамтамасыз ету;
 
– тексерушілердің  білім  алушылардың  тест  тапсырмаларын 
орындауларын  қадағалауы,  уақыт  мөлшерінің  орындалуын  санау, 
тестердің орындалуына баға беруін анықтау. 
Білім алушылардың үлгерімі мен білім сапасын тексеруде, оның 
жүйелілігі  мен  тереңдігін  қамтамасыз  ету  үшін,  бұдан  да  басқа 
қалыпты  емес  түрлері,  айталық,  өзіндік  баға  беру,  өзара  баға  беру 
сияқты белсенді əдістері қолданылады. 
Негізгі ұғымдар сөздігі:
Оқыту формасы білім алушылардың оқу-өндірістік əрекетінің 
сипаты жəне шебердің жетекшілік етуімен  сабақтардың құрылымы 
айқындалатын оқыту үдерісін құру амалдары
Концентрлік  оқыту - педагогтар  мен  білім  алушылардың 
сабақтарды  біріктіру,  оқу  күні,  оқу  аптасы  барысында  парал-
лель  оқылатын  пəндер  санын  қысқарту  жəне  оқытудың  ең 


127
ірі  ұйымдастырушылық  бірліктерін  біріктіретін  оқу  үдерісін 
ұйымдастырудың айырықша технологиясы. 
Оқытуды  ұйымдастыру  формасы
  –  оқытушы  мен  білім 
алушылардың  арнайы  ұйымдастырылып,  белгіленген  тəртіп  пен 
белгілі режимде өтетін жұмысы. Түрлері: сабақ, факультатив, семи-
нар, практикум, экскурсия, кеңес, қосымша сабақ, үй жұмысы.
Оқыту əдістері - білім мазмұнын меңгертуді қамтамасыз ететін 
кəсіптік оқыту педагогы мен білім алушының өзара байланыстағы 
бірізді əрекет ету жүйесі.
Оқытуды ұйымдастыру формалары (түрлері) - сабақ, экскур-
сия, практикум, семинарлар, білім алушылардың үй жұмысы, сынақ, 
кеңес беру, емтихан, қосымша сабақ.
Сөздік  əдістер  –
  əңгімелеу,  түсіндіру,  дискуссия,  лекция, 
əңгіме, кітаппен, компьютерлік-ақпарат көздерімен жұмыс.
Əңгімелеу 
– оқу материалының мазмұнын ауызша əңгімелеп ба-
яндау əдісі.
Түсіндіру 

  зерттелетін  объектінің  заңдылықтарын,  мəндік 
қасиеттерін,  жекелеген  ұғымдар  мен  құбылыстарды  сөзбен 
жеткізу əдісі.
Дискуссия 
–  білім  алушылардың  танымдық  қызығушылығын 
ынталандыру,  оларды  қайсыбір  проблема  бойынша  түрлі 
көзқарастарды белсенді түрде талдауға тарту, өзінің жəне өзгелердің 
позициясын  пайымдаудағы  түрлі  тұрғыларды  пайымдауға  талпын-
дыру əдісі.
Лекция 
  оқытушының  теориялық  сипаттағы  оқу  материалын 
жүйелі түрде жəне бірізділікте монологиялық баяндау əдісі.
Əңгіме 
–  жаңа  білімдерді  немесе  өткенде  алған  білімдерін 
қайталау  жəне  бекіту  үдерісінде  білім  алушылардың  ойлау 
əрекеттерін белсендіру мақсатындағы сұрақ-жауап түріндегі оқыту 
əдісі.
Көрнекілік əдісі - оқу материалын көрнекілік жəне техникалық 
құралдар арқылы меңгерту əдісі.
Практикалық  əдіс – жаттығулар,  зертханалық  жəне 
практикалық жұмыстар арқылы практикалық дағды, іскерліктерді 
қалыптастыру əдісі.
Оқу  құралдары – оқытушының  білім  алушыларға  жаңа 
білімдерді  меңгертуі  үшін  пайдаланатын  материалдық  жəне 
идеалдық объекті.
Сабақ - оқу  орындарында 
білім  алушылардың
  оқу-тəрбие 
үдерісін ұйымдастыру формасы.


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау