Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет16/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   105

47
Францияның қоғам қайраткері К. А. Корбон (1808-1881) өзінің 
«Кəсіптік білім туралы»  кітабында бірініші рет жұмысшы балалары 
мен шəкірттік жүйедегі білім  беру жағдайына талдау бере келе, жеке 
тұлға мен қоғам үшін кəсіпті таңдаудың еркін болуының маңызын 
атап  көрсетті  жəне  жалпыға  міндетті  кəсіби  даярлықтың,  кəсіби 
мектептерді  құрудың,  жалпы  жəне  кəсіптік  білімді  үйлестірудің, 
ақыл-ой  еңбегі  мен  дене  еңбегінің  өзара  байланыста  болуының 
қажеттілігін  көтерді.  Ол  балаларды  ерте  кəсіптендіруге  қарсылық 
білдіріп, балаларды ақыл-ой топастығына ұшырататын, төмен сапа-
да оқытатын қолөнер шəкірттігін қатаң сынға алды.
К.  Маркс (1818-1883) коммунистік  тəрбие  жүйесіне, «балалар 
мен  жеткіншектерді  өндіріс  үдерістерінің  негізгі  принциптерімен 
таныстыратын жəне оларға бір мезетте барлық өндірістің қарапайым 
жабдықтарымен жұмыс істеу дағдыларына төселдіретін» техникалық 
оқытуды  ендірді.  Осылайша,  оқытуды  өндірістік    еңбекпен,  бала 
еңбегін  тиімді  ұйымдастыру  жəне  қорғау,  шəкірттікті  техникалық 
мектептермен  ауыстыру  жөнінде  пікір  айтылды.  Бұл  идея XIX 
ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында социал-демократтардың 
педагогикалық ортасында кеңінен қолдау тапты.
Шетелдердегі XIX ғасырдың  соңы  мен XX  ғасырдың  басында 
өндірістік білім теориясы мен практикасының дамуы. XIX ғасырдың 
соңы мен XX ғасырдың басында Батыс Еуропа мен АҚШ-та түрлі 
реформаторлық  теориялар  өріс  алды.  Олардың  бірі  еңбек  мектебі 
теориясы  еді.  Оның  авторы  неміс  педагогы  жəне  білім  саласының 
көрнекті  қайраткері  Георг  Кершен-Штейнер (1854-1932) болды. 
Георг Кершен-Штейнердің пікірінше, жастардың кəсіби іс-əрекетке 
байланысты  жалпы  еңбек  дайындығы  халықтық  мектептердің  аса 
маңызды міндеті. Осы орайда, ол АҚШ-та балаларды мектеп шебер-
ханаларында, ас үйлерінде еңбекке баулу бағдарламасын жасады.
Георг Кершен-Штейнер жас жұмысшылар үшін кəсіби даярлығы 
жетілдірілетін  жəне  жеткіншектердің  азаматтық  тəрбиесі  жүзеге 
асырылатын қосымша мектептер ашты. Оның жастардың өндірістегі 
практикалық еңбегін теориялық білім алуымен үйлестіруді көздейтін, 
фабрикалық-зауыттық  шəкірттіктің  жаңа  жүйесінің  негізін  салу-
шы  екендігін  атап  өту  керек.  Бұл  жүйе  тек  Германияда  ғана  емес, 
Еуропаның көптеген елдерінде кеңінен тарады.
АҚШ-ғы  кəсіби  педагогиканың  дамуы  өндіріске  жаңа 
технологиялардың ендірілу, еңбекті конвейерлік түрде ұйымдастыру, 
еңбек өнімділігін жəне шығарылған өнімнің бəсекеге қабілеттілігін 


48
арттыру  қажеттілігінен  туындаған,  өндірісте  еңбекті  ғылыми 
тұрғыдан ұйымдастыру идеясының пайда болуымен байланысты.
Өндірісте  еңбекті  ғылыми  тұрғыдан  ұйымдастыру  проблема-
сын американдық инженер Ф. У. Тейлор (1856-1915) басқарды. Ол 
жұмыс күнін қысқарту,  өндірістік мəдениетті қалыптастыру, еңбек 
ету  мен  демалысты  оңтайландыру,  жұмыскер  адамның  кəсіби  іс-
əрекетінде олардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу, еңбек 
операциялары мен тəсілдерін меңгертуді талдау, сараптау бойынша 
нұсқау  берудің  негізін  салды  жəне  инструкциялық  карта  жасауды 
қолға  алды.  Тейлордың  еңбекті  ұйымдастыруды  модернизациялау, 
жұмысшыларды оқыту жəне қайта оқыту жүйесі «тейлоризм» деген 
атты иеленіп, бұдан əрі қарай оның отандастарының əрекеттерінде 
жалғасын тапты.
Тейлоризм  жаппай  өндіріс  жəне  конвейерде  еңбек  етуде 
кооперациялық бөлініс жағдайында еңбек өнімділігін арттыруға се-
бепкер болғанымен, оның шамадан тыс зорығушылығына, адамның 
болдырғышытығының жоғарылауына, кəсіби сырқаттанудың молай-
уына əкеліп соқтырды.
Кəсіптік  оқытуды  ұйымдастыруды  реформалауға  жəне  оның 
əдістемесіне  зор  үлес  қосушы-автомобиль  жасау  ісінің  негізін 
салушылардың бірі, жаппай конвейерлік өндірісті енгізуші, еңбекті 
кооперациялық  бөлу  негізінде  операциялық-толассыз  оқыту 
жүйесін  жасаған    Генри  Форд (1863-1947) болатын.  Бұның  өзі 
жұмысшылардың еңбегін жеделдетіп, жұмысшылардың көпшілігінің 
біліктілігінен  айырылуы  мен  оқыту  мерзімінің  қысқартылуына 
əкеліп соқтырды.
Батыста XIX ғасырда кəсіптік оқытудың практикалық педагоги-
касы  пайда  болды.  Өндірістерде  педагогикалық  қызмет  атқаратын 
оқу  шеберханалары  құрыла  бастады.  Бұл  өз  кезегінде  шəкірттікке 
қарағанда əлдеқайда өнімді өндірістік кəсіптік оқыту жүйесінің ба-
стамасы еді.
Кəсіптік  білім  беру  саласындағы  зерттеу  жұмыстарына  кедергі 
болған  екініші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін,  Еуропада,  ЮНЕСКО 
бастамасымен кəсіби жəне өндірістік оқытудың халықаралық жəне 
ұлттық  орталықтарын  қалпына  келтіру  қолға  алынып,  сонымен 
қатар  кəсіптік  білім  проблемалары  бойынша  конференциялар  мен 
жиналыстар, семинарлар өткізіле бастады.
Кəсіптік  білімнің  ұлттық  жүйесін  реформалау  өрістеді,  маман 
кадрлар даярлау мəселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық 
күшейе түсті.


49
Шетелдегі  кəсіптік  білім  берудің  заманауи    жағдайы.
 
Бүгінгі 
таңда  шетелдерде  кəсіптік  білім  беру  бойынша  рационалистік 
жəне  гуманистік  моделдері  қалыптасқан.  Оқыту  теориясындағы 
рационалистік 
бағыт 
бихевиоризм 
идеяларына 
сүйеніп, 
технологиялық педагогикада əрі қарай даму жолына түсті.
Бихевиоризм
  (ағыл. behaviour – мінез-құлық) – XIX ғасырдың 
соңы мен XX ғасырдағы адамның мінез-құлықын сыртқы ортаның 
əсеріне  деген  қозғалыс  реакциясының  жинтығы  ретінде  түсінік 
құрайтын  американдық  психология  ғылымының  бағыты  (Мінез-
құлық  психологиясы).
Бихевиоризм  теориясы  сананың  адамның  іс-əрекетін  реттеуші 
ретіндегі рөлін жоққа шығарады жəне барлық психикалық үдерістерді 
организмнің  сыртқы  реакциясы  дегенді  ұстанады.  Осы  теорияға 
сəйкес  кəсіби  іс-əрекет  адамның  иеленген  танымдық,  когнитивтік 
эмоционалдық жəне психологиялық дағдысының қандай екендігімен 
анықталады. Бұл жерде білімнің рөлі есепке алынбайды.
Оқытудың 
рационалистік 
моделі 
кəсіби 
даярлықты  
«технологиялық  үйрету»  нəтижесінде  репродуктивтік  негізде 
жүзеге  асырылуын  шамалайды.  Бұл  тұрғыдан  алып  қарағанда, 
жеке  тұлғаның  кəсіби  дамуының  мəнін  құрайтын  өзбетті  ойла-
уын,  шығармашылық  іс-əрекеттегі  коммуникативтік  қабілетін 
қалыптастырудың дидактикалық мақсаттарын жүзеге асыру мүмкін 
болмайды.
Білімнің  гуманистік  моделі  тұлғаны
  кəсіби  іс-əрекеттің 
субъектісі ретінде дамуын мақсат етеді. Білімді гуманизациялау иде-
ясы адамның «біліктілік» терминінің жеткіліксіз пайымдалуына өз 
ықпалын тигізді.
Осыған  байланысты,  кəсіптік  білімдермен,  іскерліктермен 
қатар, бастамашылық, ынтымақтастық, топта жұмыс істеу қабілеті, 
коммуникативтік қабілеттер, логикалық ойлау, іскерлік жəне т.б. са-
паларды қосып алғандағы, қолданылу аясы əлдеқайда кең, «кəсіби  
құзыреттілік» термині енгізілді.
Соңғы  жылдары  кəсіптік  білімнің  гуманистік  тұжырымдамасы 
эгоцентрлік  бағыттылықты  жеңу  үстінде.  Сөйтіп,  кəсіптік  оқыту 
үдерісінде  коммуникативтік  дағдыларға,  кооперативтік  іс-əрекетке 
қабілеттілікке  назар  аударыла  бастады. «Мен-тұжырымдамасы» 
«Мен жəне Біз» тұжырымдамасымен ауыстырылды.
Əрбір елдерде өзінің ұлттық кəсіптік білімінің жүйесі қалыптаса 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау