Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет43/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   105

143
қалыптасуына ықпал етсе, екінші жағынан, психикалық үдерістерді 
белсендіреді, жеке-типологиялық сапа-қасиеттерін дамытады.
Кəсіптік білім – педагогиканың ең күрделі саласы. Еңбек – тұтас 
тəрбие  беру,  оқыту,  дамыту  міндеттерінің  ажырамас  бірлігіндегі 
педагогикалық ықпал етудің құралы болып табылады.
Педагогикалық  үдерісті  компьютерлендіру  принципі  білім 
алушылардың оқу-ақпараттық көкжиегін кеңейтуді, оқу мотивация-
сын күшейтуді, оларды оқу үдерісіне белсенділікпен жұмылдыруды 
көздейді. Кəсіптік білім беруде компьютерді оқу жəне оқу-өндірістік 
іс-əрекеттің келесі салаларында қолданған пайдалы:
 
– білікті мамандар даярлауда компьютер зерделеу объектісі жəне 
еңбек  құралы  ретінде  өндірістік  тапсырмаларды  жүзеге  асыруға 
көмектеседі;
 
– компьютер  оқу  құралы  (автоматтандырылған  оқыту  жүйесі, 
тренажерлар жəне т.б.);
 
– компьютер оқу орнындағы оқу-тəрбие үдерісін ұйымдастыру 
жəне басқару құралы.
Оқыту үдерісінде компьютерді пайдалану оқытуды жекелендіруге 
жəне саралауға, кері баланыс орнатылған бақылау жасауға, оқу іс-
əрекеттеріндегі қателер мен баға беру нəтижелерін диагностикалауға, 
өздік бақылау мен өздік түзету жұмыстарын жүргізуге, зерттелетін 
объектілерді,  үдерістер  мен  құбылыстарды  модельдеуге  жəне 
имитациялауға, білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын 
дамытуға,  шешім  қабылдау  іскерліктерін  қалыптастыруға  кең  жол 
ашады.
Экономикалық  мақсатқа  сəйкестілік  принципі  жоспарлау 
қажеттілігін,  оқу  орындарында  жұмыскерлер  мен  мамандарды  да-
ярлау  бағытын  еңбек  нарығының  сұраныстарын  есепке  ала  оты-
рып анықтауда септігін тигізеді. Осыған байланысты,  кадрлар да-
ярлау  туралы  келісім-шарт  негізінде  оқу  үдерісіне  қатысушылар 
мен  сұраныс  беруші  мекемелер  арасында  ұйымдастырушылық-
құқықтық реттеу проблемасы туындайды. Білім алушылардың оқу-
өндірістік еңбегі оның саны мен сапасына қарай, əсіресе өндірістік 
практика кезінде білікті жұмыскерлермен қатар, өндірістік тапсыр-
маларды  орындауға  қатыстырылуда  ынталандырылуы  қажет.  Бұл 
өз  кезегінде  білім  алушыларды  еңбек  етудің  озық  тəсілдері  мен 
амалдарын меңгеруіне, еңбек өнімділігін жоғарылатудың жолдарын 
белсенді түрде іздестіруіне, кəсіби шеберлігін шыңдауға талпынуға 
ынталандырады.


144
4.2. Кəсіптік білім принциптерінің бағыттылығы
Кəсіптік білімді ізгілендіру бағыттылығы білім алушылардың 
кəсіби қабілеттерінің дамуына, қоғам өміріне толыққанды араласу-
ына, өзін-өзі айқындауына, өзін-өзі көрсете алуына жағдай жасауға, 
оған тұлға ретінде сыйластықпен қарауға, талап-тілегі мен мүддесін 
есепке алуға көмектеседі.
Еңбек  түрлері  өзінің  табиғаты  жағынан  рухани  өмірмен,  та-
рихпен,  басқа  да  өнер  түрлерімен  тығыз  байланыста.  Сондықтан, 
кəсіптік  білімді  ізгілендіру  талаптары  мəдени  мұралардағы  өнеге-
тағылымдарды білім алушылардың белсенді іс-əрекетіне ұластыру 
қажеттілігін  туындатады.  Кəсіптік  білім  үдерісінде  кəсіптік 
білімдердің  құндылығын  ашу  оның  ізгіліктілік  бағыттылығын 
қамтамасыз етеді.
Кəсіптік білімнің танымдық бағыттылығы еңбек ету мəдениеті 
мен  жаңа  кезең  технологиясының  тығыз  бірлігіне  сүйене  отырып 
зерделеуде көрініс табады. Кəсіптік білім кəсіби іс-əрекет практика-
сында қалыптасқан еңбек мəдениетінің тəжірибесін зерделеп, еңбек 
үдерісі құрылымының ішкі заңдылықтарын айқындайтын ілімдерге, 
теориялық тұжырымдамаларға сүйенеді. Білім алушыларға кəсіптік 
оқыту  педагогының  нақты  педагогикалық  міндеттерді  шешу  ба-
рысында  инновациялық  тұрғыдан  еңбек  етудің  адам  мен  қоғам 
өміріндегі  алатын  орнын,  қоршаған  дүниені  танымдық  тұрғыдан 
меңгерудің  ерекше  формасы  ретінде  кəсіптік  білімнің    мəнін 
салмақтауға көмектеседі.
Кəсіби-психологиялық 
бағыттылығы 
кəсіптік 
оқыту 
педагогының  білім  алушылардың  кəсіби  қабілеттерін  мақсатты 
бағыттылықпен дамыту үдерісінде жəне оның өзіндік принциптерін 
жүзеге асыруда қамтамасыз етіледі. Ондай принциптерге сана мен 
іс-əрекеттің бірлігі, психикалық үдерістерді тұтастық пен жүйелілік 
тұрғыдан  түсіну  жатады.  Сана  мен  іс-əрекеттің  бірлігі  принципі 
кəсіптік  білімнің  психологиялық  жəне  педагогикалық  проблемала-
рын  əдіснамалық  талдауды  іс-əрекеттік  тұрғыдан  жүзеге  асыруды 
көздейді. Кəсіби қабілеттердің кейбір аспектілерінің дамуын, кəсіби 
сананың  динамикасын  сипаттайтын  кəсіби-танымдық  үдерістерді 
(кəсіби  қабылдау,  ойлау,  ес  жəне  т.б.)  зерттеу  кəсіби  қабілеттердің 
іс-əрекетін  ұйымдастыру  негізінде  дамып  қана  қоймай,  оның 
қалыптасатындығы,  жаңадан  пайда  болатындығы  жөніндегі 
қағидаларға жүгінеді.


145
Кəсіби-педагогикалық  бағыттылық  еңбек  іскерліктері  мен 
дағдыларын меңгертуде еліктіргіштік, бірізділік, жүйелілік, кəсіптік 
білім  мен  тəрбиелеудің  бірлігі,  тұтастық,  кəсіби-педагогикалық 
мақсаттар  мен  құралдардың  диалектикасы,  көркемділік  пен 
технологиялылықтың  бірлігі,  кəсіби-шығармашылық  үдеріске  өзін 
сəйкестендіру принциптері негізінде қамтамасыз етіледі. Тұтастық 
жəне жүйелілік бағыттылығы білім алушылардың кəсіби қабілеттері 
мен дарындылығының табиғатын түсінумен анықталады.
 Кəсіптік білімнің кəсіби-психологиялық бағыттылығы, адамның 
еңбек  үдерісімен  өзара  əрекеттестік  үстіндегі  өзіндік  жеке  сапа-
қасиеттері  жиынтығының  түрлі  деңгейлерінің  көрінісі  ретінде, 
нышандар  мен  қабілеттердің  өзара  байланыстары  проблемала-
рын  зерттеу  қажеттігін  туындатады.  Кəсіптік  білім  жеке  тұлғаның 
сенсорлы-перспективті,  когнитивті,  құндылықты,  шығармашылық 
сияқты  біртұтас  психологиялық  жүйелерінің  жиынтығы  ретіндегі 
оқыту, тану үдерісінің ерекшеліктерін есепке алуы тиіс.
Кəсіптік  білімнің  беріктігі  мен  ықпалдылығы  принципі 
кəсіптік  білімнің  беріктігін  ғана  емес,  оның  тəлім-тəрбиелік  жəне 
дамытушылық  тиімділігін  талап  етеді.  Сөйтіп,  білім  алуды  ғана 
емес, алынған білімнің сапалылығын, білім, іскерлік, дағдылардың 
жəне  мінез-құлық  амалдарының  ықпалдылығын,  яғни  олардың 
практикалық жəне өмірдегі проблемаларды шешуге бағыттылығын 
қамтамасыз етеді.
4.3. Кəсіптік оқыту үдерісіндегі педагогикалық жобалау
Бүгінгі  педагогикалық  əдебиеттерде  жəне  педагог-практиктер 
қауымында «педагогикалық жобалау» термині жиі қолданыс табуда. 
Оның мəні нақты сабақтарды, жекелеген тақырыптарды, оқу пəнінің 
мақсаттары, оқу сабақтарының кешені немесе оқу пəндерін жəне т.б. 
өңдемелеумен анықталады.
Жаңа  педагогикалық  технологиясы  ретінде  педагогикалық 
жобалау,  педагогикалық  үдерісті  қосып  алғандағы,  мейлінше 
технологияландырылған  педагогикалық  объектілерді  жасауға 
көмектеседі.
Қазақстанда  білім  беру  саласындағы  оқытудың  жаңа 
педагогикалық 
технологияларын 
пайдаланудың 
көкейкесті 
мəселелерін  Ш.  Т.  Таубаева,  Н.  Н.  Нұрахметов,  С.  Н.  Лактионова, 
Е. З. Батталханов, Қ. Қ. Қадашева, Т. О. Балықбаев, Ж. А. Қараев, 
Г.  К.  Нұрғалиева,  К.  Бұзаубақова,  С.  Д.  Мұқанова,  Н.  И.  Хван,                                 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау