38
іздестіруде кəсіптік білім беруге кластерлік тұрғыдан келудің
болашағы зор. Кластерлердің жасалуы мен дамуы өз кезегінде білім
беру аясындағы ықпалдастық үдерістердің алғышарты ғана емес,
«ғылым-білім-өндіріс» тізбегіндегі басты басымдықтарын анықтау
мүмкіндігіне қол жеткізеді.
Кəсіптік білім сапасын жоғарылату ағымы. Күрделі
философиялық, экономикалық, қоғамдық жəне əлеуметтік
жүйелік категория болып саналатын білім сапасы бүткіл əлемдегі
мемлекеттік саясат категориясы. Ықпалдасқан кəсіптік білім беру
жүйесін жасауға бағытталған Болон жəне Копенгаген үдерістерінде
білім сапсы проблемаларының шешімін іздестіру, сапа стандартта-
рын, сертификаттау (аккредиттеу) үдерістері маңызды орынға ие.
Қазақстандағы кəсіптік білім беру жүйесі.
Кəсіптік білім беру
жүйесіне білім үдерісін жəне соған сəйкес білім бағдарламаларын
жүзеге асырушы кəсіби мекемелер кіреді.
Қазіргі кездегі Қазақстанның экономикалық жағдайы, оның
нарық жағдайына қаншалықты бейімделуіне, білікті жұмысшы
мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру мəселесіне тікелей
байланысты болып отыр. Саяси-əлеуметтік жəне экономикалық
реформаларды жүзеге асыруда бəсекелестік басты орынға шықты.
Қалыптасқан жағдайда халықты əлеуметтік қорғау институттары
нарықтық қатынастар саласында болып жатқан өзгерістердің даму
қарқынына ілесе алмай, еңбекке жарамды белгілі бір əлеуметтік топ
қорғаусыз қалады. Бұл адамдар үшін басты қорғаныс қызметі, əрі
кепілі - ол елдегі кəсіптік білім беру жүйесін дұрыс жолға қою бо-
лып табылады. Білім беру, оның ішінде кəсіптік білім беру жүйесінің
қызметін дұрыс ұйымдастырғанда ғана қоғамның əрбір мүшесіне
тиісті жалпы немесе кəсіптік білім бере аламыз. Тек қана нарық та-
лабына лайық сұранысқа ие жоғары білікті дəрежеде дайындалған
кəсіптік мектеп, колледж не жоғарғы оқу орнын бітірген мамандар
арқылы ғана ішкі еңбек ресурстарын толықтырып, жұмыссыздықты
жоюға жол ашуға болады. Демек, қоғамда болып жатқан экономикалық
өзгерістер талабын бұрынғы білім беру жүйесі қанағаттандыра ал-
майды. Өндіргіш күштердің даму қарқынына ілесу үшін білім беру
жүйесі мына төмендегі екі заңдылыққа сүйенуі керек:
– өндіргіш күштердің даму деңгейіне білім беру жүйесінің
сəйкестігі;
– өндірістік қатынастар жағдайына білім беру жүйесінің
сəйкестігі.
39
Бұл сəйкестік алдыңғы қатарда болса ғана нəтиже бермек.
Қорыта айтқанда, кəсіптік білім берудің қарқынды даму
жылдамдығымен жəне оған шығатын мемлекеттік, сонымен қатар
жекеменшік шығындардың тез өсуімен шарттасқан білім сапасына
баға беру тек қана Қазақстан үшін емес, бүкіл əлемдік қоғамдастық
үшін де ең өзекті мəселе болып саналады.
1.4. Шет елдердегі кəсіптік білім беру
Ресейдегі жəне Кеңес өкіметі тұсындағы кəсіптік білімнің да-
муы мен қалыптасуы. Ерте кезде пайда болған қолөнер шəкірттігі
XVIII ғасырға дейін жастарды кəсіби даярлаудың негізгі формасы
ретінде сақталып келді.
I Петрдің үзеңгілестері B. H. Татаринцев (1686-1750) жəне В.
И. Геннин (1676-1750) болашақ жұмысшыларды өнер мен кəсіпке
баулу əдістемесі мен тəрбиесін ұйымдастыру бойынша мемлекеттік
тау-кен мектептері жүйесін жəне оның қажетті құжаттарын жаса-
ды. Екатерина дəуірінің көрнекті қайраткері И. И. Бецкой (1704-
1795) сословиялық мекемелердің жүйесін ұсынды. Оның Мəскеу
университетінің профессоры А. А. Барсовпен (1730-1791) авторлық
бірлестікте жасаған «Мəскеу тəрбие үйінің генералдық жоспа-
рында» мемлекет үшін жоғары адамгершілікті жəне практикалық
дағдыларды иеленген өнерпаз шеберлерді даярлау бағдарламасы
баяндалған.
Либерал-буржуазия педагогикасының өкілі Н. И. Пирогов
(1810-1881) кəсіптік білімге негізделген қоғамдық тəрбие идеясына
негіздеме берді.
Орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинский (1824-1870) өзінің
«Петербургтегі
қолөнер
шəкірттері», «Жексембілік
мек-
теп», «Кəсіптік мектептерінің астанадағы қажеттілігі» атты
мақалаларында қалыптасқан қолөнер шəкірттігін қатаң сынға алып,
келесі қағдидаларды ұсынды:
Жаңа типтегі кəсіптік білімнің функциялары:
–
экономикалық –
кəсіптің ғылым мен техниканың талаптарына
сай болуы;
– əлеуметтік – отандық мамандарды даярлау;
– адамгершілік – балалардың еңбегін қанау формасы ретіндегі
шəкірттікті жою;
–
педагогикалық
– кəсіби мектеп жүйесіне негіздеме беру, оқыту
40
мен еңбек етудің арасында байланыс орнату, кəсіптік оқытудың
əдістемесін психология мен педагогиканың талаптарына сəйкес жа-
сау.
XIX ғасырдың 60-80 жылдары Ресейдегі қоғамдық-педагогика-
лық қозғалыстар халық бұқарасының білімін демократияландыру
мен кеңейтуге бағытталуы жəне революциялық-демократиялық (Н. Г.
Чернышевский, Н. А. Добролюбов), буржуазиялық-демократиялық
(К. Д. Ушинский), либералды-буржуазиялық (Л. Н. Толстой, Н. И.
Пирогов), реакционистік (Халық ағарту министірлігі) бағдарлануы
Патшалық өкіметті Ресейде бастауыш, орта жəне жоғары білім бой-
ынша бірқатар реформалар жүргізуге мəжбүр етті.
XIX ғасырдың 60-шы жылдары Ресейде ғылыми білімнің дер-
бес саласы ретіндегі кəсіптік білімнің теориясы мен əдістемесі
қалыптаса бастады. Бұл өз кезегінде өндіріс пен капиталистік қарым-
қатынастардың дамуымен, мектептегі білім беру реформаларымен,
кəсіби оқу орындары жүйесінің кеңейюімен Ресейде қоғамдық-
педагогикалық қозғалыстың өрістеуімен себептелінді. Оған
ықпалын тигізген (Орыс техникалық қоғамы, Еркін экономикалық
қоғамы, Мəскеу техникалық білімдерді тарату қоғамы) ғылыми жəне
техникалық қоғамдардың əрекеті еді.
Мұндай қоғамдар кəсіби оқу орындарын ашты, Ресейдегі жал-
пы жəне кəсіптік білім беру жүйесін реформалау жобаларын жа-
сады, жұмысшы жəне басқа да мамандар даярлау жөніндегі шетел
тəжірибесін зерттеді, кəсіби-техникалық білім қайраткерлерінің
съездерін өткізді, ғылыми, оқу жəне əдістемелік əдебиеттер
шығарды.
Кəсіптік білімнің теориясы мен əдістемесінің қалыптасуында
«Техникалық
білім» (1892-1917) журналы
үлкен
рөл
атқарды. 1862 жылы Ресейдің кəсіптік білімінің көрнекті
қайраткерлері Е. Н. Андреев (1868-1889) пен А. Г. Неболсин
(1889-1917) жетекшілік етуімен Орыс техникалық қоғамының
техникалық білім бойынша Тұрақты комиссиясы құрылды.
Кəсіби педагогиканың қалыптасуында мемлекеттік кəсіптік білім
беру жүйесінің негізін қалаған ғалым-механик жəне қаржы министрі
И. А. Вышегорскийдің (1831-1895) «Ресейдегі өндірістік білімнің
жалпы жоспарының» (1884) жобасын жасауы белгілі кезең болды.
Орыс ғалымдары мен инженер-педагогтары (Д. И. Менде-
леев, В. К. Делл-Вос, В. И. Гриневецкий, И. А. Стебут, А. И. Гур-
нов, Д. К. Советкин, С. А. Владимирский, М. В. Лысковский
жəне т.б.) кəсіби білімнің келесі талаптарын қалыптастырды:
Достарыңызбен бөлісу: |