Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет27/78
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25655
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78

83
нысты көріп, қызметкерлердің қателіктері мен əрқайсысының табыста-
ры неге əкеліп соғуын көрулері қажет. 
Ішкі сияпатты жұмыстың өзі береді. Бұл - нəтижеге қол жеткізу, 
атқаратын жұмыстың маңызы мен мəні, өзін-өзі құрметтеу сезімі. 
Жұмыс үдерісі барысында қарым-қатынас жасауды да ішкі сияпат 
элементі деп қарастыруға болады. 
Сыртқы сияпат жұмыстың өзінен пайда болмайды, оны ұйым 
береді. Бұл қызмет бабымен көтерілу, мадақ пен тану, қызметтік орны мен 
беделінің белгілері, еңбекақы, сондай-ақ қосымша төлемдер (қосымша 
демалыс, белгілі бір шығындар мен сақтандыру ақысын төлеу). 
Қызметкерлерді материалдық ынталандыруды анықтайтын бұл 
ережелер мен пікірлер уəждеменің қандай теорияларымен байланысты 
екендігін анықтаңыз. 
4.  ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДЫҢ негізінде В. И. Герчиковтың 
жіктелуі білім алушыларға (мектептегі оқушылар, колледждегі не-
месе жоғары оқу орнындағы студенттер) жəне олардың оқу əрекетіне 
қатысты қалай көрініс табуы мүмкін екендігін қарастырыңыз. 
5. Өскемен қаласының «№32 орта мектеп» ММ-де əзірленген 
мұғалімдерді уəждеу жəне ынталандыру жүйесімен танысыңыз 
(Г ҚОСЫМШАСЫ). 3-суреттің көмегімен (Уəждеу түрлері мен 
қызметкерлерді ынталандыру) əдістердің əрқайсысы түрлердің қай то-
бына жататынын анықтаңыз. 
1.4.4. Бақылау
Педагогикалық қызметте бақылау функциясының маңызы зор. 
«Бақылау басқарушы циклдің барлық функцияларымен тығыз бай-
ланысты, бұл байланыс педагогикалық талдау функциясымен айқын 
көрінеді, себебі мектепішілік бақылау барысында алынған ақпарат 
педагогикалық талдаудың өзегі болады. Бақылау мол, жүйеге 
келтірілген ақпарат беріп, қойылған мақсат пен алынған нəтиже 
арасындағы айырмашылықты көрсетеді, ал педагогикалық тал-
дау осы айырмашылықтар мен бұрмалаушылықтардың себептерін, 
жағдайларын анықтауға бағытталған. Бақылау үдерісі барысын-
да алынған нақты материал педагогикалық талдауға тартылатынын 
еске саламыз. Бұл жағдай мектепішілік бақылау мен педагогикалық 
талдаудың мазмұны мектеп қызметінің бір бағыттарын құрайтынын 
дəлелдейді» [94]. 
Білім беру мекемесінің қызметін бақылау білім беру сапасын 
қамтамасыз етуге бағытталған күрделі, көп қырлы, иерархиялық 
ұйымдасқан жүйе болып табылады. 


84
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» (2007 ж.) заңының 
«Білім беру сапасын басқару» 55-бабында «білім беру сапасын басқару 
білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға 
бағытталған жəне ол білім беру сапасын, білім беруді қаржыландыруға 
бөлінетін құралдарды тиімді пайдалануды бағалау жəне білім беру 
жүйесінің қызметінің жалпы тиімділігін бағалаудың бірыңғай ұлттық 
жүйесін құрайды» деп көрсетілген [1]. 
Сондай-ақ мұнда «білім беру сапасын сырттай бағалауға лицензия 
беру рəсімдері, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау, білім 
беру ұйымдарын аккредиттеу, бірыңғай ұлттық тест өткізу, аралық 
мемлекеттік бақылау, сондай-ақ барлық түрдегі білім беру ұйымдарын 
саралау рəсімдері мен техникалық жəне кəсіби, орта білім беруден 
кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын тұлғаларға біліктілік беру 
рəсімдері кіреді. 
Білім беру сапасын іштей бағалауға сапа менеджменті жүйесі, білім 
беру ұйымдарының барлық қызмет түрлеріндегі өзін-өзі бағалаудың 
түрлі рəсімдері, үлгерімді ағымдағы бақылау, оқушылардың білімдік 
жетістіктерін бағалау енеді» делінген [1]. 
Білім беру сапасын сырттай жəне іштей бағалауды кешенді пайда-
лану, бағалауға білім беру мекемесінің өзі, түрлі уəкілетті органдардың 
қатысуы, оны үздіксіздік, жүйелілік жəне т.б. ұстанымдары негізінде 
өткізу білім беру мониторингін енгізумен тығыз байланысты. Бұл 
мəселе одан əрі сəйкес бөлімде қарастырылады. Ал мұнда білім берудің 
жеке ұйымын басқаруда бақылау қалай жүргізілетініне тоқталайық. 
Т. И. Шамова шығарған мектепішілк бақылау түрлері мен 
нысандарының жіктелімін қарастырайық. Ауқымдарына (қамту 
ауқымына) байланысты құрған жіктелімнің бірінші деңгейінде 
бақылаудың екі түрі бар: тақырыптық жəне тұтас. Бақылау 
нысанының белгісі бойынша, яғни ол не нəрсеге бағытталуына қарай 
мыналарды бөлуге болады: 
– жеке бақылау, ол жеке педагогтың жұмысын талдау жəне жұмысын 
бағалау үшін пайдаланылады; 
– сыныптық-жалпылауыш бақылау, ол оқу əрекетінің табыстылы-
ғын жəне/немесе жеке сыныпты тəрбиелеу үдерісін зерттеу-
ге бағытталған. Мұнда осы сыныпта сабақ жүргізетін барлық пəн 
педагогтарының жұмысы да бақылау пəні болады; 
– пəндік-жалпылауыш бақылау жеке пəнді оқыту сапасын зерт-
теуге бағытталған. Бақылаудың бұл түрі бір сыныптағы, сыныптар 
параллеліндегі, бүкіл мектептегі пəнді оқытуды қамтуы мүмкін; 
– тақырыптық-жалпылауыш (тақырыптық) бақылау əртүрлі 
мұғалімдердің, əртүрлі пəндер бойынша, əртүрлі сыныптардағы 


85
жұмысын зерттеуі мүмкін. Мұндағы біріктіруші жағдай – өз шешімін 
табуы қажет болатын қандай да болсын өзекті тақырып (мəселе). Мы-
салы, оқушылардың қабілеттерін дамыту, мектеп оқушыларының 
танымдық уəждемелерін қалыптастыру, олардың өкілеттіктерін 
қалыптастыру жəне т.с.с.
– кешендік-жалпылауыш бақылау бір немесе бірнеше сыныпта оқу 
пəндерінің бірқатарын зерттеудің тиімділігін талдаумен байланысты 
болуы мүмкін. 
Бақылаудың осы түрлер тобын бөлуге Т. И. Шамова пайдалана-
тын белгі де жүзеге асыру ауқымымен байланысты сияқты. Бақылау 
нысаны бойынша мектепте бағалауға бағытталған бақылаудың келесі 
түрлерін бөліп көрсету қисынды болар еді: 
– жаппай білім беру заңын орындау; 
– пəндерді оқыту жағдайы;
– бейінді даярлау алдындағы жəне бейінді оқыту ұйымдары; 
– оқушылардың кəсіптік бағдарлануы; 
– оқушылардың тəрбиелік жəне даму деңгейі;
– мектеп құжаттамасын жүргізу;
– əдістемелік жұмыс;
– тəжірибе-эксперименттік/ғылыми-зерттеу жұмыстар;
– педагогикалық кадрлармен жұмыс, олардың кəсіпқойлығын 
жетілдіру жəне т.б.
Пайдалану мерзімі бойынша бақылау ағымдағы, аралық 
(шекаралық), қорытынды болуы мүмкін. 
Білім беру ұйымының ішінде бақылауды осы ұйым басшысы, оның 
орынбасарлары, тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшылары жүзеге 
асырады. Мектепте жəне ТжКБ мекемелерінде бұл – директор, олардың 
орынбасарлары, мектеп əдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері, 
пəндік-цикл комиссияларының төрағалары. Жоғары оқу мекемелерінде 
– ректор, проректорлар, декандар, кафедра меңгерушілері жəне т.б. 
директорлардың, мектеп оқу ісінің меңгерушілерінің, ƏБ мен ПЦК 
жетекшілерінің, жоғары оқу орындарының кафедра меңгерушілерінің 
функцияларына педагогтар жүргізетін сабақтарға қатысу, одан кейін 
алған ақпаратты талдау жəне ұсыныстар əзірлеу де енеді. Басшының 
неше сабаққа қатысуға тиіс екендігіне қатысты қатал сандық норматив-
тер мұнда орынсыз. Бұл айтарлықтай мөлшерде білім беру мекемесінің 
мақсаттарына, педагогтар санына, олардың кəсіпқойлық деңгейіне, 
білім беру үдерісінің сапасына жəне т.б. байланысты. 
Ұзақ уақыт бойы оқу-тəрбие үдерісінің жоғары сапасын көрсететін, 
педагогикалық тəжірибесі мен кəсіпқойлықтың жоғары деңгейі бар 
педагогтар басқаша айтқанда, өзін-өзі бақылауға алуы мүмкін. Бұл 


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау