72
кəсіптік білім мекемелері жұмыс істеген (306 кəсіптік лицей жəне
480 колледж). Оларда 609 000 адам білім алған.
Кəсіптік лицейлер кадрларды жоғары деңгейде бастауыш жəне
орта кəсіби даярлаудың инновациялық түріне жатады. Кəсіптік ли-
цей – мемлекеттік кəсіптік бастауыш жəне орта білім беруші мекеме,
жоғары білікті деңгейдегі мамандарды жоспарлы түрде даярлаудың
негізгі формасы. Лицей нақты мамандандыру сипатына ие, ондағы
кəсіби даярлау түрлері темір жол, коммерциялық, агротехникалық,
көркемдік жəне т.б. болып бөлінеді.
Бүгінгі егемен Қазақстан мектептерінде кəсіптік білім мен
тəрбие беруде кəсіптік оқыту педагогының сабағында түрлі кəсіби іс-
əрекеттер арқылы білім алушылардың əсемдік сезімін, эстетикалық
талғампаздығын дамыту, өнер туындыларын түсіну, туған өлкенің
сұлулығы мен байлығын қастерлеп, бағалау, өнер, мəдениет
жетістіктеріне аялы көзқарастарын қалыптастыру міндеттері
қойылып отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
да жас ұрпақтың бойында жоғары адамгершіліктік сапа-қасиеттерін,
ұлттық патриотизм мен намысын, адамдарға деген ізгілікті қарым-
қатынасын, мінез-құлқын, халықтың қайталанбас мəдениетіне
сыйластықты көзқарасын қалыптастыруды көздейді, соның ішінде
кəсіптік білім мазмұнын қалыптастыруда жаңаша сипаттағы
өзгерістерді талап етеді.
Инновациялық орта арнаулы оқу орнына кəсіби колледждер жа-
тады. Кəсіби колледждерде кəсіптік орта жəне жоғары білім беру
жəне мамандарды қайта даярлау, біліктілікті жоғарылату ісі жүзеге
асырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы №32
Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында техникалық
жəне кəсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасына» сəйкес, техникалық
жəне қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау сапасы мен
бəскеге қабілеттілігін арттыру үшін кəсіптік білім беру құрылымы
мен мазмұнын реформалау, кəсіптік білім беруді басқару мен
қаржыландыру жүйесін жетілдіруде үлкен бетбұрыстар жүзеге асы-
рылуда
1
Атап айтқанда мемлекет тарапынан кəсіптік білім беру са-
1
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы №32 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан
Республикасында техникалық жəне кəсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы //Егемен Қазақстан, 2008, 16 шілде. № 215 (25186).
73
пасын арттыру, кəсіптік білім беру оқу орындары мен жалпы білім
беретін мектептерде кəсіби оқыту мен орта жалпы білім берудің
бірыңғай оқыту бағдарламаларын енгізу, білім беру үрдісінде
оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын пайдалану, кəсіптік
орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары білім берудің білім беру
бағдарламаларының үйлесімдігін қамтамасыз ету сияқты шаралар
өзінің лайықты шешімін табуда.
Техникалық жəне кəсіптік білім берудің базалық деңгейі
– техникалық жəне қызмет көрсету саласы бойынша білікті
жұмысшылар мен мамандар əзірлеуге бағыт алуы тиіс. Орта кəсіптік
білім берудің кейбір жекелеген бағдарламалары бойынша орта
кəсіптік білімді игеруді жаңа деңгейге көтереді. Бұл сатыдағы жал-
пы білім беретін бағдарламалар мазмұны кəсіптік біліммен қатар,
жоғарғы оқу орнының 1-2 курстағы бакалавр деңгейін қамти алады.
Жоғары кəсіптік білім беруші 5В012000 «Кəсіптік білім»
жалпыға міндетті білім стандарты жоғары білім саласындағы
халықаралық құжаттармен, «ECTS пайдаланушыларға жетекшілік»
(«ECTS Users’ Guide»), «Еуропалық жоғары оқу орындарындағы
білімдік құрылымдарды икемге келтіру» («Tuning Educational
Structures in Europe» бағдарламаларының ұсыныстарымен
үйлестірілген бірыңғай деңгейін қалыптастыру жəне əлемдік білім
кеңістігіне ену мақсатына байланысты қолға алынған. Стандарттың
қағидалары меншік түріне, ведомствалық бағыныштылығы жəне
ұйымдастырушылық-құқықтық формаларына қарамастан бака-
лаврларды жəне жоғары арнайы білімді мамандарды даярлауды
жүзеге асырушы жоғары оқу орындарында қолдану міндетті сана-
лады. Бұл құжатты сонымен қатар мемлекеттік басқару органдары,
аккредитациялық органдар, жоғары оқу орындарын лицензиялау
жəне аттестаттау комиссиялары, жұмыс берушілер пайдалана алады
жəне бакалаврлар мен жоғары арнайы білімді мамандарды даярлау
сапасына баға беру үшін негіз бола алады.
«Кəсіптік білім» жалпыға міндетті білім стандартын мейлінше
кеңінен ашып көрсету үшін оның ішкі жəне сыртқы байланыстарын
қарастыруымыз қажет. Стандарттың ішкі байланыстарын, ең алдымен
оның заманауи қазақстандық қоғамдағы əлеуметтік-экономикалық
қарым-қатынастар жүйесіндегі орнын салмақтау арқылы пайым-
даймыз. Кəсіптік білім стандартының сыртқы байланыстары оның
өзіне тиесілі элементтік құрылымы жəне элементаралық өзара
əрекеттестігі бар дербес қосымша жүйе ретінде қарастыруда көрініс
74
береді. Бұл өз кезегінде оған қойылатын талаптарды белгілеуге негіз
болады.
Стандарттың қосымша жүйесінің, оның əрбір элементінің,
олардың өзара байланыстары аталған құжаттың мəнін, оның сипат-
тамаларын жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді.
Кəсіптік білім стандартының қоғамның əлеуметтік-экономикалық
жүйесіндегі рөлін түсінуде, оның «кімдер үшін» жəне «не үшін» де-
ген сұрақтарды туындататын, яғни оның атқаратын қызметін түсіну
маңызды. Біріншіден, білім алу жəне оқу іс-əрекетін орындау бары-
сында, оқытушылар жəне білім алушылар үшін, стандарттың талап-
тарын орындауға жəне оны өздерінің мүмкіндіктері мен мүдделерін
есепке ала отырып, толықтыруға тиісті. Екіншіден, кəсіптік білім
жүйесі əкімшілігі, қызметкерлері үшін оқу-тəрбие үдерісін жо-
спарлау, реттеу жəне бақылау саласындағы барабар механизмдерін
қалыптастыру; үшіншіден, еңбекпен қамту қызметкерлеріне
жұмыстан босаған жəне жұмыссыз тұрғындарды жұмысқа орнала-
стыру жəне қайта даярлау бойынша негізгі бағдар алу үшін қажет.
Төртіншіден, кəсіподақ ұйымдарына əлеуметтік серіктестерге, яғни
біліктілік жəне кəсіби құзыреттілік негізінде еңбек қатынастарын
реттеу үшін қажет.
Сонымен, кəсіптік білім берудің екіжақты жəне сан қырлы
мəселелерінің шешімін табуда стандарт субъектілерінің мүддесін,
сондай-ақ олардың əр қайсысының осы құжаттың мəнін түсінуі
жəне олардың өзара түсіністігін қамтамасыз ету жақтары есепке
алынуы тиіс.
Кəсіптік білім стандарты ұғымын пайымдауда оның негізгі
функцияларынан туындайтын жалпы талаптарын нақтылап анықтау
маңызды. Ең алдымен, стандарт кəсіптік білім беру сапасын
басқарудың басты құралы болуы тиіс. Яғни, ол оның «кəсіптік білім
сапасы» ұғымымен байланысты барлық қажетті компоненттеріне
сəйкес болғаны жөн. Кəсіптік білім сапасы кең мағынада оның
қоғамның əлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы жəне
болашақтағы міндеттеріне, яғни жеке тұлғаның, тұтастай алғандағы
мемлекеттің жəне адамның өнімді іс-əрекетінің қалыптасқан
салаларының сұраныстарына қаншалықты сəйкес келетіндігімен
анықталады. Кəсіптік білім стандарты қоғам мүшелерінің
əлеуметтік кепілі қызметін атқарып, олардың отандық жəне əлемдік
еңбек нарығындағы бəсекеге қабілеттілігін жəне мұқтаждықтарын
қанағаттандыруы қажет.
Кəсіптік білім стандарты Қазақстандағы үздіксіз білімнің
Достарыңызбен бөлісу: |