251
Тəрбие үдерісі – бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыра-
тын тəрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы əрбір тізбек алдыңғы
нəтижелер есебінен құралады. Бұл түсінік бойынша тəрбие үдерісі
өзіндік даму жүйесі ретінде қарастырылады жəне оның тəрбиелеу
жағдайында (тəрбие ісі) дамушы бірлігі болып есептеледі.
Мұнда тəрбиеленушілер, тəрбие іс-əрекеті, тəрбиеші, оның
тəрбиеленушілермен өзара əрекеті ғана дамып қоймай, келешек
күрделі жүйені қалыптастыратын біртұтас объектіні дамытады.
Тəрбие үдерісі көпқырлылық, иерархиялық (сатылық),
статистикалық, өзін-өзі басқару сияқты қасиеттерімен сипатта-
лады. Тəрбие үдерісінде мазмұндық жəне үдерісуалдық жақтары
анықталады. Бұлардың бірлігі тек тəрбиенің іске асатын нақты
жағдайлар төңірегінен шығуына мүмкіндік беретін, жоғары
дəрежедегі дерексіздендіру арқылы жасалады. Оқу пəні педагогтың,
сынып жетекшісінің, ұжымның тəрбиелік іс-əрекеті – бұлар
бəрі тəрбие үдерісі болып табылады. Бұлардың арғы жағындағы
тұтастықты көру үшін педагогикалық дерексіздендіру қажет.
Дерексіздендірудің жеткілікті дəрежесі – тəрбиелеу теориясының
аса маңызды əдіснамалық проблемасы. Өйткені, төмен дəрежедегі
дерексіздендіруде тəрбие үдерісі тексеріле алмайды, ал өте жоғары
болса, шындықтан алшақтау қаупі туады.
Ізгіліктілік тəрбиесі
- бұл тəрбиеленушінің қоғамдық мо-
раль талаптарына сай санасына, сезіміне, əдет-қылығына, мақсат
бағытына жүйелі түрде ықпал ету. Ізгіліктілік тəрбиесінің негізгі
міндеттері:
1) ізгіліктілік сана қалыптастыру;
2) инабаттылық сезімдерін тəрбиелеу жəне дамыту;
3) ізгіліктілік əдет-қылықтың ептіліктері мен дағдыларын
қалыптастыру.
Ізгіліктілік тəрбиесінің құрамы: адам жəне қоғам байланысын
қалыптастыру, өз қылығының қоғаммен сəйкес болуы қажеттілігін
сезіндіру; ізгіліктілік білімді ізгіліктілік нанымға ауыстыру;
тұрақты ізгіліктілік сезімдер мен сапаларды орнықтыру; адамның
басқалармен қатынасындағы жоғары мəдениеті пен ізгіліктілік
əдеттерін бекіту.
Қазіргі мектепте ізгіліктілік тəрбиесінің мазмұны жалпы адам
құндылығын жоғарылату қажеттілігінен көптеген өзгерістерге
бет бұрды. Осыған орай, əрбір білім алушыларға төмендегі
проблемалардың маңыздылығын түсіндіру лазым:
1) адамға ең қымбат - өмір;
252
2) білім алушылар - өмір жалғасы;
3) тəртіптілікпен байланысқан еркіндік;
4) отансүйгіштік (патриотизм);
5) ұлтжандылық;
6) интернационализм;
7) борыш, ар, намыс, ождан, тəртіп сақтау, кішіпейілділік жəне
т.б.
Қазіргі тəрбие жүйесіндегі ең маңызды да көкейтесті пробле-
малар – бұл білім алушылардың жыныстық тəрбиесі жəне еңбекке
қатынасы.
Тəрбие үдерісінің этикалық бағытындағы құрылымына педагог
адам моралі туралы мəліметтерді ендіреді.
Мораль
– адам санасының
формасы жəне адамзат мəдениетінің бөлігі. Мораль принциптерін,
нормасы мен мəнін түсіну арқылы тəрбиеленушілер өздерінің жəне
басқа адамдардың қылықтарын дұрыс бағалауға үйренеді. Ізгіліктілік
жағынан тұрақталған тұлға моральдық нормалардың шындығына
сенімді болады, оларды орындау қажеттілігін мойындайды. Бірақ,
ізгіліктілік нормаларды білу, түсіну наным-сенімдердің беріктігін
өздігінен қамтамасыз ете алмайды, тек – олардың қалыптасуына
қажетті алғышарттар ғана болып есептеледі.
Ізгіліктілік білімдер, баланың өмірлік тəжірибесіне өтіп, ой
толғанысына еніп, тəрбиленушілердің өзіндік талқысына, сарабына
түскен жағдайда ғана ізгіліктілік нанымдар дəрежесіне көтеріледі.
Этикалық тəрбиенің ең басты мақсаты – ізгіліктілік мінез-
құлықтарды қалыптастыру. Тəрбие күнделікті өмір жағдайындағы
ізгіліктілік іс-əрекет бірлігінен құралады. Өз қылықтары арқылы
адам қоршаған ортамен байланысқа түсіп, ондағы жағдайлармен
қарым-қатынасын бейнелейді. Ізгіліктілік əдет-қылық тудыру үшін
соған сəйкес жағдай жасау керек. Жоғары ізгіліктілік іс-əрекет
қажеттілігін қалыптастыру – этикалық тəрбиенің маңызды бөлігі.
Тұлғаның ізгіліктілік қажеттілігін қалыптастыру – оның түйсік
жүйесіне моральдық нормалар мен принциптерді қабылдату үдерісі.
Ізгіліктілікті қажеттіліктің көмегімен ізгілік мораль негізі –
еркін
таңдау
мүмкіндігі туады. Адамның еркін таңдау мүмкіндігін да-
мытудан этикалық тəрбие функциясы орындалады. Əдет-қылықтар
жүйесі
ізгіліктілік əдеттерді
қалыптастырады. Əдеттерден
ізгіліктілік қылықтарды қалау тұрақты қажеттілікке айналады.
Əдеттер қарапайым (қарым-қатынас ережесі, жүріп-тұру мəдениеті,
тəртіп) жəне күрделі болады (еңбекке дайындық жəне оны қажетсіну).
253
1. Тəрбиеде күнделікті тəжірибеде тексерілген келесі ережелерді
негізге алған жөн:
2. Тұлғаның ізгілікті қасиеттері өмірлік қажеттіліксіз
қалыптаспайды.
3. Тұлғаны жақсылық жасауға ынталандыратын жағдайлар ту-
ындату қажет.
Бірнеше əдетті қатар бір мезетте дамытуға болмайды, білім
алушылардың жаңа нормалар мен ережелерді қабылдауға
дайындығын ескерген жөн: жаман қылықтары болса, одан арылуы
тиіс, олардың жақсы не келеңсіз екенін түсіндіру қажет.
Жоғары ізгіліктілік қасиет қарапайым, жай нəрселерге
негізделеді. Гуманизм, сыйластық, құлық мəдениеті дағдыларын да-
мытпай, адамды мейірімділікке тəрбиелеуге болмайды: сыпайылық,
есіркеушілік, сөйлеу мəнері, мейірімділік белгілері.
Ұжымдық, азаматтық тəртіпті түсіну сияқты ізгіліктілік
қасиеттерді тəрбиелеу үшін арнайы əдеттерді ұғыну керек:
басқаларға қамқорлық, адамды түсіну, өзінің эгоистік сезімін те-
жеу, ұжым талабын орындау, қауым алдындағы міндеттер, өз ісі мен
сөзіне жауап беру т.б.
Мораль арқылы жаман əдеттерді айыра білу: өте қатты сөйлеу,
басқалар сөзін бөлу жəне тыңдамау, тырнақ тістелеу, қол сілтеу т.б.
Арнайы мысалдар арқылы жастарға бір қарағанда еленбестей
көрінетін əдеттердің салдарынан өзінің болашақ өміріне келетін зи-
янды түсіндіре əрі нақты көрсете білу керек.
Рухани жəне материалдық байлық еңбек жемісі болады, еңбектің
арқасында адам кемелденеді, өз тұлғасын қалыптастырады.
Сол үшін, кəсіптік мектептегі еңбек тəрбиесі білім алушыларды
психологиялық тұрғыдан жəне тəжірибе жүзінде еңбекқорлыққа
дайындауға бағытталған. Қазіргі экономикалық жəне қоғамдық даму
кезеңі жеке тұлғаға жоғары талаптар қояды:
– еңбекті маңызды қоғамдық борыш ретінде бағалай білу;
– барлық жұмыс түрлерінің маңыздылығын тану, еңбекті жəне
оның нəтижесін құрметтей білу;
– еңбекте үнемі белсенділік, жаңашылдық, шығармашылық та-
ныту;
– ой-сана жəне дене күші деңгейіне қарай еңбек ету қажеттілігін
іштей ұғыну;
– еңбекті ғылыми ұйымдастыру принциптеріне сүйене жүргізу;
– еңбекке адам өмірін ің негізгі қажеттілігі ретінде қарым-
қатынас жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |