293
үдерістің белсенді жасампаздары болып саналады. Сондықтан,
педагогтың жеке тұлғасы проблемасы кəсіби педагогикада маңызды
орын алады.
Кəсіпке баулу мұғалімдерінің (оқытушыларының) іс-əрекетін
талдау жиынтығы оның жеке тұлғасын құрайтын негізгі сапа-
қасиеттерін, бағыттарын жəне əрекет ету жүйесін анықтап
алуға мүмкіндік береді. Осы орайда, кəсіпке баулу педагогының
жеке тұлғалық қасиеттерінің құрылымында кəсіби маңызы бар
сапаларының, бағыттылығының,
құзыреттілігінің қалыптасып, да-
муы жəне оның психофизиологиялық ерекшеліктері жетекші рөл
атқаратындығын атап өту қажет.
Кəсіпке
баулу
мұғалімдерінің
(оқытушыларының)
жеке
тұлғасының
кəсіби-педагогикалық
бағыттылығы.
В.А.Сластениннің пікірінше, кəсіби-педагогикалық бағыттылық
педагогтың жеке тұлғасының барлық кəсіби маңызы бар сапала-
рын ұштастырып бекітетін жəне біріктіретін тірек
1
. А.К.Маркова
педагогтың қалыптасуы мен кəсіби іс-əрекетін жүзеге асырудағы
педагогикалық бағыттылықтың жетекші рөл атқаратындығын атай
келе, оның «адамның əлемге жəне өзіне деген базалық бағыттары
жүйесін, оның мінез-құлқы мен іс-əрекетінің мəндік бірлігін
анықтайды, сырттан жəне іштен жағымсыз əсер етушілерге төтеп
бере алуына мүмкіндік бере отырып, өзіндік дамуының жəне
кəсібилік жетілуінің, сонымен қатар, мінез-құлық мақсаттары мен
құралдарына адамгершілік тұрғыдан баға беруіне тірек бола отыра,
жеке тұлғаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді» деп пайымдайды
2.
Ол педагогикалық бағыттылықтың педагогтың қалыптасуындағы
жетекші рөліне мəн бере келе, педагогтың жеке тұлғасының
əлеуметтік-адамгершілік, кəсіби-педагогикалық жəне танымдық
бағыттылықтарын анықтап көрсетеді.
Кəсіпке
баулу
педагогының
əлеуметтік-адамгершілік
бағыттылығын əлеуметтік қажеттіліктер,
қоғамдық борыш сезімі,
моралдық жəне құндылықты бағдарлар, азаматтық жауапкершілік,
идеялық сенімділік, кəсіби позиция (ұстаным), əлеуметтік
белсенділік, сенім категориялары құрайды.
Əлеуметтік қажеттіліктерге (А.Маслоудың қажеттіліктер ти-
1
Педагогика:Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений /
В.А.Сластенин, И.Ф.Шиянов, А.И.Мищенко, ЕН.Шиянов.-4-е изд.-М.: Школьная прес-
са,2002.- 512 с.
2
Маркова А.К. Психология труда учителя. – М.,1993.- С.41.